Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Euraziyashildik_kitapwa.doc
Скачиваний:
41
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
538.62 Кб
Скачать

Дәріс 3.

Еуразия құрылығындағы көне мәдениеттер

мен өркениеттер тарихынан

1. Көшпелілер өркениетіндегі діни сенімдер.

2. Буддизм, Христиан, Ислам діндері.

1. Көшпелілер өркениетіндегі діни сенімдер. Тәңірілік немесе шамандық діни сенімдер көшпелілер дұниетанымында ерекше орынды иеленді. Тәңірілікте о дүние өмірі идеясы жоқ, Тәңірі бұл өмірде тағдырыңды шешеді - сыйлайды немесе жазалайды. Түріктерде қағандыққа сайлаған кезде ерекше дәстүр арқылы жүргізілген. Түріктер дүниені 3 бөлікке - аспан, жер, жер асты деп бөлген. Тәңірі -Аспан, Көк. Аспанды 3-ке бөлген: Аспан- Көк-алыс аспан, көгілдір аспан күмбезі, космостың бір бөлігі ретінде қабылданған.

Шамандық аспабы-қобыз. Ортаазиялық 2 бағыты бар: түрік (малшылар) және тәжік (егіншілер) кешендері.

1. Түрік кешеніне тән белгілер: шамандар -ер адамдар-бақсылар. Шекті аспапты қолданады. Қазақтарда-домбыра, қобыз. Түрікмендерде- дутар, скрипка. Қырғыздарда -комыз. Емдеу кешке басталып, шайтан, періге құрбандық шалынған.

2. Тәжік кешенінде бақсылар -әйелдер. Бубенде ойнаған, емдеу күндіз жүргізілген.

Қатардағы, билеуші, сарай шамандары болған.

Зороастризм - маздаизм, авестизм, отқа табыну, парсаизм деп те аталынады.Иранда бұл дінді ұстанушыларды- гебра деп атаған. Бір ағымы- митраизм-Митра соғыс құдайы. Зороастризде от қасиетті саналған. Абыздар оған демдерімен тимеу үшін ауыздарын байлап, қолдарына қолғап киген.

Б.э.д. ІІ-І мыңжылдықтарда Иранда (Персия) пайда болған.Негізін салған -Заратуштра. «Авеста» («Білім»)- 17 қағида -гаттардан тұрады. Заратуштра өмірге күліп туған. Ұзақ қуғындалған соң Шығыс Иран (орта Азия, Ауғаныстан территориялары) патшасы кави-Виштаспаның патшалығында тұрған. Патшайым Хутаостан қолдау табады. 77 дүние салады. Қазір Үндістанда- 100 000-дай, Иранда -15-20 000-дай адам зороастризді ұстанады.

Манихейлік- Таяу Шығыста ІІІ ғ. пайда болған. Негізін қалаған -Мани (Суриак) Мессопотамия тұрғыны. 216 жылы дүниеге келген. 240 жылы манихейлікті насихаттауды бастаған. Мани -грекше «рух, ақыл» дегенді білдіреді. Таяу Шығыс пен Орта Азияда қалыптасқан. Мани дінінің негізіне бірнеше дін - зороастризм, христиандық, буддизм діндерінің бірігуінен туындаған. Яғни, Мани бойынша бұл діндер бір дін, адал түсінігімен өзгертіледі деп санап, қалпына келтірмек болды.

«Екі негіз туралы қасиетті кітап» атты 7 кітап жазған. Манихейлік жазуын ойлап тапқан. ХХ ғасырда неміс экспедициясы Түркістаннан манихейліктің негізін көрсететін шығармаларды тапқан. Олар түрік, соғды, ұйғыр тілдерінде жазылған. 762 жылы Ұйғыр қағанатында Бегі-қаған кезінде манихейлік діні басым болған. Ұйғырлар 1128 жылы Қашғар мен Жетісуды басып алған кезде бұл дін қидандар арасына таралған. Тараз, Баласағұн, Шігілбалық жерлерінен манихей орындары табылған.

Мани күнтізбегі б. э. 216 жылынан басталады.

2. Буддизм, Христиан, Ислам діндері. Буддизм - ең ежелгі дін. Б.э.д. ҮІ-Ү ғғ. Үндістанның солтүстігінде өмір сүрген. Негізін салған -Сиддхартха Гаутама (б.э.д. 560-480). Бірінші мыңжылдықтарда Будда діні 18 сектаға бөлінген. Будда дін орындарының бірнеше (Раджагрих- б.з.. 447, Вайшави- б.з.. 367, Паталирут- б.з. ІІІ ғ.) шақыртуларынан кейін ол екі бағытқа ажыратылды: Хинаяна-«құтқарудың қысқа жолы» немесе «кішкене арба»-оңтүстік Буддизмі, Азияның оңтүстік-шығыс мемлекеттерінде, ал Махаяна- «құтқарудың ұзын жолы», солтүстік аймақтарда тарап, солтүстік Буддизмі аталынған. Будданың фәлсафалық тұжырымдары-концепциялары брахманизм, ведизм идеяларына негізделді. (Варна- еуропаша - каста. Адамды Құдай өз дене мүшелерінен жаратты деп есептеген. 4 варна: Брахмандар- абыздар, құдай аузынан, Кшатрии- жауынгерлер, құдай қолынан, Вайшьи - егінші, қауым мүшелері, құдай сан етінен, Шудра- қызметшілер, кір шалған аяғынан жаратылған.) Құтқару нирванаға жетуден тұрады. Нирвана- азаттық, тыныштық, қанағаттықтың ерекше жағдайы. Нирванаға бұл дүниеде де жетуге болады, бірақ оған толық өту тек өлген соң мүмкін.

Будданың 4 қасиетті ақиқаты:

  • Азап көру бар

  • Азап көрудің себебі бар

  • Азаптан құтылудың мүмкіндіктері бар

  • Азаптан құтылуға апаратын жол бар.

Хинаяна ілімі-Тхеравада (ақсақалдар ілімі) деп аталады. Бұл ілім негізі Будданың болмыс туралы екі жағдайы: көрсету, көрсетпеу. туралы идеясына құрылған.

Хинаяна ілімі бойынша нирванаға жетудің бірнеше баспасы бар:

  • Дхарма - ежелгі-үнді фәлсафасының маңызды түсінігі, мағынасы жағынан заң, тәртіп, міндет, әділеттілік, сапа, мінез-құлық, табиғат деп түсіндіріледі. Кең түрде алғанда, үнемі ұстанатын мәңгілік заң болатын жағымды, үлгілі мінез-құлық қалыптастыру дегенді білдірсе, тар аяда- жеке адамгершілік қасиеттерін -міндет, құтқарушы т.б. білдіреді.

  • Сротапанна- (ағынға түскен), нирванаға жетудің бірінші сатысы.Ол қарапайым адамдардан бөлектенеді.

  • Сакридагамин-(бір рет қайтып келген адам), екінші сатысы. Тілектер сатысына тағы бір рет қайтып келуге тиіс адам.

  • Анагамин- (қайтып келмейтін адам), үшінші сатысы. Бұл сатыға ешқашан қайтып келмейді.

  • Архат- соңғы сатысы. Мақсатына (нирвана) жеткен қасиетті адам.

Бумын ұлы Мұқан қаған будданы қабылдаған. Оның мұрагері Тобо қаған «Нирвана сутраны» түрікшеге аудартқан. Қазақстанда солтүстік жолы- махаяна тараған. Буддизм 3 дүние - аспан, орта, төмен, яғни түріктердің дінімен ұқсас- К-к6 Жер6 Жер асты дегенге келді. Жетісуда Ақ-Бешімде 2 Будда ғибадатханалары, Испиджаптан (Сайрам) жер асты монастрлары табылған. Бұл дін қазір Қазақстанда корей, қалмақ диаспорасында сақталған.

Конфуций ілімі - кішілерге- жасына қарай үлкендерді, қоластындағыларын билеушілерін құрметтеуге, үлкендерге - кішілерге мейірбандық қатынас, жоғары лауазымдығыларға өз қоластындағыларға қамқорлық жасау, барлық адамдарды- өзін өркөкіректікпен, дөрекілікпен қорламауға, сараңдық, қорқақатықты жек көруге, бірін-бірі сыйлауға, өзіңе тілемегенді басқаға жасамауға үйретті.

Христиандық- б.э. І ғасырында пайда болған. Исус Христос- «құдайдың қалаулысы», Яхве құдайының өкілі деп атаған. Палестинада Исус Христос христиандықты уағыздаған. Оны императорға кедергі жасаушы деп, ұстап, крестке шегелеген. Таурат-Көне Өсиет- 39 кітап-б.з.д. ІІІ ғ. жазылған. Жаңа Өсиет-27 кітап, б. з. І-ІІ ғғ. жазылған. Ү-ҮІ ғғ Қазақстан мен Орта Азия территорияларында Несториан ілімі таралған. 325 жылы Никей соборында Христос құдай деп берілген сенім символына Нестор (431 ж.) ілімі- құдай+адам деуі бұзды. Эфес соборында сыналған, қуғындалып Персы жерінде (Низибе қаласында) мектеп ашқан.

ҮІІ-ҮІІІ ғғ. несториандық бағыт Оңтүстік Қазақстанда және Жетісу қалаларында тараған. Патриархат Тимофей кезінде (780-820) түріктер христиандықты қабылдаған. ІХ-Х ғғ. қарлұқ митрополиясы (шіркеу басқармасы) ұйымдастырылды. Тараз, Меркеде христиан шіркеулері жұмыс істеген. 1007 жылы найман, керейттер, кейін оңғыт, меркіттер шоқынған.

Ислам - Б.з. 622 жылы Арабстанда пайда болған. Мұхаммед 571 жылы 20 сәуірде дүниеге келген. 622ж. Меккеде ислам дінін таратады. 635 жылы Мединеге көшеді. Ерте заманда арабтар исламға дейін әртүрлі құдайларға табынған. Табынатын қасиетті орын -қағба деп аталынды. Оның айналасына 360 құдай суреті ілінген. ІҮ ғ. Византиялықтар Арабияда христиандықты насихаттады. Мұны «джахилия» «надандық» деп атады.

5 парыз: иман, намаз, ораза, зекет, қажылыққа бару. Мұхаммед қайтыс болғасын тағы бір парыз -жихад- ислам діні үшін «қасиетті соғыс», мұсылман еместерге қарсы соғысқа дейін қосылды (газават).

Шинизм- халиф құқығы - 4 халиф- Әбу-Бахр, Омар, Осман, Әли.

Суннизм- пайғамбар туыстарының билігін мойындамайды. Қазақстан территориясында Ислам таралуын шартты түрде 6 кезеңге бөлуге болады.

Бірінші кезеңі, ҮІІІ-ХІІ ғғ. арабтар бақыншылығы кезінде Қазақстан жері Араб халифаты құрамына (Дар-уль ислам) енді. 960 жылы Мұса-боғра қаған исламды мемлекеттік дін етіп жариялады. ХІІІ-ХҮІІІ ғғ. Қазақстанда сопылық ілімі кеңінен тараған. Қожа Ахмет Иассауи ілімі. Өзбек хан (1312-1340) исламды Алтын Орда мемлекетінің діні етіп жариялады. ХҮІІІ-ХІХ ғғ. ислам біраз тоқталды. ХІХ-ХХ ғғ қайта жанданды. Қазір Қазақстанда 1534 мешіт бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]