Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Методичка.doc
Скачиваний:
10
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.93 Mб
Скачать

4 Тәжірибе.Көмір қышқылының тұздары.

Ізбес суы бар пробиркадан көмірқышқыл газының тогын өткізіңіз. Не байқалады? Көмірқышқыл газын ақ тұнба ерігенге дейін өткізіңіз. Алынған ерітіндіні екі пробиркаға құйыңыз. Бір пробирканы қыздырыңыз, ал екіншісіне ізбес суын қосыңыз.Екі жағдайда да ақ тұнба түзіледі. Бұл немен түсіндіріледі? Реакция теңдеулерін жазыңыз.

5 тәжірибе. Оксокарбонаттардың термиялық тұрақтылығын салыстыру.

Екі газ өткізгіш түтікшесі бар пробиркаға және - ті қыздырыңыз. Ізбес суына газ өткізгіш түтікшені салғанда қайсысында ионын анықтауға болатынын анықтаңыз.

6 тәжірибе. Тиоционат иондарының тотықсыздандырғыштық қасиеттері.

Алмасу реакциясымен күміс тиоционатының тұнбасын алыңыз. Тұнбаға концентрлі азот қышқылын құйыңыз. Ерітіндіде және иондарының бар екендігін тексеріңіз. Реакция теңдеулерін жазыңыз.

Зертханалық жұмыс-14

7 тәжірибе. Көмір (II) оксидінің алынуы.

Құрылғыны тяганың астына жинаңыз. Вюрц колбасына 20мл концетрлі күкірт қышқылын, тамшылатқыш сүзгіге 15мл құмырсқа қышқылын құйыңыз. Бірінші промывалкаға – көпіршіктерді санау үшін аздаған мөлшерде вазелин майын, ал екіншісін бос қалдырыңыз. Қиын балқитын шыныдан жасалған түтікшенің ортаңғы бөлігіне 0,1 г мыс (II) оксидін салыңыз. Кристаллизаторға су құйыңыз. Күкірт қышқылы бар колбаны 600С-қа дейін абайлап қыздырып, оған тамшылатып құмырсқа қышқылын қосыңыз. Бөлінген газды суды ығыстыру әдісімен банкаға жинаңыз және жанып тұрған шырпымен сынап көріңіз. Не байқалады? Құрылғыдан ауаны толық шығарысымен жанғыштың жалынымен түтікшенің мыс (II) оксиді орналасқан бөлігін қыздырыңыз. Оның түсі қалай өзгереді? Бұл тәжірибеде көмір (II) оксиді қандай қасиеттер көрсетеді? Реакция теңдеулерін жазыңыз.

8 тәжірибе. Көмір (II) оксидінің қасиеттері.

Екі пробиркаға күміс (I) нитратының және мыс (II) хлоридінің аммиакты ерітінділерін құйып көмір (II) оксидінің ерітіндісі арқылы өткізіңіз. Не байқалады? Реакция теңдеулерін жазыңыз.

9 Тәжірибе. Оксокарбонаттар мен гидрокарбонаттардың ерігіштігіндегі айырмашылықтар.

Ізбес суы арқылы түзілген тұнба біртіндеп ерігенге дейін тогын өткізіңіз. Алынған ерітіндіні екі пробиркаға құйыңыз. Пробиркалардың біріндегі ерітіндіні қайнатыңыз, екіншісіне ізбес суын құйыңыз. Не байқалғанын түсіндіріңіз.

10 Тәжірибе. Гидроксомыс (II) карбонатының алынуы.

Пробиркаға 4-5 тамшы мыс (II) сульфатының ерітіндісін тамызыңыз және натрий карбонатының осынша мөлшерін қосыңыз. Негізгі мыс тұзының тұнбасының жасыл-көк түсін байқаңыз. Реакция теңдеулерін жазыңыз.

Бақылау сұрақтары:

1.Валентті байланыстар теориясына сүйене отырып көміртекке қандай валентті орбитальдардың гибридтік күйлері , оларға жауап беретін координациялық сандары және құрылыстық бірліктері тән екенін көрсетіңіз.

2. Алмаз, графит, карбиннің құрылысын және физикалық қасиеттерін сипаттаңыз. Алмаз бен графиттің химиялық реакциялардағы көрсететін қасиеттерінің әртүрлілігі немен түсіндіріледі, мысалы фторға қатысты?

3. Неліктен көміртек сәйкес шарттарында барлық дерлік металдардың олардың оксидтерінен потенциалды тотықсыздандырғышы бола алады?

4.- дан және -дан -нің кальций карбидінің синтезін қандай фактор – энтальпиялық әлде энтропиялық- анықтайды, егер процесс нәтижесінде CO түзілетін болса? Жауапты негіздеу үшін осы процестің және мәндерін есептеңіз.

Зертханалық жұмыс-15

КРЕМНИЙ

1 тәжірибе. Шыныны сілтілеу.

Ыдыста шынының бірнеше бөлігін ұнтақтаңыз, ұнтақты пробиркаға салыңыз, 0,5-1мл дистилденген су және бір тамшы фенолфталеин тамызыңыз.Пробирканы қайнатыңыз. Индикатор түсінің өзгеруі неліктен болды? Натрий силикаты ерітіндісінің реакциясын фенолфталеин көмегімен сынаңыз.Бұл тәжірибеге сүйене отырып кремний қышқылының күші туралы қандай қорытынды жасауға болады?