Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Vicia faba (Автосохраненный)1.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
102.85 Кб
Скачать

Агротехника

Ауыспалы егістегі орындар. Дала егіс айналымында атбұршақтарды күздік дақылдардан кейін себу керек. Фермалық және көкөністік егіс айналымында атбұршақты органикалық тыңайтқыштарға толы қырыққабат, қызылша, шалқаннан кейін отырғызған жөн.

Топырақты өңдеу. Жер жыртудың негізгі міндеті – арамшөптермен күресу.

Далада түйнектамыр мен тамыржемісті өсімдіктерден кейін жерді жыртар алдында барлық өсімдік қалдықтарын тырмақпен жинау керек. Терең айдалған жердің өнімділікті арттыруда алар маңызы зор.

Терең жыртылған жер арамшөптерге, аурулар мен зиянкестерге қарсы маңызды құрал болып табылады. Жерді отамалы дақылдарды жинағаннан кейін 22-25 см тереңдікте жыртып, артынан органикалық тыңайтқыш себу керек. Топырақтың барынша қопсуы үшін оған жерүңгігіштер қолданады.

Топырақты сыдыра жырту мен айдау топырақ бактерияларының дамуы мен өсімдік қоректенетін өнімдердің дамуына жағдай жасайды.

Тыңайтқыштар. Минералдық, органикалық және бактериялық тыңайтқыштар бір жылдық бұршақ тұқымдас дақылдардың шығымдылығына жақсы әсер етеді. Ауыл шаруашылығының басқа дақылдарына қарағанда бұл дақылдар өсіп жетілуінің бүкіл барысында қоректік заттардың біркелкі әрі үздіксіз қамтамасыз етілуін қажет етеді, өйткені қоректік заттар көктеу кезеңінен бастап бұршақ қатып жетілгенге дейін дәнді қалыптастырып, жетілдіре береді. Бір жылдық бұршақ тұқымдас дақылдар тез ери қоймайтын қосындылардағы фосфор қышқылын өте жақсы пайдаланады. Сондықтан да бұл дақылдар егілген алаңға фосфор тыңайтқыштарының барлық түрлерін: суперфосфат, фосфорит ұнын, тағы басқаларын енгізуге болады. Бұл тыңайтқыштар әдетте күзде зябь жырту кезінде енгізіледі. Сортаң топырақты егістіктерге калий тұзды тыңайтқыштар енгізілмейді. Бір жылдық бұршақ тұқымдас дақылдар егісінде азот тыңайтқыштары қолданылмайды, өйткені олар түйнек бактерияларымен қосылуы арқылы ауадағы азотты пайдалануға өте қабілетті келеді. Әсіресе топырағы құнарлы жерлерде бұл дақылдар егістігіне қызып-шірімеген көңді төгу өсімдіктің тез көктеуіне себепші болады да, өсімдік сабағы мерзімінен бұрын шырмауықтана жатып қалады, ал дәннің жетілу мерзімі созылып кетеді. Мұның ақыры егін шығымының төмендеуіне, сондай-ақ дәннің сапасының кемуіне апарып соғады. Сондықтан да бір жылдық бұршақ тұқымдас дақылдар егілетін егістік алаңдарға 1-2 жыл бұрын төгіледі. Мұндай алаңдарда бұршақ егілгенге дейін соя, нұт, тасбеде, шаптал егуге болады, өйткені олардың сабағы жатып қалмайды. Бірақ осының өзінде де көң орынсыз көп болуға тиіс емес, өйткені оның бұршақ дақылдарының өсіп-жетілуін баяулататыны мәлім. Егін шығымын арттыруда және топырақты азотпен мол қоректендіруде биологиялық тыңайтқыш нитрагиннің маңызы зор. Топырақта белгілі дақылдарға тән бактериялар болғанда ғана бұршақ тұқымдас өсімдіктердің түйнек бактериялармен бірігіп өсуі ықтимал. Егер топырақта бактериялар болмаса немесе аз кездессе, онда өсімдік тамырында түйнектер пайда бола қоймайды, мұндай өсімдік бойына азот жинаудың орнына онымен қоректенетін болады. Мұндай жағдайда дақылдан түсер дән мен көк балауса күрт кемиді, бұршақ тұқымдас дақылдардың қайсысы болса да өзінен кейін егілер ауыл шаруашылығы дақылдарына пайдалы бола бермейді. Мұның себебі мынада: тамырында түйнектері жоқ бұршақ тұқымдас дақылдар, басқа ауыл шаруашылық дақылдарынан гөрі азотты бойына едәуір көп сіңіреді. Бұршақ тұқымдас дақылдардың және олардан кейін ауыспалы егіс жүйесінде егілетін дақылдардың шығымдылығын арттыру үшін бұршақ өсімдіктерін дәрілеу, өзіне тән арнаулы түйнек бактериялы дақылдармен әдейі қолдан араластыру қажет. Олар бірігіп өсу арқылы ауадағы азотты бойына сіңіре алады. Осы мақсатпен нитрагин деп аталатын дәрі дайындалады.

Молекулалық азотты түйнекті бактериялардың бойында сақтап қалу жолдары. Күні бүгінге дейін түйнекті бактериялардың молекулалық азотты бойына сіңіру жолдары анықталмай-ақ келеді. Өсімдіктің жетілуінің алғашқы кезеңінде (гүлденгенге дейін) азоттың көпшілік бөлігі (30-50%) тамыр түйнектерінде қалып қояды. Бұршақ өсімдіктерінің түйнектеріндегі азот өсімдік қаулап өсе бастаған кезде оның өн бойына тарай бастайды. Бұл процесті Вертанен төрт кезеңге бөледі:

1. Түйнек бактериялар азотты негізгі өсімдіктің өзінен алады.

2. Түйнектерде қызғылт рең пайда бола бастаған кезде азот та беки бастайды. Бекіген азоттың бір бөлігі өсімдік бойына ауысады, ал бір бөлігі өсімдік бойына ауысады, ал бір бөлігі жаңадан түйнек жасауға кетеді.

3. Қызыл түсті түйнектерде өте көп мөлшерде бактерия болады. Түйнекті бактериялар жинақтарған азоттың 90% жуығы өсімдік бойына тарайды. Бұл – өсімдік үшін ең қолайлы кезең.

4. Бұл кезең басталар шақта азот қосындыларының одан әрі көбейе беруі тоқтайды. Бактериоидтар жойылып кетеді, қызғылт түс орнына өсімдікке жасыл рең пайда болады. Өсімдік бойына азот әлі де тарап жатқанымен оның түйнектегі мөлшері едәуір азая береді.

Атбұршақтар органикалық тыңайтқыштарды талап етеді. Бұршақ пен өзге бұршақ тұқымдас дақылдардан айырмашылығы, атбұршақ жаңа органикалық тыңайтқышта шыға алады – жапырылып қалмайды. Бұл ерекшелігін ауыспалы егістікке орналастырғанда ескеру керек. Қи – әсіресе қышқыл топырақ үшін таптырмас тыңайтқыш. Оны күзде жерді сүдігерлегеннен кейін себу керек.

Қи жеткіліксіз болған жағдайда шымтезек және шымтезек-қи қордаларын қолдану қажет. Шымтезек-фекальді қорданың әсері қидан 2 есе жоғары. Оларды көктемде 1 га-ға 15-20 т мөлшерінде қосады.

Минералды фосфорлы тыңайтқыштардан атбұршақтарға фосфор ұны, томасшлак, суперфосфат, преципитатты қолданады. Атбұршақтар өзге де бұршақтұқымдастар сияқты оңайлықпен ерімейтін фосфор тыңайтқыштарынан фосфорды жақсы сіңіреді. Бұл тыңайтқыштарды күзде 1 га 5-6 ц қосады. Фосфор ұны мен томошлак топырақты суперфосфат тәрізді қышқылдандырмайды және әсері де ұзақ.

Академик Т.Д.Лысенко фосфор ұнын қимен немесе шымтезекті қимен қордалауды ұсынады. 1 тонна қи мен торфқа қордалауға 1 ц фосфор ұнын қосу керек. Әр га-ға 3-5т фосфор ұны қосылатын қорданың тиімді әсері суперфосфатты қарашіріктен асып түседі.

Суперфосфатты егіс алдында топырақты өңдеу барысында га-на 3 ц суперфосфатты қосады. Т.Д.Лысенко көрсетуі бойынша, қышқыл сортаң топырақта суперфосфатты аздаған қарашірік немесе қорда қосындысына мақсатты түрде қосады. Бұл бактерияның, өсімдік қоректенетін тіршілік әрекетіне қажетті өнімдердің жақсы дамуына ықпал етеді. 3 ц суперфосфатпен араласқан 3-4 т қарашірік, 30-40 т қиды алмастырады.

Калий тыңайтқыштары – 30-40% калий тұзы немесе 50-60% хлорлы калийді күзде 1 га – 1,5-2 ц қолданады. Аммиакты селитраны тек көктемде 1га – 50-100 кг қосады.

Бұршақ тұқымдастары азотты минералды тыңайтқыштарды қажет етпейді деу қате пікір. Түйнек бактериялары дамымаған дамуының бастапқы кезеңдерінде азоттық тыңайтқыштарға мұқтаж болады, кейіннен мұқтаждығы жоғалады, сонымен қатар түйнек бактериялары азоттыңайтқышын қолдана отырып азотты ауадан сіңіруін тоқтатады. Сондықтан көктемде бұларға өзге дақылдарға қарағанда аз қосады.

1 га – 5-6 ц ағаш күлін қосу да пайдалы. Ағаш күлінде калий мен фосфордан басқа, өсімдіктің дұрыс дамуына қажетті микроэлементтер ( бор, магний, мыс және т.б.) бар. Мысалы, топырақтағы бордың жеткіліксіздігі сабақтың дамуын бөгейді. Күлдің тағы бір артықшылығы, калийлі тыңайтқыштар тәрізді құрамында хлор жоқ, сондықтан топырақты қышқылдандырбайды. Құрамында 35% әк болғандықтан топырақтың қышқылдығын азайтып, бактериялардың дамуына жағдай жасайды. Күлді қолданар алдында жаңбырдан қорғау керек. Күл қолданысының тиімділігі артуы үшін оны қимен бірге (1 т қиға 100-200кг) қолдану керек.

Егу. Дәндерді егуге дайындау. Егуге арналған дәндерді алдын ала сұрыптап, шығымдылығын пайымдау керек.

Дәндер арасында көгерген, зиянкестермен, аурулармен зақымданғандары болмауы керек. Дәндер аскохитоз, жапырақтардың бактериялы жолағымен жәнек т.б. зақымдануы мүмкін. Бұдан сақтандыру үшін дәндерді 35-40˚ қыздырылған НИУИФ-1 препараты ерітіндісіне 15 минут батыру арқылы залалсыздандыруға болады.

Дәндерді нитрагинмен өңдеу. Егін өнімділігі атбұршақ тамырында орналасатын түйнек бактериялары болғанда артады. Егер егілетін аумақта олар бұрын себілмеген болса, егер алдында бұл бактерияларды дәндерді алдын ала нитрагинмен өңдеуде енгізуге болады. Нитрагин – құрамында көп мөлшерде түйнек бактериялары бар жер шымтезекті ұнтақ. Атбұршақ дәндері егер алдында су қосылған нитрагинмен өңделеді. Бұл жұмысты көлеңкеде орындау керек, себебі күн көзінен бактериялар қырылып қалады. Нитрагин негізінен сыйымдылығы 0,5 литр болатын арнайы бөтелкелерде дайындалады. Бір ыдыстағы нитрагин 1 га-ға жұмсалады.

Тәжірбие нәтижелері көрсеткендей, нитрагинді қолданғанда өнімділік 15-20 %-ға артады. Нитрагин – қол жетімді және арзан тәсіл. Сонымен қатар, бұдан атбұршақтың белоктық құрамы артады.

Түйнек бактерияларының дұрыс дамуы үшін топырақ ылғалдылығын қадағалап, тыңайтқыштар қосып, тиісті күтім жасалуы керек.

Солтүстік аудандардағы суық және ылғалды көктемде атбұршақтардың өнуі кешеуілдеуі және дәндері көгеріп кетуі мүмкін. Мұның алдын алу үшін атбұршақтарды егер алдында гранозан препаратымен өңдейді. Бұл ұнтақ түріндегі күл түстес химиялық препарат. Дәндерді гранозанмен дәрілеуді нитрагинмен өңдеумен бірге қолдануға болады, бірақ оларды бір күнде жүргізу керек. Өңделген дәндерді егуді бір күнге болса да кешеуілдету өскіннің дамуының нашарлауына алып келуі мүмкін. 1 ц дәнге 150 гр гранозанды қолданады.

Егу мерзімдері. Атбұршақтарды ерте, жазғы егінмен (сұлы, бұршақ) бір уақытта себіледі. Атбұршақ дәндерінің бөртуіне көп суды қажет етеді. Ертерек егілген атбұршақтар бітемен сирек зақымданады.

Егу әдістері. Атбұршақтарды егу 30 см арақашықтықта жүргізіледі. Механизацияланған жұмыстарға қолайлы болу үшін арақашықтық 45-50 см болуы қажет.

Егу нормалары.1 га-ға шамамен 1,8-3,5 ц атбұршақ дәні қажет. Егу норасы бойынша 1 га-ға 400 мың атбұршақ дәні егіледі. Егу нормасын анықтау үшін 1000 дән салмағын осы санға көбейту керек. Мысалы, 1000 дән салмағы 500 гр болған жағдайда 1 га-ға 2 ц қажет екенін анықтауға болады. Тұқымды барынша тереңірек егу қажет(6-8см); тереңдік барынша жеңіл топырақтарда - тереңірек, барынша тығыз топырақтарда – азырақ болуы қажет, себебі атбұршақтар бөртуге, өнуге суды көп қажет етеді және дән жарнағын топырақтың беткі қабатына шығармайды.

Егінді күту. Мол өнім алу үшін топырақты дұрыс өңдеп, сапалы дәндерді уақытылы отырғызу жұмыстың бір бөлігі ғана. Одан кейінгі атбұршақ егісін мұқият күтім жасау маңызды қызмет атқарады. Атбұршақ егісін күту топырақты қопсыту, арамшөптерді жою, тыңайтқыштармен қоректендіру, зиянкестермен, аурулармен күресу және сұрып тазалығын сақтаудан тұрады.

Пайдаланылған әдебиеттер

Бых Г.М. Кулинарное использование зерна и экструдита чечевицы. Нижний Новгород, 1999.

Вильсон Л.А. Продукты питания из сои. М.: Колос, 1998.

Жирмунская Н. М. Зеленое удобрение на садовом участке. ИВЦ «Маркетинг». М.,1994.

Жирмунская Н.М. Хорошие и плохие соседи на огородной грядке. ИВЦ «Маркетинг». М., 1995.

Клявиня А. Обед на каждый день. М.: ВО «Агропромиздат», 1989. 383 с.

Кубанские разносолы.// Советская Кубань, Краснодар, 1993. – 64 с.

Макашева Р.Х. Горох. Л.: Колос, 1973.

Минюк П.М. Фасоль. Минск: Ураджай, 1991, - 92 с.

Цыганок Н.С. Горошек, фасоль, бобы. М.: Сельнов. Приусадебное зозяйство, 1995.

540 рецептов соевой кулинарии / Сост.: Т.А. Терешкович. Минск: Аверсэв, 1997. – 254 с.

Яковлев Г.П. Семейство Бобовые ( Fabaceae, или Leguminosae)// Жизнь растений, 1981 г., т.5, ч. 2.

Вестник моды, 1908. Приложение 100 блюдиз овощей.

С.М. Мартынов Бобы

http://www.activestudy.info/klubenkovye-dolgonosiki-vrediteli-zernobobovyx-kultur/

http://www.agroatlas.ru/ru/content/cultural/Vicia_faba_K

http://chem21.info/info/797370/

http://zarip-ovosch.ru/boby-ovoschnye,-botanicheskaya-hara

http://earthpapers.net/preview/45244/d?#?page=5

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]