Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

publickz94

.pdf
Скачиваний:
144
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.96 Mб
Скачать

адамгершілік қасиеттерімен анықталады жəне ол адам тұлғасының даму деңгейінің көрсеткіші болып табылады.

Сонымен тұлға дегеніміз адамның ішкі адамдық қасиеттерінің тұтастығының көрсеткіші – ішкі тұтастықсыз тұлға жоқ.

Ғылымда басты тұлға - ғалым, зерттеуші.

Ғылымдағы тұлғаның тұжырымы нақты болуы қажет. Тек сонда ғана ғылым алдына қойған мақсатына жетеді. Əр нəрсенің тек өзіне тəн əдісі бар. Ғылым теорияны мүлтіксіз басшылыққа алып отыруға, ғылыми ізденістің методологиясын бірлікпен қолдануға міндетті. Ғылымда, тарихта да негізі өмірінде де өз ізін қалдыратын тек ғана нағыз тұлға.

Бақылау сұрақтар:

1.Ғылыми пəнңің ерекшелігіне жəне қалыптасуына қандай факторлар əсер

етеді?

2.Ғылымдарда ғылыми пəннің өзгешел ігі айқын мысалдарды келтіріңіз?

3.Ғылым əлеуметтік институт ртінде қандай негізгі сипаттарын білдіреді?

4.Нешінші ғасырдан бастап ғылымның институцинализациясы басталды?

5.Қандай жаңа ғылыми салаларда ғылым əлеуметтік институт ретінде қарастырылады?

6.Кім «ғылыми ұжым» атты ұғымды еңгізген?

7.Р. Мертонның ғылым этосы атты концепциясының негізгі ұғымдары?

8.Неге ғылым өзін өндуде «автономды» болу қажет?

9.«Көрінбейтін колледж» атты топтын коммуеикативтік түрлері?

10.Қазіргі білім социологиясында реалдылықты құрастыру бейнесі қандай?

Қолданылған əдебиеттер:

1.Лебедев С.А. Современная философия науки. М., 2007.

2.Вернадский В.И. Проблема биохимии. М., 1988. С. 252.

3.Бернар Дж. Наука в истории общества. М., 1956. С. 18.

4.Холтон Дж. Что такое антинаука//Вопросы философии. 1992. №2.

5.Агацци Э. Моральное измерение науки и техники. М., 1998. С. 12.

6.Федоров Н.Ф. Сочинения. М., 1982. С. 316, 410.

7.Торосян В.Г. Концепции современного естествознания. Краснодар. 1999. С.

16.

8.Cmeпин B.C., Горохов В.Г., Розов М.А. Философия науки и техники. М.,

9.1999.С. 16.

10.Швырев В.С. Научное познание как деятельность. М., 1984. С. 12.

160

Қосымша

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ҚОҒАМДЫҚ ПƏНДЕР КАФЕДРАСЫ

Ғылым тарихы мен философиясы пəнінің оқу - əдістемелік кешені (ПОƏК)

Магистранттарға арналған Барлық мамандықтар үшін Күндізгі бөлім

АЛМАТЫ 2009

161

Құрастырған: Ібжарова Шолпан Айдаралы қызы, доцент

Пəннің оқу-əдістемелік кешені «Философия» мамандығының ҚР МЖМБС негізінде əл-Фараби атындағы ҚазҰҮ оқытушыларымен дайындалған «Ғылым тарихы мен философиясы» деген пəні бойынша кандидаттық сынаққа арналған бағдарлама жəне Білім жəне ғылым төнірігіндегі қадағалау жəне аттестациялау комитететімен қаралған «Ғылым тарихы мен философиясы» курсы бойынша бағдарлама (ҚР ЖАК бюллетені 2004 ж. №№ 2, 3) негізінде құрастырылған.

Пəннің

оқу-əдістемелік

кешені

«Қоғамдық

пəндер»

кафедрасының отырысында қаралды. № 1 хаттама, 26 тамыз 2009 ж.

 

Кафедра меңгерушісі

 

Борбасов.С.М..

 

Пəннің оқу-əдістемелік кешені О. Сүлейменов атындағы əлеуметтікгуманитарлық білім беру жəне тəрбие институтының оқу-əдістемелік комиссиясының отырысында қаралып ұсынылды. Хаттама №1, 28 тамыз 2009 жыл.

ОƏК төрағасы

Савчиц Н.Е.

162

Қосымша

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Қоғамдық пəндер кафедрасы

«БЕКІТЕМІН»

ҚазҰАУ ректоры

____________ Есполов Т.И. «___» ___________ 2009 ж.

ҒЫЛЫМ ТАРИХЫ МЕН ФИЛОСОФИЯСЫ ПƏНІНІҢ

ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Магистранттарға арналған Барлық мамандықтар үшін

Кредит саны 3

АЛМАТЫ 2009

163

«Ғылым тарихы мен философиясы» пəнінің жұмыс оқу бағдарламасы əлФараби атындағы ҚазҰҮ оқытушыларымен дайындалған «Ғылым тарихы мен философиясы» деген пəні бойынша кандидаттық сынаққа арналған бағдарлама жəне Білім жəне ғылым төнірігіндегі қадағалау жəне аттестациялау комитететімен қаралған «Ғылым тарихы мен философиясы» курсы бойынша бағдарлама (ҚР ЖАК бюллетені 2004 ж. №№ 2, 3) негізінде құрастырылған.

Құрастырушы: Ібжарова Шолпан Айдаралы қызы, доцент

«Ғылым тарихы мен философиясы» пəнінің жұмыс оқу бағдарламасы «Қоғамдық пəндер» кафедрасының отырысында талқыланды. Хаттама № 1, 26 тамыз 2009 жыл.

Кафедра меңгерушісі

Борбасов С.М.

Пəннің жұмыс оқу бағдарламасы О. Сүлейменов атындағы əлеуметтікгуманитарлық білім беру жəне тəрбие институтының оқу-əдістемелік комиссиясының отырысында қаралып ұсынылды. Хаттама №1, 7 қазан 2009 жыл.

ОƏК төрағасы

Савчиц Н.Е.

164

КІРІСПЕ

Бұл бағдарлама «Ғылым тарихы мен философиясы» атты жалпығылыми пəні бойынша магистрлік сынаққа «Қоғамдық пəндер» кафедрасының оқутышыларымен дайындалған. Оның негізінде əл-Фараби атындағы ҚазҰҮ оқытушыларымен дайындалған ғылым тарихы мен философиясы деген пəні бойынша кандидаттық сынаққа арналған бағдарлама жəне Білім жəне ғылым төнірігіндегі қадағалау жəне аттестациялау комитететімен қаралған «Ғылым тарихы мен философиясы» курсы бойынша бағдарлама (ҚР ЖАК бюллетені

2004 ж. №№ 2, 3).

Бұл бағдарлама жалпы барлық ғылыми мамандықтарға ортақ, əрі осы пəн бойынша магистрлік сынаққа негізделген боп саналады.

Сынаққа дайындалу үшін талапкер «Ғылым тарихы мен философиясы» бағдарламасының бірінші бөлімін жəне «Табиғаттану, техникалық жəне əлеуметтік-гуманитарлық ғылымдарының қазіргі философиялық мəселелері» деген екінші бөлімнің бір бөлігін өзінің ғылыми зерттеу саласына сəйкес пайдаланады.

Курстың негізгі мақсаттары. Магистратуратура жоғары білім беру жүйесінде бакалавриат пен аспирантураның ортасында болашақ мамандардың, ғалымдар мен оқытушылардың ғылыми жəне ғылыми-педагогикалық ісəрекетіне жеткізетін тереңдетілген ғылыми, философиялық-методологиялық, дүниегекөзқарастық жəне пəндік теоретикалық негізін талап етеді. Жалпы магистранттарды дайындау жүйесінде ғылым тарихы мен философиясы курсы дүниегекөзқарастық жəне ғылыми-методологиялық тұрғысында ең маңызды орын алады, ғылым тарихы, философиясы жəне методологиясы оның негізгі ұйытқысы болып саналады.

Ғылым тарихы магистрлердің магистерлік диссертациясын дайындау жəне ғылыми-жұмысының жоғары деңгейіне жеткізетін білімнің маңызды компоненті болып саналады. Ғылым жəне нақты ғылымдардың тарихы ғылымның даму динамикасын, оның қоғамның дамуына əсерін ұғыну үшін мүмкіндік береді. Тарихи білім болашақ мамандарға ғылымның толық бейнесін қалыптастырады, ғылымның зерттеу контекстіне жəне əр-түрлі аспектілеріне өткірлі сезіммен қарауға мүмкіндік береді.

Ғылым философиясы ғылым аралаларындағы байланыс пен философия білімінің əртүрлі бөлімдерінің дамуының қажетті негізі болып есептелінеді, нақты арнаулы ғылыми пəндердің философиялық мəселелерін кеңейтеді жəне тереңдетеді. Философия білімі тек ғылымның дамуының себепшісі емес, сонымен бірге ғылыми білімнің ажырағысыз бөлігі, яғни ғылымның бір мүшесі болып кіреді. Ғылым философиясы ғылымның өзіндік санасының əлеуметтікмəдени тұрғысындағы көрінісі, ғылым қоғамның рухани дамуының контекстінде ұғынылады, ғылыми білімнің даму құндылық мақсаттары мен ғылыми-зерттеу кəсіптік тəжірибесі қалыптасады. Ғылым философиясы ғылымды əлеуметтік институт ретінде, яғни мықты өндірістік күш, ғылыми білімнің жүйесі жəне қоғамдық сананы қалыптастырушы ретінде негізін ашуға

165

мүмкіндік береді. Осы білімдер болашақ маманның ғылыми, педагогикалық ісəрекетінің кеңістігін қалыптастырады.

Ғылым методологиясы магистрантқа қазіргі ғылым мəселелері мен методологиялық негіздерін түсінуге мүмкіндік береді, əдіс теориясымен, яғни принциптермен, подходтармен, тəсілдермен, ғылыми іс-əрекетін əдістерімен қаруландырады. Ол ғылым методологиясы мен логикасын ұғынуға, ғылымизерттеу жұмыстың методологиялық мəдениетін көтеруге мүмкіндіктер береді.

Курс екі бөлімнен тұрады: ғылым тарихы мен философиясы жəне табиғаттану, техникалық жəне əлеуметтік-гуманитарлық ғылымдарының қазіргі философиялық мəселелері.

Зерттеу нысаны ғылым, қосымша отандық ғылым олардың тарихи дамуы жəне қазіргі кезеңдегі өзектілігі.

Курстың методологиясы. Шығармашылық тобы магистранттарды дайындауда қойылған мақсаттарды, олардың оқытуында ғылыми-зерттеу өзгешеліктерді ескеріп, ғылым тарихы мен философиясы курсын беруде жаңа интерактивтік нұсқаулары қолданылады. Біріншіден, магистратурада оқыту жүйесінде дəрістік-семинарлық тəсіл өзінің репродуктивтік қасиетімен магистранттың өзіндік белсенділік жұмысына жауапты емес. Екіншіден, магистранттың бакалавриаттағы философия пəні бойынша дайындалған нақты білімі бар. Үшіншіден, магистратурадағы дайындық таңдалған мамандық бойынша магистрлік диссертацияны дайындау жəне ғылыми жұмысқа бағытталған. Сөйтіп, шығармашылық тобы өздерінің жұмысында оқыту процесінде салмақ күшін магистранттардың өзіндік жұмыс жасау деген принципті жəне тұлғалық-өзіндік-бағыт подходты қолданылады. Білім беру тұрғысында жан-жақты əдістер қолданылады: мəселе тудыру; сократ сұхбаты; топтастыру (бірлестіру); топтастыру жəне сұхбаттастыру, пікірталас жəне диспут.

Магистранттар осы курстың нəтижесінде міндетті түрде білу керек (пререквизиттер): философия, Қазақстан тарихы, саясаттану, əлеуметтану, адамтану

ғылым дамуының негізгі кезеңдерін;

ғылым тарихы, философиясы, методологиясы бойынша білім алу;

ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі принциптерін игеру.

Магистранттар курсты игеру мақсатында міндет түрде қолдану керек (постреквизиттер): өз мамандығының философиялық аспектілерін тереңдете қарастыру

ғылыми мəліметтерді өздігінен қолдана жұмыс атқару; күрделі ғылымизерттеу мəселелерімен оның шешімдерін таба білу керек;

логикалық, жүйелі жəне сыншыл ойлау қабілеттерін дамыту;

алған білім жүгін əр-түрлі ғылыми мəселелер бойынша өзіндік пікірін шығару жəне дəлелдеу үшін қолдану.

Пəн бойынша сынақ бағасы жалпы бақылау жұмысы (70 балл) жəне сынақ (30 балл) бағалардың жиынтығы болып табылады, оның көлемі – 100 балл.

166

Бақылау жұмыстардың түрлері

МӨЖ тұрғысында келесі жұмыстың түрлері тапсырылады:

1.Реферат жазу жəне қорғау (15-20) бет: 0 ден 30 баллға дейін бағаланады.

2.Эссе жазу (5-7 бет): 0 ден 15 баллға дейін бағаланады.

3.Ғылыми жұмысты талдау (5-7 бет): 0 ден 15 балл қосылады

Эссені жазуға қойылған талаптар: көлемі – 5-7 бет, əдебиеттердін тізбесін көрсету қажет. Тексеру жəне бағалау барысында тақырыптардың толық ашылуына, өз пікірлерін логикалық түрде толық жəне бір ізгілік жолмен жүргізілуіне назар аударылады. Эссені жазу барысында ғылымның нақты факторлары мен фактілерін асыртуға болмайды.

3. Ғылыми жұмыстарды талдау (5-7 бет): 0 ден 15 баллға дейін бағаланады.

Ғылыми жұмысқа талқылама (комментарий) жасау (5-7 бет), тақырып тізбесінен таңдап алған жұмыстың негізгі ережелерін талдау жəне көрсету қажет. Талдау тұрғысында келесіні көрсету қажет: автордың негізгі концептуалдық идеяларын; қандай философиялық бағыттың шенберінде ол өз идеяларын ұсынады; оның философиялық ойларының теориялық жəне методологиялық негіздері; негізгі ұғымдар жəне оның анықтамалары.

Соңғы сынақ. Соңғы сынақ сұрақтардан тұратын билет бойынша ауызша түрде өткізіледі – 30 балл, өткелі бақылау жұмыстар – 30 балл, реферат – 30 балл, эссе – 15 балл, ғылыми жұмысты талдау – 15 балл қосылады.

Магистранттардың білімдерінің бағалау белгілері

«Өте жақсы» деген баға зерттелетін сұрақ бойынша толық білімді, негізгі жəне қосымша пайдаланған мəліметтер арқылы берілген толық жауапқа, сонымен бірге анық, нақты жəне түсінікті түрде өзінің білімін көрсеткені үшін беріледі;

«Жақсы» деген баға негізгі мəліметтер арқылы, бірақ жеке түрлі қатемен берілген жауапқа қойылады (мысалы, мəліметтерді презентациялауда жіберілген қателіктер үшін);

«Қанағат» деген баға мағлұматы бойынша жалпы білімге, сонымен бірге бөлек мəліметтерді қолданған, бірақ өрескел мағынадағы жауап үшін беріледі;

«Қанағаттанғысыз» деп қойылған сұрақтар бойынша білім жоқтығы бағаланады.

КУРСТЫҢ МАҒЫНЫСЫ I БӨЛІМІ

ҒЫЛЫМ ТАРИХЫ МЕН ФИЛОСОФИЯСЫ Бөлімнің мақсаты: ғылым тарихы, философиясы, методологиясы мен

ғылыми білімнің дамуында негізгі мектептер мен концепциялар туралы білім беру, ғылыми-зерттеулік жұмыстар мен ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру тəжірибелік мүмкіншіліктерді дамыту.

Бөлімнің міндеттері:

∙Ғылым жəне нақты ғылымдардың тарихы туралы жиынтық білімді жəне ғылымның толық бейнесін қалыптастыру үшін.

167

Магистранттардың философиялық-методологиялық білімдерінің əртүрлі аспектерін кеңейту жəне тереңдету, яғни ғылым философиясын нақты арнаулы ғылыми пəндерінің философиялық мəселелер көрінісі деп түсіну, ғылым өзіндік сананың əлеуметтік-мəдени тұрғысындағы көрінісі деп түсіну, ғылымды қоғамның рухани дамуының шеңберінде ұғыну, ғылыми білімнің даму құндылық бағыттары мен ғылыми-зерттеу қызметінің тəжірибесін қалыптастыру.

Ғылыми қызметтің көпфункционалдық жəне көпфакторлық қасиетін ашу, ғылым өзін зерттеуінің əртүрлі аспекттері мен контекстерін талдау: тарихи, аксиологиялық, логикалық, əлеуметтік, психологиялық, институционалдық.

∙ Ғылымды əлеуметтік институт, өндіріс кұш, қоғамдық сананы қалыптастырушы ретінде негізін ашу.

∙Ғылым методологиясы бойынша кəзіргі ғылым мəселелері мен методологиялық негіздерін беру жəне əдіс теориясың ғылыми іс-əрекетің өзгеше принциптері, подходтары, тəсілдері, əдістері деп түсіндіреді. Ғылым методологиясы мен логикасын ұғыну, ғылыми-зерттеу жұмыстың методологиялық мəдениетін қалыптастыру.

Сағат кестесі

 

 

Дəріс

Семина

 

Сабақ тақырыптары

сағатт

р

 

 

ары

сағатт

п/

 

 

ары

п

 

 

 

 

I бөлімі

 

 

 

Ғылым тарихы мен философиясы: пəні, функциялары,

 

 

 

зерттеу аспектілері. Ғылым тарихы, ғылым

2

2

 

философиясы жəне ғылым методологиясы ғылыми

 

 

 

 

пəндер ретінде.

 

 

 

Мəдениет пен өркениеттегі ғылым.

2

1

 

 

 

 

 

Ғылым дамуының жəне ғылымның тарихи

2

4

 

динамикасының негізгі кезеңдері.

 

 

 

 

Ғылыми танымның құрылысы. Ғылым мен

 

 

 

философияда ақиқат мəселесі, ғылыми ақиқаттың

2

3

 

белгісі.

 

 

 

Ғылым динамикасы.

1

4

 

Ғылым əлеумет институт ретінде.

1

2

 

II бөлімі

 

 

 

Əлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың

 

1

 

философиясы жəне методологиясы.

 

 

 

 

 

Техникалық ғылымдардың философиясы жəне

 

1

 

методологиясы.

 

 

 

 

 

Табиғаттану ғылымдардың философиясы жəне

 

2

 

методологиясы.

 

 

 

 

 

Барлығы

10

20

168

1 тақырып. Ғылым: пəні, функциялары, зерттеу аспектілері. Ғылым тарихы, ғылым философиясы жəне и ғылым методологиясы ғылыми

пəндер ретінде. 4 сағат.

1.1.Ғылымның анықтамасы, ғылымның əлеуметтік-мəдени құбылыс ретінде əр-түрлі анықтамалары. Ғылымның пəні. Нақты ғылымдардың пəндері. Ғылымның функциялары: мəдени-көзқарастық, əлеуметтік, өндіріс күш. Ғылымның əр-түрлі аспектілерін зерттеу: ғылым философиясы, ғылым логикасы, ғылым тарихы, ғылым методологиясы, ғылым психологиясы, ғылым этикасы. Ғылым талдауында подходтардың эволюциясы.

Ғылымның концепциялары: ғылым философиясы мен етодологиясындағы негізгі подходтар. Ғылымның қазіргі концепцияларының классификациясы: неопозитивизм, ғылыми зерттеудің логикасы, ғылымның онтологиясы, ғылымның постпозитивистік бейнесі.

1.2.Ғылым тарихының статусы жəне мəселелері. Ғылым тарихының пəн ретінде дамуының бағасы. Ғылым философиясы жəне ғылым тарихының байланысының өзгешелігі.

1.3.Ғылым философиясы: статусы жəне пəні. Ғылым философиясы философиялық білімнің саласы, пəнаралық синтез. Ғылым философиясы əртүрлі ғылым философиясы жəне методологиясының мектептерінің өкілдерінің пікірлерінше.

1.4.Ғылым методологиясы ғылыми пəн ретінде. Методология əдіс туралы ілім ретінде. Ғылыми əдістер типологиясы. Эмпирикалық жəне теориялық танымның əдістері.

1.5.Жүйелік подход жəне жүйелік əдістеме. Диалектикалық логика танымның əдісі түрінде. (ӨЖ).

2 тақырып. Ғылым мəдениетте жəне өркениетте. 3 сағат.

2.1.Ғылым мəдениеттің феномені ретінде. Ғылыми танымның өзгешелігі. Ғылым жəне философия. Ғылым жəне өнер. Ғылым жəне қарапайым таным.

2.2.Ғылым жəне дін. Ғылымның дүниені діндік түйсік қабылдауына əсері.

2.3.Ғылым жəне білім. Қазіргі білімде жəне тұлғаның қалыптасуында ғылымның ролі.

2.4.Өркениеттік дамудың дəстүрлік жəне техногендік типтері жəне олардың негізгі құндылықтары. Ғылымдық рационалдықтың құндылығы.

2.5.Ғылымның дүниегекөзқарастық аспектері. Ғылымның гуманистік көкжиегі. Ғылым жəне адамгершілік. Ғылымның аксиологиялық статусы. Ғылымдағы тұлға. Ғылымның əлеуметтік табиғаты мəселе түрінде.

3 тақырып. Ғылымның дамуының жəне ғылымның тарихи динамикасының негізгі кезеңдері. 6 сағат.

3.1.Ғылымның пайда болу мəселесі. Ғылымның даму жəне қалыптасу мəліметтері, экстернализм, интернализм, позитивизм. Ғылымның дамуы, ғылымның дамуының классикаға дейін, классикалық жəне постклассикалық, классикалық емес жəне неоклассикалық емес кезеңдері.

3.2.Ежелгі мəдениеттерде адамның дүниеге қатынасының жəне дүниесезімділігінің өзгешелігі жəне ғылымның бастамасы. Месопотамия, Египет, Қытай жəне Үнді мəдениеттері: өркениеттік мақсаттары, дамуының

169

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]