Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Еламан.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
99.53 Кб
Скачать

Кәсіпорында еңбекақының рөлі

Еңбекақы жөніндегі саясат кәсіпкерлік қызметте басқарудың құрамды бөлігі болып табылады және оның қызметінің тиімділігі оған елеулі ықпал етеді. Себебі, еңбекақы жұмыс күшін тиімді пайдаланудағы ынталандырудың маңыздысының бірі. Міне, сондықтан да, мұны еш уақытта естен шығаруға болмайды.

Еңбекақы – бұл жұмыскерге оның еңбегі үшін сапасына, санына және шығарған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетін төлем. Қалыпты жағдайда еңбекақы қажетті өнімнің құнына тең және оның ақшалай түрі болып табылады.

Әлеуметтік экономикалық категория бойынша еңбекақының маңызын қызметкерлер мен жұмыс берушілер үшін қарастыру қажет. Қызметкер үшін еңбекақы оның жеке табысының негізгі және басты бөлігі болып табылады, сонымен қатар еңбекақы қызметкердің және оның жанұя мүшесіндегі адамдардың әл-ауқатын, деңгейін жоғарылататын құрал болып саналады.

Еңбекақы төлеудің ақшалай және заттай нысандары бар. Қызметкерлерге ақша өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін ақшалай форма, еңбекақы төлеудегі ең басты нысандарының бірі болып табылады.

Кәсіпорындағы қызметкерге кәсіпорын қызметкермен келісе отырып, белгіленген еңбекақы жүйесінің түрі бойынша жалақы төлейді. Әрбір қызметкердің жалақысы оның жұмысының нәтижелеріне байланысты белгіленеді және ол белгілі бір жоғары мөлшермен шектелмейді.

Кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы

Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршендігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ал ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен қызмет көрсетудің үздіксіз процессін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.

Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.

Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар және де серіктестералдында өзінің кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі – активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару өнері – кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызмет үшін қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады. Баланс валютасында ағымдағы активтер үлесін анықтау маңызды: ағымдағы активтер құнының кәсіпорынның барлық мүлкінің құнына қатынасымен анықталатын кәсіпорын  активтерінің іске тартылу (мобильді) коэффициентінің өсуі. Ол қарызды өтеуге арналған қаражат үлесін сипаттайды. Коэффициент мағынасы артқан сайын кәсіпорынның үздіксіз жұмысты қамту және кредиторлармен есеп айырысу мүмкіндігі де арта түседі. Қаржы тұрғысынан алғанда оның өсуі актив құрамындағы жағымды өзгеріс болып табылады, яғни мүлік әлде қайда мобильді болады, бұл оның айналымдылығының жылдамдығын және оны пайдалану тиімділігінің өскендігін көрсетеді.

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

маусым

шілде

Айырмашылықтар

+/-

% өсу қарқыны

1.

Көрсетілген қызметтен түскен табыс

Мың.тг.

196880,161

227137,871

302570,710

115,4

2.

Көрсетілген қызметтің өзіндік құны

Мың.тг.

138718,111

1623762,030

240043,919

117,3

3.

Жалпы табыс

Мың.тг.

58508,050

647613,841

58104,679

110,7

4.

Кезең шығындары

Мың.тг.

505515,062

544461,443

38946,381

107,7

5.

Негізгі қызметтен түскен табыс

Мың.тг.

79511,988

103152,398

23580,410

129,6

6.

Негізгі емес қызметтен түскен табыс

Мың.тг.

4126,165

-6029,617

-10155,782

46,1

7.

Салық салғанға дейін табыс

Мың.тг.

83698,153

97122,781

1014,118

116,04

8.

Корпаративтік салық бойынша шығындар

Мың.тг.

28618,914

21235,810

-7363,104

74,2

9.

Салық салғаннан кейінгі табыс

Мың.тг.

55079,239

75886,971

20807,732

137,8

10.

Төтенше жағдайлардан түскен табыс

Мың.тг.

-

-

-

-

11.

Таза табыс

Мың.тг.

55079,239

75886,971

20807,732

137,8

12.

Қорқайтарымы

Мың.тг.

6,24

5,99

-0,25

95,9

13.

Қорсыйымдылығы

Мың.тг.

0,16

0,17

0,01

106,25

Сурет 3. ТОО«Тил-Тур» туристік компаниясының 2014 жылғы маусым-шілде айлары арасындағы негізгі экономикалық көрсеткіштері

Сурет 4. ТОО«Тил-Тур» туристік кәсіпкерлігінің табысты ұлғайту бойынша даму жоспары

Жыл сайын турфирмалар арасында ұжымдық шарт жасайды, ол жұмысшылардың арасындағы өзара міндеттерін анықтайды. Осы шартпен ұжымның әлеуметтік сұрақтары да анықталады. Еңбекке ақы төлеу жүйесі тарифтік мөлшермен, ставкамен және және де ай сайынғы әр жұмысшының еңбекке қатысу коэффиценті арқылы беріледі.

КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ БАҒА САЯСАТЫ

Жедел турлар!

Таиланд, 24-27 маусым, 12 күн/ 11 түн 628 USD

Төлемге кіреді:

  • авиа қатынау Тараз-Утапао - Тараз а/к «Sunday Airlines»;

  • таңғы ас тегін қонақ үйде тұрақтау;

  • топтық трансфер әуежай-қонақ үй-әуежай;

  • медициналық сақтандыру.

  1. Әуежайда берілетін сыйлық:

  • фирмалық сөмке (бөлмеге);

  • таилық SIM карта (бөлмеге);

  • пайдалы мәліметтерге толы бума (бөлмеге).

  1. Турпакет бағасына кіретін экскурсиялар:

  • қолтырауындарды тамашалау: тарихи тастар паркі, бағалы тастар мұражайы, шоу.

Сурет 6. Жедел турлардың құрамы

Қонақ үйлер және бағалары:

OrientBySofi 2*-628USD

SawasdeePattaya 3*-628 USD

EmeraldHotel 3*-650 USD

Phu View Talay Hotel 3*-663 USD

Fairtex Sports Club &Hote 4*-715 USD

RoyalPalace Hotel4*-724 USD

RoyalOrchidResort 4*-759 USD

Welcome World Beach Resort & Spa 5*-1020 USD

Сурет 7. Қонақ үйлер және бағалары

ГОА, 26-28 шілде 8 түн/7 күн

Қонақ үйлер және бағалары:

ResortVillageRoyale 2*-538 USD

Resorte De Tio Carmino 2*-586 USD

AbaloneBeachResort 2*-587 USD

ResortMello Rosa3*-588 USD

DonaAlcina 3*-635 USD

LaCasaSiolim 3*-638 USD

SunCity 4*-714 USD

Nagoa Grande Resort & SPA 4*-746 USD

OceanPalmsGoa 4*-815 USD

Double Tree By Hilton 5*-949 USD

MajordaBeachResort 5*-960 USD

Сурет 8. ГОА-ға жедел турлардың бағалары

Қытайға виза

Санаты:

Қажетті құжаттар:

Дайындауға кететін уақыты:

Құны:

Электрондық виза

2 паспорттан кем емес, паспорт, авиабилет броні, Үрүмші қаласынан кемінде 1 түнге қонақ үй броні (50$), біржақты трансфер (25$)

3-4 жұмыс күні

20 000 теңге

Біржақты виза

Паспорт, 33х48 мм 2 фотосурет, жеке куәлік көшірмесі, анкеталық мәліметтер

7-10 жұмыс күні

30 000 теңге

Топтық виза

Кемінде 5 адамнан тұратын топ, паспорт, 33х48 мм 2 фотосурет, жеке куәлік көшірмесі, анкеталық мәліметтер

10 жұмыс күні

9 000 теңге

Топтық виза

Кемінде 7 адамнан тұратын топ, паспорт, 33х48 мм 2 фотосурет, жеке куәлік көшірмесі, анкеталық мәліметтер

10 жұмыс күні

8 000 теңге

Оқу визасы

Паспорт, 33х48 мм 2 фотосурет, жеке куәлік көшірмесі, оқу орнынан шақыру (түпнұсқасы), 086 форма анықтама, J202 анықтамасы, анкеталық мәліметтер

10 жұмыс күні

15 000 теңге

Жүргізушілік виза

Паспорт, 33х48 мм 2 фотосурет, жеке куәлік көшірмесі, анкеталық мәліметтер, жүргізушілік куәлік

15 жұмыс күні

47 000 теңге