- •Әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағын экономикалық маманданым түрлері және оларды басым пайдалану бойынша жіктеудің бірыңғай әдіснамасы
- •1. Қолдану саласы
- •2. Құқықтық негіздер
- •3. Негізгі терминдер
- •Әдістеменің мақсаты
- •5. Қазақстан Республикасының аумағын экономикалық маманданым түрлері және оларды басым пайдалану бойынша жіктеудің қағидаттық схемасы
- •7. Қазақстан Республикасының аумағын экономикалық маманданым түрлері және оларды басым пайдалану бойынша анықтау мен жіктеудің басты көрсеткіштері
- •8. Бас схеманы әзірлеу үшін Қазақстан Республикасы аумағын аудандастыру
- •8.1 Климаттық аудандастыру
- •8.2. Сейсмикалық аудандастыру
- •8.3. Экологиялық аудандастыру
- •8.4. Су шаруашылық аудандастыру
- •8.5. Минералдық-шикізаттық аудандастыру
- •8.6. Функционалдық аудандастыру
- •63. Функционалдық аудандастыру оның қала құраушы базасын анықтайтын аумақтың ағымдық және перспективалық бейінді мамандануын көрсетуді көздейді.
- •8.7. Аумақты әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық аудандастыру
- •9. Қазақстан Республикасының аумағын жоспарлы ұйымдастыру
- •10. Аумақтардың функционалдық типологиясы және қоныстандыру жүйесі функцияларының индексі
- •11. Қазақстан Республикасының аумағын функционалдық және жоспарлы аймақтарға бөлу
- •12. Қазақстан Республикасының аумағын экономикалық маманданым түрлері және оларды басым пайдалану бойынша жіктеу әдістемесін пайдалану тәртібі
- •112. Берілген әдістемеге сай мамандану және аймақтың мемлекет экономикасында алатын орны анықталып, аймақ шеңберінде экономикалық мамандану типі анықталады, сонымен қатар, оның мәселелері анықталады.
10. Аумақтардың функционалдық типологиясы және қоныстандыру жүйесі функцияларының индексі
106. Қазақстан Республикасы аумағының қызметтік типология негізін ірі қалалық агломирацияларға, ірі қалаларға, агломерацияның әсер ету аймағындағы орташа қалаларға, өнеркәсіптік аумақтарға, ауылдық аумақтарға, шөл аумақтарына бөлуден тұрады.
Қоныстандыру қызметі функциялардың мынадай санаттарынан тұрады:
Әкімшілік функциялар (орталық және жергілікті органдар);
Экономикалық функциялар (қаржы институттары, банктер, нарық);
Ғылым (білім және зерттеулер, ғылыми коммуникациялар, инновация);
Көлік (әуе, темір жол, автожол, су);
Мәдениет және өнер;
Туризм және спорт.
107. Қалаларда қоныстандыру көрсетілген топтардың даму деңгейі бойынша және шоғырлану (тығыздық) деңгейі бойынша, халық санын ескеріп жүргізіледі.
Қызметтер толықтығына талдау жасалып және келесі аумақтар ерекшеленеді:
Әр түрлі қызметі ең жоғары;
Қатысты әр түрлі қызметті;
Қызметтердің шектелген түрімен;
Шектелген қызметпен және маманданудың жоғары деңгейімен.
Аумақ басым қызмет деңгейі бойынша индекстеледі.
11. Қазақстан Республикасының аумағын функционалдық және жоспарлы аймақтарға бөлу
108. Аумақтардың негізгі қызметін атқару сапасын талдау олардың көрсетілген қызметтерді қажет шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында іске асады.
Берілген талдаудың әдістемелік базасына Қазақстан Республикасының аумағын функциоландық және жоспарлы аймақтарға бөлу болып табылады.
Аумақты функционалдық аймақтарға бөлу объектіні үлгілеудің ерекше әдісі болып табылады, нәтижесінде оның барлық аумағы оларға бекітілген артықшылықты түрлерімен және шаруашылық пайдалану тәртіптерімен жеке аудандарға (аймақтарға) бөлінеді.
109. Функционалдық аймақтарға бөлу мақсаты аумақтың жекелеген бөліктерін тиімді пайдалану, қала құрылысы регламенттерін сақтау және түрлі шаруашылық түрлері өзара бірге орналасқан бөлікте шектеулерді жоспарлау, құнды табиғи ресурстарды қайта қалпына келтіру болып табылады
Берілген мақсатқа жету үшін қажет:
Аумақта орналастыруға жататын қызметтік аймақтардың құрамы мен түрін анықтау;
Шекараны бекіту;
Аймақтарды нақты аумақ бөлімшелеріне бекіту және функционалдық аймақтарға бөлу схемасын құрастыру;
Әр қызметтік аймаққа қала құрылысы регламенттерін орналастыру.
110. Қызметтік аймақтардың негізгі түрлеріне жатады:
Интенсивті қала құрылысын игеру аймағы және ортаның жасанды түрленуіне максималды рұқсат ететін аймақ;
Қоршаған ортаға антропогенді әсер ететін қала құрылысы рұқсат етілген экстенсивті аймақ;
Табиғатты максималды сақтауға және қала құрылысы және шаруашылық игеру шектелген аймақ.
111. Бұрын жасалған қала құрылысы туралы құжатнама нақты аумақтарды аймақтар бойынша қызметке бөлу үшін негіз ретінде қолданылады. Болашақта жоспарлау құрылымын жасау барысында мұндай топтастыру нақты аумақты функционалдық пайдалану дұрыстығын анықтайтын сыртқы шарттарды бағалау мүмкіндігін береді.
Аумақты көп функционалдық пайдалану барысында басты қызметті анықтау маңызды міндет болып табылады, буферлік және байланыс аймақтарында қала құрылысын орнату.
Аумақты функционалдық аймақтарға бөлу нәтижесі болып аумақтың белгіленген қала құрылысы тәртібі көмегімен оған артылған қызметті қамтамасыз етуді орындауды есептік бекітілуі жатады (аумақты пайдалану артықшылығы және оны шектеу)