- •1.Қазақстан туризм географиясы. Пән мақсаты және міндеттері
- •2. Қазақстан туризм географиясының зерттелу тарихы
- •3.Қазақстан туризм тарихының даму кезеңдеріне сипаттама беріңіз
- •4. Туризм дамуына әсер ететін факторларды анықтап, сипаттамасын жасаңыз.
- •5. Қазақстан туризм дамуына әсер ететін әлеуметтік және экономикалық факторларға талдау жасаңыз
- •6. Қазақстан туризм дамуына әсер ететін саяси факторлар және қр имиджінің рөлі
- •7.Қазақстан туризмінде демографиялық факторлары
- •8. Қазақстан туризм дамуына әсер ететін ғылыми және техникалық факторлар
- •9. Қазақстан туризм дамуына әсер ететін экологиялық факторлар және олардың туризмдегі қолайлық себебі
- •10.Туризмнің теориялық негізгі терминологиясын атаңыз және түсініктеріне сипаттама беріңіз
- •11.Туризм дамуындағы территорияны аудандастырудың маңызы. Аудандастыру әдістері.
- •12.Танымдық-рекреациялық туризмді дамытуға мүмкіндігі бар аймақтарды сипаттаңыз
- •13.Діни туризмді дамытуға себеп болатын жағдайларды анықтап, сипаттама беріңіз
- •14.Қазақстанның емдік және сауықтыру туризм дамытуына қажетті мүмкіндіктерге сипаттама беріңіз
- •15.Қазақстанның іскерлік туризм географиясының жағдайы және даму болашағы
- •16.Қазақстан туризм географиясының зерттеу тарихы, қандай ғалымдар үлесін қосты?
- •17 Туризм географиясының зерттеу мақсаты мен әдістерін сипаттаңыз
- •18.Территорияны рекреациялық бағалаудың қағидалары және әдістері.
- •19 Қазақстан туризмін жоспарлау және туристік саясат ерекшеліктері
- •20. Қазақстандағы халықаралық туризмнің даму бағыттарын анықтайтын факторларын сипаттаңыз.
- •21. Спорттық сауықтыру туризмі дамыған аймақтарға сипаттама беріңіз.
- •22. Қазақстан туризмінің арнайы түрлері және даму болашағы.
- •23. Қазақстан туризмінің тарихи және мәдени мүмкіншіліктері.
- •24. Қазақстанның табиғи және рекреациялық мүмкіншіліктері.
- •25. Әлеуметтік, экономикалық, рекреациялық мүмкіншіліктеріне баға беріңіз.
- •26. Қазақстан ерекше қорғалатын табиғат территорияларының түрлерін анықтаңыз біріне сипаттама берңіз.
- •27. Қазақстан территориясының әлеуметтік және экономикалық ресурстармен қанығу деңгейі бойынша аудандастыру.
- •28. Қазақстан туризмінің дамуына себеп болатын маңызды туристік рекреациялық потенциалына сипаттама беріңіз.
- •29. Қазақстанның белгілі бір аймақтың туризм дамуының ерекшеліктері.
- •30. Солтүстік Қазақстан туризм даму ерекшеліктері және географиясы.
- •31. Оңтүстік Қазақстан туризм даму ерекшеліктері және географиясы.
- •32. Орталық Қазақстан туризм даму ерекшеліктері және географиясы.
- •33. Шығыс Қазақстан туризм даму ерекшеліктері және географиясы.
- •35. Қазақстанның танымдық туризм орталықтарын атаңыз және біреуіне сипаттама беріңіз.
- •36. Қазақстанның емдік туризм географиясы.
- •37. Қазақстанның іскерлік туризм географиясы және маңызды орталықтарын сипаттаңыз.
- •38.Қазақстанның діни туризм географиясы және маңызды орталықтарын сипаттаңыз.
- •39. Қазақстан қалаларының рекреациялық географиясы.
- •40. Туризмді жоспарлау түрлері және әдістері
- •41.Оңтүстік Қазақстанның туризмнің мүмкіншіліктері және болашағы
- •42. Солтүстік Қазақстанның туризмнің даму мүмкіншіліктері мен болашағы
- •43. Орталық Қазақстанның туризм мүмкіншіліктері және болашағы
- •44. Шығыс Қазақстанның туризмнің мүмкіншіліктері және болашағы
- •45. Батыс Қазақстанның туризмнің мүмкіншіліктері және болашағы
- •46. Қазақстандағы дамыған туризмнің түрлерін анықтаңыз және сипаттама беріңіз.
- •47. Қазақстанның бір аймағы бойынша турды құрастырыңыз және калькуляциясын анықтаңыз.
- •48. Қазақстан туристік рекреациялық ресурстар номенклатурасын құрастыру
- •49. Қазақстан белгілі бір ауданның табиғи рекреациялық ресурстар номенклатурасын құрастыру
- •50. Қазақстан әлеуметтік экономикалық ресурстар номенклатурасын құрастыру
- •51. Солтүстік Қазақстанның туристік рекреациялық ресурстар номенклатурасын құрастыру
- •52. Оңтүстік Қазақстанның туристік рекреациялық ресурстар номенклатурасын құрастыру
- •53. Орталық Қазақстанның туристік рекреациялық ресурстар номенклатурасын құрастыру
- •54. Шығыс Қазақстанның туристік рекреациялық ресурстар номенклатурасын құрастыру
- •55. Батыс Қазақстанның туристік рекреациялық ресурстар номенклатурасын құрастыру
- •56. Қазақстан территориясы бойынша танымдық маршрутты құрастырыңыз.
- •57. Қазақстан территориясы бойынша спорт-сауықтыру маршрутын құрастырыңыз
- •58. Қазақстан территориясы бойынша дамыған туристік маршруттарының тізімін құрастырып, сипаттама беріңіз.
- •59. Қазақстанның қай аймақтарының емдік туризмді дамытуға мүмкіншілігі жоғары, не себепті?
36. Қазақстанның емдік туризм географиясы.
Емдік туризм дегеніміз жұмыстан бос уақытта күнделікті әдетті жерінен тыс жерде белсенді физикалық және психологиялық демалыс арқылы ағзаны қалпына келтіру мақсатында белгілі бір уақытқа өз еркімен саяхат жасау. ( В.Говорецкий, 1997ж) Емдік туризмнің ең басты түрткілері мынадай:Туристің әбден болдырап кетуі, денсаулық күйінің белгілі бір жерде, белгілі бір маусымда дәрігер айтуы бойынша демалыс өткізуді қажет ету.Демалыстың белсенді сипаты, оның формалары туристің жеке дара қабілетіне лайық болуы қажет.Қазақстан емдік-сауықтыру туризмі үшін ерекше жер, себебі, еліміз тек қана емдік табиғи ресурстармен ғана бай емес, сонымен қатар, табиғи өңірлерде орналасқан заманауи санаторийлері де жеткілікті. Емдік-сауықтыру туризмі Қазақстанның барлық территориясына таралған, сондықтан, сіз елдің қай жерінде болсаңыз да, емделумен демалысты қатар қолдана аласыз. Емдік курорттар түрлі ауруларға ем болатын және алдын алатын кымызбен емдеу, минералдық су, бұғы мүйізімен емдеу, емдік климат және басқа да емдеу қызметтерді ұсынады. Сарыағаш – Оңтүстік Қазақстанның құрамындағы ең ірі аудандардың бірі, сонымен қатар сол ауданның орталығы болып табылатын қала. Сарыағаш Өзбекстанның астанасы Ташкенттен 15 шақырым жерде орналасқан.Ауданның бiрден-бiр табиғи байлығы жер асты минералды емдiк-ас сулары болып табылады. Қазiргi кезде 55 су ұңғымалары аймақты термальды сумен қамтамасыз етіп отыр.
Оңтүстік Қазақстан облысында бірегей табиғат жағдайлары мен минералды су көздерінің арқасында ондаған шипажайлар мен емдеу-сауықтыру орындары салынды. Жыл бойы мұнда ТМД мен алыс шетелдерден ондаған мың адам келіп, ем қабылдайды.
«Алтын Бұлақ» емдеу-сауықтыру орны әсем көлдің жағалауындағы орманды алқапта, «Сарыағаш» минералды су көздерінің тұсында орналасқан. «Сарыағаш» шипажайы тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл ТМД аумағына танымал. «Сарыағаш» шипажайының тарихы 1946 жылдан бастау алады, сол жылы геологтар ізденіс бұрғылауларын жүргізген кезде 1400 метр тереңдікте ыстың мөлдір су көзін тауып, оның минералды екені анықтады. «Жансая» шипажайы «Сарыағаш» курортының аумағында, қайнарлар мен курорт саябағының қасында орналасқан. «Көктерек Сарыағаш» шипажайы Сарыағаш қаласының табиғаты әсем ауданында орналасқан. Жылы климат жағдайлары, таза ауа, самал жел, күн сәулесінің мол түсуі, минералды су, осының бәрі – шипажайдың аса құнды табиғи және климаттық емдік факторлары. «Арман» шипажайы 1982 жылы КСРО ІІМ қызметкерлері үшін арнайы салынған. Ол – Қазақстанда да, таяу шетелде де белгілі демалыс және сауықтыру орны. Заманның ең жаңа талаптарына сай Aray Deluxe Thermal Resort сауықтыру кешені Сарыағаш қаласында орналасқан. Бұл – медициналық қызметтер көрсетілетін минералды курорт.
«Біркөлік» емдеу-сауықтыру орны Төле би ауданының Біркөлік шатқалында орналасқан. Біркөлік шатқалы Тянь-Шань сілемінің тарамдарында теңіз деңгейінен 1100 метр биіктікте, облыс орталығы Шымкент қаласынан 50 км қашықтықта орналасқан. «Манкент» шипажайы Сайрам ауданында, Шымкент қаласынан 25 км жерде орналасқан. Қазіргі заманғы талаптардың барлығын қанағаттандыратын үш қабатты «Ақ Жайық» шипажайы 2008 жылдан бері емделушілерді қабылдайды.