Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
readmsg.docx
Скачиваний:
137
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
5.71 Mб
Скачать

Тәуелсіздік тұғыры

Өткен ғасырдың соңына таман 1991 жылы қазақ елі ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізді. Осы жылдың 25 қазанында тәуелсіздік жөніндегі декларация қабылданды. Ал 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздігін жариялады. Әр ұлт үшін тәуелсіз ел болу – ұлы арман. Дүние жүзінде алты мыңға жуық ұлттар бар. Солардың ішінде екі жүздей ұлт ғана тәуелсіз мемлекет болып отыр. Бұл ұлттар – егемендік бақыты бұйырған халықтар. Сондықтан тәуелсіздік әрбір азаматқа қымбат болуы тиіс. Тәуелсіздіктің арқасында біз ілгері дамып келеміз. Біздің жеріміз қазба байлықтарға бай.

Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Тәуелсіз еліміздің өз Конституциясы, елтаңбасы, туы және әнұраны бар. Әрбір азаматтың парызы – Отанын қорғау, мемлекеттік рәміздерін білу, құрметтеу.

  1. тапсырма. Берілген жылдардағы ең маңызды оқиғаларды жазыңыз.

1991жылы_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

1995 жылы _______________________________________________________________________________________________________________________________ ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­________________________________________________________________

2-тапсырма. Сөз тіркесін жасаңыз.

­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­----------------------------------------- мүше болды.

------------------------------------------ дамыды.

------------------------------------------- бекітті.

-------------------------------------------- парыз.

-------------------------------------------- жариялады.

-------------------------------------------- сайланды.

БӨОЖ тапсырмасы

«Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.

Оныншы сабақ (1-сағат)

Халықаралық қатынастар

Қазақстанның дипломатиясы (1)

1. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1) Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты қалай қалыптасты?

2) Қазақстан Республикасы дипломатиясының негізгі бағыттары қандай деп ойлайсыз?

2. Жаңа сөздермен танысыңыз. Мына сөздердің мағына-сын білесіз бе?

Көкейкесті, кеудемсоқтық, кепілдік, міндеттеме, ынтымақтас-тық, құбыр, мүдделік, әріптестік, денсаулық сақтау, ықпалдастық.

3. Сөйлемдерді оқыңыз. Қарамен берілген сөздерге мағы-насы жақын сөздерді белгілеңіз.

1) Жаһандану кезеңінде кез келген мемлекет көкейкесті (өзекті, үлкен) халықаралық проблемаларды шешуге ат салысу керек.

2) Қазақстан ядролық қарудан бас тарту арқылы жетекші ядролық мемлекеттер тарапынан өзінің қауіпсіздігіне кепілдік (жауап, кепілдеме) алды.

3) Қазақстан сыртқы саясатының негізгі бағыттарының бірі – Ресеймен ынтымақтастықты (қызметтестікті, достықты) нығайту.

4) Қазақстаннан Қытайға тартылатын мұнай және газ құбыр-ларын салуға екі жақты мүдделілік (сүйіспеншілік, қызығушылық) бар.

5) Қазақстан АҚШ-пен демократиялық әріптестікті (серіктес-тікті, татулықты) дамытуды көздейді.

6) Қазақстан экономикалық, экологиялық, әлеуметтік салалар-дағы байланыстарды дамыту мақсатында АҚШ әкімшілігімен өзара ықпалдастық (өзара ықпал, қысым) аспектілеріне маңызды орын береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]