Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
eltanu-wpor.docx
Скачиваний:
151
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
143.79 Кб
Скачать

37.Ақш-тың әкімшілік-аумақтық бөлінісі.

Америка құрама штаттары төрт экономикалық ауданнан тұрады: оңтүстік, батыс, орта батыс, солтүстік шығыс. АҚШ округтерге бөлінетін барлығы 50 штаттан тұрады. Олардан басқа ешқандай штат территориясына кірмейтін федеративті округтен – федеративті Колумбия округінен тұрады. АҚШ қол астында штаттар құрамына кірмейтін аралды территориялар да бар.Батыс экономикалық ауданы 13 штаттан тұрады. Бұл аумақта Лос – Анджелес, Лас – Вегас қалалары, Үлкен Каларадо каньоны, Йеллоустон ұлттық саябағы және т.б. көрікті жерлер орналасқан. Бұл аумақта американың байырғы тұрғындары - үндістер көп орналасқан. Батыс аудан екі бөліктен тұрады: Тау штаттары мен Тнық мұхиттық штаттар.Оңтүстік экономикалық аудан АҚШ территориясының 23% алып жатыр.Экономикалық даму жағынан Оңтүстік аудан ақш-та ең төменгі көрсеткіш көрсетеді.Бұл ауданның құрамына 14 штат кіреді.Бұл ауданда бұрынғы кезден бері ауыл шаруашылығы және жүгері өсіру жақсы дамыған. Оңтүстік экономикалық аудан келесі бөліктерден тұрады : оңтүстік батыс орталық штаттар, оңтүстік шығыс орталық штаттар, оңтүстік атлантикалық штаттар.Орталық батыс экономикалық ауданы мәдениеттің орталығы болып табылады. Бұл ауданның құрамына 12 штат кіреді.Бұл ауданның орталығы Чикаго қаласы деп айтса да болады бұл қалаға 150 жылдан астам уақыт болды. Орталық батыс аудан келесі бөліктерден тұрады: солтүстік- батыс орталық штаттар, солтүстік – шығыс орталық штаттар.Солтүстік – шығыс аудан келесі екі бөліктен тұрады: Ортаатлантикалық штаттар және Жаңа Англия. Солттүстік – шығыс аудан дәстүрлі түрде1620 жылы құрылды деп есептеледі. Солтүстік – шығыс экономикалық ауданы ең кіші эконмикалық аудан болып табылады. Бұл аудан АҚШ-тың экономикалық орталығы болып табылады. Бұл ауданда Нью – Йорк, Бостон сияқты ірі қалалары орналасқан.

38.Ақш-тың бір экономикалық ауданына сипаттама беріңіз (өз қалауың бойынша).

Калифорния штаты (ағылш. California) — АҚШ-та халкының саны жағынан бірінші, аумағы жағынан үшінші орын алады. Мұнда 34 млн адам тұрады, бұдан 21 жыл бұрын бұл цифр 11 млн-ға кем болатын. Штаттың тарихы Америка өзенінен алтын табылғаннан кейін осы ауданды түгел қамтыған "алтын безгегінен" басталады. Қазіргі уақыттағы Калифорнияның орталығы Голливуд болып табылатын әйгілі киноиндустриясы және ойын сауықтарымен ғана емес, кәсіпкерлік үшін мүмкіндіктерден де даңқы шыққан. Калифорнияда дүние жүзіндегі жоғары технологиялар мен компьютерлер жасаудың ең ірі және ең табысты орталықтарының бірі — әйгілі Силикон жазығы орналасқан. Мұнда компьютерлер мен оларды бағдарламалық жағынан қамтамасыз ету құралдарын шығаратын жетекші кәсіпорындардың штаб-пәтерлері, зерттеу орталықтары орналасқан. Силикон жазығында мыңдаған адам жұмыс істеп, жүздеген миллион доллар ақша табуда. Калифорнияда дәстүрлі саналатын авиағарыштық және кеме жасау қалаларының кәсіпорындары да жұмыс істейді. Алайда штаттың ең ірі қалалары — Сан Франциско мен Лос Анжелесте ауыр өнеркәсіп емес, керісінше электроника мен ойын сауық, туризм мен банк ісін қамтитын қызмет көрсету индустриясы жетекші салалар болып табылады. Сан-Франциско мен оның айналасындағы аумақта 7 млн-нан аса, ал АҚШ- тың батысындагы ең ірі метрополигендік аумақ болып табылатын Лос-Анджелесте 16 млн-нан аса адам тұрады. Жағажайдағы үлкен жазықта өсіп, дамыған бұл мегаполис қоршаған ортаны елеулі түрде ластайтын автожолдардың қуатты тармағымен біртұтас байланысқан. Лос Анжелестің оңтүстігіне қарай Лос-Анджелес — Лонг-Бинч порты орналасқан. Ол АҚШ-тың Тынық мұхиты жағалауындағы ең ірі сауда порты. Қазіргі уақытта тұтастай алғанда гүлденіп келе жатқан Калифорния штаты үшін халықтың өте тығыз қоныстануы мен урбандалуы аса маңызды проблемалар болып табылады. Халқы - 36,553,215 (2007 est.) Астанасы – Сакраменто Қалалары- Лос Анжелес - ең үлкен Калифорнияның қаласы. Американ фильмдері түгелдей дерлік Лос Анджелес қаласының жанындағы Голливудта шығады. Сан Франциско - Американың батысындағы ірі порт әрі өнеркәсіп орталығы. Сан Диего - Калифорнияның екінші ірі қаласы.Сан Хосе - Калифорнияның үшінші қаласы.Ресми тілдері Ағылшын тілі (57.59%) Испан тілі (28.21%)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]