Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Азат практика.docx
Скачиваний:
149
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
606.38 Кб
Скачать

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ, АРХЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

АРХЕОЛОГИЯ, ЭТНОЛОГИЯ ЖӘНЕ МУЗЕОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІ

Орындаған: Тарих,археология және

этнология факультетінің ІІ курс

магистранты Сабыржан А. А.

Алматы, 2015

МАЗМҰНЫ

  1. Жоғарғы оқу орнында өткізілген педагогикалық практиканың жеке жоспары

  2. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде 02.09.15 – 12.12.15 жылдар аралығында өткен педагогикалық практикасының есебі.

  3. Ғылыми жетекшінің практиканы жүргізуіне байланысты магистрантқа берген мінездемесі.

  4. Магистранттың педагогикалық практика бойынша өзіндік есебі

  5. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің тарих, археология және этнология факультетінің «5B020800» археология және этнология мамандығы АЭ-31К тобына берілген мінездеме

  6. Топтағы бағалауға арналған студенттің жеке тұлғасына психологиялық - педогогикалық мінездеме

  7. Педагогикалық практика барысында өткізілген ашық дәріс сабағының жоспары

  8. Ашық дәріс сабағының хаттамасы

  9. Аудиториядан тыс ашық тәрбие сабағының жоспары

  10. Ашық тәрбие сағатының хаттамасы

  11. Педагогикалық практика бойынша күнделік

  12. Магистранттың педагогикалық практика уақытында жүргізген жұмыстарының нәтижесін бағалау

  13. Педагогикалық практиканың қорытындысы

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ, АРХЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

«АРХЕОЛОГИЯ, ЭТНОЛОГИЯ ЖӘНЕ МУЗЕОЛОГИЯ» КАФЕДРАСЫНЫҢ

ІІ КУРС МАГИСТРАНТЫ САБЫРЖАН АЗАТТЫҢ ЖОҒАРҒЫ ОҚУ

ОРНЫНДА ӨТКЕРГЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАСЫНЫҢ ЖЕКЕ ЖОСПАРЫ

Педагогикалық практиканың өту мерзімі 02.09.2015 – 12.12.2015 дейінгі аралықты қамтиды

Орындалу мерзімі

Жасалатын жұмыс

I

2-апта 07.09-12.09

ЖОО-нында өткізілетін педагогикалық практиканың жалпы жоспарын құру

II

3-апта 14.09-19.09

Оқытушылардың дәрісіне қатысып, дәріс жүргізудің әдіс-тәсілдерін үйрені(пассивті сабақ)

III

4-апта 21.0926.09

Берілген топтың семинар сабақтарына қатысу (пассивті сабақ)

IV

5-апта 28.09-03.10

Оқытушылардың дәрісіне қатысып, дәріс жүргізудің әдіс-тәсілдерін үйрені(пассивті сабақ)

V

6-апта 05.10-10.10

Берілген топтың семинар сабақтарына қатысу (пассивті сабақ)

VI

7-апта 12.10-17.10

Топ студенттеріне дәріс және семинар сабақтарын өткізу

VII

8-апта 19.10-24.10

Топ студенттерінен бақылау жұмысын алу

VIII

9-апта 26.10-31.10

Топ студенттеріне дәріс және семинар сабақтарын өткізу

IX

10-апта 02.11-07.11

Топ студенттеріне дәріс және семинар сабақтарын өткізу

X

12-апта 09.11-14.11

Топ студенттеріне дәріс және семинар сабақтарын өткізу

XI

13-апта 16.11-21.11

Топ студенттеріне ашық сабақ өткізу

XII

14-апта 23.11-28.11

Студенттердің өзіндік жұмысын тексеру

XIII

15-апта 30.11-5.12

Педагогикалық практиканы қортындылау жұмыстарын жүргізу және пед.пракьика жайында кафедраға толық есеп беру

Магистрант: Сабыржан А. А.

Педагогикалық практика жетекшісі

т.ғ.к., доцент Ғ.Қ. Омаров

Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

тарих, археология және этнология факультеті

«археология, этнология және музеология» кафедрасының

II курс магистранты Сабыржан Азаттың

02.09.15 – 12.12.15 Жыл аралығында өткен педагогикалық

практикасы бойынша

ЕСЕБІ

  1. Практиканы тарих, археология және этнология факультетінің «Археология және этнология» мамандықтарының ІI курс студенттеріне «ҚОЛА ҒАСЫРЫ» пәні бойынша сабақ өткіздім. Нақты зерттеу объектісі етіп алынған топта барлығы 3 студент оқиды. Топтағы барлық студенттер сабаққа уақытылы қатысып жүрді. Топтағы студенттер сабақ барысында өз білімдерін біршама белсенді түрде көрсете алды.

  2. Практика барысында барлығын қоса есептегенде 10 сабақ өткіздім. Оның ішінде 6 сағат лекция ( 1cабақ ашық дәріс түрінде) болса, 3 сағат семинар сабақтарын жүргіздім. Сабақты жүргізер алдында жетекшіме дәріс сабағымның жоспары мен мәтінін алдын ала тексертіп, қажетті кеңестерді алып отырдым. Сабақ аяқталған соң міндетті түрде жетекші сын пікірлері мен ескертпелерін айтты.

  3. Аудиториядан тыс жұмыс: Қатарлас практикант магистранттардың дәрістері мен семинарларына және ашық сабақтарына қатыстым. Профессорлар мен оқытушылардың сабақтарынан дәріс алу арқылы өз тәжірибемді молайттым.

  4. Сабақтан тыс тәжірибелік жұмыс ретінде барлық ІІ курс археология магистранттары өткізген «Қазақ хандығының құрылуы» атты тақырыпта ашық тәрбие сағатын жүргіздік.

  5. Педагогикалық практика барысында педагогика кафедрасының оқытушылары сабаққа қатыса отырып, жалпы сабақтың қалай өткізілуі туралы кеңестерін беріп, менде қажетті сұрақтарыма толыққанды жауап ала алдым.

«Археология, этнология

және музеология»

кафедрасының II курс

магистранты Сабыржан Азат

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Тарих, археология және этнология факультеті

«Археология, этнология және музеология» кафедрасының

ІІ курс магистранты Сабыржан Азат Асхатұлына

берілген

МІНЕЗДЕМЕ

ІІ курс магистранты Сабыржан Азат Асхатұлына арнайы педагогикалық практиканы 02.09.2015-12.12.2015 жыл аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Тарих, археология және этнология факультеті, Археология, этнология және музеология кафедрасында өтті.

ІІ курс магистранты А. А. Сабыржан педагогикалық практиканы өткізу барысында ғылыми жетекшінің аталған пәнге байланысты оқу жоспарын, силлабус, типтік бағдарламаларымен танысып, тәжірибелі оқытушылардың сабақтарына қатысумен басталды.

Сабыржан Азат 2-курс «Археология және этнология» мамандығы бойынша оқитын АЭ-31к тобына педагогикалық және психологиялық бақылау жүргізе отырып, топты игере білді. Осы топта «Ә.М.Оразбаев және оның Солтүстік Қазақстанның қола дәуірін зерттеуге қосқан үлесі» тақырыбында жүргізген ашық сабағы өте сәтті шықты. Топтағы студенттермен жұмыс жасау барысында, олардың оқу үлгерімі мен сабаққа қатысу белсенділігін арттыруға үлес қосты. Сабақ үстінде және сабақтан тыс уақыттарда тәрбие жұмыстарын жүргізді. Магистранттар бірлесе отырып «Қазақ хандығы: археологиялық деректер» атты тақырыптағы тәрбие сағаттары өте жоғары деңгейде өтті. Ашық тәрбие сағатын ұйымдастыру барысында Сабыржан Азат өзінің жан-жақтылығымен, ұйымдастырушылық қасиеттерімен көзге түсті.

Білім беру үрдісі мен педагогикалық тәжірибеге Сабыржан Азат жауапкершілікпен және ұқыптылықпен қарады. Әр сабаққа ерекше дайындықпен келіп, студенттерге теориялық және ғылыми бағытта дұрыс бағдар беруге тырысты. Білім беру және дамытушылық тәрбие жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра білді. Педагогикалық және шығармашылық қабілеттерін өте жақсы деп бағалай келе, Сабыржан Азат болашақта үлгілі оқытушы болады деп нық сеніммен айтуға болады. Практиканы өте жақсы өткерді деп бағалаймын.

Педагогикалық практика жетекшісі

т.ғ.к., доцент Ғ.Қ. Омаров

Тарих, археология және этнология факультеті, «Археология, этнология және музеология» кафедрасының 2-курс магистранты Сабыржан Азат Асхатұлына Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде 02.09.2015-12.12.2015 жж. аралығында өткен педагогикалық практикасы бойынша

ЕСЕБІ

Мен, Сабыржан Азат Асхатұлына практиканы тарих, археология және этнология факультетінің «Археология және этнология» мамандығының 2-курс АЭ-31К тобына т.ғ.к., доцент Ғ.Қ. Омаров «Қола ғасыры» базалық курсы бойынша өттім. Курс жүргізу барысында 2-курс студенттерінің осы курсқа байланысты қосымша мәліметтер бердім. Топтың эдвайзерлік сағаттарына қатыстым.

Педагогикалық практика барысында жалпы 10 сабақ жүргізді: 6 лекция, 3 семинар және 1 СӨЖ сабақтары. Әр сабақта пән мұғалімі жетекшіммен кеңесіп отырдым. Апта сайын педагог, психологтар кеңес беріп отырды. Практика барысында «Ә.М.Оразбаев және оның Солтүстік Қазақстанның қола дәуірін зерттеуге қосқан үлесі» тақырыбында ашық дәріс сабағын өткіздім. Ашық дәріс сабағыма қатысқандар сабақтың «өте жақсы» деңгейде өткендігін айтты.

Топтың психологиялық-әлеуметтік паспортын жасау барысында топ студенттерімен көптеген сұрақтарды талқылап, олардың кәсіпке, мамандыққа қызуғышылықтарының себептерін айқындадым. Топта Абдрахманов Бекдәулеттің мінездемесін жасадым.

Сабақтан тыс уақытта факультеттегі педагогикалық тәжірибиесі мол тарихшы профессорлардың сабақтарына қатыстым. Сонымен бірге өзімен қатар оқып жүрген практикант магистрлердің өткізген сабақтарына қатыстым.

2-курс студенттеріне сабақтан тыс уақыттарда мақала жазу методтары бойынша кеңес беріп, олардың ғылыми мақала жазуына бағыт-бағдар бердім. Студенттермен жақсы қатынас орнатуға тырыстым, оларға жан-жақты мәселелерді талқылауды ұсындым.

2015 жылы 5 желтоқсанда «Қазақ хандығы: археологиялық деректер» атты ашық тәрбие сағатын ұйымдастырдық.

Педагогикалық тәжірибе өте қызу өтті. Болашақ оқытушы ретінде тәжірибе барысында көптеген қажетті мәліметтер алып, оларды келешекте өз керегіме жарату жақсы оқытушы болып қалыптасуыма алғышарт болып табылады деп ойлаймын.

Магистрант Сабыржан Азат.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Тарих, археология және этнология факультеті

«Археология, этнология және музеология» кафедрасының

АЭ-31к тобына берілген

МІНЕЗДЕМЕ

Топ 5B02800 «Археология және этнология» мамандығы байынша білім алып жатыр. Топта барлығы үш студент оқиды. Оның үшеуіде ұл бала. Студенттердің жастары 19-20 жас аралығын қамтиды. Топ студенттерінің ұлты қазақ. Топ студенттерімен сабақ жүргізу барысында, олардың әр қайсысына жекелей назар аударылып, психологиялық-педагогикалық бақылау жүргізілді. Студенттердің бір-бірімен қарым-қатынасы, оқу үрдісі мен қоғамдық іс-шараларға қатысу белсенділігі анықталып, талдау жасалынды.

Сабақ барысында топ студенттерінің барлығы өз ойларын, пікірлерін ашық айтып, талқыға салуға бейімделген. Олардың барлығы сабақтарын бір-бірімен бәсекелесе оқиды. Оқу үрдісінде топ студенттері өздерін ерекше тәртіптілігімен танытты. Топ студенттері сабаққа кешікпей келеді, себепсіз сабақтан қалмайды. Студенттер дәрісті жүйелі түрде тыңдап, қажетті жерлерін өз еркілерімен конспектілеуге машықтанды. СӨЖ жұмыстарын ғылыми тұрғыда жазып, өз оларымен ұштастыра отырып жеткізе білді. Топ студенттері университеттік ғылыми конференцияларға, қоғамдық іс-шараларға, спорттық олимпиадаларға қатысады.

Топта ұйымшылдық пен сыйластықты қалыптастыруға да ерекше назар аударылды. Барлығы дерлік топ басшыларының ақыл кеңесіне құлақ асып, ұйымдасқан түрде кез-келген жүктелген міндетті алып шығуға, бір-біріне көмектесіп, жәрдем беруге дағдыландыру бағытындағы шаралар жүргізілді. Топтың жалпы деңгейі жоғары деп қортынды жасауға болады.

Машықкер магистрант Сабыржан А. А.

Педагогика пәнінің оқытушысы

п.ғ.к.,м.а. доцент Құдайбергенова Ә.М.

Студенттің жеке тұлғасына психологиялық –педагогикалық мінездеме.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Тарих, археология және этнология факультеті АЭ-31К тобының студенті Абдрахманов Бекдәулет

МІНЕЗДЕМЕ

Жалпы мәліметтері

Абдрахманов Бекдәулет

Туған күні: 02.10.96

Денсаулық жағдайы: жақсы, жалпы физиологиялық дамуы дұрыс, жасына сай. Созылмалы аурумен ауырмайды, дене шынықтыру сабағынан босатылмаған.

Мамандығы: Археология және этнология.

Мектеп бітіру жылы: 2014

Еңбек өтілі: жоқ.

Ата- аналары: Әкесі, Молдабеков А .К. (жұмыссыз), анасы Мархабаева М.А. (дәрігер)

Отбасылы жағдайы: толық тәрбиелі жанұядан шыққан. Тұрмыста емес.

Тұрақты мекені:

Абдрахманов Бекдәулет «Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде 2014 жылдан бері «Археология және этнология» мамандығы бойынша білім алуда». Университет қабырғасында Бекдәулет өзін тек жақсы қырынан көрсетіп қана келеді. Оқу үлгерімі өте жоғары, барлық пәндерді сүйіп оқиды. Өзі таңдаған мамандығына деген қызығушылығы жоғары. Мамандық таңдаудан қателеспеген, өз мақсатына жеткен студент деп білемін.

ІІ. Оқуға, еңбекке, қарым қатынасқа қабілеті.

Бекдәулеттің оқу үлгерімі жақсы. Оқуға деген ынтасы мен құштарлығы басым. Оның бірден бір себебі, Бекдәулет тарихшы болуды армандап оқуға түскен. Оқу барысында өзін белсенді көрсете білді. Логикалық ойлауы жоғары, өз ойларын жүйелі, пікірлері мен көзқарастарын еркін білдіріп, оларды дәлелдей алады. Қортынды жасау кезінде дербестік қасиеттерін көрсете білді. Оқуын бар ынта-жігерімен оқиды. Оқу барысында өзін белсенді көрсетті. Тәртібі мен үлгерімі жоғары. Логикалық ойлауы жоғары өз ойын жүйелі етіп жеткізе алады. Өз тарапынан Бекдәулетке жоғары баға беремін.

ІІІ. Қоғамдық қызметі мен ынталылығы.

Берілген тапсырманы уақытында әрі тыңғылықты орындауға тырысады. Қабілетті, білімді, қоғамдық жұмыстарға деген ынтасы зор. Бірінші курстан бастап, университеттегі «Сұңқар» кәсіподақ ұйымының мүшелеріне кіреді. Кафедра және факультеттегі өтетін іс-шараларға белсенді араласатын студенттердің бірі. Студенттердің ғылыми конференцияларына жоғары дәрежеде ат салысып, мақалалар жазады. Тарихи, әдеби класикалық әдебиеттер оқуды ұнатады. Бекдәулет өзін білімді де, білікті маман ретінде көрсету үшін, бар күш жігерін салып білім алуға талпынады. Өз арман, мақсатына жету жолында бар жағдайды жасайды. Топпен университеттің жетістіктері мен болып жатқан қоғамдағы қыйындықтармен сезімталдықпен қарайды. Топқа деген қарым қатынасы жақсы, көмек көрсеткенді ұнатады. Сабырлы, ашық мінезді, үнемі күліп жүреді. Адаммен тез тіл табысады.