Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

На сортировку / 2 / Тарих / Азамат согысы мен партия реф

.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
44.03 Кб
Скачать

Азамат соғысы және партияның жеңiске ұшырауы.

8 жылға созылған жапондарға қарсы ұлт-азаттық соғыстың бiтуiмен ұлттық тәуелсiздiктi орнату мәселелерiнiң шешiмi Қытайға ешқандай бейбiтшiлiк әкелмейдi. Жапон әскерiнiң тiзе бүгуiнен кейiн КПК мен Тошилданның қарулы күштерiнiң қақтығысы 2 қыркүйектен кейiн де жалғасты. Бұл қимылдардың жалпықытайлық масштабты азаматтық соғысқа айналу қаупi тұрды.

КПК басшылығы соғыстың аяғында билiк үшiн Гоминьданмен күрес жүргiзуге бел буды. Ұлт-азаттық күрестiң аяқталу кезеңi КПК мен Гоминьданның соғысы “халықтық революция” деген атқа ие болды. КПК-ның VII съезд шешiмi партияның жаңа саяси бағытын көрсеттi. Маоистiк басқарма азаматтық соғыстың дамуын қолдады, ол КСРО-ның араласуына әкелетiн едi. Кеңес Үкiметiнiң қарсылығы КПК бақармасының өз тактикасын өзгертуiне әкелдi. Гоминьданмен саяси келiссөздердi жүргiзу мен соғысты созу – КПК-ның жаңа бағытқа ауысуына мүмкiндiк бердi.

КПК делегациясы Үунцинге келiссөздер жүргiзуге көшкенде, КПК ОК қарулы күштерге Солтүстiк Қытайда “жаулап алуға келетiннiң барлығын жаулап алу” жабық дериктивасын ұсынды.

Жаңа тарихи жағдайда соғыстан кейiнгi Қытайдың тағдырын Үунциндегi келiссөздер саяси күрестiң орталығы болып отыр. 1945 ж. тамызынан 1947 ж. наурызына дейiн созылған күресте Американдық *** КПК рұқсатымен бұл келiссөздерде делдал қызметiн атқарады. Әрине американдық билеушi топтар бұл жағдайда Гоминьданға елдегi саяси жағдайды басқаруға уақыт беру үшiн келiссөздер жүргiзiп отыр. Келiссөздердiң бiрiншi кезеңiнде достастық туралы келiсiм жасасты. Ал Қарулы күштердi бiрiктiру, азат етiлген аудандардағы билiк туралы мәселелер қарастырылмады. Алайда 1945 ж. күзде гоминьдан аудандарында азаматтық соғысты дамытпау, саяси өмiрдi демократизациялау ұраныдарымен демократияның қозғалысы күшейдi; бұл қозғалыс саяси жағдайға әсер етедi және әскери қақтығыстардың ары қарай болмауына әкеледi. 1945 жылы Мәскеуде КСРО, АҚШ, Ұлыбритания сыртқы iстер министрлерiнiң жиналысы өттi. Көтерген мәселелерi Қытайдағы азаматтық соғысты тоқтату және оның саяси өмiрiн демократизациялау. Жиналысқа қатысушылар Қытайдың iшкi iстерiне араласпау принципiн ұстануды жөн көрдi.

Дж. Маршалл Гоминьдан мен КПК-ны қайта келiсiмшарт жасауға отырғызды. 1946 ж. 10 10 ақпан күнi өткен келiссөздер нәтижесiнде саяси консультативтi конференция (СКК) құрылды. Ұзақ пiкiрталастардан кейiн СКК елдiң гоминьдандық билiктен демократиялық билiктен демократиялық билiкке өтетiндiгi туралы 31 ақпан күнi революция қабылданды. Бiрақ Гоминьдан шын мәнiсiнде саяси Мокомолиядан бас тартқысы келмедi. Гоминьдан 31 ақпан күнi резомоцияны қабылдады. Гоминьдан өзiнiң Әскери-саяси мүмкiндiктерiн жоғары бағалап, КПК-ның күнi дамып келе жатқанына қарамай барлық Қытай жерiнде азаматтық соғысты жүргiзудi жөн көрдi. 1946 ж. шiлдеде Гоминьдан әскерi жалпы шапқыншылығын бастады. Сол уақыттан бастап, әскери iстер бүкiл ел аумағын қамтыған азаматтық соғысқа айналды.

Тағы жарты жылға созылған келiссөздерге қарамастан, саяси проблемалар шешiмi әскери амалдар басып, бiрiншi қатараға шықты. Екi жақты достастыру, американдық делдалдық жоспардың барлығы текке кеттi. Ұзақ жылдарға созылған келiссөздер КПК-ның статусы жалпықытайлық саяси күнi ретiнде бекiтiлдi. АҚШ-тың өзi КПК-сыз елдiң болашақ саяси құрылысын елестете алмайтын болды. Гоминьданның келiссөздерде ешқандай келiсiмге келе алмауы, КПК-ны тек қытайлық емес сонымен қатар АҚШ-тың қоғамдық көзқарасында бейбiтшiлiк пен елдiң демократиялық жолмен бiрiншiретiн партия ретiнде болды. 1945 ж. қыста 1946 жылы жазда осы делдалдықтың арқасында КПК-ның қарулы күштерi бiраз тынығып алып, жалпы гоминьдандық шыпқыншылыққа дайын болды.

Гоминьдан режимiнiң дағдарысқа түсуi антижапондық соғыстың алғашқы жылдары басталған. Соғыс жылдары оның әлеуметтiк байланыстарының үзiлуi, гоминьдан элитасының әлсiреуi дағдарыстан шығуға мүмкiндiк бермедi.

Дағдарыс екi түрлi себептерден болды. Бiрiнiшiден, экономикалық өмiрi, шетелдiк және ұлттық капитал арқылы мемлекетiк секторды кеңейтемiн деп, командалық экономикалық салаларды түгелдей монополизациялады. Үшiншiден КПК мен қарым-қатынасының шиеленiсуi.

1947 жылы азаматтық соғыстың барысы өзгередi, КПК қатты тойтарыс бергендiгiмен, гоминьдан әскерi жеңiлiске ұшырап, гоминьдан дағдарысы жалғасады.

Режимнiң соңғы сүйенiшi гоминданьдық партиялық, мемлекеттiк, әскери аппаратының өзi күйзелiске ұшыраған. Осы аппараттардың әрқайсысында коррупция қатты дамып кеттi. Студенттiк көтерiлiстер гоминьданның “жоғарғы” топтарын дағдарысқа ұшыратты. Студенттер қоғамы әр уақытта Қытайда ұлттық проблемаларда бiрiншi болып көтерiлiске шығатын қауым болды.

Студенттік қозғалыстар 1947 ж. көктемі мен жазында жалғасын тауып жатты. Бұл толқулар бүкіл халықтың санасын оятты. КПК басшылығы кездейсоқтықтан студенттік көтерілістерді «екінші майдан» деп атаған жоқ. Жұмысшы таптың көтеріліс ең алдымен өзінің экономикалық қызығушылықтарын жоғалтып алмау үшін болып отырды. Бірте-бірте жұмысшылар көтерілісі саяси сипатқа ие болып, Гоминьдан партиясына қарсы, тәуелсіздік үшін күрес жүргізді.

1945 ж. бейбіт жолмен келісім жасау мен елді біріктіру ұрандарымен КПК өзінің жаңа саяси бағытын айқындайды. КПК мен Гоминьдан қарулы күштерінің арасындағы күресте КПК «өзін-өзі қорғау» ұранын тастайды. Партияның ішкі құжаттарында «өз-өзін қорғап, бар күшімен Гоминьданды шапқылау» пунктері кездесті. «Өзін-өзі қорғау» саясатын КПК келіссөздер жүргізген уақытша әлденіп алудың арқасында іске асыра алды. Маньчжурияда құрған базадан көмек алып отырды. Маньчжурия азат етілген соң КПК біраз қиындықтарға тап болды.

ҰАӘ-нің әскери сәттіліктері Гоминьдан режимін тез құлатуға, КПК беделін көтерді. 1948 жылы КПК жаңа мемлекет құру туралы мәселені алға қойды. 1948 ж. КПК оң шешімі бойынша саяси консультативті конференция құрылды. СКК арқылы КПК жаңа мемлекет құру идеясын басқа коммунистік емес қайраткерлер мен демократиялық мекемелердің қабылдауына әкелді.

Осының барлығының нәтижесінде КПК ПКК- ның жаңа бағдарламасын қабылдады. 1948 ж. КПК-мен басқа мекемелермен, азат етілген аудандардан демократиялық партия өкілдері келіп байланыс орната бастайды. ЕКК болса Гоминьдан режимінің құлатылғанын және жаңа мемлекет құру туралы жариялады.

Гоминьдандық мемлекеттің тез құлауы, Гоминьдан әскерінің ыдырауы, ҰАӘ-дің оңтүстікке тез жылжуы, КПК-ның Гоминьдандық аудандарда саяси партиясының әлсіз болу сияқты жаңа қиын мәселеге әкелді. Азаматтық соғысты тоқтату, саяси өмірді демократизациялау, Гоминьдан бірпартиялық биліктің жойылу ұрандарымен көтеріліске шыққан демократиялық партиялар мен топтардың, студенттік, әйелдердің және т.б. мекемелердің көтеріліске шығуын КПК барынша қолдап отырды.

КПК – азат еткен аудандарда әсері мықты болмады. Аграрлық рпеволюция ұранымен шаруалар қозғалысы олар күткендей болмады. Сол себептен де партизандық қозғалыс та әлсіз болды, құрамында 30 мың ғана адамы бар. Азат етілген аудандарда халық Гоминьдан билігіне қарсы қарулы түрмен шығады деп КПк ойламаған.

КПК осы уақытта жұмысшы тап пен жұмысшы қозғалысына деген көзқарасы қарама – қайшы еді. КПК жұмысшы тапты ұйымдастыру арқылы жұмысшылар қозғалысын бақылағысы келді. 1948 ж. Карбинде КПК бақылауымен профсоюздердің ҮІ съезді өткізілді, азат етілген аудандардың профсоюздері таныстырылды. Бүкілқытайлық профсоюздер федерациясы құрылып, басшысы Чэн Юань болды. Әрине азат етілген аудандардың экономикалық жағдайы нашар болды. КПК мен жаңа профсоюздер жұмысшылардың күнделікті қажеттіліктері мен жұмысшы таптың өз бетімен саяси тұрақтылығын жасау керек еді.

Азат етілген аудандарда Гоминьдан билігі мен революциялық күте болмады. КПК басқармасы сол жерлерге кадрларын дайындауға шамасы жетпеді. Екі амалы ғана қалды: көне билік аппаратын қолдану мен ҰАӘ әскерлерін жаңа билік аппаратын құруға қолдану. ҰАӘ кадрлары мен аппараты негізгі күш болды. Революциялық – саяси режим әскери - әкімшілік режим ретінде құрылды. Соғыстың соңғы кезеңінде ел алты үлкен әкімшілік аудандарға бөлінді: Солтүстік – Шығыс, Солтүстік, Солтүстік – Батыс, Оңтүстік – Батыс, Шығыс, Орталық – Оңтүстік. Провинциялар мен ірі қалаларда оларға әскери аппарат бар билікке ие болғандықтан, экономикалық, саяси қайта құруларды жүргізу керек болды.

Осылайша, революцияның жеңіске келуі екі мемлекеттік – саяси құрылыс пен екі әскердің соғысынан еді.

Ең басынан КПК екі әлеуметтік топтардан: жұмысшыдан құрылған партиялық «төменгі» және алдыңғы қатарлы интеллигенция «жоғарғы» топтар. Партия құрамы тез өсті, басқарушы партиялық орган жоғары болған сайын, құрамында жұмысшылар мен кедей шаруалар саны азайды.

Азаматтық соғыстың ұзаққа созылуы, партияның саяси жағынан белсенділік көрсетпейтін және оқымағандарды басқару партия кадрларының бірігіп, өздерін саяси элита сезінуіне әкелді. Пратияның басқарушы тобы әскериленге ұйым сияқты болды. Бұл мүшелер партияның кадрлық негізгі ганьбулардан тұрды.

КПК басқармасы өзіне «марксизм – ленинзмнің Қытай революциясы партиясымен бірігуі» деп мінездеме береді. Шын утопияның «Мао Цзедун идеяларынан» тұратын әлеуметтік – утопияның идеялар жиынтығы, маонизмнен тұрды.

Жеңіске жеткен соң КПК ішінде елді қандай жолмын билеу туралы пікірталас пайда болды. 1949 жылғы КПК ОК ІІ пленумының шешімі бойынша, партия жұмысын анықтау керек болды.

Мао Цзедунның докладында: «Қала ауылды басқаратын уақыт келді. Партия жұмысы ауылдан қалаға ауысты»- деп баса көрсетеді. Ауылды жерлерде мықты орналасқан партиялар үшін қалаға ауысу қиынға түсті. Мао Цзедун, Лю Щаоци сөздерінен ауылдан қалаға ауысқанымен, партияның әлеуметтік бағыттары еш өзгермейтіндігі айтылады.

Пленумда революция бағытына ерекше көңіл бөлінді. Доклад жасаушы: «жаңадемократиялық ревоюция» халықтық – демократиялық революция сөзімен ауыстырады. Гоминьданды құлатып, Мао Цзедун коммунистік қозғалыстың нағыз экономикалық, саяси мақсаттарын іске асыратын уақыт келді деп ойлайды. КПК құрамындағы паритяның көптеген мүшелері «жаңа демократиялық» концепцияны Қытайдың ұзақ уақыттан бері күткен жаңару саясаты ретінде түсінді.

Партияда екі түрлі түсініктің пайда болуы Қытайдың дамуы туралы екі түрлі пікір әкелді, алға қойған мақсаттардың бірі, Қытайды аграрлық елден индустриалдыға айналдыру, ұлы социалистік мемлекетті құру болды.

Жаңа мемлекеттегі нациалистік уклад туралы мынадай ойлар пайда болды: «Қытайда капитализмнің пайда болуы мен дамуы, еркін бақталастық пен еркін сауданың болуы мен дамуы, капиталистік елдердегідей шексіз болмайды, ол Қытайлық формаға ие болады». Жеке капиталға жаңа жаңа демократиялық қатынасты сақтау үшін, өзіндік «ерекше», «қытайлық», «суньянсендік»м капитализмді елдің социалистік құрылысына қолдану осы сөздерден анық көрінді.

Пленумның шешімі соғыс аяқталған соң КПК жұмысының негізі болды. Азаматтық соғыс жылдары КПК басшылығы Сунь Мисеннің аты мен идеяларына көп көңіл бөлді, «жаңа демократия» идеялары дамыды. Антиимпералистік шешімдер, біртұтас майданның бірігуі мен экономикалық мәселелерді шешу «Қытай революциясы әке» сөздеріне көп көңіл бөлгендіктен, революцияның жеңіске жету кезінде Мао Цзедун коммунистерді «Сунь Янсеннің ұрпағы» деп атады. КПК осыдан Гоминьданнан ұрандарын тартып алып, жалпыұлттық, жалпыдемократиялық ұрандарды түгелімен өзі қолданғысы келді. Азаматтық соғыс жылдары КПК оңшылдықтан бас тартып, өзінің практикалық саясатында утопиялық идеяларынан бас тартып, Қытай халқына жақын және түсінікті патриоттық, демократиялық мақсаттарын қойды.

Гоминьдандық режим құлатылып, ҰАӘ оңтүстікке баса – көктеп кіруі жаңа жерлерде билікті орнату, 1947 жылдың күзінде жаңа мемлекетті жария ету мәселесі туындайды. 21 қыркүйек ХСКК Пекинде жаңа мемлекеттің астанасы халықтың саяси консультативтік конференция құрылды. Сессия жаңа мемлекетті құру туралы бірқатар документтерді қабылдайды. Сонымен қатар КПК ОК ІІ пленумында қабылданған шешімдер уақытша консультация ролін атқарады. 30 қыркүйек сессия Мао Цзедун басқарған орталық халықтық үкіметті жариялайды. 1949 жылы 1 қазан күні пекиндік Тяньаньмэнь алаңында Қытай Халық Республикасы салтанатты түрде жарияланды.