Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / Тарих / большевизм.doc
Скачиваний:
26
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
382.46 Кб
Скачать

Әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университеті

Конференция баяндамасы

Тақырыбы: Қазақстандағы кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы ислам дініне қарсы бағытталған саясат және оның салдары

Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к. Абсеметова Ж.

Орындаған: Қожабеков Н.

Алматы 2006

М а з м ұ н ы

Кіріспе --------------------------------------------------------------------------3

1.тарау. Кеңес үкіметінің идеологиялық негізі және оны қоғамға енгізудің алғышарттары --------------------------------------------------11

1.1. Большевизм және атеистік идеология ------------------------------11

1.2. Қазақстанды атеистендірудің алғышарттары ---------------------22

2. тарау. Кеңес үкіметінің Қазақстанда мұсылман дініне қарсы жүргізген саясаты -----------------------------------------------------------29

2.1. Мұсылман дініне қарсы жүргізілген іс-шаралар -----------------29

2.2. Атеистендірудің рухани-мәдени салдары -------------------------38

Қорытынды ------------------------------------------------------------------46

Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі ---------------------------48

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: ХХ ғ. алғашқы жартысында қазақ халқы бодан болып отырған Ресей империасында ревалюциялық төңкеріс жасап билікке келген большевиктердің атеистік түсінікте болуы және ғылыми тұжырымдамаларының матералистік көзқарасқа негізделуі кеңестік қоғамтану ғылымында теріс тұжырымдар мен түсініктер қалыптастырды. Ол мәселен, дінді мәдениетке қарсы қою, көнеден келе жатқан діни дәстүрді жоққа шығару, оған қарсы құрал ретінде атеистік үгіт-насихатты кең түрде жүргізу, мәдениет пен руханияттың өзегі - әлем мойындаған діннің өзін түбегейлі жоққа шығарушылық, оның адамгершілік, ізгілікке бастар мәнін түсінбеу, оның орнына ешқандай тамыры да, бастау-көзі де жоқ «коммунистік қоғам» және «жаңа атеист адам» тәрбиелеу партияның түпкі мақсаты болды. Нәтижесінде КСРО-да бейрухани тарих пен дінсіз «социалистік» мәдениет жасалынды.

Бүгінгі таңда жетпіс жыл бойы адам санасына діннің күні бітті деген ойларды сіңірген, дінсіз Кеңес үкіметі жоқ. Саяси құрсаудан құтылған халық ой еркіндігін алғаннан кейін, қоғамдық санада діни мәселелермен байланысты ізденістер пайда болды. Қоғамдық ғылымдар саласында қоғам өміріндегі діннің қызметі және орны; қоғамдық тәрбие ісіндегі әр түрлі діндердің өнегелі құндылықтарын пайдалану мәселесі; діни бірлестіктер мен мемлекет арасындағы қарым-қатынас принціптеріне байланысты сұрақтар қарастырыла бастады. Көп ұлтты және көп дінді Қазақстан Республикасы үшін мұндай сұрақтардың нақты жауабын табудың қажеттілігі мол. Соның ішінде мемлекет пен дін арасындағы қатнастар мәселесін зерттеудің зор маңызы бар. Өйткені мемлекеттің тыныштығы мен халықтардың ынтымағын нығайту үшін мемлекетіміз өзінің діни ұйымдарға қатысты саясатын бүгінгі күннің талабына сай жүргізуі қажет. Ал бұл істі жүзеге асыруда өткен тарих тәжірибесін пайдаланған, яғни еліміздің тарихындағы белегілі бір кезеңдегі билік жүйесі мен діни ұйымдар арасындағы қатнастың тарихын зерттеп нәтижелерін пайдаға асырған жөн. Мемлекеттік басқару жүйесі мен діни ұйымдар арасындағы саяси қатнастың орнауы большевиктердің билікке келуімен тығыз байланысты болғандықтан зерттеудің хранологиялық шеңберін сол кезеңнен бастаған дұрыс.

Тәуелсіздік алғалы Қазақстанда мұсылман дінінің қайта өркендеу құбылысы байқалуда. Біріншіден, бұл біздің қоғамымыздағы еркіндікті қамтамасыз еткен демократияның жемісі болса, екіншіден, халқымыздың еркінен тыс айырылып қалған дәстүрлі рухани құндылықтарын жаңғыртуға деген ұмтылысының нәтижесі. Дәстүрлі рухани құндылықты жаңғыртуға деген ұмтылыс ұлттық сана-сезіміміздің қайта қайта қалыптасу құбылысының бір бөлігі болып табылады. Сондықтан бүгінгі таңда дін тарихының түрлі мәселелерін жаңаша зерттеу қажет. Қазақстандағы мұсылман діні мен большевиктер үкіметінің арасындағы саяси қарым-қатнасты зертеу еліміздің әр түрлі конфессиялармен қатнасындағы болашақ саясатын қалыптастыруда қателіктер жібермеуге көмектеседі. Ең негізгісі бұл мәселені зертеудің нәтижесі ұлтымыздың тарихи санасын қалпына келтіруде және ұлттық сана сезімді жаңғыртуда зор пайда келтіреді.

Тоталитаризм құрсауынан саяси азат болғаннан кейінгі сананы арылту мемлекет пен ғылым алдындағы үлкен мәселе. Төл тарихымыз бен төлтума мәдениетімізге қайта оралып, рухани жаңғыру үрдісінде осы діни тарихтың өзіндік орны бар. Осы орайда, Елбасы Н.Назарбаев «Тарих толқынында» атты еңбегінде: «Сөз жоқ, мәдени мұраның мәнді салаларының бірі ретінде діннің қалпына келуі, қазақ халқының рухани жаңғыруына тегеурінді ықпал етті...

Бұл тұрғыдан келгенде, Қазақстан формальді тұрғыда ғана зайырлы мемлекет емес, сонымен бірге іс жүзінде Қазақстан халқының төл табиғаты мен рухы, сана-сезімі дінге деген тарихи кеңшілікте қалыптасқан» деген ойлары осы мәселеге терең ден қоюға жетелейді. [1]

Осы негізде айту керек, күні кешегі кеңестік дәуірдегі қазақ халқының діни-рухани дамуының қасіретті тарихы өкінішке орай, назарымыздан тыс қалып келеді. Кеңес мемлекетінің Қазақстанда дінге қарсы жүргізген саясаты мен қимыл-әрекеттері мүлдем зерттелмеген. Басылып шыққан еңбектерде Кеңестік партия басшылығының дінге қатысты репрессиялық және идеологиялық-насихаттық негіздегі атеистік саясаты осы кезге дейін ашық көрсетілген емес. Сондықтан да тарих ғылымының кеңестану саласында КСРО-ның атеистік саясатының Қазақстандағы мән-мазмұны мен салдарын ашып көрсетуді бітіру жұмысымызға арқау еттік.

Мәселенің зерттелу деңгейі. Жалпы, дінге қатысты саясаты жөнінде тарихнама бұрыннан қалыптасқан. Осы кезге дейінгі мемлекет пен дін қатынасы контексінде қарастырған классик зерттеушілердің еңбектеріне ерекше тоқталған жөн. П.Марешаль, Э.Канэтти т.б. дін мен мемлекет байланысын ашып көрсеткен [2]. Ал қазіргі Ресей зерттеушілері: К.С.Гаджиев, А.Кураев, М.П.Мчедлов, Л.Р.Полонский, Е.П.Салыгин, Г.И.Эзрин, И.Н.Яблоков және қазақстандық зерттеушілер: А.И.Артемьев, Г.Н.Билялова, А.Косиченко, Г.А.Лупарева, Ж.А.Мурзалин, К.Л.Сыроежкин, Е.И.Шехтерман т.б. өз еңбектерінде мемлекеттің дінге қатысты саясатының бағыт-бағдарын талдап берген [3]. КСРО партиялық жүйесінің діни істерге араласуын қарастырып, оның саяси-құқықтық аспектілеріне тоқталып өтеді. Бұл бағыттағы зерттеулер мемлекет-дін арақатынасын және тарихын түсінуге мүмкіндік береді. Тарихнамада бұл зерттеулерді «дін-мемлекет қатынастары» шеңберіне жатқызуға болады.

Кеңес үкіметі мен мұсылман дінің саяси қарым-қатынасы туралы сөз қозғаған ғылыми еңбектердің негізгі тобы КСРО кезеңінде жарық көрген. Бұл еңбектердің барлығында партиялық өкіметтің әр түрлі конфессияларға қатысты саясаты мемлекет пен партия көзқарасы тұрысынан қаралды.

Кеңестік исламтанудың методологиясын қалыптастырудағы ғылымды идеологиаландыру 20-шы жылдардың басында қолға алынды. Себебі таптық күрес және пролетариат диктатурасын орнату идеясын бүкіл қоғамдық ғылым саласына енгізу большевиктердің негізгі міндеті болды. Исламтануды идеологияландыру ғылымның методологиялық негізін түбегейлі өзгерістерге ұшыратты. Атап айтсақ, ғылымда қоғамдық дамуды диалектикалық-матералистік тұрғыдан түсіну және оның басты түйінін қоғамдық-экономикалық фармация теориясы деп есептеу орын алды. Кеңестік исламтанушылар мұсылман дінінің пайда болуын және дамуын «маркстік-лениндік теорияда» беру талабында мұсылман дінінің тарихындағы негізгі оқиғаларды таптық күрес кескінінде түсіндіру жүйесіне келтірді.

20 жылдардың аяғы мен 30 жылдардың басында ислам дінін жоғарыдағыдай түсіндірумен қатар кеңес үкіметінің дін мен арадағы ұстанатын саясаты мәселелерін қарастырған еңбектер жарық көрді [4]. Бұл еңбектердің мазмұны, негізінен мұсылман дінінің кемелденген социалистік қоғамға қарсылық мәніндегі жағдайын және «діни контрревалюциямен» күрестің қажеттілігін түсіндіруге бағытталған. Аталмыш мәселеге байланысты кеңес үкіметінің алғашқы жылдарындағы Қазақстандық большевиктер партиясының қайраткерлері көтерген мұсылман дініне қатысты жеке пікірлері осы кездегі еңбектерге енгізілді [5]. 20-30 жылдардағы социалистік мемлекет пен мұсылман дінінің қарым-қатнасы жайындағы алғашқы еңбектерді көлемі жағынан аз және теориялық қорытындысы шашыраңқы болғанымен де, саяси ұшталған және дәлелді құжаттардың үлкен бастамасы ретінде бағалауға болады.

Қарастырылып отырған мәселе соғыс жылдарында зерттелмеді. Соғыстан кейінгі кезеңдегі кеңестік тарих ғылымының сапалық негізіне ретінде «Краткого курса истории ВКП(б)» концепциясы бекітілді. Сондықтан тарихшылардың барлығы өз еңбектерінде коммунистік партияның даңқты тарихын және сонымен қатар КСРО-дағы социализм жеңісін баяндауға икемделді.

50-ші жылдары КСРО-да коммунизмді құрудың жаңа кезеңінде партия мен мемлекет басшылығының күнтәртібіне қайтадан дінге қарсы күрес мәселесі қойылды. Онда дінді қоғамдық өмірден түбегейлі аластату міндеттелді. Бұл кеңестік ғылымда дін тарихына, мемлекет пен конфессия аралық қарым-қатынас мәселесіне ерекше көңіл бөлінуіне себепші болды. Сонымен қатар кеңестік тарих ғылымына жаңадан партия мен өкіметтің дінге қарсы күрестегі тарихи шешімдерін ғылыми түрде түсіндіру міндеті жүктелді. Аталмыш міндетке сай көтеріліп отырған мәселеге байланысты құжаттарды жүйелеуде және іздестіруде көп жұмыстар жасалды. Нәтижесінде 50-60-шы жылдары қарастырлып отырған тақырыпқа қатысты документтер мен материалдар жинақтары көптеп жарыққа шықты [6]. Бірақ, бір кемшілігі жоғарыдағы документтер мен материалдар жинақтарын құрастыру кезінде тоталитарлық идеологияның талабына сай «Краткого курса истории ВКП(б)» концепсиясына қайшы келетін кейбір ғылыми тәсілдерді ғылыми айналымға енгізбеу іске асырылды.

Осы кезеңде жазылған зертеу жұмыстарында кеңестік биліктің Қазақстандағы мұсылман дінімен қатынасында ұстанған саясатына байланысты мәселелерді біраз қарастырған еңбектер қатары жарық көрді [7]. Сонымен қатар аталмыш мәселеге тікелей арналған зерттеулер де баршылық [8]. Бұл еңбектерде сол кездегі ереже бойынша дінге қатысты өкімет саясатының тек билікке жағымды жағы ғана көрсетілген. Ал, олардың дін басылар мен құдайға сенушілерді жазалауға байланысты және көптеген діни ғимараттарды қиратуға байланысты істерінің жағымсыз жақтары белгілі бір күштердің ықпалымен айтқызылмады. Бірақ соған қарамастан бұл еңбектердегі мәліметтер бізді қызықтырып отырған кезеңдегі еліміздің қоғамдық-саяси дамуын және қарсы жүргізілген саясаттың іс жүзіндегі ерекшеліктерін анықтауға, сонымен қатар өкімет пен түрлі конфесия аралық байланыстың даму заңдылықтарын айқындауға көмектеседі.

70-80-ші жылдар кеңес дінтанушыларының ең нәтижелі еңбек еткен кезеңі болды. Бұл кезеңдегі зертеу еңбектерінен дін мен өкімет арасындағы қарым-қатынас мәселелерінің арнайы ғылыми маманданғанын байқауға болады. Мазмұндық ерекшелігін ескере отырып топтап қарастыратын болсақ, мәселен: атеистік тәрбиеге арналған еңбектер [9], ождан бостандығына арналған еңбектер [10] және халықты тікелей діни ойдан арылту мәселесінің іске асырылуына арналған зерттеулер жарық көрген [11]. Сонымен қатар осы жылдары Қазақстандағы мұсылман дінінің тарихы мен мәдениетіне байланысты зертеулер де жарық көрген [12]. Бұлардың барлығының мазмұнында атеистік бағыт орын алған. Сонымен қатар олар «ғылыми атеистік» тәрбиені күшейтуге және матералистік қөзқарас қалыптастыруға арналып жазылған. Ш.К.Шулембаев, Ш.Б.Амантуриннің еңбектерінде қазақ халқының әдет-ғұрыптары, мәдениеті, наным-сенімдері терең зертелген. Зерттеу барысында оларды қарапайым әдеттен пайда болған деп түсіндіре келе, бұл әдет-ғұрыптар мен наным-сенімдердің көбі мұсылман дініне дейін қалыптасқан деп тұжырымдайды. Дегенмен, бұл кезеңдегі еңбектерді түбегейлі жоққа шығаруға болмайды.

Қазақстанда мұсылман дініне қарсы жүргізілген партиялық өкімет саясатының ерекшелігін анықтауға 20-30-шы жылдары Қазақстандық большевиктер пратиясының қайраткерлердің қызметін зерттеген әдебиеттердің де қосар үлесі мол [13]. Бұл мәселемен айналысқан Григорьев В.К., Джагфаров Н.Р., Осипов В.П. еңбектері қанша идеологиялық ықпалда болды десекте, олардан партияның қызметі туралы нақты мәліметтер алуға болады. Сонымен қатар 70-80 жылдары 20-30-шы жылдардағы Қазақстандағы қоғамдық және философиялық ойдың дамуын және саяси идеялық күрестің тарихын қамтыған зерттеулерде жарық көрді [14]. Аталмыш еңбектер лениндік идеяның жемісін дәріптеуге негізделген. Бірақ, К.П. Бейсенбиев, Б. Елькеевтің еңбектерінде зерттеу объектілерінің бірі Қазақстандағы мұсылман дінінің идеясы және құдайға сенушілер болып табылады. Олар сонымен қатар өз еңбектерінде партиялық өкімет идеологиясы мен мұсылман дінінің идеялық қарама-қайшылығын қарастырған.

КСРО-да 1985 жылы қайта құрудың басталуы дінтануға, соның ішінде исламтануға мазмұндық сапалы өзгерістер алып келді. Қоғамға демократиялық принціптердің енгізілуі нәтижесіндегі еркіндіктің әсерінен халықтардың ұлттық санасының оянуы өздерінің тарихы мен мәдениетін білуге ынталандыды. КСРО-ның билеуші өкімет органдары мен әр түрлі конфессиялар арасындағы қарым-қатынас үлкен пікір-талас объектісіне айналды. Осы пікір-таластың нәтижесінде бізді қызықтырып отырған тақырыпқа байланысты жаңаша көзқараста қарастырылған еңбектер жарық көрді [15]. Бұл зертеулер жаңа консепциялармен жабдықталмаса да КСРО-дағы өкімет пен дін қатынасы тарихының көптеген белгісіз беттерін ашты. Мәселені жаңа, еркін ойдың ауқымында қарастырды. Өздерінің дінге байланысты пікірлерін бұрынғыдай біржақты тек жоққа шығарумен емес, гуманистік көзқараста білдіруге тырысты. Дегенмен, аталмыш еңбектер тарих ғылымының бір сатыдан екінші сапалық сатыға көтерілген өтпелі кезеңде болғандықтан әліде болса ескіше ойлау жүйесінде жазылды.

Қазақстан исламтану ғылымының саяси Тәуелсіздік кезеңіндегі тарихнамасына келер болсақ, алғашқылардың қатарына Р.М.Мұстафинаның монаграфиясын айуға болады. Онда қазақ халқының діни түсінігі мен әдет-ғұрпы, жалпы рухани мәдениеті қарастырылған. Тәуелсіздік кезінің алғашқы жылдарында көтеріліп отырған мәселеге байланысты зертеулер қатары негізінен мақалалар түрінде жарық көрді [16].

Ал, 90-шы жылдардың алғашқы жартысындағы арнайы зертеулерге А.Т.Тайыров және Е.М.Новопольцеваның еңбектері жатады. Оларда қарастырылып отырған мәселені жаңа концептуалдық бағытта, рухани құндылықтарды бағалаудың өзгерген формасында қарастыруға тырысқандық байқалады. Авторлар идеологиялық стереотиптің ықпалында болмағандықтан және зерттеу кезінде дереккөзінің мол қорын пайдаланғандықтан, бұл еңбектер бұрынғылармен салыстырғанда біршама сапалы өзгешеліктерге ие. А.Т.Тайыровтың еңбегінде 1980-90 жылдардағы республикамызда тараған әр түрлі діни ұйымдардың саяси-әлеуметік қарым-қатынасы баяндалса, ал Е.М.Новопольцева өз еңбегінде 20-30-шы жылдардағы Қазақстанда жүргізілген партиялық саясатты арқау еткен. Осы мәселе төңірегінде үлкен тарихнамалық мектептердің болуы тақырыптың күрделі екенін көрсетеді. Бұл мәселе жаңа концептуалдық тұрғыдан, тарихи контексте зерделеуді қажет етеді. Бітіру жұмысымызда осы өзекті мәселені арнайы қарастыруды жөн көрдік.

Кейінгі жылдары Отан тарихының ақтаңдақ тұстарын зерттеуде жаңа көзқарастар, жаңа әдіс-тәсілдер қалыптасуда. Бұл әдіс-тәсілдердің қалыптасуы ешқандай мемлекеттік немесе тағыда басқа органдардың цензуралық ықпалында емес. Ең бастысы бүгінгі таңда ғалымға шығармашылық еркіндік берілген. Сондықтан, көп ұзамай ақ Қазақстандағы мұсылман дінінің даму және Кеңес өкіметімен қарым-қатынас тарихы объективті түрде жазылады деп ойлаймыз.

Деректік негізі. Бітіру жұмысының мазмұнына арқау етіп қолданылған дерек көздерін төмендегідей топтарға бөліп қарастырдық: 1. марксистік еңбектер; 2. КПСС қаулы-қарарлары; 3. мұрағат қорлары; 4. жарық көрген құжаттық жинақтар.

Тақырыптың мазмұнын ашу барысында марксистік авторлардың еңбектері К.Маркс пен Ф.Энгельс, В.И.Ленин, В.Д.Бонч-Бруевич, Ем.Ярославский т.б. тезистері кеңінен қолданылды [17].

Кеңес мемлекетінің дінге қарсы саясатының деректері- идеологиялық бағдарлау және әкімшілік-күштеу жұмыстарының ресми құжаттары: «Декреты Советской власти М, 1957.» [18], «КПСС в резолюциях и решениях съездов, конференций и пленумов ЦК» [19], « Материалы Пленума ЦК» [20]. т.б. құжаттар кеңінен пайдаланылды. Сонымен бірге осы тақырыпта іздену үстінде ҚР Орталық Мемлекеттік мұрағатының 5, 81, 789, 1711 қорларынан тікелей мәліметтер алынып, пайдаланылды [21]..

Деректердің келесі тобы-құжаттық жинақтар мен мерзімдік басылымдар кеңінен қолданылды: «Коммунистическая партия и Советское правительство о религии и церкви ( Сб док-в) М. 1959» [22]. «Преодолевая религиозное влияние ислама (Сб док-в и мат-в)» [23], және мерзімдік басылымдар «Агитатор», «Большевик », «Наука и религия» т.б. кеңінен пайдалана отырып, жұмыстың деректік базасын арттыруға және мазмұнын байытуға тырыстық.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері.

Кеңес мемлекетінің дінге қарсы атеистік саясатының мәнін ашып көрсету, халықты атеистендіруде күштеу және идеологиялық жағынан қысым жасалғанын, жалпы КСРО-ның мемлекеттік-партиялық жүйесіндегі «мемлекеттік атеизмді» жаңаша тұрғыда зерделеу бітіру жұмысымыздағы басты мақсатымыз болып табылады. Бұл үшін төмендегідей міндеттер алдыға қойылды:

• Пролетариаттық мемлекеттің идеологиялық негізгі ұстанымдары ретінде материалистік-марксистік дүниетанымның, яғни атеистік сананы орнықтырудың себептеріне тоқталу;

• Атеизмге неліктен идеологиялық мазмұн берілуіне назар аудару;

• Дінге қарсы қабылданған іс-шаралардың сипатын ашып көрсету;

• Кеңестік Қазақстандағы атеистік насихат пен ол саясаттың жүзеге асырылу барысына талдау жасау;

• Атеистік насихаттың түрлері, әдіс-тәсілдері мен ауқымын саралау;

• Кеңес халқын атеистендірудің рухани, идеологиялық жағынан теріс салдарын көрсету және бүгінгі рухани ахуалмен байланыстыру.

Бұл тақырып мүлдем зерттелмегендіктен, онда жаңа мәселелер көтерілді. Қарастырылған жұмыстың ғылыми жаңалығы төмендегідей анықталды:

  • Қазақстанда орнаған Кеңес өкіметінің дінге қарсы атеистік саясаты коммунизм құрылысымен тығыз байланыста іске асқаны көрсетілді;

  • декретте айтылғандай ождан бостандығы емес, шын мәнінде «мемлекеттік атеизм» орын алғаны белгілі болды;

  • халық арасында ғылыми-атеистік насихаттың түпкі астарында ислам дінін мүлдем жою саясаты тұрғаны көрсетілді;

  • партия басшылығының дінге, әсіресе ислам дініне қатал саясат ұстанғаны көрсетілді;

  • тоталитарлық режимнің зардаптарының бірі - номенклатуралық рухани сана екені назарға алынды;

  • атеистендірудің рухани- идеологиялық салдарының бүгінгі діни ахуалмен байланысы анықталды.

Диплом жұмысының Теория-методологиялық негізі. Диплом жұмысының теориялық негізі қазіргі Қазақстандық тарихшылардың зерттеулеріне негіз болған және бүгінгі күні Отан тарихының мәселелерін зерттеудегі еліміздегі тарих ғылымының дамуында өңделген консепциялардың жиынтығы болып табылады. Ал жұмыстың методологиялық негізі тарихты зерттеудің гуманистикалық және өркениеттік тәсілі, сонымен қатар жүйелілік пен тарихилық болып табылады.

Жұмыстың хронологиялық шегі. Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері 1917 - 1940 жылдар аралығын қамтиды. Бұл жылдар аралығында бұрынғы Ресей Империясының территориясында кеңес өкіметінің негізін қалаған большевиктер өз биліктерін қоғамның түрлі саласында нығайту процесін жүргізген кезеңі болатын. Осы жылдары большевиктер қоғамды жеке дара билеудегі идеологиялық қарсыластарымен өте белсенді күрес жүргізді. Оның ең басты идеологиялық қарсыластарының қатрында қазақ халқы ұстанған ислам діні де болды.

Құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, мазмұнына сай екі тараудан, әр тарау екі параграфтан құралған және қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер реті берілген.