Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Уголовно исполнительное право каз.docx
Скачиваний:
74
Добавлен:
30.03.2016
Размер:
202.33 Кб
Скачать

2. Сотталғандарға түзету құралдарын қолдану процесінің түсінігі, мазмұны және мақсаты

ҚР ҚАК 105-бабына сәйкес бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысының міндеттері мынадай болып саналады:

- сотталғандарды түзеу;

- қоғамдық пайдалы қызметпен айналысуға ұмтылысын қалыптастыру;

- еңбекке адал көзқарасын қалыптастыру;

- заңдардың талаптарын және қоғамда қабылданған мінез-құлық ереже­лерін сақтау;

- білім және мәдени деңгейін арттыру және одан әрі дамыту.

Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамалары тәрбие жұ­мысын сотталғандарды түзеудің негізгі құралдарының бірі деп анықтайды.

Бас бостандығынан айырылған адамдарды өткізілетін тәрбиелік шараларға тарту мақсатында олар белсене қатысқан жағдайда көтермеленеді және олар­дың түзелеу деңгейін анықтау кезінде ескеріледі.

Тәрбие жұмыстары түзеу мекемелерінің түріне, ондағы белгіленген режимге қарай жүргізіледі.

Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен жүргізілетін тәрбие жұ­мыстарының негізгі түрлері мыналар саналады:

- адамгершілік тәрбие; - құқықтық тәрбие; - еңбек тәрбиесі; - дене тәрбиесі.

Құқықтық тәрбие сотталған адамның бойында құқықтық мәдениетін көтеруді, заңды құрметтеуді және оны нақты әрі бұлжытпай сақтауға ұмтылыс қалыптастыруды мақсат етеді. Сотталған адамның бас бостандығынан айыру орнында заң талаптарын бұзғандықтан отырғандығын ескеретін болсақ, тәрбиелеудің осы түрінің маңыздылығын асыра бағалау тым артықтау болар еді.

Сотталғандарға құқықтық тәрбие беру дегенді мемлекет заңдарының талаптарын, Қазақстан Республикасының Конституциясын, конституциялық құқықтары мен міндеттерін жоспарлы, мақсатты түрде талдап, түсіндіру, бас­қа адамдардың заңды мүдделерін де құрметтеуге баулу деп түсінуге болады. Мұндай жұмыстың соңғы нәтижесі сотталған адамның бойында адал ниетті дағдыға ие болуын, заңға бағынушылықты, қоғам үшін пайдалы өмір салтын ұстануын қалыптастыру болып табылады.

Еңбек тәрбиесі сотталған адамның бойында еңбекке деген адал ниетті көз­қарас қалыптастыруды мақсат етеді. Еңбек тәрбиесі тұлға мен қоғам үшін адамгершілікке қайшы, бүлдіргіш көзкарастарға тойтарыс беруге жұмылды­рылады. Бас бостандығынан айыру орнындағы және одан босағаннан кейінгі адал еңбегі ғана сотталған адамды дұрыс жолға түсуге жетелеп, екінші қай­тара қылмыс жасамайтындай қисық жолдан алып шығады.

Дене тәрбиесі бас бостандығынан айыру орындарында тек қана бұқаралық дене шынықтыру шараларын бөлек жүргізіп отыру керек деген ой туғызбай­ды. Бұл шара өзінің денсаулығы мен дене құрылысын сақтап қалсын деген мақсатта жүргізіледі.

Адамгершілік тәрбие бұл сотталғандар арасында қиынға түсетін және көп еңбекті қажет ететін әрекет. Сотталғандарға адамгершілік құндылықтың мазмұнын түсіндіру қажет. Мұндайда басты назар арамтамақтық өмірдің зия­ны мен залалына және оған қала қарсы тұру жолдарын, қылмыстық өмір сал­тынан бойды қалай аластату жолдарына, айналадағы адамдарға құрметпен, сыйластықпен қараудың не беретіне, бір сөзбен айтқанда адамдықтан арылмауға салынады.

Эстетикалық тәрбие бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды өмірден күдерін үзбей әсемдікті, сұлулықты, жақсылықты, өнерді құрметтеу қасиеттерін қалыптастыруға жетелейді, мәдени құндылықтарымызды баға­лауға, бұл әлемдегі мәдени дамуға өзінің де ұлес қосатында сезімде болуына баулиды.

Жеке жұмыс жүргізу жасаған қылмысын, жас шамасын, білімін, кәсібін және басқа да жеке қасиеттерін ескере отырып сотталған тұлғаны зерттеп білу мақсатында жүргізіледі.

Жеке тәрбие жұмыстарын жүргізу бас бостандығынан айыру орындарында отряд бастығына жүктеледі (ҚР ІІМ 05.03.1993 жылғы №93 бұйрығының ХІІІ-тарауы). Ол жұмыс жоспарына сәйкес, сабақ, саяси хабар, лекция, баян­дама, әңгіме-сұбхат жүргізуді ұйымдастырады. Заңдардың қатаң сақталуын, сотталғандардың құқықтық талаптарын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді; сотталғандардың құқық бұзушылығының себептері мен жағдайларын анық­тайды. Отрядтағы тәртіптің және тәртіптік тәжірибенің жай-күйін талдайды; сотталғандардың өз кінәсін мойындап келу, жасаған қылмыстарымен келті­рілген материалдық шығындардың орнын мерзімінен бұрын толтыру жұмыстарына араласады; құқықтық білім негіздері бойынша сабақ өткізуді ұйымдастырады.

Сөйтіп, әрбір сотталғанмен жеке-жеке тәрбие жұмысын жүргізу – сотталған адамның сана-сезіміне ықпал етудің ең тиімді жолы. Тәрбиелік жұмыстарының жалпыға арналған, яғни ұжымдық түрі қанша жақсы ұйымдасты­рылғанымен, ойлағандай нәтиже бере алмайды. Тәрбие жұмыстарының жеке адамға арналған және бұқаралық түрлерін, сондай-ақ кейбір кездерде оның жақсырақ нәтиже беретін түрлерін пайдалану – педагогиканың негізді талабы. «Мен, – деп, жазады А.С. Макаренко, – тәрбиенің мақсаты дегенді адами тұлғаның бағдарламасы, адамгершілік сипаттың бағдарламасы деп түсінемін... өзімнің тәрбие жөніндегі жұмысымда жалпы бағдарлама болуын, «стандартты» және жеке ұжымның болуы керек екенінін түсіндім».

Жеке адамды тәрбиелеу жұмысы онымен айналысатын адамнан жоғары адами және кәсіби қасиетті, адам бойындағы жаман мен жақсыны айыра білуді, қашанда біреуге көмектесуге әзір тұруды, талапшылдық пен сөз та­быса білушілікті талап етеді.

Жеке тәрбие жұмысы сотталған адамның тұлғасын терең зерттеп білуді, оның мінез-құлқын, сұранысын, мүдделері мен құлшынысын білуді талап етеді. Жасаған қылмысының сипатына қарай оның қандай адам екенін әлеу­меттік көзқарасының қандай екенін білу қажет.

Халықаралық жағдайдың өзгеруіне қарай заңнамалар да өзгеріп соттал­ғандар арасындағы тәрбие жұмысында маңызды орынды діни бағыттағы тәр­бие баса бастады. Айта кететін бір жай, қазір бұрынғы саяси бағыттағы тәр­бие беру күн тәртібінен алынып тасталды. Алайда, сотталғандарды былай қойғанның өзінде өзге де адамдарды адамгершілік пен моральдық, отансүй­гіштік, ұлтаралық қатынас мәдениеті, қоғамдық құбылыстарды объективті бағалау, өзінің көзқарасы мен мінез-құлқын үйлестіре білу рухында тәрбие­леу кейінге қалдырыла қойған жоқ. Осы сияқты адамгершілік қасиеттерді қа­лыптастыруда діни уағыздаулар, жалпы алғанда дінге сенушілік рухани ба­ғытта тәрбие беру саласында ерекше орын ала бастады.

Атап өту керек, діни жолмен ықпал ету сияқты сақтықты қажет ететін істе, мысалы, бұрынғы осы тәрбие жұмысына қызмет етіп келген лениндік бөлмелерді қайтадан ғибадат бөлмесінде айналдыру сияқты науқандық сипаттағы, осы істі қалыпқа айналдырға бағытталған әрекеттен қаша алмайтындай күйге жеттік. Сонымен бірге діни жолмен тәрбиелеуде сотталғандардың правосла­вие мен мұсылмандықтан басқа діндердің жолына түсіп кетпеуін қарастыру керек. Адамды бұйрықпен дін жолына түсіріп, дін жолымен тәрбиелеуге мүлдем болмайды. Мұндайда әркімнің еркіне қарау керек. Зорлықпен, қы­сымшылықпен жүргізілетін тәрбие жұмысы наразылық пен қарсы әрекет тудырудан басқа ешқандай нәтиже бермейді.

Жоғарыда аталған Бұйрықтың 422-бабында былай делінген: «Ешқандай дін мен діни бірлестіктер бір-біріне қатысты артықшылықтарға ие бола алмайды. Дінге байланысты азаматтардың құқықтарын тура немесе жанама түрде кемсіту немесе белгілі бір адамдарға байланысты артықшылық беру Қазақстан Республикасының заңы бойынша жауапқа тартылады».

Жаңа заң бойынша түзеу мекемелеріндегі тәрбие жұмыстарының аса маңызы барлары қатарынан сотталғандарға жалпы білім беру болып табылады. ҚР ҚАК 7-бабына сәйкес жалпыға бірдей орта білім беру сотталғандарды түзелу жолына түсірудің негізгі құралдардың бірі болып саналады. ҚР ҚАК 108-бабында бас бостандығынан айыруға сотталғандардың орта білім алуын ұйымдастыру нақтылап көрсетілген. Ол 30 жасқа толмаған сотталғандар үшін міндетті түрде болса, ал 30 жастан асқандар мен 1 және 2-топтағы мү­гедектер орта білімді өздерінің қалауы бойынша алады. Сотталғандардың орта білім алуға байланысты ұмтылысы көтермеленеді және олардың түзеу жолына түсу дәрежесін анықтау кезінде әкімшілікпен ескеріледі.

Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың оқуын ұйымдастырудың негізгі нысандары қалалық, аудандық халыққа білім беру бөлімдеріндегі кешкі (сменалық) мектеп немесе оқу-консультация пунктері болды. Сотталғандарға жалпы білім алуын ұйымдастырылуына жалпы басшылықты тергеу мекемесінің саяси органы жүргізді.

Жалпы білім беру сияқты сотталғандарға кәсіптік-техникалық білім беру де сотталғандарды түзеу мен қайта тәрбиелеудің негізгі құралдарына жатады. Дегенмен ол іс жүзінде түзеу мекемелерінің көбінесе ағымды өндірістік тапсырмаларын орындауға пайдаланылды. Бүгінде Қазақстан Республикасының бас бостандығынан айыру орындарында орта білім алу немесе кәсіптік-техникалық училищелерінде оқу күрделілене түсті. Қаржы тапшы­лығынан олардың көбісі жабылып, қысқартылып қалды.

Сотталғандарды түзетудің негізгі құралдарын қолдануды құқықтық реттеу.

Түзеу мекемелеріндегі еңбек қазіргі «колониялық» өндіріс үшін білікті кадрлар даярлаудың міндетті түрдегі жүйесімен бірлесе отырып, сотталғандарды түзеуді мейілінше ықпалды құралы болып табылады. Қылмыстық-атқару саясатының негізгі қағидасы ретіндегі еңбекпен түзеудің маңызы оның санау бастау кезінен-ақ белгілі бола бастады. 20-шы жылдардың өзінде-ақ бас бостандығынан айыру орындарының еңбекпен түзеу мекемесі деп аталғаны белгілі. Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру оларды түзу жолға түсірудің қуатты тәрбие құралы болды және сола болып қала да береді. Бұл жерде қылмыстық-атқару саясатының маңызды қағидасы гуманизм көрініс табады. Бас бостандығынан айыру орындарында толық болмаса да еңбекке деген конституциялық құқықтың бір бөлігі жүзеге асырылады. Түзеу мекемелеріндегі 46 өндіріс орындары ашылып, қайтадан жұмыс жасай бастады. 2003 жылы түзеу мекемелерінде 1 миллиард 300 мил­лион теңгенің өнеркәсіптік өнімдері өндірілді. 30 миллион теңге пайда алын­ды. 1500 жұмыс орны пайда болды.

Сотталғандардың түзелуінің негізі бола отырып, еңбек қылмыстық-атқару құқығының қағидаларының бірі ретінде көрінеді де, тәрбиелік ықпал етудің басты құралы болып табылады.

Сотталғандарды қоғамдық пайдалы еңбекке тарту нәтижесінде олар өздерін арамтамақтық сезімнен арылтады, еңбек оларды тоғышарлықтан құтқарады, күн көру үшін қажетті материалдық мәселелерді шешеді. Қоғамға пайдалы қызмет сотталған адамның шығармашылық қабілетін арттырады, ерік-жігерін шыңдайды, көпшілдікті қалыптастырады, өзгерлердің алдындағы жауапкершілігін арттырады.

Бір сөзбен айтқанда, еңбексіз адамның өмір сүруі мүмкін емес. Еңбек, со­нымен бірге, адам игіліктерінің қайнар-көзі, экономикалық мәселелерін ше­шудің негізі, ең қуатты да әсері тәрбиелік фактор болып табылады. Еңбекті сотталғандарды түзеудің негізгі құралы ретінде пайдалану оның объективті мүмкіндігіне, оны сотталған адамның дұрыс қабылдай білетіндей санасы мен моральдық түйсігіне байланысты.

Қоғамға пайдалы еңбек барысында адамдардың бойынша: еңбексүйгіштік, еңбекке адал ниетпен қараушылық, адал еңбек ету өмір салтын ұстай білу, қоғамдық игілікті көздің қарашығындай сақтау мен жеке меншіктілік, ұжым­шылдық, өзара көмекті, адамды сыйлап құрметтеу, тәртіптілік, өзін өзі ұстай білу сияқты асыл қасиеттер қалыптасады. Сондықтан да еңбек барысында қалыптасқан адамгаршілік қасиет тек іс үстінде ғана емес одан тысқары жер­де де әрқашан жоғары тұрады.

Еңбек тұлғаны зерттеп-білу құралы ретінде де, тәрбиелеу ісінің тиімділігін тексеру үшін де пайдаланылуы мүмкін.

Еңбек барысында тұлғаның сипаты мен қасиеттерін білуге, сондай-ақ оның кемістіктері: салақтығын, жалқаулығын, салғырттығын, өзімшілдігін және басқа да қасиеттерін білуге болады. Шындығында еңбек қызметінде адамның нағыз бейнесі мен келбеті, ішкі ойы, моральдық және қайрат-жігер қасиеттері ашылады; еңбек қызметінде байсалдылығы мен әділеттілігі, қоғамға пайдалы мақсатқа жету жолындағы табандылығы мен бірбеткейлік қасиеттер қалыптасады.

Шын мәнінде сотталған адамның еңбек етіп, жұмыс істеуі жазалау болып саналмайтьындығына қарамастан, оның жағдайында жазалаушы, сондай-ақ жазалаушы емес қасиеттегі шектеулер де болады.

Жазалаушы емес шектеулер: еңбекші, жұмысты таңдау құқығын алатын болсақ, нақты бір жағдайларды түзеу мекемелерінде сотталғандардың бәріне бірдей жұмыс тауып беруге бола бермейді, әсіресе оның кәсібі бойынша: ауырып қалған немесе еңбекке жарамсыз болып қалған жағдайда әлеуметтік қамсыздандыру жолымен ақы төленбейді.

Еңбектің жазалаушы шектеулері: іс жүзінде еңбек демалысы берілмейді; ерекше режимдегі сотталғандарды ауыр жұмыстарға пайдаланады; еңбек - түзелу жолына түсудің көрсеткіші болып саналады.

Арнаулы міндеттерді орындау үшін еңбектің жекелеген шарттары сот­талғандарды түзеу ісінде, жеке және жалпы ескертуде осы жоғары да аталған шектеулерді пайдаланады. Алайда оның еңбектің мынадай негізгі сипатта­рына қатысы жоқ: сотталғандарды еңбек жолымен пайдалануды заң шеңбе­рінде жүргізу, ол жан-жақты қорғалады, ұзақтығына қарай еңбек құқығы шеңберінен және қалыпты жұмыс күнінің нормасынан аспауы тиіс; тапсырылған жұмыс кәсіптік-техникалық және жалпы білімшен үйлесетін болуы керек, кең бәсекелестікке негізделуі тиіс, шығармашылық бастамашылықты дамыту керек, ол материалдық және моральдық сұранысты қанағаттандырушы қайнар-көз болып табылады. Ол мәжбүрлеуші болып саналмайды, бірақ еңбекке жарамды сотталғандар үшін міндетті болып табылады.

Сөйтіп, сотталғандар еңбегі тәрбиелік, тәртіптік рөл ғана атқармайды, сонымен бірге ол қазіргі жағдайда түзеу мекемелерінің қызметін қамтамасыз етуге де елеулі орын алады.

Еңбек қағидасының негізгі талаптарының бірі, ол сотталғандарға ешқан­дай азап шектірмейтіндей болуы тиіс. Ол бәрінен бұрын белгілі бір мақсатта болып, белгілі бір міндет қоюы керек. Атап айтқанда, сотталғандарды түзелу жолына түсуді мақсат етуі тиіс. ҚР ҚАК 7-бабы сотталғандарды түзеудің бірден бір құралы еңбек болып саналатындығы жөніндегі ережені бекіткен.

Түзеу мекемелерінің әкімшіліктері сотталғандардың еңбегін түзеу құралы ретінде пайдалана отырып, сотталғандардың сипаты мен олардың маман­дығы мен кәсібіне қарай әрбір сотталған адамның еңбегін орынды әрі тиімді пайдаланудың жолдарын қарастырды. Алайда, мұндай қағиданың өзінің кей­бір ерекшіліктері бар. Атап айтқанда, ішкі тәртіп ережелері бойынша мына төмендегі жұмыстарға сотталғандарды тартуға тыйым салынды:

- жеке құрам, қару-жарақ пен құжаттар орналасқан штабтар мен арнайы бөлмелерде;

- дәрі-дәрмектер, жарылғыш және ұлы заттардың есебін жүргізу, оларды сақтау мен таратуға байланысты жұмыстарда;

- сотталғандарға еркін жалдамалы қызметкерлер бағынатын қызметтерде.

Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың еңбегін ұйымдастырудың басты қағидасы – сотталғандарды мейлінше еңбекке жақындастыра түсу, ертең бостандыққа шыққанда еңбекті құриеттейтіндей жағдайда тәрбиелеу.

Сотталғандардың еңбегін пайдалану тәртібі ҚР ҚАК 100-бабында (Бас бостандығынан айыруға сотталғандар еңбегінің жағдайлары) реттелген. ҚР ҚАК 99-бабы бас бостандығынан айыруға сотталғандардың еңбегін пайдаланудың жалпы тәртібін қарастырады: түзеу мекемесінің әкімшілігі сотталғандарды еңбекке жынысына, жас шамасына, қабілеттілігі мен мамандығына қарай орналастырады; соталған еркектер мен әйелдер, сондай-ақ І және ІІ- топтағы мүгедектер еңбекке Қазақстан Республикасының еңбек туралы заң­дарына сәйкес тартылады; жазасын түрмеде өтеуші сотталғандардың еңбегі түрме аумағында ғана ұйымдастырылады; сотталғандар тартылатын өндіріс­тік қызмет оларды өқшаулау мен күзету талаптарын сақтай отырып ұйымдас­тырылады және түзеу мекемелерінің негізгі міндетін – сотталғандарды түзеуді орындауына кедергі келтірмеуге тиіс.

Сотталғандардың еңбегі құқықтың екі саласымен – еңбек және қылмыстық құқық нормаларымен реттеледі. Еңбек заңына сәйкес, мереке және демалыс күндері сотталғандарды жұмыстан босату тәртібі реттеледі; жұмыс уақытының ұзақтығы; жүкті әйелдер мен емізетін баласы бар аналардың еңбегі; еңбекті қоғау мен қауіпсіздік техникасы мәселелері белгіленеді.

Дегенмен, сотталғандардың еңбегі бас бостандығынан айыру орындарын­дағы түзеу шарттары мен кейбір нормалардың сәйкеспегендігінен, атап айт­қанда, кәсіподақтың жұмысшылар атынан кәсіпорын әкімшілігімен жасасқан келісім-шарты; еңбек келісім шарты, яғни жұмысшылар мен кәсіпорын ара­сындағы белгілі бір жұмысты белгілі бір ақыға орындау, демалыс беру, жұ­мыс бойынша бір орыннан екінші орынға ауысу немесе өсу, еңбек дауларын қарау тәртібі туралы келісім-шарттарына байланысты еңбекті ұйымдастыру заң нормаларымен реттеле бермейді.

Сотталғандардың еңбегін құқықтық реттеудің ерекшелігі мынада: соттал­ғандардың еңбегі бастандықтағы азаматтарға қарағанда қылмыстық-атқару құқығы нормаларымен, ал бостандықтағы азаматтардың еңбегі еңбек туралы заңмен реттеледі. Бостандықтағы азаматтарға қарағанда сотталғандардың жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы қылмыстық-атқару заңымен бы­лайша белгіленеді: тәрбиелеу колониясындағы кәмелетке толмағандардың еңбек демалысы – 18 жұмыс күні, барлық үлгідегі түзеу мекемелерінде – 15 жұмыс күні, колония-қоныстағы кәмелетке толмағандарға да 15 жұмыс күні беріледі. Мұндай еңбек демалыстары жол жүрумен немесе жол жүрусіз де берілуі мүмкін (ҚР ҚАК 93-бабына сәйкес).

Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың еңбегіне ақы төлеу жөнін­дегі тәртіпті қарастырған ҚР ҚАК 101-бабына сәйкес, жұмыс уақытының сол кезеңге белгіленген нормасын толық істеген және өздерінің еңбек міндет­терін (еңбек нормаларын) орындаған сотталғандардың айлық жалақысы Қазақстан Республикасында белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен тө­мен болмауы керек.

Толық емесе жұмыс күнінде немесе толық емес жұмыс аптасында еңбекке ақы төлеу жұмыс істеген уақытқа пропорциялы түрде немесе істелген жұ­мысқа қарай жүргізіледі.

Сотталғандарға ақысыз жұмыс істету тергеу мекемесінің аумағын безен­діру мен әрлендіру немесе мәдени-тұрмыстық жағдайды жақсартуға байла­нысты жұмыстарда ған рұқсат етіледі. Мұндай жұмыстардың ұзақтығы кес­теге сәйкес және негізгі жұмысынан бос уақытында аптасына екі сағаттан аспауы керек.

Түзеу мекемелеріндегі сотталғандардың жеке шоттарына барлық ұсталып қалғандарына қарамастан оларға есптелген жалақының, зейнетақының не­месе өзге кірістің кемінде 25 пайызы, ал 60 жастан асқан еркектердің, 55 жас­тан асқан әйелдердің, І және ІІ топтағы мүгедектердің, кәмелетке толма­ғандардың, жүкті әйелдердің, балалар үйінде балалары бар әйелдердің жеке шотына оларға есептелген жалақының, зейнетақылары мен өзге де кіріс­терінің кемінде 50 пайызы есептеледі. Сотталғандардың кірісінен ұстап қалу Қазақстан Республикасы заңнамаларында қарастырылған тәртіппен атқару парағы мен атқару құжаттары арқылы қалған соммадан жүргізіледі.

4-тақырып. Жазасын өтеуші адамдардың сипаттамасы және олардың құқықтық жағдайы

Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 2-тарауында сотталғандардың құқықтық жағдайларының жалпы ережелері, олардың субъективтік құқықтары мен заңды міндеттемелері көрсетілген. Осыған қоса сотталғандарға қатысты адам және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандығы нақтыланған, адам құқығының Жалпыға бірдей декларациясының, азаматтық және саяси құқықтарының Халықаралық пактісінің, сотталғандармен айналысу стандарттар құқықтарының тағы басқа ережелері көрсетілген.

Сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделері тақырыбын талқылағанда ең бірінші мемлекеттің құқықтық міндеттерін анықтаған жөн, себебі мемлекеттің белгілі бір міндеттері болмаса оның құқығы да болмауы керек. Сондықтан ҚАК-нің 8-бабың 1-ші тармағында мемлекеттің мынадай міндеттері көрсетілген:

- сотталғандардың құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерін құрметтеу және қорғау;

- сотталғандардың түзелуіне қажетті жағдайлар жасау;

- әлеуметтік әділеттіліктің кепілі болу;

- сотталғандардың жазаларды атқару кезінде жеке басының әлеуметтік, құқықтық және өзге де қорғалуын камтамасыз ету.

Бұл міндеттерді орындау үшін мемлекет кешенді шаралар жүргізіп, барлық мүмкіндіктерді қолдануы тиіс. Сол себептен, Қылмыстық-атқару кодексі Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 2-тарауында сотталғандардың құқықтық жағдайларының жалпы ережелерін, олардың субъективтік құқықтары мен заңды міндеттемелерін реттеді. Сотталғандардың бостандығына шек қойылуы Қазақстан Республикасы Конституциясымен белгіленеді. Мысалы, Конституцияның 33-бабының 3-тармағы бас бостандығынан айыру орындарындағы сотталғандардың бірнеше құқықтарынан айырылуы белгіленген. Осыған орай сотталғандар мемлекеттік мекемелерге, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлау және сайлану, сондай-ақ республикалық реферундумға қатысу құқығынан айырылады.

Сотталғандардың құқықтарынан және бостандықтарынан айырылу Қылмыстық кодекспен анықталады. Сотталғандардың құқықтары мен бостандықтарына шек қойылуы қылмыстық-атқару кодексімен де белгіленеді.

Сотталғандардың құқықтарын шектеу туралы айтқанда мыналарды ескеру қажет. Біріншіден, Қазақстан Конституциясында, қылмыстық-атқару кодексінде және өзге де заңдарда көрсетілген шектулерге қарамастан сотталғандар Қазақстан Республикасының азаматтары өздерінің конституциялық құқықтарын жоғалтпайды және солардың міндеттерін атқарады. Екіншіден, сотталғандардың құқықтарын нақты шектеу мынадай жағадйларға: жасалған қылмыстың сипатына, қоғамдық қауіптілігінің деңгейіне; сотталғанның тұлғалық ерекшелігіне; сотталғанның жазасын өтеу кезіндегі тәртібіне байланысты болады.

ҚАК-нің 8-баптың 3-тармағында шетел және азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтары белгіленген. Олар Қазақстан Республикасының Конституциясымен, басқа заңдар, халықаралық келісім-шарттарымен, Қылмыстық, Қылмыстық-атқару кодексімен белгіленген тәртіпте құқықтарына ие және өз міндеттерін атқарады.

Соныменен, сотталғандардың құқықтық мәртебесі дегеніміз сотталғандардың қылмыстық жазаны өтеу кезінде ие болатын заңда бекітілген міндеттері мен құқықтары және заңды мүдделері.

Қазақстан Республикасы сотталғандардың құқықтарын, бостандықтарын мен заңды мүдделерін құрметтейді және қорғайды, олардың түзелуіне қажетті жағдайларды, сол сияқты әлеуметтік әділеттік кепілдігін, олардың жазаларды атқару кезінде жеке басының әлеуметтік, құқықтық және өзге де қоғамдық қорғауын қамтамасыз етеді.

Сотталғандардың құқықтары, заңды мүдделері және міндеттері

Сотталғандардың сот тағайындаған жаза түрін өтеудің тәртібі мен жағдайлары, өздерінің құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат алуға құқығы бар. Ал мемлекеттік органдары лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-баптың 3-тармағына сәйкес әр тұлғаны оның құқықтары мен мүдделері жөнінде құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен таныстыруды қамтамасыз етуге міндетті. ҚР ҚАК-нің 10, 11-баптарында жазаларды атқару (өтеу) үрдісінде сотталғандардың құқықтары бекітілген.

Сотталғандардың сот тағайындаған жаза түрін өтеудің тәртібі мен жағдайлары, өздерінің құқықтары мен міндеттері ақпарат алуға құқығы бар.

Сотталғандар жазаны атқарушы мекеменің немесе органның әкімшілігіне, жазаны атқарушы мекемелер мен органдардан жоғары тұрған басқару органдарына, сондай-ақ сотқа, прокуратура органдарына, мемлекеттік өкімет органдарына, қоғамдық бірлестіктерге, адам құқығы мен бостандығын қорғау жөніндегі халықаралық ұйымдарға ауызша және жазбаша ұсыныстар, өтініштер жасауға және шағымдануға құқылы.

Сотталғандар түсініктеме беруге және хат алысуға, сондай-ақ ана тілінде немесе өзі білетін кез келген басқа тілде ұсыныстар, өтініштер жасауға немесе шағымдануға, қажет болған жағдайларда аудармашының қызметін пайдалануға құқылы.

Сотталғандар адвокаттардың және де осындай көмек беруге уәкілетті басқа адамдардың заң көмегін пайдалануға құқылы.

Сотталғандардың әлеуметтік қамтамасыз етілуге, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зейнетақы алуға құқығы бар.

Сотталғандар денсаулығын сақтау үшін қажетті медициналық-санитарлық қамтамасыздандыру құқығын пайдаланылады.

Мемлекеттік органдарды және жергілікті өзін өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар. Бұл құқық соттың үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдарға ғана берілмейді.

Жазасын өтеген және сотталуына байланысты атқарып жүрген қызметінен бостатылған адамдардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес еңбекке және тұрмыстық жағынан орналасуға әлеуметтік көмектің басқа түрлерін алуға құқығы бар.

Жазасын өтеп жүрген адамдардың жазаны атқару мекемелерінің қызметкерлері тарапынан сыпайылық көру құқығы бар.

Қамауға немесе бас бостандығынан айыруға сотталған шетелдіктердің өз мемлекеттерінің дипломатиялық және консулдық мекемелерімен байланыс жасауға құқығы бар. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында дипломатиялық және консулдық мекемелері жоқ елдердің азаматтары олардың мүдделерін қорғауды өз мойнына алған мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерімен немесе оларды қорғаумен айналысатын халықаралық ұйымдармен байланыс жасауға құқығы бар.

Дін ұстану және ар-ұждан бостандығына құқығы бар, бірақ діни ғұрыптарды орындау сотпен белгіленген жазаны атқару мен өтеудегі бекітілген тәртіпке және басқа тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтірілмеуі тиіс.

Сотталғандардың және басқа адамдардың тарапынан сотталушының жеке басына қарсы қылмыс жасау қаупі туындаған кезде ол қамау немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны атқарушы мекеменің кез келген лауазымды адамына өзін мұндай қатер жоқ қауіпсіз орынға ауыстыру туралы өтініш жасауға құқылы.

Сотталғандардың және басқа адамдардың тарапынан сотталушының жеке басына қарсы қылмыс жасау қаупі туындаған кезде мекеме бастығы мынадай шешім қабылдайтын болады:

а) оның қауіпсіздігін сақтау үшін қауіпсіз орынға, яғни жеке бөлмеге, камераға ауыстырылуы туралы;

б) сотталғанның қауіпсіздігін қорғау жөніндегі басқа шаралар туралы (сотталғандар арасындағы жан-жалдарды шешу, қауіпті қылмыскерді жауапқа тарту т.с.с.);

в) сотталғанды басқа түзеу мекемесіне ауыстыру туралы.

Мекеме немесе органның бастығы қауіпті сотталғанды (сотталғандарды) басқа мекемеге ауыстыру туралы шешім қабылдайды. Сонымен қатар сотталғандардың ұлттық тіл мен мәдениетін пайдалануға және өзі қалаған тілде сөйлеуге, гигиена мен қауіпсіздік талаптарына сай келетін еңбек шарттарына, азаматтық және отбысылық құқық қатынастарына субъект болуға, тегін орта білім алуға құқықтары бар.

ҚАК-нің 10-баптың 10-тармағында сотталған шет елдердің азаматтары дипломат өкілдерімен және консул мекемелерімен байланыс жасау құқықтары бар. Консул өкілдерімен, дипломаттарымен, сондай-ақ халықаралық органдарымен түрлі байланыс жасалынады. Ол ұсыныстарды, өтініштер мен арыздарды жіберу, хат алмасу, телефон байланысы және консул өкілдерімен кездесу. Бұл кездесулердің мақсаты сотталғанға құқықтық көмек көрсету, сондықтан тұтқынға алған кезден бастап олармен кездесуді ұйымдастыру (ҚАК-нің 64-баптың 2-тармағы, 84-баптың 4-тармағы).

ҚАК-нің 9-бабында сотталғандардың нақты мынадай негізгі міндеттері көрсетілген: қылмыстық-атқару кодексімен, өзге де нормативтік құқықтық актілермен және үкіммен белгіленген құқықтық шектеулерден туындайтын талаптарды сақтауға, жазаны атқарушы мекемелер мен органдар әкімшіліктерінің заңды талаптарын орындауға міндетті.

Жоғарыда айтылғандармен қатар сотталғандар қоғамда қалыптасқан тәртіп нормаларын, санитария және гигиена талаптарын сақтауға міндетті. Сол сияқты, қылмыстық жазаны атқарушы мекеме мен органдардың қызметшілер құрамына, мекемеге қалушы тұлғаларға және басқа да сотталғандарға сыпайылық көрсетіп және жазаларды орындаушы мекеме мен органдар әкімшіліктерінің шақыруларына уақытында келуге міндетті. Сот үкімінің орындалуына байланысты міндеттерін атқармағаны үшін сотталғандар қылмыстық, әкімшілік және материалдық жауапкершілікке тартылады.

Сотталғандардың ұсыныстарын, өтініштерін және арыздарын қарау тәртібі

Қылмыстық-атқару кодексі, басқа заңнамалық актілері сотталғандардың ұсыныстарын, өтініштерін, арыздарын беру тәртібін және нысандарын қарастырады. Сотталғандардың арыздары ауызша немесе жазбаша түрде беріледі (10-баптың 2-тармағы). Бас бостандығынан айырылғандар түзеу мекемесіндегі ішкі тәртіптемесінің ережелерінің 16-тарауына сәйкес ұсыныстарын, өтініштерін намесе арыздарын өз атынан беруге ғана құқылы. Сотталған адамға ұсыныстарын, өтініштерін намесе арыздарын топ атынан немесе басқа тұлғалардың атынан беруге рұқсат етілмейді. Сотталғандар ұсыныстарына, өтініштеріне, арыздарына қол қоюлары тиіс.

Айыппұл жазасымен жазаланғандар, тиісті лауазымдарға тағайындалу құқығынан айырылғандар, тиісті қызметпен айналысуға шек қойылған сотталғандар, арнайы, әскери және атақтарынан айырылғандар, дипломат, біліктіліктерінен айырылғандар өз ұсыныстарын, өтініштерін, арыздарын барлық азаматтарға бірдей тәртіпте беруге құқылы. Егерде олар мекеме әкімшілігіне жіберілсе олар тіркеліп, тиісінше шешім қабылданатын болады. Қаралған өтініштердің қорытындысы бойынша қабылданған шешім сотталғанға хабарланады.

Сотталғандар ҚАК 10-бабының 2-тармағына сәйкес жазаны атқарушы мекеменің немесе органның әкімшілігіне, жазаны атқарушы мекемелер мен органдардан жоғары тұрған басқару органдарына, сотқа, прокуратура органдарына, мемлекеттік өкімет органдарына, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ адам құқығы мен бостандығын қорғау жөніндегі халықаралық ұйымдарға ұсыныстар, өтініштер жасауға және шағымдануға құқылы. Осы белгіленген органдарға жіберілген сотталғанның ұсыныстары, өтініштері, арыздары мекеме, орган әкімшілігі арқылы жіберіледі.

Сотталғандардың осы құқықтарын жүзеге асыру үшін ішкі тәртіп ережесіне сәйкес сотталғандардың ұсыныстары, өтініштері мен арыздары күн сайын ауызша және жазбаша түрде қабылданады. Ауызша берілген ұсыныстар, өтініштер мен арыздар арнайы журналға жазылып, олар туралы шешім қабылдану үшін жауапты лауазымдық тұлғаға баяндалады. Жазбаша түрде және әкімшілікке ұсынылған ұсыныстар, өтініштер мен арыздар арнайы журналдарға тіркеліп, мекеме басшысына беріледі. Мекеме басшысы бұл мәселені шешу шараларын қолданады.

Бас бостандығынан айырылған сотталғандардан түскен ұсыныстар, өтініштер мен арыздар және басқа да хаттар тексеруге жатады (ТМК-нің 91-бабын қара). Бірақ ережеден тыс жағдайлар да орын алуы мүмкін. Мысалы, түзеу мекемелері мен органдарының қызметтеріне қадағалау және бақылау жасайтын органдарға жіберілген ұсыныстар, өтініштер мен арыздар тексерілмей бір тәулік ішінде жіберіледі (демалыс және мерекелік күндерден басқа). Бұл себептен жіберілетін ұсыныстар, өтініштер мен арыздар сотталғандардан жабылған күйінде алынады және ашылмауы тиіс.

Ескеретін тағы бір жағдай, қадағалау және бақылау құқығы жоқ мемлекеттік үкімет, қоғамдық бірлестіктеріне, сондай-ақ заңды және жеке тұлғаларға жіберілген ұсыныстар, өтініштер мен арыздар тексеріледі сонан соң ғана жіберілетін болады.

Егер де ұсыныстар, өтініштер мен арыздарда айтылған мәселелер сол жерде шешілуге жататын болса, сотталғанның келісімімен оның ұсыныстары, өтініштері мен арыздары аталғандардың ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес ешқайда жіберілмейді. Осы жағдайда мекеме, орган әкімшілігі сотталғандардың ұсыныстарын, өтініштерін және арыздарын шешу үшін белгілі бір шаралар қолданады.

Егер әкімшілік, лауазымды тұлға бұл мәселелерді шеше алмайтын болса немесе сотталғанның талабы бойынша олар ұсынылған органға жіберіледі.

Ескеретін тағы бір жай егер ұсыныстарда, өтініштер мен арыздарда қылмыстың жасалуына бағытталған мағлұматтар шифрмен немесе құпия ретінде жазылған болса, олар ешқайда жіберілмей сотталғанның жеке ісінде тіркеледі. Сотталғандардың ұсыныстарында, өтініштер мен арыздарында әкімшіліктің іс әрекеттері және олардың шешімдері тоқтатылмайды. Бірақ прокурорға жіберілген әкімшіліктің заңсыз шешімдері қаралып, заңсыз қабылданған бұйрық немесе қаулы немесе өкімнің шешімі тоқтатылатын болады. Осындай жағдайларда лауазымды тұлғалар наразылық білдірілген актінің іс әрекеті тоқтатады.

ҚАК 10-бабының 5-тарауына сәйкес органдар мен лауазымды тұлғалар сотталғандардың ұсыныстарын, өтініштері мен арыздарын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте және мерзімде қарауына және сотталғандарға қабылданған шешімдер жөнінде ескертуге міндетті.

Сонымен, сотталғандардың құқықтарының және заңды мүдделерінің бұзылғаны жөнінде ұсыныстарын, өтініштері мен арыздарын белгілі бір мекемелер мен органдарға жіберуге мүмкіндіктері бар. Сотталғандар олардың субъективті құқықтарының және заңды мүдделерінің бұзылғаны жөнінде ұсыныстарын, өтініштері мен арыздарын кез келген мемлекеттік органдарына және жергілікті органдарына жіберіп сол туралы заң негізінде белгілі бір шешім қабылданып ол шешім сотталғанға хабарландырылады.

Сотталғандардың жазаның өтелуі жөніндегі мәселеге жатпайтын ұсыныстарын, өтініштері мен арыздарын тиісті органға жіберіледі. Бұндай ұсыныстар түскен күннен бастап бір ай ішінде қаралады, ал тексеруді талап етпейтін ұсыныстар кешіктірілмей, яғни 15 күннен асырмай қаралады.

5-тақырып. Жазаларды және қылмыстық құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқарушы мекемелер мен органдар жүйесі

Қылмыспен күресу үрдісі әртүрлі бағытта өтеді: болжау, арнайы алдын алу жұмысын ұйымдастыру; жасалған қылмысты тергеу; жасалған қылмысты сотта қарау және жазаны белгілеу; сот үкімімен тағайындалған жазаны орындау. Көрсетілген қылмыспен күресудің арнайы шараларынын іске асыру мемлекеттің мекемелері мен органдарына жүктелген. Яғни, жазаны атқаруға байланысты белгілі бір мемлекеттік мекемелер мен органдар құрылады.

Қазақстан Рестубликасының Қылмыстық кодексінің 39-бабында көрсетілген қылмыстық жаза түрлерінің бәрі міндетті түрде орындауға жатады, ал оларды жүзеге асырудың тәртібі Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңымен анықталады.

ҚР ҚАК 14-бабы жазаны атқаруға құзыреті бар атқару мен сот билігінің түрлі республикалық құрылымдарына енетін органдар мен мекемелер жүйесін тізіп өтеді. Жаңадан қабылданған ҚР ҚАК-інде жазаны орындауға байланысты айтарлықтай өзгерістер енгізіле қойған жоқ, ҚР ҚАК сол бұрынғы қалпынша соттардың қылмыстық жазаға байланысты орындаушы мекемелер мен органдардың тізімін заң жүзінде бекітті. Әрине, бұл салалар қылмыстық жазаның жаңа түрлерінің енгізілуіне байланысты кеңейтіле де түсті. Мәселен, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің құзырына жазаның қоғамдық жұмысқа тарту, бостандықты шектеу сияқты түрлері берілсе, ал әскери қызметшілерге қолданатын жаза тәртіптік әскери бөлімшеде (дисбат) ұстау, тұтқындау, әскери қызметі бойынша шектеу ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері командованиесінің қарауға берілді.

ҚР ІІМ-нің құрамына енетін қылмыстық жазаларды атқарушы мекемелер мен органдар жүйелерінің өзі өз ведомстволарының шеңберіне сай келмейтін сияқты. Қазақстан Республикасының ІІМ-де жазаны атқарушы мекемелер мен органдардың тек бас бостандығынан айыру мен өлім жазасын атқару ғана емес, сол сияқты жазаның белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналасу құқығынан айыру, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу және басқа да түрлердегі жазаны атқару қылмыстық-атқару инспекциясының жүзеге асыратындығы дәстүрге айналған.

Сонымен бірге, осы инспекцияның міндетіне қылмыстық жазаны атқару ғана емес, шартты түрде соттау сияқты қылмыстық-құқықтық сипаттағы шараларды орындау (әсіресе, осы сипаттағы сотталғандарға қатысты бақы­лау жүргізу) жатады.

Қалыптасқан дәстүр бойынша айыппұл салу мен мүлікті тәркілеу, құрметті, әскери, арнайы немесе өзге де атақтардан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден және біліктілік сыныбынан айыру сияқты жаза түрлерін соттар атқарады. Дегенмен айта кету керек ҚР ҚАК 14-бабының 3-бөлігінде айтылған атақтар сыныптар мен шендер соны берген лауазымды адамдардың немесе қызмет орындарының күшімен алынады. Ал оған осыған байланысты заңды күшініне енген сот үкімі негіз болады.

Тергеу мекемелері (түзеу колониялары, тәрбиелеу колониялары, түрмелер мен колония-қоныстар) мерзімді, сондай-ақ өмір бас бостандығынан айыру.

Өлім жазасы түріндегі жаза ҚР ІІМ мен ҚР Прокуратурасы қатаң белгілеген тергеушілік оқшаулау орындарында немесе түрмелерде атқарылады.

Қылмыстық-атқару инспекциясы түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, белгілі бір лауазымдыболу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаларды атқарады.

Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны ҚР ІІМ-нің түзеу мекемелері жүйесінің арнайы мекемелері атқарады. Сонымен бірге, кейбір жекелеген жаза түрлерін белгілі бір, мекеме мен нақты бір адам атқарады. Мәселен, белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру туралы сот үкімінің талаптарын сотталушының жұмыс орны бойынша ұйымның әкімшілігі, сондай-ақ қызметтің тиісті түрлерімен айналысуға берілген рұқсатты қайтып алуға ҚР-ның заңдарына сәйкес құқықты органдар атқарады (ҚР ҚАК 13-б. 2-бөл.).

Құрметті, әскери, арнайы немесе өзге де атақтардан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден және мемлекеттік марапаттаудан айыру туралы сот үкімінің талаптарын сол атақтар мен сыныптарды, дәрежелер мен мара­паттауларды берген лауазымды адамдар, сондай-ақ ҚР-ның тиісті органдары орындайды. Бұл органдар, мекемелер мен лауазым­ды адамдар заң бойынша қылмыстық жазаны атқарушы мекемелер мен органдарға жатпайды, сондай-ақ олар ондай жүйеге де кірмейді, олар тек қана заң нұсқаулары мен сот үкімінің талаптарын ғана орындайды.

Жазаны орындаушы мекемелер мен органдардың түрлері, олардың қылмыстылықпен күрес жүргізетін органдар жүйесінде міндеттері мен орны

Кез келген мемлекетте қылмыстылыққа қарсы күрес қылмысты ескерту жөніндегі арнаулы алдын алу жұмыстарын ұйымдастыруды, оның жасалуына жағдай туғызушы себептер мен шарттарды анықтауды, тергеуді және жасалған қылмыстарды соттық тәртіппен қарауды, қылмыстық жаза тағайындауды, әрине жазаны атқаруды қарастыратын арнаулы шаралар кешенін қалыптастырумен көзге көрінеді. Осындай арнаулы мемлекеттік шаралар кешенін жүзеге асыру мемлекеттің арнаулы органдарына жүктеледі.

Қылмыстық іс жүргізу заңнамалары үкімді орындау сол үкімді шығарған сотқа жүктелетінін белгілейді. Әрі қарай соттың үкімді орындау туралы өкімді судьялар немесе сот төрағасы үкімнің көшірмесін, оның заңды күшіне енетіндігі жөніндегі анықтама қағазымен бірге үкімді атқару міндеті жүктелген органға жіберіледі. Өз кезегінде үнімді жүзеге асыратын орган, үкім орындалғаннан кейін оның орындалғандығы жөнінде үкім шығарған органға дереу хабарлайды.

ҚР ҚАК 15-бабына сәйкес «Сотталушының жазасын өтеу орнына келгені туралы жазаны атқарушы мекеменің немесе органның әкімшілігі сотталушының қалауы бойынша жақын туыстарының не заңды өкілдерінің біріне 10 тәулік ішінде хабарлауға міңдетті».

Сотталғанның пайдалы әлеуметтік байланыстарын жоғалтпау кездесулерді уақытында алып тұру мақсатында, жазаны атқарушы мекеменің немесе органның әкімшілігі сотталушының қалауы бойынша жақын туыстарының не заңды өкілдерінің біріне 10 тәулік ішінде хабарлауға міндетті. Әкімшілікпен жіберілген хабарламада сотталғанға қажет азық-түліктің және бірінші кезекте керек заттардың тізімі көрсетіледі. Заңды өкілі ретінде кәмелетке толмаған сотталғанның қамқоршысы және сотталғанның адвокаты бола алады.

Қылмыстық жаза ҚР КК 38-бабына сәйкес соттық үкімімен ғана тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы және жасаған қылмысы үшін сазайын тартқызу болып табылады. Жаза қылмыс жасады деп танылған адамға ғана қолданылады және ол қылмыстық заң бойынша қылмыс жасаған адамның құқығы мен бостандығынан айыруды немесе шектеуді қарастырады.

Қылмыстық заңға сәйкес жазалаудың мақсаты әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталғандарды еңбекке адал қарау, заңды бұлжытпай орындау, адамгершілік ережелерін құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ соталғандардың да, өзге адамдардың да жаңа қылмыстар жасауының алдын алу болып табылады.

Соттың үкімін жүзеге асыру үшін тиісті жазаларды атқаратын мемлекеттік органдар мен мекемелер жүйесі құрылады немесе кейбір органдарға, мекемелер мен ұйымдарға өздерінің атқаратын жұмыстарымен бірге соттың үкімін орындау міндеті қоса енгізіледі.

Құқық қолдану мен заң шығару заң шығару теориясында жазаның барлық түрін екі топқа бөлу қалыптасқан:

- сотталғандарға ықпал ету шараларымен түзеумен қатысты жазалар;

- ықпал ету шараларымен түзеуге қатысы жоқ жазалар.

Осының біріншісіне мыналар жатады:

- бас бостандығынан айыру;

- түзеу жұмыстары;

- абақтыда ұстау;

- қоғамдық жұмыстарға тарту.

Екіншісіне мыналар жатады:

- айыппұл салу;

- мүлкін тәркілеу;

- белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;

- арнайы, әскери немесе құрметті атақтардан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік марапаттауларынан айыру.

Түзеудің ықпал ету шараларымен байланысты барлық қылмыстар жазалаушы элементерді жүзеге асыру барысында олардың мазмұны сотталғандарға арнайы тәрбиелік әсер етумен сипатталады. Оның ерекшелігі қылмыс­тық-құқықтық жаза барысында көрінетін құқықтың шектеу жағдайында жү­зеге асырылатындығы болып табылады. Бұл жерде атап өту керек, түзеу ар­қылы ықпал ету шаралары тұтастай алғанда жазалау-тәрбиелеу ісі шеңбе­рінде өтеді.

Бұрынғы Қазақ КСР-інің Еңбекпен түзеу кодексінен жаңа ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің айырмашылығы ҚР қылмыстық кодексінің 39-бабында көзделген қылмыстардың ҚР ҚАК 14-бабымен реттелуінде. Онда төмендегіше реттелген:

Айыппұл және мүлікті тәркілеу жазасын үкім шығарған сот, сондай-ақ мүліктің орналасқан жері бойынша және сотталушының жұмыс орны бойынша сот атқарады (ҚР ҚАК-нің 14-бабы1-тармағы), яғни дұрысырақ айтқанда, соттардың штатында тұратын соттық-атқарушылар жүзеге асырады. Сот шешімдерін орындау тәртібі Әділет министрлігінің 1997 жылғы 18-желтоқсандағы «Атқару жүргізу туралы нұсқау туралы» № 2-2/117 арнаулы бұйрығымен реттелген.

Белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруды сотталушының тұрғылықты жері бойынша қылмыстық-атқару инспекциясы, түзеу мекемесі жүзеге асырады. Белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру туралы сот үкімінің талаптарын сотталушының жұмыс орны бойынша ұйымның әкімшілігі, сондай-ақ лицензиатты жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына берілген лицензиясынан айыруға ҚР-ның заңдарына сәйкес құқықты органдар атқарады (ҚР ҚАК-нің 14-бабы 2-тармағы).

Құрметті, әскери, арнайы немесе өзге де атақтардан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден және біліктілік сыныбынан айыру туралы жазаны осы атақтарды берген лауазымды тұлға атқарады (ҚР ҚАК-нің 14-б.3-т.).

Қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу түріндегі жазаларды сотталған адамның тұрғылықты жері бойынша қылмыстық-атқару инспекциялары атқарады (ҚР ҚАК-нің 14-б.4-т.).

Бас бостандығынан айыру және өлім жазасы түріндегі жазаларды қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері атқарады.(ҚР ҚАК-нің 14-б.5-т.).

Бас бостандығынан айыру жазасын орындауда сотталғандардың әр түрлі дәрежесі болатындықтан және оларды бір-бірінен бөлек ұстау тиістілігінен, мемлекет әр түрлі түзеу мекемелерін құрған. Сотталғандардың жасына карай түзеу мекемелері екі топқа бөлінеді:

- ересектер үшін (18 жасқа толғандар);

- кәмелетке толмағандар үшін (14-тен 18 жасқа дейінгілер).

Түзеу мекемелері ересектер үшін бірнеше түрге бөлінеді: колония-қоныстар, жалпы, қатаң және ерекше режимдегі колониялар және түрмелер.

Кәмелетке толмағандар үшін екі түрлі тәрбиелеу колониялары бар:

- жалпы режимді тәрбиелеу колониясы;

- режимі күшейтілген тәрбиелеу колониясы (тек қана ер адамдар үшін).

Сот әрбір сотталғанға жынысына, жасына, жасаған кылмысының ауырлығына, бұрынғы бас бостандығынан айыруға қанша рет сотталғанына және басқа да оның жауапкершілігін жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайларға байланысты түзеу мекемесінің түрін белгілейді.

Тергеу изоляторында шаруашылық қызметі үшін сотталғандар қалдырылуы мүмкін.

Сотталған ауруларды емдеу үшін арнайы емдеу мекемелері ашылған және онда сотталғандар жынысына, жасына қарай бөлек бөлек орналастырылады.

Жазалаудың мақсатына жету үшін түзеу мекемелерінің алдына нақтылы міндет қойылып, ал олар негізгі түзеу мен тәрбиелеу амалдарының көмегімен іске асырылады. Ол жазаны атқару (өткеру) режимін орындау, қоғамдық, пайдалы еңбек ету, сотталғандармен жүргізілетін тәрбие жұмысы, жалпы білім мен техникалык-мамандыққа оқыту болып табылады.

Жоғарыда айтылған түзеу мекемелерінің барлық түрлері мен қылмыстық-атқару инспекциялары ҚР-ның ІІМ-нің құрылымына кіріп, біртұтас қылмыстык-атқару жүйесін кұрайды.

Әрбір облыстағы облыстық түзеу мекемелерін басқару үшін түзеу мекемелерінің саны мен ондағы сотталғандардың санына байланысты облыстық қылмыстық-атқару департаменті құрылады.

Облыстық қылмыстық-атқару департаменті Қылмыстық-атқару комитетінің құрылымына кіреді, соған бағынышты.

Қоғамнан оқшаламай-ақ, бірақ түзеу арқылы ықпал ету шараларымен байланысқан жазаны атқару үшін қылмыстық-атқару органдары жүйесінде аумақтық қылмыстық-атқару инспекциясы жұмыс істейді. Бұл инспекция мынадай жұмыстар атқарады:

- түзеу жұмыстарына, белгілі бір лауазымды болу немесе белгілі бір қызметпен айналасу құқығынан айыру, қоғамдық жұмыстарға тарту жазасына, сондай-ақ қызмет көрсетілетін аумақта түратын шартты түрде сотталғандардың жеке есебін жүргізеді;

- сотталғандардың жалақысынан ұсталатын тиісті төлемнің дұрыс есептелуін және ұсталған соманың кіріске дер кезінде аударылуын қадағалайды;

- кәсіпорын әкімшіліктерінің түзеу жұмыстарын өтеу шарттары туралы заңдылықтарды сақтауын, соның ішінде жазасын өтеп жүрген сотталғандардың еңбек кітапшаларына жазбалардың дұрыс жазылуын қадағалайды;

- сотталғандарға заңмен белгіленген ынталандыру және жазалау шараларын қолданады;

- жазасын өтеуге бөгет жасайтын созылмалы жан күйелісі және басқа аурулармен ауырған сотталғандарға қатысты сотқа арыз-өтініш береді;

- заңмен белгіленген тәртіп бойынша жазасын өтеуден әдейі бас тартқан сотталғандардың түзеу жұмыстары мерзімін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру жөнінде сотқа ұсыныс жасайды;

- қылмыстық іс жүргізу заңымен қарастырылған жағдайда сот алдында үкімді орындауды кейінге қалдыру жөнінде өтініш береді.

Соттың түзеу жұмыстары жөніндегі үкімі сол үкімнің заңды күшіне енген күннен бастап 10 күннен кешіктірілмей атқарыла басталуы тиіс. Түзеу жұмыстарын өтеуге тарту үшін негіз болатын негізгі құжат сот үкімнің заңды күшіне енгендігі жөніндегі анықтама қағазы болып саналады.

Әскери қызметшілер мына жазаларды өтейді:

- абақтыға алынған әскери қызметшілерге арналған гауптвахталарда гарнизондардың командованиясы немесе гарнизон гауптвахталарының тиісті бөлімшелерінде атқарады;

- әскери қызмет бойынша шектеуді аталған әскери қызметшілер қызмет өтіп жүрген әскери бөлімдердің, мекемелерінің, органдар мен әскери құрамалардың командованиясы атқарады.(ҚР ҚАК-нің 14-б.7-т.).

Шартты сотталғандар қылмыстық-атқару инспекциясының бақылауында болады. Шартты сотталған әскери қызметшілерге бақылау жасауды әскери бөлімдердің қомандованиясы атқарады (ҚР ҚАК-нің 14-б.9-т.).

Жаза атқарушы мекемелер мен органдар өз міндеттерін тиімді орындауы үшін, әсіресе сотталғандарды түзету үрдісінде тергеу, сот, прокуратура, полиция органдарымен, сол сияқты жергілікті билік органдарымен, қоғамдық құрылымдар және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жұмыс жасайды.

Сот үкімінің талаптарын орындауға міндетті субъектілер ретінде мыналар саналады:

- өздерінің қызметіне қарай үкімдерді орындауға бейімделіп арнайы құрылған мекемелер мен органдар (түзеу мекемелері, қылмыстық-атқару инспекциясы);

- белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналасу құқығынан айыру үкімі шығарылған адам бұрын жұмыс істеген кәсіпорынның, ұйымның немесе мекеменің әкімшілігі;

- айыптұл салу түріндегі жазаны атқару кезінде жаза тағайындалған адамның өзі;

- арнайы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптың шеннен, дипломатиялық дәрежеден, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік марапаттан айыруға байланысты сол атақтарды, дәрежелер мен марапаттауды берген орган.

Сөйтіп, айтылғандарды түйіндей келе, тәртіп бойынша қылмыстық жазаны атқару Қазақстан Республикасы ІІМ-нің арнаулы мемлекеттік органдарына, Қорғаныс министрлігіне қарайтын әскери бөлімдеріне, сондай-ақ соттық атқарушыларға жүктеледі деген жалпы қорытындыға келуге болады.

Қылмыстылық жазаны атқарушы мекемелер мен органдардың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

1. Соттың үкімімен шығарылған қылмыстың жаза түрлерін тиісті мәнде атқару;

2. Қылмыс жасаған адамның құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе шектеуда әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру;

3. Сотталғандарды заңды бұлжытпай орындау, еңбекке адал қарау, адамзат өміріндегі тәртіпті құрметтеу рухында түзеу, тәрбиелеу;

4. Сотталғандардың, сондай-ақ басқа адамдардың жаңа қылмыстар жасау­ының алдын алу.

Сотталғандарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану.

ҚР ҚАК-нің 16-бабының 1-тармағына сәйкес бас бостандығынан айыруға сотталған, алкоголизммен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратын, сондай-ақ ақыл-есінің кемістігі болуы мүмкін, бұзылуынан зардап шегуші адамдарға атқарушы мекемелер соттың шешімі бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданады.

Сот алкоголизммен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратын, сондай-ақ ақыл-есінің кемістігі болуы мүмкін, бұзылуынан зардап шегуші адамдарға үкім шығарғанда жазаның орнына, оларға медициналық сипаттағы мәжбүрлеп ем жүргізу шараларын тағайындайды.

Егер, бас бостандығынан айыруды өтеу кезінде сотталушының алкоголизммен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратыны анықталса, жазалардың аталған түрлерін атқарушы мекеменің әкімшілігі медициналық мәжбүрлеп ем жүргізу жайлы мәселені көтеріп, мекеме бастығы сотқа мұндай сотталушыға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы ұсыныс жібереді.

Мәжбүрлеп ем жүргізу арнайы түзеу мекемелерінде жүзеге асады. Бұл мекемелер ҚАК-нің 97-бабының 2-тармағына сәйкес құрылады. Бұл мекемелердің медициналық бөлімдері емдеуді жүзеге асыруға қажет мамандармен жасақталады.

Кем дегенде алты айда бір рет аурудың жағдайын тексеру үшін психиатр дәрігерлердің қабылдауы өтуі керек. Сотталған аурулардың жағдайларына байланысты емдеуді жалғастыру, тоқтату немесе өзгерту сияқты шешім қабылданады. Егер комиссия емді тоқтату немесе өзгерту туралы шешімді қарастырмаса, онда сотқа емді жалғастыру жайлы қорытынды парағын жібереді. Бірінші мәжбүрлеп ем жүргізуді ұзартуды емді бастаған күннен бастап алты айдан соң, ал кейінгі ұзартулар жыл сайын жүргізіледі. Науқастың жағдайы түбегейлі өзгеретін болса, онда бекітілген мерзімге қарамай медициналық коммисия тексеруді жүргізеді.

Мәжбүрлеп ем жүргізу сотпен медициналық коммисияның ұсынысы бойынша тоқтатылады. Осы сияқты ауруларды бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаларға сотталғандар арасынан да анықтауға болады. Бұл жағдайда сот аталған және өзінің психикалық жағдайы бойынша қауіп келтірмейтін адамдарды емдеу немесе Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңдарында көзделген тәртіппен психиатриалық-неврологиялық мекемелерге жіберу туралы мәселені шешу үшін денсаулық сақтау органдарына қажетті материалдар жібере алады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 90-бабына сәйкес егер сотталған қоршаған ортаға қауіп тудыратын болса, онда оған емханалық мәжбүрлеп қадағалау және психиатрда емделу тағайындалуы мүмкін.

ҚР ҚАК 16-бабының 4-тармағына сәйкес «Бас бостандығын шектеуге, қамауға алуға, бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға және туберкулездің ашық түрімен ауыратын немесе соз ауруынан емделудің толық курсынан өтпеген, сондай-ақ ВИЧ/СПИД жұқтырған сотталғандарға жазалардың аталған түрлерін атқарушы мекеме медициналық комиссияның шешімі бойынша міндетті емдеу қолданады».

ҚР Қылмыстық-атқару кодексі міндетті емдеу ұғымын енгізеді. Міндетті емдеу бас бостандығынан айыруға, қамауға алуға, бас бостандығын шектеуге сотталған адамдардың туберкулездің ашық түрімен ауыратын немесе соз ауруынан емделудің толық курсынан өтпеген, сондай-ақ ВИЧ/СПИД жұқтырған адамдарға қатысты тағайындалады. Мұндай ауруы анықталған сотталған медициналық комиссияға жіберіліп, олардың шешімімен сотталғандарға міндетті емдеу тағайындалады. Есерілетін жай, осы аталған адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қоршаған адамдарға, соның ішінде түзеу мекемесінің қызметкерлеріне, басқа сотталғандарға, мекемеге келетін басқа адамдарға қауіп төндіретіндігінен ғана тағайындалып отыр. Емдеу қажеттілігі сотталған ауру жазасын өткергеннен соң да, ауру таратушы ошаққа айналмауы үшін туындап отыр.

Міндетті емдеу медициналық комиссияның шешімі бойынша ғана тоқтатылады, ал оған дейін міндетті емдеу жалғастырыла береді. Егер сотталған емі аяқталғанға дейін босатылатын болса, онда тұрғылықты жерінің денсаулық сақтау органдарына емді жалғастыру жайлы ақпарат жіберіледі.

Бас бостандығын шектеуге, қамауға алуға, бас бостандығынын айыруға сотталған адамдарға мәжбүрлеп және міндетті емдеу қылмыстық-атқару жүйесінің тиісті органдарында жүзеге асады. Ал, қажет жағдайда қамауға алуға, бас бостандығынын айыруға сотталған адамдарды емдік түзеу мекемелеріне ауыстырады. Бас бостандығын шектеуге сотталғандар емді түзеу орталығының денсаулық сақтау мекемелерінде жалғастыра алады.

  1. Жазаны орындаушы органдардың қызметтеріне бақылау жасау

Қазақстан Республикасында қылмыстық жазаны атқару кезінде сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерін шектеуге немесе басқада заң бұзушылыққа жол бермеу мақсатымен қылмыстық жазаны атқару мекемелері мен органдарының қызметтеріне бақылау жүргізіледі.

Сондықтан жазаны атқару мекемелері мен органдарының қызметтерін бақылау түрлері және оның тәртібі ҚР ҚАК 3-тарауында бекітілген.

Қылмыстық жазаны атқарушы мекемелер мен органдарының қызметтерін бақылау жұмыстарын әр түрлі органдар жүргізеді. Ең бірінші бақылау бұл жергілікті атқарушы органдардың бақылауы болып табылады.

Жергілікті атқарушы органдар өз аумақтарында орналасқан жазаны атқарушы мекемелер мен органдардың қызметін қадағап, бақылайды. Ол үшін оларға ҚР Конституциясының 87-бабының 2-тармағында ұсынылған өкілетті пайдалана алады. Мекемелер мен органдардың қызметін бақылауды жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.

Келесі бақылау бұл сот бақылауы. Жазаны өтеуден шартты-мерзімінен бұрын босату туралы, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жұмсақ түріне ауыстыру туралы, сотталушының ауыруына байланысты жазадан босату туралы, адамның жеке басына жасаған ауыр және аса ауыр қылмыстары үшін бес жылдан артық мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталғандарды қоспағанда жүкті әйелдердің және сегіз жасқа дейін балалары бар әйелдердің жазаларын өтеуін кейінге қалдыру туралы, сондай-ақ түзеу мекемесінің түрін өзгерту туралы мәселелерді шешу кезінде жазалардың атқарылуын сот бақылайды.

Жазаны өтеу шартын өзгертуге байланысты мәселелерді сот бақылайды. Бұл шарттар сотталушының айыппұлды бір жолғы төлеуге мүмкіндігі болмаған жағдайда сотталушының өтініші бойынша төлемнің мерзімін ұзартуға немесе алты айға дейін бөліп-бөліп төлеуге жол береді. (ҚР ҚАК 226. 2т.) Түзеу жұмыстарында сот сотталушының материалдық жағдайы нашарлаған ретте қылмыстық-атқару инспекциясы жүзеге асырады.

Сотталушының өзі немесе ол жұмыс істейтін ұйымның әкімшілігінің қолдаухатымен оның жалақысынан ұстап қалу мөлшерін кемітуге құқылы. Сот сотталушының мүлкін тәркілеу туралы (ҚР ҚАК 57-58б.б.) сондай-ақ бас бостандығынан айыруға немесе түзеу жұмыстарына сотталғандардың жазасын атқаруды кейінге қалдыру туралы мәселелерді де шешеді ( ҚР ҚАК 386. 5-т; 171 бап.) Сот шартты сотталушыларға толық немесе жартылай, әйтпесе бұрын бекітілген міндеттерге толықтырулар енгізуі мүмкін. (ҚР ҚАК 184 бап 1т.), Сотталушының сынақ мерзімін ұзарта алады. (ҚР ҚАК 184 бап Зт,); Шартты түрде соттаудың күшін жоя алады. (ҚР ҚАК 184 бап 4т.)

Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға мінез-құлқына және еңбекке көзқарасына қарай түзеу мекемесінің түрі өзгертілуі мүмкін. (ҚР ҚАК 73 бап).

Сотқа медициналық сипаттағы мәжбүрлеп емдеу шараларына тағайындалған адамның емін жалғастыру немесе өзгерту құқығы берілген. (ҚР ҚК 16 бап).

Сотталғандардың өздеріне тағайындалған жазадан жалтаруына байланысты, сот өтеу жазасын қатаң түрге ауыстыра алады.(ҚР ҚК 42 бап. және ҚР ҚАК 35 бап., ҚР ҚК 43 бап және ҚР ҚАК 42 бап, ҚР ҚАК 55 бап. және т.б.) және сот жазаның өтелмей қалған бөлігін оның жеңіл түріне ауыстыра алады (ҚР ҚК 71бап.)

Сот мерзімінен бұрын босату туралы мәселелерді шешкенде бақылайды, жазадан мерзімінен-шартты түрде босату (ҚР ҚК 70, 84 баптар, ҚР ҚАК 196 бап), ауруға шалдығуға байланысты жазадан босату (ҚР ҚК 736, ҚР ҚАК 196 бап.)

Сот заңда қарастырылған сотталғандардың атқарушы мекеме мен органдардың қызметіне арыздануын, шағымдануын қарастырады. Қарастырылған бапта конститутциялық норма жүзеге асырылады. Онда сот билігі Республиканың халықаралық келісімдері, нормативтік құқықтық актілері мен заңдары, Конституция негізінде туындайтын барлық іс пен даулы жағдайларда таралады (ҚР Конститутциясы 766-бап 2т.).

Жазаны атқарушы мекемелер мен органдар үкім шығарған сотқа бас бостандығынан айыруды өтеуінің басталғаны және оның орны жайлы хабарлайды. Берілген ереже ҚР ҚАК 18 бабы 3-т. іс жүргізу нормаларына негізделеді. Қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормасына сәйкес үкім шығарған сот, үкімнің ұйғарымы мен қаулысын атқарылуын қадағалауға міндетті.

Сот тек жазаның атқарылуын ғана емес, сонымен бірге азаматтық іс жүргізу түріндегі жазаны атқарушы мекемелер мен органдардың әкімшілігінің қызметіне де бақылау жасайды. Мысалы, жоғарыдағы мекемелердің кінәсінен сотталғандарға келтірілген залалдар туралы талапты (ҚР ҚАК 94.Зт.), жазасын өтеу уақытында сотталушы мемлекетке зиян келтіру туралы түзеу мекемесінің арызын қарастырғанда (ҚАК 98 бап.)

Жазаны атқару мекемелері мен органдарының қызметіне ведомствалық бақылау жүргізіледі. Жазаны атқарушы мекемелер мен органдардың қызметіне жоғары тұрған басқару органдары мен лауазымды адамдардың тарапынан ведомствалық бақылау жүзеге асырылады. Ведомствалық бақылауды жүзеге асыру тәртібі нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді.

Бұдан бұрын да белсенді түрде жүзеге асырылып жүрген ведомствалық бақылау, қылмыстық-атқару заңында алғаш рет жазаны атқарушы органдар мен мекемелерге бекітілді. Жазаны атқарушы органдар мен мекемелер ІІМ-нің (түзеу мекемелері, қамау үйлері, түзеу орталықтары, қылмыстық-атқару инспекциялары), Қорғаныс министірлігі (абақты гарнизонының командованиясы, әскери бөлімдер, мекемелер) жүйесіне енеді. Аталған органдар ведомствалық бақылауды анықтайтын нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды.

Жазаны атқарушы органдар мен мекемелерді бақылау жүргізуді реттейтін ведомствалық нормативтік құқықтық актілері: сотталғандардың заңды мүдделері мен құқығын сақтауда және жазаны атқаруда заң мен басқа нормативтік актілердің сақталуын; жазаны атқарушы органдар мен мекемелердің, сотталғандардың және басқа адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Ведомствалық бақылауда сотталғандармен жүргізілетін тәрбиелік жұмыстың ұйымдастырылуы және олардың еңбек әрекеті, осы мекемелердің әкімшілігінің жұртшылық және мемлекеттік органдармен өзара қатынасы бағаланады.

Алдына қойылған міндеттерге жету үшін анықталған кемшіліктерді шеттету туралы нақты шара қолдану көзделіп, олардың пайда болуының себебі мен салдарын анықтау бойынша жазаны атқарушы органдар мен мекеме әкімшілігі қызметін бағалау бақылау негізінде жүзеге асады.

Әскери қызметтегілерге қатысты жазаны атқарушы мекемелер мен органдардың қызметін бақылау Қорғаныс министірлігі, бөлім командирлері, әскери жарғы мен ҚР Қорғаныс министірлігі және ҚР Үкіметі қабылданған басқа да нормативтік құқықтық актілер негізінде жүзеге асады.

Бас бостандығын шектеу және айыру, түзеу және қоғамдық жұмыстар, сондай-ақ шартты соттау жазасын атқарушы мекемелер мен органдардың қызметін бақылауды ІІМ, атап айтсақ ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесінің комитеті жүзеге асырады. Жоғарыда аталған мекемелер мен органдардың бақылау нысандары: статистикалық есептілік талдауы, қаржылық-шаруашылық немесе өндірістік саланы тексеру (ревизия), жазаны атқарушы мекемелер мен органдарды тікелей инспекциялау, шағымдарды, өтініштер мен ұсыныстарды тексеріп, тиісті шешім қабылдау болып табылады. Қылмыстық-атқару ісін жүргізудегі қадағалауды прокуратура жүргізеді. Дәлірек айтқанда жазаны атқарушы мекемелер мен органдар әкімшілігінің заңдарды сақтауын қадағалауды ҚР заңдарына сәйкес ҚР Бас Прокуроры мен оған бағынышты прокурорлар жүзеге асырады.

Прокуратура мемлекет атынан ҚР Президентінің нұсқауларын және Республика аумағында өзге де нормативтік құқықтық актілерді, жедел іздестіру қызметінің, анықтаушы мен тергеушінің, іс жүргізуші және әкімшіліктің заңды дәл және біркелкі қолдануын қадағалайды. Сонымен бірге, қылмыстық-атқару ісін жүргізудің пәні болып түзеу мекемесінде және басқа да жазаларын өтеу орнындағы жерлерде заңмен бекітілген құқы, бостандығы мен міндеттерін бас бостандығынан айыруға байланысты емес, жаза атқарудың заңдылығын сақтау болады.

Қадағалауды жүзеге асыруда ерекше назар ҚР ҚАК сотталғандардың құқықтық жағдайын, материалдық-тұрмыстық жағынан қамтамасыз етілуі мен медициналық қызмет көрсетулерін анықтайтын ережесінің сақталуына басты назар аударылады.

ҚР Заңы прокуратураға заңды сақталуын тексеру кезінде зор мүмкіншіліктер берген. Қадағалауды жүзеге асырушы прокурор, кез-келген уақытта жазаны атқарушы органдар мен мекемелерге келуге, сотталғандардан сұрақ-жауап алуға, жедел материалдармен және қай құжаттың негізінде сотталып, жазасын өтеп жүргендіктерін тексереді.

Прокурор әкімшіліктен жазасын өтеп жүрген сотталғандарға құқығын қамтамасыз ететін жағдау тудыруды талап ете алады.

Жазаны атқарушы органдар мен мекемелердегі әкімшіліктің бұйрықтары, өкімдері және қаулыларының заңға сәйкестігін тексеріп, лауазымды тұлғалардан түсініктеме талап етуге, ұсыныс пен наразылық білдіруге, әкімшіліктің құқық бұзушылығы жайлы іс жүргізіп, қылмыстық іс қозғауға құқы бар. Прокурор өз қаулыларымен заңды бұзған сотталғандарға салынған тәртіптік жазалауды өзгертуге, жедел тәртіптік немесе айыптық оқшаулау орындарында, камералық үлгідегі үй-жайларда және жалғыз адамдық камерада ұстау орындарынан босата алады.

Прокурор немесе оның орынбасары өз қаулыларымен жазаны атқарушы орындарда заңды негізсіз отырған әрбір адамды дереу босатуы тиіс. Прокурордың талабы мен қаулысы жазаны атқарушы органдар мен мекемелер әкімшілігі үшін міндетті түрде орындауға жатады. Осы сияқты өкілеттік өз құзыреті шегінде жазаны орындау кезінде заңның сақталуын қадағалауды жүзеге асыру бойынша Бас Прокурор мен оның орынбасарларына, төмендегі прокурор мен оның орынбасарларына, айырықша тапсырма бойынша прокурордың көмекшілері, аға прокурор мен прокурорға, басқарма мен бөлімдердің аға қылмыстық прокуроры мен қылмыстық прокурорына берілген.

ҚР ҚАК прокурорларға жазаны орындауға байланысты мәселелерде қосымша өкілеттік ұсынады. Олар негізінен сотталушыға бас бостандығынан шектеу түріндегі жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы мәселені шешу кезінде оны ішкі істер органы прокурордың санкциясымен жазаны өтеуден жалтаруды болғызбау және материалдарды сотқа беру мақсатында 15 тәулікке дейінгі мерзімге ұстауы мүмкін. ҚР Бас Прокурорымен келісе отырып, түзеу мекемелерінде ерекше жағдайлар режимі енгізіледі. (ҚР ҚАК 80-б. 3-т.)

Өлім жазасының заңды түрде атқаруды қадағалауда прокурордың рөлі артты. Сотталушы кешірім жасау туралы өтініш беруден бас тартқан жағдайда түзеу мекемесінің әкімшілігі прокурордың қатысуымен тиісті акт жасайды (ҚАК 165б.3т.). Сондай-ақ, өлім жазасын орындау кезінде прокурор қатысады (167 б.2 т.). Демократиялық мемлекетте қоғамдық бақылаудың маңызы зор. Бұл тұрғыда ҚАК 19-1 бабында облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) қоғамдық бақылау комиссиялары туралы айтылған. Қоғамдық бақылау комиссиясы түзеу мекемелері мен тергеу изоляторында ұсталатын адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруына жәрдемдесу мақсатында құрылады.

Сондықтан, қоғамдық бақылауды жүзеге асырған кезде түзеу мекемелері мен тергеу изоляторларының қызметіне, сондай-ақ жедел-іздестіру, қылмыстық іс жүргізу қызметі мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу жөніндегі қызметіне араласуға жол берілмейді. Қоғамдық байқау комиссиясының заңмен белгіленген құқықтары бар, біріншіден, түзеу мекемелері мен тергеу изоляторларына қоғамдық байқау комиссиясының кемінде екі мүшесі құрамында қылмыстық-атқару жүйесінің уәкілетті органы белгілеген тәртіппен кедергісіз кіруге құқылы.

Екіншіден, қоғамдық байқау комиссия мүшелері сотталғандармен олардың келісімі болған кезде әңгімелесуге, сондай-ақ олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылу мәселелері жөніндегі өтініштері мен шағымдарын қабылдауға құқылы. Үшіншіден, түзеу мекемелері мен тергеу изоляторларындағы адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты мәселелер жөнінде түзеу мекемлері мен тергеу изоляторларының әкімшілігіне, сондай-ақ прокуратураға өтініш жасауға құқылы. Сонымен, жазаны атқарушы мекемлер мен органдарының қызметтерін бақылаушылар нысандары әр алуан болуының ең басты мақсаты сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерін заң негізінде қорғау, заң бұзушылыққа жол бермеу болып табылады.

6-тақырып. Сотталушыны қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларды атқару тәртібі және шарттары

Пробация қызметі тиісті сот өкімі үкім көшірмесімен келіп түскен күнінен бастап он күндік мерзімнен кешіктірмей қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаға сотталғанды шақырады және сотталғанның тұрғылықты жері бойынша, сотталғанның қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаны өтеу орны бойынша жергілікті атқарушы органдарға қоғамдық жұмыстарды орындау үшін осы Қағидаға 28-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама - жолдама береді.

Сотталғандардың қоғамдық жұмыстарды орындауын бақылауды сотталғанның тұрғылықты жері бойынша Пробация қызметі жүзеге асырады.

Қоғамдық жұмыстарға сотталғанның негізгі жұмыс орны бойынша Пробация қызметі қоғамдық жұмыстар уақытында оны жұмыстан босату туралы хабарлама жолдайды.

Пробация қызметі сотталғанды жергілікті атқарушы органдарға жолдаған кезде оған анықтама-жолдаманы береді.

Анықтама-жолдамада сотталғанның сауалнамалық деректерi, оның тұрғылықты жерi мен негiзгi жұмыс (оқу) орны, оның Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - Қазақстан Республикасы ҚК) қандай бабы бойынша сотталғаны, қоғамдық жұмыс мерзімі (сағатпен), сотталғанның жергілікті атқарушы органға келу күні, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің (бұдан әрі - Қазақстан Республикасы ҚАК) 58-бабына сәйкес оны есептеу тәртібі, Қазақстан Республикасы ҚАК-тың 62-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органның мiндеттерi көрсетіледі.

Сотталғандардың еңбегін пайдалану өтеусіз негізде жүзеге асырылады және белгілі бір біліктілікті талап етпейді.

Анықтама-жолдаманың көшірмесі, қоғамдық жұмыстарды орындау үшін жұмысқа қабылдау туралы жергілікті атқарушы органның бұйрығынан үзіндісі, атқарылған жұмыс уақытын есепке алу табелі және басқа да материалдар (оның ішінде хабарламалар, ілеспе хаттар және т.б.) сотталғанның жеке ісіне тігіледі.

Сотталғандар қандай да бір арнайы дайындықты қажет етпейтін аумақты абаттандыруға байланысты қоғамдық-пайдалы жұмыстарға тартылады.

Қоғамдық жұмыстар түріндегі жазаны өтеуші сотталған тұрғылықты жерiн ауыстырған кезінде тез арада ол туралы Пробация қызметін хабардар етеді, ол сотталғанның жаңа тұрғылықты жерi бойынша Пробация қызметіне тиісті сұрау жолдайды.

Растауды алғаннан кейін Пробация қызметі жергілікті атқарушы органға қоғамдық жұмысқа сотталғанды жұмыстан босату туралы ұсыныс, ал жеке істі және есепке алу құжаттарын сотталғанның жаңа тұрғылықты жерi бойынша Пробация қызметіне жолдайды.

Сотталғанның жаңа тұрғылықты жерi бойынша Пробация қызметі жеке істі және есепке алу карточкасын алғаны туралы растау хат жолдайды және сотталғанның жаңа тұрғылықты жері бойынша қоғамдық жұмыстарды орындауы үшін сотталғанға анықтама-жолдама береді.

Сотталған тұрғылықты жерін қызмет көрсетілетін ауданның (қаланың) шегінде ауыстырған жағдайда, ол Пробация қызметінің есебiнен шығарылмайды.

Қоғамдық жұмыстар сотталған оларды орындаған кезде негізгі жұмыс орны бойынша еңбек ету міндеттерінен босата отырып не оқудан бос уақытта күніне төрт сағаттан аспайтын шамада орындалады.

Тұрақты жұмыс орны жоқ және оқу орнында оқымайтын сотталған қоғамдық жұмыстарды күнiне сегiз сағатқа дейін орындайды, бірақ аптасына қырық сағаттан аспауы тиіс.

Сотталғанға негiзгi жұмыс орны бойынша кезекті демалыс беру қоғамдық жұмыстарды орындауды тоқтатпайды.

Жергілікті атқарушы орган анықтама-жолдаманы алған күнi қоғамдық жұмыстарды өтеу мерзiмiнiң басталуы болып табылады.

Мынадай дәлелдi себептер болған жағдайда, Пробация қызметі:

сотталған адам сырқаттанғанда (медициналық анықтама);

сотталған дәлелдi себептер бойынша тұрақты тұратын жерiнен уақытша шығып кеткен кезде (әскери жиындарға тарту, жақын туысқандарының ауыр сырқаты немесе қайтыс болуы) сотталғанға апта iшiнде аз сағат жұмыс iстеуге рұқсат беру туралы шешім шығарады.

Сотталған адам медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының қорытындысы бойынша бірінші немесе екінші топтағы мүгедек деп танылған жағдайда, Пробация қызметі сотқа оны жазасын одан әрi өтеуден босату туралы осы Қағидаға 30-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыным жолдайды.

Сотталған әйел жаза өтеу кезеңiнде жүктi болған жағдайда, жүктiлiгi мен тууы бойынша демалыс ұсынған күнінен бастап, Пробация қызметі осы Қағидаға 30-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сотқа оған жаза өтеудi кейiнге қалдыру туралы ұсыным жолдайды. Бұл ретте сотқа ұсыныммен бiрге сотталған әйелдiң жүктiлiгi мен тууына байланысты оны жұмыстан босату күнін көрсете отырып, жұмыс орны берген анықтама мен медициналық мекеменің анықтамасы жiберiледi.

Сотталғанның тарапынан жазаны өтеудiң тәртiбi және шарттары бұзылған жағдайда, Пробация қызметі осы Қағидаға 29-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жауапкершілік туралы жазбаша ескерту шығарады, онымен сотталған адам қолын қойып танысады, содан кейін ол жеке iске тiгiледi.

Сотталған жазаны өтеуден жалтарған кезде, Пробация қызметі Қазақстан Республикасы ҚК-нің 43-бабының 2-бөлiгiне сәйкес қоғамдық жұмыстарды қамаумен ауыстыру туралы ұсынымды осы Қағидаға 30-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сотқа жiбередi.

Сотталған жазаны өтеуден жалтарғаны үшiн соңғы заң бұзушылық анықталған күннен бастап бір ай iшiнде қоғамдық жұмыстарды ауыстыру туралы сотқа ұсыным жiберiледi.

Пробация қызметі сотқа қоғамдық жұмыстарды басқа жаза түрлерiмен ауыстыру туралы дәйектi және дәлелдi ұсынымнан басқа қосымша мынадай құжаттарды: сотталғанның өзi жазған жазбаша түсiнiктемені, қоғамдық жұмыстарды өтеу орны бойынша жергілікті атқарушы органның мінездеме беретін материалдары мен анықтамасын, сотталғанға әкiмшiлiк және тәртiптiк жауапкершілік шараларын қолдану туралы мәлiметтерді жолдайды.

Сотталған жазаны өтеуден жалтарғаны үшiн қоғамдық жұмыстарын ауыстыру туралы ұсыным сотқа қайта жасалған бұзушылық анықталғаннан кейiн он бес күн iшiнде, ал тұрғылықты жерiнен бой тасалаған адамдарға қатысты бастапқы iздестіру шаралары жүргiзiлгеннен кейiн жолданады.

Тұрғылықты жерiнен бой тасалаған, орналасқан жерi белгiсiз сотталғанға қатысты Пробация қызметі бастапқы iздестіру iс-шараларын жүзеге асырады және оған iздестіру жариялау туралы осы Қағидаға 30-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сотқа ұсыным енгізеді.

Түзеу жұмыстары түрiндегi жазаны орындау тәртібі

Түзеу жұмыстары сотталғанның негізгі жұмыс орыны бойынша мемлекет кірісіне жалақының (ақшалай ұстаудың) жиырма пайызынан қырық пайызына дейінгі сомасын сот өкіміне сәйкес жаза мөлшерін толық өтегенге дейін ай сайын аудару арқылы орындалады.

Түзеу жұмыстарына сотталғандар жазаны өтеуге Пробация қызметіне үкiмнiң, қаулының көшiрмесiмен соттың тиiстi өкiмi келiп түскен күннен бастап он бес күндік мерзiмнен кешiктiрмей тартылады.

Жұмысы жоқ сотталғандарға Пробация қызметі жұмысқа орналасудың және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 15-тармағына сәйкес жұмыссыздар ретінде тіркелудің қажеттігін түсіндіреді.

Түзеу жұмыстары түрiндегi жазаның орындалуын сотталғандардың негiзгi жұмыс орны бойынша Пробация қызметі жүзеге асырады.

Сотталған ҚР ҚАК 53-бабының 1-тармағында көзделген талаптарды сақтамаған жағдайда түзеу жұмыстарына сотталғанға осы Қағидаға 29-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Пробация қызметі түзеу жұмыстарын басқа жазамен ауыстыру мүмкiндiгi туралы жазбаша ескерту жасайды.

Түзеу жұмыстарына сотталған адамдардың құжаттарын ресімдеп, сотталғанның жұмыс орнын алдын ала нақтылап, Пробация қызметі сол күні осы ұйымның әкiмшiлiгiне хабарлама, ұйғарым және үкiмнiң көшiрмесiн осы Қағидаға 32-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолдайды.

Сотталғанның сырқаттануы үздіксіз төрт айдан аса жалғасқан, оны бірінші және екінші топтағы мүгедек деп таныған жағдайда, Пробация қызметі осы Қағидаға 30-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сотқа жазасын одан әрі өтеуден босату туралы ұсыным енгізедi.

Сотталған әйел жазасын өтеу кезеңiнде аяғы ауыр болған жағдайда Пробация қызметі сотқа жүктiлiгi мен тууы бойынша демалыс берiлген уақыттан бастап, оның жазасын өтеудi кейiнге қалдыру туралы осы Қағидаға 30-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыным жолдайды. Бұл ретте сотқа ұсыныммен қоса: сотталған әйелдiң жұмыс орнынан жүктiлiгi мен тууына байланысты жұмыстан босатылған күнi көрсетiлген анықтама, тұрғылықты жерiнен, емдеу мекемесінен анықтама жiберiледi.

Зейнеткерлік демалысына шыққан және жұмысты тоқтатқан адамға қатысты Пробация қызметі үкiмінiң одан әрi атқарылуы туралы мәселенi шешу үшiн сотқа жүгiнедi.

Сотталғандардың еңбекақысынан ұстап қалу сот үкiмiмен белгiленген мөлшерде жүргiзiледi. Түзеу жұмыстарына сотталғандардың еңбекақысынан ұстап қалуды жүргiзудiң басталуы жазаны өтеу мерзiмiнiң басталған күнi болып саналады.

Ұстап қалу жалақы төлеу кезiнде барлық жұмыс iстеген ай үшiн атқару құжаттары бойынша сотталғанға наразылықтың болуына қарамастан, негiзгi жұмыс орны бойынша жалақының барлық түрiне жүргiзiледi.

Бұл ретте ұстап қалу әрбiр жұмыс iстеген ай үшiн айдың екiншi жартысына еңбекақы төленген кезде, ал жұмыстан босатылған кезде айдың жұмыс iстеген бөлiгi үшiн жүргiзiледi.

Әскери жиынға шақырылған сотталғандардан ұстап қалу, оған жұмыс орны бойынша төленетiн еңбекақысынан жүргiзiледi.

Төлем тапсырыстарымен бiр мезгiлде Пробация қызметіне жүргiзiлген ұстап қалу бойынша есептеу мәлiметтерi осы Қағидаға 33-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолданады. Есептеу мәлiметтерi төлем тапсырысының бетiнде, сол сияқты сырт жағында көрсетiледi.

Пробация қызметі ай сайын есепке алу карточкалары бойынша сотталғандардың жалақысынан дұрыс және уақтылы ұстап қалуын және ұсталған соманың мемлекет кiрiсiне аударылуын тексередi және бұзушылықтар анықталған жағдайда оларды жою бойынша шаралар қабылдайды.

Ұйым әкімшілігі үш айдан аса сотталғанның жалақысынан уақытылы соманы ұстап қалмаған және ұсталған соманы мемлекет кірісіне аудармаған жағдайда, Пробация қызметі прокурорлық ықпал ету шараларын қолдану үшін прокуратура органдарына жүгiнеді.

Пробация қызметі кемінде тоқсанына бiр рет сотталғандардың еңбекақыларынан ұстап қалудың дұрыстығын тiкелей олардың жұмыс орны бойынша тексередi. Тексеру нәтижелерi туралы осы Қағидаға 34-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екi данада акт жасалады, оның бiрi ұйымда, ал екiншiсi ұйым әкiмшiлiгi өкiлiнiң актiмен танысқаны туралы белгiсімен Пробация қызметінде сақталады және анықталған кемшiлiктердiң жойылуын бақылау үшiн пайдаланылады.

Пробация қызметіне алдын ала хабарламай сотталғанды жұмыстан босатқан, сотталғанның жұмысы туралы, оның еңбекақысы және жүргiзiлген ұстап қалу туралы есептеу мәлiметтерi бұрмаланған жағдайда, Пробация қызметі ол туралы прокурорлық ден қою шараларын қолдану үшін прокуратураға жазбаша түрде хабарлайды.

Сотталғандардың еңбекақысынан ұсталған сомалардың аударылуы және жұмыс iстеген күндер саны туралы мәлiметтер жеке iстерге тiгiлетiн төлем тапсырмаларының көшiрмелері мен есеп-айырысу мәлiметтері негiзiнде олардың есепке алу карточкаларына енгiзiледi, ал сотталғандардың есепке алу карточкаларында осы құжаттар iске тiгiлген реттiк нөмiрге сiлтеме жасалады.

Пробация қызметі жаза мерзімінің аяқталған күнiнде, ал бұл жазадан басқа негiздер бойынша босатылған жағдайда тиiстi құжаттарды алған соң келесi жұмыс күнiнен кешiктiрмей сотталған жазасын өтеп жүрген ұйымның әкiмшiлiгiн оның жалақысынан ұстап қалуларды тоқтату туралы осы Қағидаға 35-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша хабардар етiледi. Сотталғанға жазаны өтегенi туралы немесе жазадан босатылғаны туралы анықтама осы Қағидаға 36-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берiледi.

Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеуден жалтарған не жұмысынан айырылған немесе еңбек шарты бұзылған күннен бастап үш ай бойы жұмысқа орналаспаған сотталғанға қатысты осы Қағидаға 30-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Пробация қызметі қылмыстық қылықтары үшін тағайындалған жазаның орындалмаған бөлігін - қоғамдық жұмыстарға тартумен не қамауға алумен, ал қылмыс үшін тағайындалған жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы сотқа ұсыным жолдайды.

Ұсынымда сотталғанның жазаны өтеуден жалтару кезіндегі нақты фактiлерi: жұмысқа келмеген күндері, жұмыстан босатылғаннан кейiн қанша уақыт жұмысқа орналаспағаны немесе жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi өкiлеттi органдарға есепке тұрған-тұрмағандығы жөнінде, Пробация қызметінің шақыруы бойынша дәлелсіз себептермен келмеуi, белгiленген міндеттерді бұзғаны, жұмыс орны, тұрғылықты жерi және Пробация қызметі тарапынан қандай ықпал ету шараларының қолданылғаны, оның оларға қалай ден қойғаны көрсетіледі. Ұсынымға сотталғанның жұмыс орны мен тұрғылықты жерiнен мiнездеме, сотталғанның түсiнiктемесi және өзге де құжаттар қоса берiледi.

Орналасқан жерi белгiсiз сотталғанға қатысты ұсынымда оның жазасын өтеуден жалтару мақсатында бой тасалағаны туралы қолда бар мәлiметтер және бастапқы iздестіру іс-шараларының нәтижелерi көрсетiледi.

Тұрғылықты жерiнен бой тасалаған, орналасқан жерi белгiсiз сотталғанға қатысты Пробация қызметі бастапқы іздестіру iс-шараларын жүзеге асырады және оған iздестіру жариялау туралы осы Қағидаға 30-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сотқа ұсыным енгізеді.