Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Euraziyashildik_kitapwa.doc
Скачиваний:
41
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
538.62 Кб
Скачать

Дәріс 13.

Әлемдік дамудың қазіргі мәселелері.

Қазақстан Республикасының сыртқы саясат

доктринасы және еуразияШЫЛДЫҚ идеясы

1.Еуразиядағы кең көлемдегі қарым-қатынастар.

2.Қазақстан Республикасының сыртқы саясат доктринасы және еуразияшылдық идеясы.

1. Еуразиядағы кең көлемдегі қарым-қатынастар. Еуразиялық экономикалық қоғамдастық - 2000 жылғы 10 қазанда Астана қаласында халықаралық экономикалық ұйым ретінде Кедендік Одаққа қатысушы мемлекеттердің басшылары қол қойған ЕурАзЭҚ құру туралы шартқа сәйкес құрылды. ЕурАзЭҚ бастауы 1994 жылы Чолпан ата қаласында (Қырғызстан) Орталық Азия Одағы шеңберінде өткен Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан мемлекет басшыларының кездесуінде Біртұтас Экономикалық кеңістікті құру туралы қабылданған шешіммен байланысты.

ТМД шеңберінде Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың қалыптасуы Достастық елдерінің ықпалдастықтың жаңа деңгейіне ұмтылатындығын көрсетті. Сонымен қатар ТМД-ның ішкі мәселелері де ықпалдастықтың жаңа деңгейін қажет етті.

Бұл ұйымға Қазақстан, Белоруссия, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан, Армения, Молдова республикалары мүше, ал Украина бақылаушы мемлекет болып табылады. ЕурАзЭҚ құру негізіне «Кедендік Одақты және Біртұтас Экономикалық кеңістікті тиімді қалыптастыру» мақсатында қалыптастырылған сауда-экономикалық ынтымақтастық тұжырымы алынды. Мемлекетаралық Кеңес, Интеграциялық Комитет, Парламентаралық Ассамблея және Қоғамдастықтың Соты ЕурАзЭҚ-тың басқару органдары болып белгіленді.

2003 жылы мамыр айында БҰҰ ЕурАзЭҚ-ты халықаралық ұйым ретінде мойындады. ЕурАзЭҚ-тың 2003 жылдың 27 сәуірде Душанбе қаласында өткен Мемлекетаралық Кеңесінде Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтағы іс ахуалы және интеграциялық ынтымақтастықты жеделдету жөніндегі ұсыныстар туралы» баяндамасы тыңдалды. Аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы келесі қадам – Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ). Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт 1992 жылы ТМД шеңберінде Достастық елдерінің ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әскери-саяси ынтымақтастықты нығайту мақсатында құрылғандығы белгілі. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа ресми түрде 1992 жылы 15 мамырда Ташкент қаласында қол қойылды. Келісімге ТМД-ның алты мемлекеті: Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан қол қойды. Кейіннен Белоруссия қосылды. Ұйымның жоғарғы органы – Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі. Сонымен бірге, өкілетті өкілдерден тұратын Тұрақты Кеңес, Сыртқы істер министрлері кеңесі, Қорғаныс министрлері кеңесі, Қауіпсіздік кеңестер хатшылық комитеті, ұйымның бас хатшысы, ұйым хатшылығы қызмет жасайды.

Тәуелсіз Қазақстан кеңестік жүйеден кейінгі кеңістікте орналасқан елдермен ТМД, ЕурАзЭҚ ұйымдары шеңберінде экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды қалыптастырды. Бүгінгі күні бұл ұйымдар шеңберіндегі қарым-қатынастың басым бағыттарының бірі көші-қон мәселесін шешу болып отыр. Ал аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыруда ҰҚШҰ-ның маңызы зор.

Қазақстан тек Орталық Азия аймағында ғана емес, Еуразия аймағында да ықпалдастыққа ұмтылуда. Әсіресе, Шанхай ынтымақтастық ұйымының алатын орны ерекше. Ол бүгінгі күні қол жеткізген нәтижелерімен ерекшеленеді. Олар: аумақтық мәселені шешу; лаңкестікке қарсы күрестегі жетістіктер; әскери саладағы тығыз ынтымақтастық; басқа халықаралық ұйымдармен байланыс орнату; экономикалық ынтымақтастықты тереңдету жолындағы нақты жобалар. 1996 жылы 26 сәуірде Шанхайда бес мемлекет – Қазақстан, Ресей, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан «Шекара аймағында әскери салада сенімді бекіту туралы келісім шартқа» қол қойып, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының негізін қалады. Сол кезде ұйым «Шанхай бестігі» деп аталғанымен, кейін 2001 жылғы саммитте «Шанхай бестігіне» Өзбекстанның қабылдануымен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы деп аталды. Саммиттен кейін «Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының құру туралы» Декларация жарияланды. Сонымен бірге «Лаңкестік, сепаратизм және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясы» деп аталатын тағы бір маңызды құжат қабылданды. Сөйтіп, аймақтық саясатта алғаш рет лаңкестік, сепаратизм және экстремизм ұғымдарына анықтама берілді. Бір қызығы, бұл құжат АҚШ-тағы 2001 жылғы 11 қыркүйек оқиғасына 3 ай қалған уақытта қабылданған еді. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы әскери одақ емес, ол аймақтық қауіпсіздік саласындағы ықпалдастықпен қатар, экономика саласындағы ықпалдастыққа ұмтылатын ұйым болып табылады.

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (Азия кеңесі, АӨСШК) АӨСШК құру туралы идеяны ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев 1992 жылы 5-ші қазандағы БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясында ұсынды. Ұйымның негізгі мақсаты Азия аймағындағы бейбітшілік, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге қатысты көп жақты қарым-қатынастарды орнату және осы мәселелерді шешу барысында ынтымақтастықты нығайту.

І Саммитте екі маңызды құжатқа: Алматы актісі мен АӨСШК Терроризмді жою және өркениеттер арасындағы диалогқа қолдау көрсету туралы Декларацияға қол қойылды. Осы құжаттар негізінде АӨСШК Азиядағы дау-жанжалдар мен қақтығыстарды реттеу мақсатындағы форумға айналды.

2004 жылы қазан айындағы АӨСШК мүше елдерінің ІІ кездесуінде Сенім шаралар каталогы қабылданды. Бұл әскери-саяси, экономикалық, гуманитарлық және басқа салалардағы шаралар жиынтығынан тұрды. АӨСШК-ке мүше мемлекеттер басшыларының шешімімен Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылы БҰҰ 47-сессиясында кеңесті құру туралы идеясын қолдау ретінде 5 қазан Азия кеңесі күні болып жарияланды. АӨСШК аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету факторына айналды.

ІІ Саммит 2006 жылы маусым айында өтті. 2007 жылғы желтоқсан айынан бастап Азия кеңесі БҰҰ Бас Ассамблеясы жанындағы бақылаушы мәртебесіне ие болды. Қазақстан АӨСШК құру туралы идеяны ұсынушы ғана емес, осы идеяны іс-жүзіне асырушы мемлекет. Бұл еліміздің ұйым төрағалығына екі мерзімге яғни 2002-2006 жылдардағы (бірінші мерзім) және 2006-2010 жылдардағы (екінші мерзім) сайлануынан да көрінеді. Бүгінгі күні еліміз АӨСШК-тің 2010 жылы өткізілетін ІІІ Саммитіне дайындық үстінде.

ШЫҰ мен АӨСШК тұрақтылық пен қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету жағынан мақсаттары мен міндеттері ұқсас құрылымдар. Бірақ бұл екі ұйым бірін-бірі қайталамайды, әрі бір-біріне қайшы келмейді. Керісінше Азиядағы қауіпсіздіктің ұжымдық жүйесін толықтырып отыр. Егер Шанхай ынтымақтастық ұйымы оған мүше мемлекеттердің нақты құқықтары мен міндеттемелеріне негізделген бірлестік болса, АӨСШК өзекті де өткір мәселелерді еркін талқылауға және оны шешу жолдарын іздеуге арналған кеңейтілген форум болып табылады. ШЫҰ мен АӨСШК Азия құрлығындағы қазіргі заманғы халықаралық қатынастардағы маңызды фактор ретінде танылып отыр.

2003 жылғы 19 қыркүйекте Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украина президенттері Біртұтас экономикалық кеңістікті ( мұнан әрі - БЭК) құру туралы келісімге қол қойды. БЭК Достастық кеңістігіндегі экономикалық ықпалдастықты жүзеге асырудың бір жолы. ТМД құрамына кіретін төрт мемлекет ықпалдастықтың жаңа деңгейіне көшу туралы шешім қабылдады. БЭК қызметіне экономикалық сипат тән. 2004 жылы 20 мамырда БЭК құру туралы заң күшіне енді. 2004 жылы 24 мамырда Ялтада БЭК-тың дамуының басым бағыттарын анықтаған мүше мемлекет басшыларының кездесуі өтті.

2.Қазақстан Республикасының сыртқы саясат доктринасы және еуразияшылдық идеясы. Президент Н.Ә. Назарбаевтың Еуразия идеясының ерекшелігі Елбасының көрегендігінде – ол жаңа еуразиялық ықпалдасушылыққа жете зерттелген теория қажеттілігін де көре білді. Сондықтан да, 1996 жылы, Еуразия университетін құрар алдында, Қазақстан Президенті қазіргі заманға сай «ықпалдастықтың біртұтас үлгісін» құру үшін халықаралық «Ықпалдастық – 2000» жобасын іске асыруда ТМД елдерінің оқымысты-ғалымдарына ұсынды. Таңқаларлығы, Н.Ә. Назарбаев 2000 жылы дәл есептеп шығарған, нақ осы жылы іс жүзінде ықпалдастық үдерісінде айтарлықтай ілгері басушылық байқалды.

ТМД елдеріндегі ахуал 1996-1997 жылдары қарама-қайшылықтарға толы болды. Соған қарамастан, нақ 1997 жыл Қазақстанның ұлттық- мемлекеттік болашағын, өзіндік стратегиясын ұғынуда табысты жыл болды, сондықтан да – еуразиялық тұжырымдаманы зерттеп білуде жаңа қадам жасалынды.

Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» Жолдауында көрсетілгеніндей: еліміздің мүмкіндіктерін пайдалануымыз қажет, сондай мүмкіндіктердің бірі «біздің еуразия аймағындағы тоғыз жолдың торабында орналасқан жағрафиялық жағдайымыздан шығады», және бұны «ғаламдану үдерісі... шешуші факторлардың бірі ретінде алға шығарды». Еуропа мен Азия елдерінің арасындағы сауда-саттық Жібек Жолы арқылы жүргізілген болса, тағы бір басы ашық мәселе, «болашақта да сауда, қаржы ағымы жүйелері және Еуропа мен Азия арасындағы көші-қон барған сайын күшейе түспек. Тек осы себепке байланысты, - деп атап көрсетті Қазақстан Президенті, – басқа да көптеген саяси тұрақтандырушы факторларды айтпағанда, мен еуразия идеясын алға шығардым, оның стратегиялық болашағына сенімдімін».

Маңызды мәселе, Н.Ә. Назарбаев еуразиялықтың мән-мәтінін кеңейте түсті – енді еуразияның келелі мәселелер жиынтығы ТМД елдерін қамтып қоймай, Еуропа мен Азияның өзара әрекеттестігін де қамтыды. Қазақстан Президенті «Еуразия құрлығында түгелдей тату көршілік, сенім арту қатынастары» орнатылуы қажеттілігі туралы мәлімдеме жасады. Қорытындысында, Қазақстан «әлемдік оқиғалардың көш соңында қалып қоймайды», керісінше, Қазақстан «Еуразияның белортасында тұрып, тез дами келе үш аймақтың – Қытай, Ресей және Мұсылман әлемдерінің арасындағы экономикалық және мәдени байланыстарға дәнекершілік ролді атқарады». Еуразиялықтың мән-мағынасын түсіндіруде аса маңызды – приципті және жаңашыл – қадам, яғни, Қазақстанның XXI ғасырда жүретін жолына сәйкестігі туралы 1997 жылғы Жолдауында айтылды. Н.Ә. Назарбаев атап көрсеткендей әр түрлі жол бар: батысеуропалық, шығыс азиялық, ресейлік, жаңатүркілік. Осы тұста Қазақстан Президенті терең қорытынды жасайды: «Біз – еуразиялық елміз, өзіміздің тарихымыз, өзіміздің болашағымыз бар. Сондықтан да, біздің моделіміз басқалардың ешқайсысына ұқсамайды. Ол әртүрлі өркениеттердің жетістіктерін бойына сіңіреді». Бұл тезистің тарихи маңызы сонда, бірінші рет Мемлекет басшысы осындай жоғары дәрежелі бағдарламалық құжатта, Қазақстанның еуразиялық сапасы мен еуразиялық «табиғаты» туралы қорытынды жасады. Шындығында да егер тереңдеп келсек, біздің еліміздің еуразиялық болуы ықпалдастық шарттарға отырғандықтан емес, еуразиялық тарихи, геосаяси, экономикалық және мәдени ерекшеліктерді де бойына сіңірген, бірыңғай азиялық та емес, еуропалық та емес ел болғандықтан.

Елдің нышаны ретінде қар барысын таңдай келе, Н.Ә. Назарбаев былай дейді: Азиялық жолбарыс тұқымдас бола тұра, Қазақстан Барысының «өзіндік ерекшелігі бар» - ол ең үздік ұлттық, батыстық және шығыстық сапаларға ие болуы тиіс. Қазақстан Барысының мұндай сапалық үйлесімі, Қазақстанның «еуразиялық ел» ретіндегі қасиетті нышандардың тоғыстырылуы еді.

Сонымен, Еуразиялық жоба және кең мағынадағы еуразиялық – доктриналық (ілімдік) деңгейге тұжырымды көтерді.

2001-2002 жылдар Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық доктринасының дамуының жаңа кезеңі болды, онда мәдениет пен өркениеттің диалогының «ғаламдық» тақырыбы өзінің орнын алды. Қазақстан Президенті 1-ші Еуразиялық медиа-форумды аша отырып «Біз Батыс пенен Шығыстың бір-бірімен кездесуге деген қозғалысында ғана емес, сондай ақ, осы уақытта және осы құрлықта ашықтықтың жаңа философиялық негізін және өркениеттің ынтымағында қалыптастыруда бізге байланыстының бәрін жасауымыз тиіс» екендігін айтты. Саяси жағынан 2001-2002 жылдары Қазақстан мен Ресейдің арқасында тек қана «азияттық» емес, шын мәнінде «еуразиялық» бірлестік болған ШЫҰ және СВМДА сияқты жаңа халықаралық құрылымдардың іс-әрекеттерінің басталуының маңызды мәні болды.

2004 жылы, Еуразиялық бастаманың 10-жылдығында Н.Ә. Назарбаев өз қорытындысын жасады және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде екі мәрте өткен халықаралық ғылыми форумда сөз сөйледі (2 сәуірде –«Еуразиялық: идеядан практикаға» атты ғылыми конференцияда және 19 маусымда – «Еуразиялық ықпалдастық: қазіргі даму бағыттары және ғаламданудың шақыруы» атты форумда). «Он жыл бұрынғы Еуразиялық одақтың жобасын ұқыпты оқып шығу үлгіге салынған өзара тиімді экономикалық мүдденің қағидалары, ықпалдасудың әр түрлі деңгейлері және әртүрлі қарқыны, аймақтық қауіпсіздік және еріктілік ұлттық егемендікке ешқандай қауіп-қатер төндірмейтініне және жаңа жүзжылдықтың міндеттеріне барынша сай келетініне иландырады» – деді Н.Ә. Назарбаев 2 сәуірде.

2008-2009 жылдары Н.Ә. Назарбаевтың еуразиялық тұжырымының дамуының келесі кезеңдері болды. Қазақстан Президентінің бастамасы бойынша «Еуропаға жол» бағдарламасы қабылданды. 2008 жылы 27 мамырда Қазақстан Республикасының Парламентінің Мәжілісінде өткен «Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық доктринасы: Шығыс пен Батыс диалогы» атты үлкен халықаралық ғылыми конференцияның ғылыми қауымдастықта аса зор жаңғырыққа ие болды. Өзінің ықпалдастық бастамасында Қазақстан Президенті тек қана ТМД елдеріне көңіл аудармайды. 2008 жылы маусымда, Астанада өткен ОБСЕ-нің Парламенттік ассамблеясында (Азия аймағында бірінші рет өткен) Н.Ә. Назарбаев «ерте ме кеш пе» құрлықта «Еуропалық одақ қағидасы бойынша» қалыптасатын Еуразиялық одақ идеясын тағы да дамытты. Және мұндай одақтың орталығы Еуразиялық құрлықтың ортасында орналасқан қала Астана бола алады. Шындығында сөз ЕвразЭО Кедендік одағының негізінде «Еуразиялық экономикалық одақты» құру жөнінде жүрді.

Бүгінгі күні ғаламдық әлемде қаржылық-экономикалық дағдарыс басталды. Еуразиялық жобаның тағдыры жаңа жағдайда қандай болуы мүмкін? 2009 жылы 11 наурызда Еуразиялық университеттердің ассоцациясында сөйлеген сөзінде Н.Ә. Назарбаев «Бүгін ТМД-ның барлық елдері әлемдік дағдарысқа қарсы іс-әрекет жолдарын іздеу кезінде, нағыз дамыған ірі мемлекеттер өздерінің экономикалық мәселелерін жеке шешуге дәрменсіз жағдайда, тағдыр еуразиялық ықпалдастық тұжырымның маңыздылығын тағы да растайтынын» көрсетті. Президент «Ұзақ мерзімді болашақта еуразиялық ықпалдастыққа балама жоқ екеніне мен қазір бұрынғыдан да қатты сенімдемін» деді.

Қазақстан Президентінің ғаламдық мәселені шешуде өз ұсынысы бар. Ол «Дағдарыстың кілті» мақаласында және 2009 жылы наурыз айында өткен ІІ Астаналық экономикалық форумда сөйлеген сөзінде баяндалды. Ескеретін жәйт, Н.Ә. Назарбаевтың жолы еуразиялық ұлттықтың үстіндегі есеп айыратын бірлікті құруды қарастырады. Ол аймақтық ықпалдастыққа түбегейлі басқа жаңа сапа беруі мүмкін.

Н.Ә. Назарбаев шындығында 15 жыл ішінде (1994 жылы жобаны ұсынғаннан кейін) еуразиялық теория «тәжірибелік іске аса бастады, және бүгін еуразиялық кеңістіктегі ықпалдастықтың үш өлшемі – экономикалық, әскери-саяси және мәдени-гуманитарлық – жөнінде айтуға болады» деді. Қазақстанның аймақтық және ғаламдық стратегиясында 2010 жылдың алатын ерекше мәні бар. Бұл жыл ЕҚЫҰ - на төрағалық ету жылы, Қазақстан, Ресей және Беларуссияның Кедендік одағының өз қызметін бастайтын жылы. Осының барлығы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық доктринасының тұжырымды дамуын және өмір шындығында жүзеге асуын көрсетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]