Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
readmsg.docx
Скачиваний:
137
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
5.71 Mб
Скачать

4. Мінез және келбет.

4.1. Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті.

Грамматика. Етістіктің осы және өткен шақ түрлері. Сын есім.

Осы шақ

Өткен шақ

1. Менің әкем құрылыста жұмыс істеп жүр.

2. Менің анам емханаға бара жатыр.

3. Менің әріптесім департаментте жүр.

4. Біз жылдық есеп жасап жатырмыз.

5. Мен үйге кеш қайтып бара жатырмын.

Менің әкем құрылыста жұмыс істеді.

Менің анам емханаға барды.

Менің әріптесім департаментте жүрді.

Біз жылдық есеп жасадық.

Мен үйге кеш қайтты.

4.1.1.Мәтінді оқып, мағынасын сөздіктің көмегімен ұғып алыңыз. Мінез – адам сыны

Мінездің мәні мен мағынасының ұғымы кең. Ол – адамның бар болмысын, сезімін, көзқарасын қаз қалпында елестетеді.

Адамның мінезі өзгере ме?

Ел ішінде «мінез өзгермейді» деген ұғым бар. Мінез сәбилік пен кәмелеттік жас аралығында отбасының қасиеттеріне сәйкес, ата-ананың үлгісімен, отбасының мәдени-тұрмыстық, әлеуметтік жағдайларында негізін қалайды.

Одан соңғы кезеңде адамдармен қарым-қатынас, қоғам мен орта, еңбек, тіршілік, ізденіс пен талпыныс, сәттілік пен сәтсіздіктің әсерімен тұрақты мінез қалыптасады. Кейде, әсіресе жастық шақта, үлгі тұтқан азаматтарға еліктеп немесе тағдыр тәлкегімен тектілік мінезде жасандылықтың пайда болуы мүмкін. Бірақ ол табиғи бітімге терең сіңбейді. Мінез бұрынғы қалпына тез түседі.

Мінездің көрінісі өте көп. Адамды әр қырынан танытатын мінез екі бағытты: ақылмен астарлас келісті мінез және қым-қиғаш қылықты теріс мінез.

Көңіл шалқытар жадыралық, шабыт шақырар жарқындық, адами ажарды ашу, асаулықты басу – келісті мінез. Ал, тұрлаусыз ауытқымалы, ала көңілді, шиелі, кінәмшіл, қырсыз, қыңыр – теріс, жағымсыз мінез.

Жәрдем Кейкін

4.1.1.Жаңа сөздерді біліп алыңыз.

Мінез – характер ата –ана үлгісімен – по примеру родителей

Мәдени –тұрмыстық – культурно–бытовой әлеуметтік – социальный

ізденіс, талпыныс – здесь: творчество сәттілік – удача

тағдыр тәлкегімен – по велению судьбы

келісті мінез – безупречный характер теріс мінез

      1. Сөйлемдерді толықтырыңыз.

  • Мінез – адамның (ойы, намысы, болмысы).

  • Адамның мінезі (өзгереді, өзгермейді).

  • Мінез (сәбилік шақта, ержеткенде) негізін қалайды.

  • Мінез қарым-қатынас, қоғам мен орта, еңбек, тіршілік, ізденіс пен талпыныс, сәттілік пен сәтсіздіктің әсерімен (өзгереді, тұрақтвнады).

  • Жастық шақта тектілік мінезде (жасандылықтың, тұрақтылықтың) пайда болуы мүмкін.

  • Жарқын мінез – (келісті, келіссіз) мінез.

      1. Етістіктерді тиісті шақ формасына қойыңыз.

Інімнің мінезі өзгер... . Мен жұмысымды тиянақты атқарып жүр... .Анам қарындасыма сабақ оқытып жатыр... .Біздің үй қонақ күтуге дайындал... .Біз көршілермен тату тұрып жатыр... .Өмірімде сәттілік пен сәтсіздік жиі болып тұр... . Әкемнің келісті мінезі көп адамға үлгі бол... .Ағам ешкімге теріс мінез көрсетпе... .Жағымсыз мінез оған абырой әпермей жүр... .

      1. Үлгі бойынша сөйлем құраңыз.

Үлгі: Оның мінезі қатал болды, бірақ қайырымсыз емес.

Ашушаң ---------------------------------- тез қайтады

Ашық-жарқын -------------------------- көп сөйлейді

Ерке --------------------------------------- кінәмшіл

Пысық ------------------------------------- қыңыр

      1. Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып, сөйлемдер құраңыз.

Кәмелеттік жас + мінез;

Ата-ана + үлгі;

Сәтсіздік - + ашу;

Еліктеу + жасандылық;

Табиғи бітім + сақталу;

Теріс мінез + жағымсыз.

Сын есімдер заттың түрін, түсін, сипатын білдіреді, қандай? қай? деген сұрақтарға жауап береді. Сын есімдер негізгі және туынды болып екіге бөлінеді. Негізгі сын есімдер түбір сөзден жасалады. М: ақ, қара, жақсы, жаман, т.б.

Туынды сын есімдер кез келген сөз табына жұрнақтар жалғану арқылы жасалады. Туынды сын иесімнің жұрнақтары: -ты, -ті, -ды, -ді, -лы, -лі. (қарлы, құмды, атақты); -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік (жастық, балалық,адалдық);

      1. Мәтінді оқып, өз ойыңызды айтыңыз.

Көркем мінез қалай қалыптасады?

Көркем мінез – адамның эстетикалық-этикалық сәні мен мәні. Бұл ретте әдептілікті, ұяттылықты, намыстылықты ерекше атаған жөн. Жан жақты дамыған, жарасымды, көркіне ақылы сай жастар арамызда жүр.

Алаштың ардагері Жүсіпбек Аймауытов былай деген: «Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білім берудің көздейтін түпкі мақсаты – осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек».

Бала бидің сөзін есте сақтаңыз.

Жерден ауыр дегенім – ақыл-білім,

Судан терең дегенім – оқу-ғылым,

Оттан ыстық дегенім – адамның өмірі,

Көктен биік дегенім – шәкірттің көңілі.

Егер, шын мәнінде, жас азаматпен үйлесімді жұмыс жүргізілсе, сол тәлім-тәрбие де, білім де нәтижелі болмақ. Бұл - адам бойындағы көркем мінездің қалыптасу жолы.

      1. Сұрақтарға жауап беріңіз.

    1. Көркем мінезге нелер жатады?

    2. Арамызда жарасымды жастар бар ма?

    3. Ж.Аймауытов мектеп тәрбиесіне қандай баға берген?

    4. Бала бидің сөзінен не ұқтыңыз?

    5. Жас азаматпен қалай жұмыс істеген дұрыс деп ойлайсыз?

      1. Мәтіннен негізгі және туынды сын есімдерді тауып жазыңыз.

Үлгі: негізгі туынды

Көркем эстетикалық

      1. Жағдаяттық тапсырманы орындаңыз.

А) Алыстан әжеңіз келді, ініңіздің мінезі жайлы айтыңыз.

Ә) Әріптесіңізге сипаттама беріңіз..

Б) Курстас құрбыңызды анаңызға таныстырыңыз.

      1. Мәтінді оқып, мағынасын ұғып алыңыз.

Ұят – адамның рухани өміріндегі реттеуші күш.

Ол ағаттықтан қорғайды,

ізеттілікке жетелейді,

қателікке жол бермейді,

имандылықтың тетігі,

адалдықтың сақшысы.

Ұялу мене ұялту - қосақты ұғым. Бірі – ішкі әсердің қысымы, екіншісі – сыртқы әсердің дүмпуі.

Ұялу – аңғалдықтан, қызбалықтан туған ерсі әрекеттің салдары. Арлы кісі ұятына кешірім сұрап, қайталамауға бекінеді.

Ұялту – ұят қағидасын бұзған, әдептен аттаған, кісі намысын қорлаған, жала жапқан, өсек таратқан адамды өрескелдігін, жағымсыздығын түсіндіріп, айыбын бетіне басу.

Жәрдем Кейкін

      1. Мәтіннен сын есімдерді табыңыз.

Үлгі: рухани, ...

      1. Сұраққа жауап беріңіз.

Неліктен адамдарды «ұяты бар адам» немесе «ұяты жоқ адам» деп айтамыз? Мысал келтіріңіз.

      1. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]