Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Эканомика билеттері.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
43.47 Кб
Скачать

1.Экономикалық теорияның пәні және әдістері.

Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін пәнді оқудың басты міндеттерін белгілеп, оларды жүзеге асыру қажет. Оларға: экономикалық теорияның қалыптасуын және даму кезеңдерін білу, экономикалық теорияның әдістерін, заңдарын меңгеру, экономикалық қажеттіліктерді, экономикалық ресурстарды және олардың шектеулілігіне мән беру, меншіктің мәні және түрлерін оқу, нарықтың мәнін, бәсекенің түрлерін үйрене отырып, кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізін білу, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің есептеу әдістемесін үйреніп, мемлекеттің қаржы жүйесі мен қазына саясатына мән беру, экономикалық теорияның халықаралық аспектілерін тану. Сонымен бірге студенттер ұлттық экономиканың жалпы қызметін, оның қалыптасуы мен даму жолдарын және дағдарыс, инфляция, жұмыссыздық секілді қайшылықтарын түсіндіретін тауарларды игеруге тиісті, мемлекеттің экономикадағы рөлін, әсіресе Қазақстан үкіметінің, оның негізгі иснтитуттарының тиімді басқару жолдарын қарастыруға дайындық болуы керек. Нарықтық экономиканың Қазақстандық моделінің қалыптасуы және дамуының ерекшеліктерін терең түсіну арқылы оның жаңа инновациялық экономикаға өту кезеңіндегі басым міндеттерді орындаудың нақты іс-шараларын қарастыра білулері керек

Экономикалық теорияның зерттеу әдістері

Жалпы әдістер

Жеке әдістер

  1. Ғылыми абстракция әдісі – зерттеліп отырған құбылыстардың мардымсыз, өткінші жақтарын дерексіздендіру, олардағы тұрақты қасиеттерді тауып көрсету процесі.

  2. Талдау – зерттелінетін құбылыс өзінің құрамды бөліктері мен жақтарына ажыратылады.

  3. Жинақтау – құрамды бөліктердің тұтас бір құбылыс болып қалыптасуы.

  4. Индукция – жеке фактілерден жалпы қорытынды шығару.

  5. Дедукция – жалпыдан жалқыға, бүтіннен бөлшекке көшу.

Эксперимент, гипотеза және т.б.

Экономико – математикалық модельдер әдісі, экстраполяция (болжау), баланстық, функциональдық және тағы басқа да әдістер.

3-билет.

1.Экономикалық теорияның нарықтық идеологияны қалыптастырудағы рөлi.

Нарықтық экономиканың әлеуметтік бағдарлы үлгісін жасау және экономикалық қатынастардың әлемдік жүйесінде болып жатқан ғаламдық үрдістер адам мен қоғамның экономикалық қылық принциптеріне өзгеріс енгізеді. Осындай жағдайларда экономикалық теорияның экономикалық үрдістердің ғылыми-техникалық прогреспен, мемлекеттік саясатпен, ұлттық және әлемдік мәдениетпен байланыстылық диалектикасын зерттейтін ғылым ретінде маңызы артуда.

4-билет.

1.Нарықтық экономика жағдайында экономикалық тиімділікті қамтамасыз ету мәселелері.

Өндіріс тиімділігі — экономикалық категория. Ол — өндіргіш күштер мен өндірістік қарым — қатынастың кең көлемді кешенді шарттарының қалыптасуы. Соның нәтижесінде кеңейтілген ұдайы өндірістік үдеріс қамтамасыз етіледі.

Тиімділіктің басты мәселесі — нарықтық экономика жағдайында тауар өндірушілердің мүддесі үшін тұтыну кұнын өндіру кезінде ресурстарды мейлінше үнемдеу. Осы жағдайда кәсіпкерлік қызмет өзінің тәуекелділігіне  мүліктік жауапкершілігі шегінде ұйымдастырушылық, құқыктық нормативті актілермен анықталып, өндіріс табыстылығының есебінде жүргізіледі.

Тиімділік — ұлғаймалы ұдайы өндірісті ұтымды жүргізудің алғы шарты. Ресурстарды таңдау кезінде баламалы нұсқаларды анықтау үшін пайдаланылатын сапалы бағалау көрсеткіші болумен бірге, ол өндіріс резервтерін анықтау, өндіріс құрылымының қалыптасуын жалпы да тікелей бағалау кезінде қолданылады. Тауар — ақша қатынасы жағдайында өндіріс тиімділігі ұтымды экономикалық тиімділікті сипаттайды. Мұндай жағдай жалпы өндірістік шығындардан қол жеткен нәтиже шамасы абсолюттік мөлшерде артық болып тұрғанда ғана орын алады. Осындай ұтымды тиімділік кез келген ұйымдық — құқықтық шаруашылықтың оңтайлы жұмыс істеуінің, кеңейтілген өндірісті жүргізудің ең бір қажетті шарты болып есептеледі. Сондай — ақ ол материалдық өндірістің барлық буынында ғылыми — техникалық прогрестің дамуы үшін зор экономикалық қозғаушы күшке айналып, тұтыну құнының сапасын жақсартады. Бәсекенің салыстырмалы еркін іс — әрекет жасаған кезінде өндірісті тиімді жүргізудін басты міндеттерін бір уақытта шешуге жол ашатын нарықтық тетік « механизм », біріншіден, тауар өндірудің дәл сол мезгілде қоғамдық сұранымға сәйкестігін бағаласа «сандық және сапалық жағынан», екіншіден, қойылған міндеттерді тиімді жолмен шешу үшін өндіріске жаңа тәсілдерді енгізуді ынталандырумен бірге, бағаның өзгеруі мен ауытқуы, пайда, тағы басқадай құнды категориялар арқылы халық шаруашылығында өндірістік ресурстар мен тауарларды ағымды нарықтың сұранымына сәйкес бөлуге, экономиканың оңтайлы дамуына оң ықпал ете отырып,  экономиканың тиімділігін арттырады.

Баға нарықтық экономика жағдайында әртүрлі тауарлар нарығының дамуына, солар арқылы жалпы қоғам көлемінде өндірістік ресурстар мен тауарларды бөлу арқылы қоғамдық өндірісті реттеуші рөлін атқарады. Мұндай жағдайда әрбір өндірістік   ресурстың   өзіне   тән   бағасы   болады   және   ол тауарлық баға сияқты белгіленген ресурстың сұранымы мен ұсынымының өзгеруіне байланысты өзгеріп отырады. Осы бағаның құрылымы белгілі болғандықтан, мейлінше аз шығын жұмсай отырып, көп өнім өндіру үшін, соған лайықты өндірістік үдерісті таңдау мүмкіндігі туады.

Жұмыс күшіне жоғары ақы төленген жағдайда өндіріс үдерісін техникалық   жарақтандыру  шаруашылықты  оңтайлы  жүргізуге ынталандырып, төмен  болған  жағдайда  өндіріс  үдерісінің еңбек сыйымдылығын уақытша тоқтатып қоюға ықпал ететіндіктен, өндірістік ресурстар бағасы тауар өндірушілерді арзан ресурстарды өндірістік үдеріске кеңінен қолдануға, ал қымбат ресурстарды үнемдеуге итермелейді. Бұл жағдайда тауардың бағасы қоғамда өндірістік ресурстарды бөлуге қалай әсер еткенін еске алады. Яғни бағаның калыптасуының нарықтық тетігі келешекте өндіріс тиімділігін арттырудың негізі болып табылмақ. Нарықтық бағаның қалыптасуы тетік көмегі арқылы өте тиімді шаруашылық шешімдерін жүзеге асыруға кең жол ашпақ .

Кейбір кәсіпорындар шегінде мұндай ыңғайлы тандауға иек арту ірі шаруашылық кешендерінде өндіріс тиімділігі мен еңбек өнімділігін арттырудың шешуші факторы болмақ. Екінші сөзбен айтар болсақ, ,барлық табиғи ресурстарды толығымен пайдаланып, оған толық көлемде қол жеткізген жағдайда ғана экономика қалыптаспақ.. Осындай жағдайда экономика мәселелерінің маңызы анықталынады. Өйткені ресурстардың жеткіліксіз мөлшерде болуы өндірістің толық көлемде тауар өндіру мүмкіндігін шектейді. Мұндағы ең басты мәселе — ең алдымен қандай тауарлар өндіру қажет, ал қандай түрлерінің қажет еместігін шешіп алған жөн. Осыған байланысты өндірістің экономикалық өсуі, барлық табиғи ресурстардың толық игерілуі, экономикалык тиімділік, бағаның тұрақты деңгейі, өндірушінің экономикалық еркіндігі, тауарды әділеттілікпен бөлісу сиякты негізгі экономикалық мақсаттар қалыптасады.

Агроөнеркәсіп кешенінің тиімділігін анықтау үшін, оның мақсатын, қоғамның  материалдық жағдайының оңтайлануының және әлеуметтік  факторларды камтамасыз етуді ескеру керек. Нарықтық экономика  жағдайында  ауыл  шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігінің  мәселелері — бұл ең қажетті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің  мәселесі. Бұл орайда өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру мәселесін нарықтық экономика жағдайында маңызды әлеуметтік-экономикалық факторларды ескермей, қарастыру мүмкін емес. Бұған өндіріс құралдарына меншік түрлерінің өзгеруі де жатады.

Аграрлық саясаттың қазығы болып есептелінген ірі кәсіпорындарға иек арту негізінде дұрыс болатын. Мұндай өндіріс әсіресе өнеркәсіп технологияларды қолданып жұмыс істейтін мамандаңдырылған кәсіпорын еңбек өнімділігін арттыру мен табиғи, материалдық — техникалық еңбек ресурстарын тиімді пайдаланудың үлкен мүмкіндіктеріне ие болады. Бірақта ірі өндірісті абсолюттеу, шағын және орта өндірісті, оның ішінде шаруа қожалықтары мен жеке қосалқы шаруашылықтарды елемеу республиканың ауыл шаруашылығына нұқсан келтірері хақ .

Қазіргі кезде экономикалық қатынастар мен өндіріс жағдайының өзгеруіне байланысты нарықтық қатынастарға көшу кезіндегі ауыл шаруашылығы өңдірісінің экономикалық тиімділігін анықтау қажетті деңгейде дей алмаймыз. Бұл жағдай ең алдымен бағалаудың теориялық және әдістемелік аспектілерін нақтылауды кажет етеді.

5-билет,

1. Экономикалық жүйе теориялары: өлшемдері және модельдері.

Экономикалық жүйе – бұл материалдық, рухани игіліктер мен қызметтерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстардың ерекше реттелген жүйесі.

Дәстүрлі экономикалық жүйе әдет-ғұрыпқа, дәстүрлерге негізделеді. Өндіріс процесі, айырбас, бөлу және тұтыну уақыт қалыптастырған әдет-ғұрыпқа сүйенеді.

Әкімшіл-әміршіл жүйе мемлекеттік монополиялық меншіктің және оның монополиялық мемлекет өкіметі тудырған үстемдігімен сипатталынады. Бұл жүйеге басқарудың қатаң типтік иерархиясы тән. Дәлірек айтсақ жоспарлаушылар бұл жүйеде қандай тауарлар өндіріліп және қандай қызметтер көрсетілуі керектігін анықтап алады.

Әміршіл-әкімшіл жүйеге тән ерекшеліктер мыналар:

  1. Өндіріс факторлары жалпы халықтың немесе мемлекеттің меншігінде болады;

  2. Экономикалық қызметті жоспарлай отырып, бір орталықтан шаруашылыққа қатысты жалпы шешім қабылдау процесі барынша күшейеді;

  3. Кәсіпорындар мемлекеттік жоспарларды орындауға қажетті ресурстармен орталықтандырылған қорлар арқылы қамтамасыз етіледі;

  4. Өндіріс құрал-жабдықтары мен халықтық тұтыну тауарлары өндірісі арасындағы халықшаруашылық қатынас бір орталықтан анықталып бекітіледі;

  5. Бәсеке жағдайы мүлдем болмайды, нәтижеде өндірушілер монополиясы туындайды;

  6. Өндірушілерді ынталандыруға бағытталған нарық жүйесі жоқ;

  7. Өндірушінің тұтынушы алдындағы үстемдігі, билігі, абыройы артады, өйткені тек өндірілген тауарлар ғана сатып алынады, яғни тұтынушының таңдау мүмкіндігі жоқ.

Нарықтық экономикалық жүйе жеке меншік құқығының анықталуына, келісім-шарт кепілдігінің сақталуына орай жеке меншіктікке және экономикалық мәселелерді шешуге негізделеді. Ол ресурстарды тиімді пайдалануға және экономиканың тез көтерілуіне ықпал етеді, алайда табыс жөнінен қоғамның бөлшектенуіне ықпал етеді.

Нарықтық жүйенің ерекшеліктері:

  1. Өндіріс факторлары жекешелендірілген;

  2. Адамдардың шаруашылық қызметін басқару және үйлестіру нарықтық жүйеге негізделген;

  3. Жүйеге қатысушылардың іс-әрекетін олардың жеке, өзіндік мүдделерін қорғау арқылы ынталандыру, соның негізінде қоғамдық мүддені қамтамасыз ету үрдісі күшейген;

  4. Капитал иесіне кәсіпкерлікпен емін-еркін айналысу және капиталын қашан, қай жерде және қандай қызметке салу керектігін таңдауға құқық берілген

  5. Әрбір шаруашылық субъект өздігінше шешім қабылдап, пайда табуға ұмтылады

  6. Жекелеген өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық билігінің әлсіздігі соншалықты, олардың белгілі бір бөлігінің шынайы экономикалық билігі жоқ десе де болады, яғни олар нарықтағы жағдайды өзгертуге дәрменсіз қалады;

  7. Таза немесе дамыған бәсеке нәтижесінде өндірушілер тарапынан ресурстар барынша тиімді, әрі үнемді қолданылады және "ең аз шығын жұмсап, ең көп пайда табу" қағидасы жүзеге асырылады;

  8. Тұтынушының өндіруші алдындағы үстемдігі, билігі, абыройы артады. Өйткені тек сұраныс білдірілген тауарлар ғана өндірілетін болады.

Аралас экономикалық жүйе. Аралас экономика идеясы ХІХ ғасырда әлеуметтік мәселені шешу қажеттігі туындап, мемлекеттің шаруашылық өмірге араласуы нәтижесінде пайда болған, яғни аралас экономика теорияларында ең алғаш рет экономика ілімінде мемлекеттің экономикаға араласу қажеттігі турасында ой-тұжырымдар айтылған. Ол мемлекеттік реттеу арқылы нарықты толықтыруға негізделінеді. Нарықтық механизм мынадай проблемаларды шеше алмайды: қоғамдық игіліктерді жасау, әлеуметтік мәселелер, экономикалық тұрақтылық, технологиялық қайта құрылу, қоршаған ортаны қорғау және т.б. Экономикалық мәселелер жеке өндірушілер деңгейінде нарық арқылы шешіледі. Қоғамдық сипаттағы мәселелер мемлекетпен шешіледі. Мемлекеттік реттеу дәрежесі әр елде әр басқа. Жоспарлы жүйені басқарудан бас тарту және өз бетімен саналы нарықтық экономикаға өту елімізде аралас экономикаға өтудің басты бағыты болып табылады.

Аралас экономиканың бірнеше үлгілері бар.

  1. Американдық үлгі – нарықтық капиталистік үлгі. Мұнда жеке меншік басым, нарықтық бәсеке механизімі толық жұмыс істейді. Ірі кәсіпкерлер мен талапты жұмыскерлерді қорғайды. «Өз күшіңді өзің көр».

  2. Жапондық үлгі бұл реттелетін корпоративтік капитализм үлгісі. Мүнда капиталдық көбею (қорлану) мүмкіндігі мемлекеттің белсенді реттеу ролі мен байланысып отырады.

  3. Шведтік үлгі - бұл әлеуметтік үлгі. Оған өте жоғары деңгейдегі әлеуметтік кепілдік сипаты тән. Мұнда кәсіпкерлердің бәрін қолдайды, бәріне пайда табуға жағдайлар жасайды. Кәсіпкерлерден түскен салықты бюджетке жинап, оны салықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге тегін білім алумен емделуге жұмсайды. Шведтік социализм деп айтатын себебімізде осыдан.

  4. Қытайлық үлгі – бір жағынан нарық механизімімен экономиканың мемлекеттік емес секторының, екінші жағынан жоспарлау негізіндегі мемлекеттік реттеу мен әлеуметтік кепілдіктің үйлесімділігі Қытай экономикасында социалистік үлгінің қалыптасқанын көрсетеді.

6-билет.