Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Методичка.doc
Скачиваний:
10
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.93 Mб
Скачать

2 Тәжірибе. Аммоний силикатының гидролизі.

5 тамшы калий силикатына осынша қаныққан аммоний хлоридінің ерітіндісін қосыңыз және қоспаны жақсылап араластырыңыз. Тұнбаға не түседі? Егер салқында тұнба түзілмесе ерітіндіні қыздырыңыз. Түзілген гидроксид иондарының аммоний иондарымен байланысы нәтижесінде тұздың гидролизі артады. Реакция теңдеуін жазыңыз.

3 тәжірибе. Натрий силикатын алу.

Темір тигельге 2:1 массалық қатынаста сода және таза кварц құмын немесе силикагельді қоспаны орналастырыңыз.10 минуттай қоспаны қыздырыңыз және ұнтақтаңыз.Суытқаннан кейін алынған массаны суда ерітіңіз. Суда ерімейтін қоспаның құмдағы тұнбасымен ерітіндіні төгіңіз. Процесстің неге көрсетілген бағытта жүретінін түсіндіріңіз:

4 тәжірибе. Кремний қышқылының ерітілген тұзының қышқылмен және қышқыл оксидімен әрекеттесуі.

Пробиркаға 5 мл концентрлі калий немесе натрий силикатының ерітіндісін құйыңыз. Пробиркаға тез арада 3мл 20% тұз қышқылының ерітіндісін құйыңыз. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңыз.Пробиркаға 5 мл концентрлі еритін шыны ерітіндісін құйыңыз және оған Кипп аппаратынан көмір (IV) оксидін өткізіңіз.Тұнбаның құрамы қандай? Реакция теңдеуін жазыңыз. Көмір және кремний қышқылдарының диссоциациялану константаларын салыстырыңыздар. Кремний қышқылын күшті қышқылға жатқызамыз ба, әлде әлсіз қышқылға ма?

5 тәжірибе. Шыныда гравирлеу.

Шыныны балқыған парафин қабатымен қаптаңыз. Одан соң металдың ұшымен парафинге бірдеңе жазыңыз және шыныны тяганың астында балқығыш қышқылдың буында біраз ұстап тұрыңыз. Парафин сырылған жерлерде шыны бетінде жазу қалады. Шыныда гравирлеу балқығыш қышқылдың кремнийлік құрылысының бұзылуына негізделген. Реакция теңдеуін жазыңыз.

6 тәжірибе. Шынының адсорбциалық қасиеті.

Таза жуылған, майсыздандырылған пробиркаға метилді күлгін құйыңыз және барлық шыныны жақсылап араластырыңыз.Ерітіндіні пробиркада 2-3 минут ұстаңыз, одан соң оны төгіңіз, пробирканы боялмаған су түзілгенге дейін бірнеше рет сумен шайыңыз. Шыны боялған болып қалатынын бақылаңыз:шыны құрамына кіретін кремний диоксиді бояғышты адсорбциялаған. Пробиркаға 5-6 тамшы спирт тамызыңыз,пробирканы бірнеше рет қозғаңыз және десорбцияның түзілуін бақылаңыз: спирт күлгін түске боялады.

7-тәжірибе. Сұйық шыныга малынған матаның отқа төзімділігі.

Матаның кішкентай бөлігін сұйық шыныға қаныққан ерітіндіге малып,ерітіндіде 10-15 минут ұстап тұрамыз,оны горелканың астында кептіреміз және пинцетпен ұстап тұрып,оның отқа төзімділігін анықтаймыз.Айырмашылығын көру үшін осындай көлемде, малымай жасап көреміз.

8-тәжірибе. Кремний қышқылының гидрогелі.

Пробиркаға 5 мл концентрленген еритін шының ерітіндін құямыз,тез арада оған 3 мл 24% құйып шыны таяқшамен араластырамыз.Не байқалды?Реакция теңдеуін жазыңыз.Гельдің түзілуін калай түсіндіруге болады?

6 мл 30% ерітіндіге тұз қышқылына 1 мл еритін шыны құямыз. Неге бұл мезетте гельдің түзүлуі байқалмайды? Алынған қышқыл ерітінді фильтрден өтеді ме?Ерітінді қайнағанша қыздырып,содан соң суытыңыз.Не байқалды? Ерітіндідегі кремний қышқылын электролиттерден қалай ажыратуға болады?

10-тәжірибе. Ерімейтін силикаттарды алу.

Сыйымдылығы 250 мл стақанға 120-150 мл 10% ерітіндісін құйыңыз және оған бірнеше ; кристалдарын тастаңыз. Түзілген ерімейтін силикаттардың құрамына назар аударыңыз. Бұл құбылысты түсіндіріңіз.

Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі.

Негізгі әдебиеттер

  1. Глинка Н.Л. «Общая химия» – Л: 1985 г.

  2. Некрасов Б.В. «Основы общей химии» т.1, 2, 3. Изд. «Химия» –М: 1969-1976.

  3. Ахметов Н.С. «Общая и неорганическая химия». Изд. «Высшая школа» –М: 1981.

  4. Беремжанов Б.А., Нурахметов Н.Н., Муратбеков М.Б. «Металл еместердiн химиясы». А-Ата. 1977

  5. Угай Я.А. Общая химия. Изд. «Высшая школа» 1990.

  6. Мартыненко Л.И., Спицын В.И. Неорганическая химия. Т.1,2. МГУ. 1991.

  7. Кусепова Л.А., Кусепов А.К. Лабораторный практикум курса «Общая химия», Астана, 2003.

  8. «Практикум по неорганической химии». часть 1,2.

  9. А.П.Крешков. Основы аналитической химии. 1 – 3 т.т. М. :Химия, 1971.

  10. В.Н.Алексеев. Курс качественного полумикроанализа. М.: Химия, 1973.–584 с.

  11. В.Н.Алексеев. Количественный анализ. М.:Химия, 1972. – 504 с.

  12. Бірімжанов Б.А, Нұрахметов Н.Н. Жалпы химия. – А : ана тілі , 1992

  13. Пірәлиев С.Ж; Бутин Б.Н; Байназаров Г.М. Жайлау С.Ж Жалпы химия – Алматы, 2003.-т.1-2

  14. Бірімжанов Б.А. Жалпы химия. А; Мектеп , 2007

  15. Аханбаев К.А Жалпы және анорганикалық химия. –А:Мектеп,1987

7