Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Уголовно исполнительное право каз.docx
Скачиваний:
74
Добавлен:
30.03.2016
Размер:
202.33 Кб
Скачать

Шартты түрде сотталған адамдардың мiнез-құлқынпробациялық бақылауды жүзеге асыру тәртібі

Пробациялық бақылау мерзiмi iшiнде шартты түрде сотталған адамдардың мiнез-құлқын бақылауды, олардың тұрғылықты жері, жұмыс және оқу орны бойынша Пробация қызметі жүзеге асырады.

Пробация қызметi пробациялық бақылауда тұрған шартты түрде сотталған адамды есепке қойған кезде:

1) денсаулық жағдайын, бiлiм деңгейiн және жұмыспен қамтылуын, тұрғылықты жерiнiң бар-жоғын анықтай отырып, сотталған адамның жеке басын зерделеуді жүргізеді, сондай-ақ оған ұсынылатын әлеуметтiк-құқықтық көмектiң көлемiн айқындауға қажеттi өзге де мәлiметтердi анықтайды;

2) әлеуметтiк-құқықтық көмекті ұсыну және оны алудан бас тарту, оған қатысты пробациялық бақылауды жүзеге асыру және тоқтату тәртiбiн түсiндiредi, сондай-ақ тiркелу үшiн пробация қызметiне келу күндерiн белгiлейдi;

3) сот жүктеген мiндеттердi орындау тәртiбiн, оларды орындамағаны, сондай-ақ пробациялық бақылау тәртiбiн бұзғаны үшiн жауапқа тарту тәртiбiн түсiндiредi.

Бұдан кейін, осы Қағидаға 26-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шартты түрде сотталған адамнан қолхат алынады, ол шартты түрде сотталған адамның бақылау ісіне тігіледі.

Пробация қызметінің қызметкері әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуден басқа, сот жүктеген міндеттерді шартты түрде сотталған адамның қалай орындайтынын бақылайды.

Шартты түрде сотталған адам пробациялық бақылаудан жалтарған жағдайда, Пробация қызметі оның орналасқан жерi мен жалтару себептерiн анықтау бойынша бастапқы іс-шараларды жүргiзедi.

Шартты түрде сотталған адамға қосымша жаза ретінде қоғамдық жұмыстарға тарту және белгiлi бір лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру тағайындалған кезде Пробация қызметі осы жаза түрінің талаптарына сәйкес iс-шараларды толық көлемде жүзеге асырады.

Пробациялық бақылау мерзiмi кезінде шартты түрде сотталған адамдардың мiнез-құлқын бақылау мақсатында Пробация қызметі:

1) шартты түрде сотталған адамдармен кемінде айына бір рет профилактикалық әңгімелесулер жүргізеді;

2) сотталғандар тарапынан қоғамдық тәртіпке, адамгершілікке, кәмелетке толмағандардың құқықтарына, жеке тұлғаға қол сұғатын, отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық және қайта қылмыс жасауына жол бермеуге шаралар қабылдайды;

3) ай сайын сотталғанды ІІО-ның есептері, сондай-ақ аумақтық ҚСжАЕК есептері бойынша өзіне сол үшiн әкiмшiлiк жаза қолданылған, қоғамдық тәртiп пен адамгершілікке, кәмелетке толмағандардың құқықтарына, жеке тұлғаға қол сұғатын, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағанына, жаңа қылмыстар жасағанына немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылғанына тексеріс жүргізеді;

4) шартты түрде сотталған адамдардың мiнез-құлқына және оларға сот жүктеген міндеттердің сақталуына қатысты құқық қорғау және өзге де органдармен, мекемелермен ақпаратпен алмасуды, бірлескен профилактикалық іс-шаралар жүргізуді тұрақты негізде жүзеге асырады.

Егер шартты түрде сотталған адам пробациялық бақылау мерзiмi аяқталғанға дейiн өзiнiң мiнез-құлқымен түзелгенiн дәлелдесе, онда белгiленген мерзiмiнiң кемiнде жартысы өткен кезде Пробация қызметі осы Қағидаға 30-қосымшағасәйкес нысан бойынша сотқа ұсыным енгізеді.

Ұсынымда шартты түрде сотталған адамның жеке басын, оның мiнез-құлқын сипаттайтын деректер баяндалады және шартты түрде соттаудың күшін жою мен сотталған адамнан соттылықты алып тастау туралы мәселе қойылады.

Шартты түрде сотталған адам ҚР ҚАК 176-бабының1-тармағында көзделген бұзушылықтарды жасаған кезде Пробация қызметі осы Қағидаға30-қосымшағасәйкес нысан бойынша сотқа пробациялық бақылаудың мерзімін ұзарту, ал кәмелетке толмағандарға қатысты алты айдан аспайтын мерзімге ұзарту туралы ұсыным енгізеді.

Бұған қоса, осы тармақта көрсетілген бұзушылықтарға қайта жол берген жағдайда осы Қағидаға 29-қосымшағасәйкес шартты түрде сотталған адамға шартты түрде соттаудың күшін жою мүмкіндігі туралы жазбаша түрде ескерту шығарады.

Шартты түрде сотталған адам оған сот жүктеген мiндеттердi орындамаған немесе ҚР ҚАК 176-бабының 1-тармағында көрсетілген бұзушылықтарды қайта жасаған жағдайда, сондай-ақ ол пробациялық бақылаудан жасырынса, Пробация қызметі осы Қағидаға 30-қосымшағасәйкес нысан бойынша сотқа шартты түрде соттаудың күшiн жою және сот үкімімен тағайындалған жазаны орындау, ал кәмелетке толмаған сотталғанға қатысты – пробациялық бақылау мерзімін ұзарту, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімге ұзарту туралы ұсынымды жолдайды.

Ұсынымға шартты түрде сотталған адамның жұмыс орнынан, оқу орнынан және тұрғылықты жерiнен берілген мiнездеме, Пробация қызметі қызметкерiнiң шартты түрде сотталған адамның мiнез-құлқы, оның тұрмыс салты туралы баянаты, шартты түрде сотталған адамның түсiнiктемелерi және басқа да құжаттар қоса тіркеледі.

Егер шартты түрде сотталған адам бақылаудан жасырынған жағдайда, Пробация қызметі сотқа іздестіру жариялау және бұлтартпау шарасын қолдану туралы тиісті ұсыным жолдайды.

Пробациялық бақылау сот үкімінде белгіленген барлық мерзім ішінде жүзеге асырылады. Пробациялық бақылау мерзiмi өткеннен кейін Пробация қызметi шартты түрде сотталған адамды өз есебiнен шығарады.

Пробациялық бақылау мерзiмiнiң өтуi шартты түрде сотталған адамға iздестiру жариялау туралы сот қаулысының негізінде бастапқы іздестіру іс-шараларын жүргізуді бастаған кезден бастап тоқтатылады және сот қаулысы бойынша қайта басталады.

Пробациялық бақылау мерзімі сот үкiмi заңды күшiне енген күнінен бастап есептеледi.

7-тақырып. Қосымша жазаларды атқару