Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
eltanu-wpor.docx
Скачиваний:
151
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
143.79 Кб
Скачать

16.Италияның географиялық орналасуы, территориясы, табиғи жағдайы мен ресурстарын сипаттаңыз.

Италия Республикасы– Еуропаның Оңтүстік бөлігінде, Жерорта теңізі жағалауындағы Апеннин түбегінде, Сицилия, Сардиния және бірнеше ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет.Жер көлемі – 301,2 мың км2. Италия-әлемнің ең көне мемлекеттерінің бірі сонымен қатар салыстырмалы түрде жас мемлекет. Яғни, саяси картада пайда болғанына не бары жүз жылдан асады. Саяси картада тарихи аумағында тұрақталған мемлекет болып 1871 жылы жарияланған еді. Ал қазір батыстың дамыған жеті мемлекетінің қатарына еніп отыр. Италияның танымалдылығын тек қана Жерорта теңізінің әсемдігі емес, сонымен қатар Альпінің жарқыраған шыңдары, Сицилияның апельсин бақтары, Тоскан мен Лацио жүзімдіктері де халықтың қызығушылықтарын арттыруда. Бұған қоса сансыз көп италияндықтар мәдениетінің ескерткіштері мен мемлекетте шығатын автокөлік түрлері, химия өнеркәсібінің өнімдері, сәнді киімдер мен аяқ киім өнімдері және де кино индустриясы болып табылады. Жерінің 4/5 бөлігі – тау мен қырат. Ең биік жері – Монблан шыңы (4807 жылы) Альпі тауында ондаған ірі мұздықтар бар. Пайдалы қазбалары: тас көмір, лигнит, мұнай, табиғи газ, қорғасын, темір кентасы, күкірт, т.б. Сынап кенінің табиғи қоры жағынан ел дүние жүзінде Испаниядан кейін 2-орында.Елдің басты өзені – По (ұзындығы 652 км). Жері құнарлы қоңыр топырақты және шалғынды. Падан (По) жазығында егіншілік жақсы дамыған. Апеннин тауы мен Сицилия, Сардиния аралдарында мәңгі жасыл шық тоғайлар, емен, шамшат ағаштары өседі. Альпі және Апеннин тауларында тау ешкі, жабайы мысық, сусар, күзен, абруц аюы кездеседі. Италияда 400-ге тарта құс мекендейді. Көрші теңіздері балыққа бай.Климаты, негізінен, субтропиктік: жазы ыстық, қуаң, қысы жылы. Шілдедегі орташа температура 20 – 22°С-тан (солтүстікте) 28°С-қа дейін (оңтүстікте), қаңтарда 0°С-тан (солтүстікте) 12°С-қа (оңтүстікте) дейін. Альпінің жоғарғы жағында қыста –15 – 20°С аяз болады. Негізгі сала ауыл шаруашылық, оның ішінде ірі мүйізді қара. Облыс сондай-ақ өзінің ірімшіктерімен атақты, ең белгілі ірімшіктердің бірі "Фонтина". Туризм мұнда кең түрде дамыған,қысқы уақытта және жаз уақытындада. Атақ-даңқты танымал таушаңғы курорттар: Червиния (Cervinia), Курмайор (Courmayeur), Грессоней (Gressoney)әкелді. Курорттар, Франциямен шекарада орналасқан. Шенген визасының кірісімен ресейліқ туристерге де кіруге мүмкін болды. Табиғаттың әуесқойларын ұлттық саябақтар қызықтырды: Гран-Парадизо (Gran Paradiso) және Монблан,.Туристерді Аостада римдіктермен негізделген, римдік заман ескерткіштері және ортағасырлық орталықтар тартады . Сондай-ақ жазықтарда орналасқан сарай экскурсиялары танымал.

17.Италия шаруашылығының даму ерекшеліктері.

Италия – әлемдегі аса жоғары дамыған жетекші елдердің бірі. Ұлттық табыс көлемі (1146,2 млрд. АҚШ доллары, 1997) жағынан дүние жүзінде АҚШ, Жапония, Германия, Франциядан кейін 5-орында, оны жан басына шаққанда 3-орында. Экономикадағы өнеркәсіп үлесі – 35,6%, ауыл шаруашылығы – 3,9%, қызмет көрсету – 60,5%. Халқының 70%-ы – қызмет көрсету, 22%-ы – өнеркәсіпте, 8%-ы – ауыл шаруашылығында жұмыс жасайды.

Экономикасындағы негізгі салалары: машина жасау, автомобиль жасау, тамақ, химия, тігін, металлургия, т.б. Соңғы жылдары роботтар мен электронды жабдықтар өндірісі тез дамып келеді. Ит. өзінің тиімді географиялық жағдайына қарамастан халқын ауылшаруашылық өнімдерімен тек 75-80% қамтамасыз етеді.

Ит. жылына 12 млн т көкөніс жинайды,оның ішінде 5млн т қызанақ.Алма,алмұрт,басқа жемістер 5,5-6млн т, цитрусты-3млн т аса жиналады.

Цитрусты жемістер ж/е зәйтүн жинаудан алдына тек Испанияны жіберіп отыр.Сон.қатар.Ит.мен Фр.әлемде жүзім жинаудан ж/е жүзім шарабын шығарудан І орын алады.Негізі дақыл бидай(45%),жүгері (35%),күріш.

Маңызды тех.дақыл-қант қызылшасы.Ел халқын қантпен толық қамтамасыз етеді.Астық өнімдерінен бидай, жүгері, күріш (Еуропада 1-орында), оған қоса жеміс-жидек, жаңғақ, жүзім (90%-ы – шарап жасауға жұмсалады), помидор өсіріледі. Елде 7,5млн ірі қара,9млн шошқа,12млн қой мен ешкі бар.Елдің етке сұранысының 70-75% қамтамасыз етеді.Балық шар-ғы қоршаған теңіз балыққа бай болмағандықтан жақсы дамымаған. Италия – аса ірі туризм орталығы (жылына 50 млн-нан аса адам туристер келеді). Ел сыртқы сауда мөлшері бойынша дүние жүзінде 6-орында. Сыртқы саудадағы негізгі әріптестері Еуропалық одақ елдері (ең алдымен Германия, Франция, Ұлыбритания) – 40%-дан астам, АҚШ (7%), Жапония, Орталық және Шығыс Еуропа елдері, т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]