Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Vicia faba (Автосохраненный)1.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
102.85 Кб
Скачать

Тұқым өсіру шаруашылығындағы ерекшеліктер.

Атбұршақты егуге ылғалды ұстап тұратын, бірақ судың тұрып қалмауы үшін төменгі қабаты суды өткізетін топырақты таңдайды. Атбұршақ дәндерін аурулардың алдын алу үшін егістікке еккен жөн.

Дәндерді себер алдында нитригинмен өңдеп, 70%-қ жұмсартатын тигам ұнтағымен 1кг дәнге 4-6 г мөлшерінде дәрілейді. Өсімдікті дәрілеу өнімділік пен өсімдіктің зиянкестер мен ауруларға төзімділігін арттырады. Нитрагенмен өңдеу атбұршақтың бастапқы даму фазасындағы тамырында түйнек бактерияларының түзілуін жылдамдатады.

Егілетін сорттар саны 1-ден коп болса қайта тозаңдануды болдырмау үшін кеңістіктегі оқшаулауды қадағалау керек. Әр түрлі сорттарды еккенде арақашықтығы 1000 м-ден кем болмауы қажет.

Кейбір шаруашылықтарда атбұршақтың дәндерін тұқым шаруашылығында атбұршақ дәндерін егуді қалыпты жағдайдан арттырады. Себінді қалыңдағанда алғашқы атбұршақтар топырақтан биік болып, өсімдіктің өсу уақыты қысқарады, әсіресе механихацияланған жинауда маңызды болып табылатын атбұршақтардың жетілуі тату болады.

Тұқым шаруашылығындағы себіндіде сорттық тазартуларды жүргізеді. Алғашқы тазарту атбұршақтардың гүлдеу кезеңінде жүргізіледі, тезпісуі, жапырақ, гүлінің түсіне байланысты айырмашылығы бар барлық өсімдіктерден арылады. Екінші тазалау жинау алдында құрылысы, формасы, атбұршақ көлемі, түрі бойынша сәйкес келмейтін өсімдіктерден арылады.

Жинау атбұршақтардың 75-90%-ы қара түске енгенде басталады.Шабылған өсімдікті шағын үйінді қылып жинайды немесе баумен байлап, 5-7 күнге құрғатуға қалдырады. Бұдан кейін оларды шатырдың астына кепкенге дейін орналастырып, бастырып қояды.

Сақталатын дәндер ылғалдылығы 15%-н жоғары болмау керек.

Атбұршақтарды өсіру

Атбұршақ еккен аймақтағы топырақты күзде күрекпен қайта қазып шығу керек. Көктемде органикалық және минералды тыңайтқыштарды: 3-5 кг/м2 қи, суперфосфат – 30-50 г, хлорлы калий – 10-20 г/м2 қосады. Жақсы тыңайтылған топыраққа тек бақшалық қоспаны – 30 г/м2 және екі стақан күлді 1 м2-ге қолданады.

Дәндерді себер алдында аурулармен, зиянкестермен зақымдану белгілері жоқ ірілерін, қаттыларын таңдап сұрыптайды. Дәндердің өнгіштігін арттыру үшін себер алдында 5-6 сағ суға салып қойып, артынан 5 мин ыстық суда (50 С) жылытып, кейіннен суық суда суытуға болады.

Атбұршақтарды ертерек, әдетте сәуірдің аяғы – мамырдың басында егеді. Егу әдісі – қатар аралары 45-50 немесе 60 см болатын қатармен егу немесе ленталы (ленталар арасы 60 см, 20-30 см лентадағы қатарлар арасы). Дәндердің бір-бірінен ара қашықтығы 10-15 см. Тұқымды егу тереңдігі 6-8 см. Атбұршақтарды жылусүйгіш дақылдарға – қияр, асқабақ, кәді және т.б. ықтырмалы мақсатта отырғызғанда жүйек шетінен бастап егеді. Атбұршақтарды картоппен бірге отырғызғанда дәнмен бір шұқырға емес, жанына отырғызады. Атбұршақтар картопты жинау уақытында пісіп үлгермейді. Сондықтан картопты қазар алдында атбұршақ өсімдігін тамырымен қазып алып көшетханаға жетілгенге дейін орналастырады.

Егілген атбұршақтардың күтімі қатарлар арасын қопсыту мен арам шөптерден тазартудан тұрады. Кетпенмен 8-12 см тереңдікте қатарлар арасын қопсытқанда бір жағынан арамшөптерден тазарады. Қайтара қопсытқанда өсімдік түптеледі.

Өсу кезеңінің бірінші жартысында қопсытардың алдында тыңайтқыштарды – 10-15г/м2 суперфосфатты, 10 г/амоний сульфатын, 15-20 г хлорлы калийды енгізеді. Жапырақтары қабысарда қопсытуды тоқтатады.

Өсу кезеңін және атбұршақтардың пісіп-жетілу уақытын қысқарту үшін гүлдеу уақытында қырқуды – негізгі сабақтың төбесінен арылу арқылы жүргізеді.

Атбұршақтардың 75-90 %-ы қарайғанда дәндерін жинайды. Пышақпен немесе орақпен өсімдіктерді кесіп, баумен байлап шатырдың астына 7-10 күнге кепкенше қояды. Кептірілгеннен кейін атбұршақтар бастырылады. Дәндерді құрғақ орында сақтайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]