Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor-GTK.docx
Скачиваний:
241
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
178.69 Кб
Скачать

46. Қазақстандағы дамыған туризмнің түрлерін анықтаңыз және сипаттама беріңіз.

Қазақстанда туризмнің барлық түрлерi, яғни, танымдық, ойын-сауық, этностық, экологиялық, денсаулық сауықтыру, балалар, спорттық, аң аулау, балық аулау, атпен серуендеу бойынша жүргiзiледi. Оларға Қазақстанда жиынтық сыйымдылығы 33 мың орынды 372 әр түрлi категориялы қонақ үйлер қызмет көрсетедi. Мысалы, Алматы қаласында қонақтарға “Алатау”, “Қазақстан”, “Достық”, “Есiк”, “Отырар”, “Астана”, “Анкара”, “Hyatt Regency Almaty”, “Интурист”, т.б. қонақ үйлер сервистiк қызмет көрсетедi. Астанада 30 туристiк фирма және 25 қонақ үй орналасқан. Олардың iрiлерi: “Окан-Интерконтиненталь Астана”; “Комформ-Отель Астана”, “Турист”, “Есiл”, “Жiбек жолы”, “Алтын дала”, тағыда басқалары. Айтып кетерлік жайт, бұл мейманханалардың қызмет көрсету бағасы қымбат. Тіпті осы тақырыптарда зерттелген еңбектер арасынан Алматыдағы жайлы деген қонақ үйдің бір тәуліктік бағасы Франциялық беделді мейманханалармен бірдей дегенді көріп қалдым. Мысалы, үш жұлдызды қонақ үйлердің бір адамға бір тәуліктік қызмет көрсету құны: «Птемьер Алатау» 137 АҚШ доллары, «Регион» қонақ үиі  45 АҚШ доллары тұрады.

2009 жылы Ыстықкөлде бір миллионға жуық адам демалса, оның 70% қазақстандықтар екені анықталды. Бұған себеп еліміздің туристік қызмет көрсетуіндегі туып тұрған бірнеше ахуалдар  болып тұр. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысының Катон-Қарағай районындағы «Рахман кілтінің шоқысы» сауықтыру орталығы бір адамға бір тәулікке қызмет көрсету бағасы 16 500 теңге, ал 11тәулікке 198 000 теңге, 23 тәулікке 396 000 теңге. Бұл экономика класы ғана, ал арнайы қызмет көрсету түрінің құны бұдан екі есе көп.

Туризм саласын экономикамыздың маңызды саласына айналдыру үшін жасалған бағдарлама аз емес. Дамудың басым бағыттарының бірі – бәсекелестікке қабілетті туристік индустрияны қалыптастыру мақсатында елімізде 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама әзірленді. Бағдарлама аясында бес жылдың ішінде халықты жұмыспен қамту үшін, сыртқы және ішкі туризмнің артуы, сонымен қатар Қазақстанды 2011 жылы Орта Азиялық аймақтың туризм орталығына айналдыру үшін бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру қарастырылыпты.

Алматы, Ақмола және Маңғыстау облыстарында әлемдік деңгейдегі заманауи көпфункционалды туристік орталықтар құрудың Тұжырымдамасы жасалды, оны Елбасы мен ел Үкіметі мақұлдап отыр. Аталмыш жоба бойынша инвестиция жұмылдыруға жоспарланып отырған сома 30 млрд АҚШ долларын құрайды екен. Бағдарлама «Таушаңғы туризімінің болашағы»  қарастырылған. Алматы және Шығыс-Қазақстан облыстарында таушаңғы базасын салу. Алматы облысында – 5 (Шымбұлақ, Алматау, Табаған, ЦСКА); Шығыс-Қазақстанда – 2 (Изумруд Алтай, Алтай Альпілері). Алматы облысы, Талғар ауданындағы Әскери шатқалда әлемдік стандартқа сай келетін «Ақбұлақ» таушаңғы базасы салынған. Ішкі және сыртқы туризмді дамытудың басты алғышарты барлық санаттағы туристерге арналған авиа, теміржол, автомобиль және су көлігіне қолжетімділік болатындығы жоспарланыпты. Жол жүру құнының қымбаттылығы да ішкі туризмнің дамуын тежеп тұрған тағы да бір проблема болып тұр.

«Туристік кадрларды даярлау деңгейін жоғарылату»   мақсатында кадрларды даярлау деңгейін көтеру жұмыстарына айрықша көңіл бөлінген. Өткен жылмен салыстырғанда туристік мекемелер саны 9 пайызға көтерілген. Яғни жаңа мамандарды талап етеді. Бұл ретте министрлік туристік кадрлардың біліктілігін арттыру курстарын өткізіп тұрады. Осы жылы Астана қаласында бірінші республикалық ақпараттық туристік орталықты ашу, келесі жылы Алматы, Түркістан, Атырау және Ақтау қалаларында ашу жоспарланып отыр. Қазір 2005 жылдан бастап ҚР Үкіметінің қолдауымен «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде туризм кадрлар даярлануда. ҚР Туризм және спорт министрлігі мен Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып жоғарыда аталған Бағдарлама аясында білім алушыларға арналған квотаны арттыратын болған.

«Қазақстанның тартымды туристік имиджін нормалау» бөлімінде әлемдік туристік рыноктағы Қазақстанның тартымды туристік имиджін қалыптастыру мақсатында Қазақстанның туристік әлеуметін ілгерілетудің мақсатты Бағдарламасы жасалған. Онда халықаралық туристік форумдарға қатысуды, көрме, жәрмеңке өткізу, әлемнің жетекші телеарналарында жарнамалық бейнероликтерді орналастыру және беру, сонымен қатар шетелдік БАҚ өкілдеріне инфотурлар өткізу және жарнамалық-ақпараттық өнім шығаруды қарастырылған. Бұл бағдарламадан мол үміт күтеміз..Елбасы Н. Назарбаевтың 2005 жылдың 19-ақпанында халқына жасаған жолдауында айтылған бес, алты саланы кластерлік жоспармен жобалаған болатын. Және осы мәселеге қатысты 2004 жылы 16-желтоқсанында «Қазақстанда туристік кластердің даму мүмкіншіліктері» атты  тақырыпта талқылау шаралары өткен еді. Маркетингтік және талдамалық-зерттеу орталығы мен АҚШ-тың бірнеше компаниялары бас қосқан бұл талқылауда, Қазақстан туризмінің бүгінгі мүмкіндіктері мен бәсекеге қабілеттілігі талқыланды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]