- •Қазақстан ресей империясының құрамында
- •§ 1. Ресейлік отарлаудың ерекшеліктері
- •§ 2. Ресейдің қол астына өткенге дейінгі қазақ елінің жағдайы
- •§ 3. Ресей протектораттығын қабылдау
- •§ 4. Қазақ-қытай қарым-қатынасы. Абылай хан
- •§ 5. Патша үкіметінің хvііі ғ. Екінші жартысындағы қазақстандағы отарлық шаралары
- •§ 6. Қазақ халқының саяси тәуелсіздігін жоғалтуы
- •§7. Қазақстанды ресейдің жаулап алуының аяқталуы
- •§§ 8—9. Хіх ғ. 60—90-жылдарындағы ресейдің қазақстандағы әкімшілік, сот реформалары
- •§ 10. Хіх ғ. Екінші жартысында қазақстанға капиталистік қатынастардың енуі және дамуы
- •§ 11. Қазақстанның ресей империясының шикізат базасына айналуы
- •Іі тарау. Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ұлт-азаттық күресі
- •§ 12. Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстардың даму кезеңдері, ерекшеліктері, тарихи маңызы
- •§ 13. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресі
- •§ 14. Қазақ-жоңғар соғысының тарихи қайраткерлері
- •§ 15. Хііі ғасырдың соңғы жартысындағы ресей отаршылдығына қарсы ұлт-азаттық қозғалыстар
- •§§ 16—17. Хіх ғ. Бірінші жартысындағы ұлт-азаттық қозғалыстар
- •§ 18. Исатай тайманұлы және махамбет өтемісұлы бастаған ішкі (бөкей) ордадағы ұлт-азаттық көтеріліс
- •§ 19. Хіх ғасырдың 50-жылдарындағы қазақ шаруаларының патша отаршылдық саясатына қарсы күресі
- •§ 20. 1869—1870 Жж. Орал, торғай облыстарындағы және маңғыстау қазақтарының отаршылдыққа қарсы күресі
- •§ 21. Қазақстан ресейдегі бірінші буржуазиялық-демократиялық революция жылдарында
- •§ 22. 1916 Жылғы қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс
- •§ 23. 1917 Жылғы ақпан және қазан революциялары тұсындағы қазақстан
- •Ііі тарау. Хх ғасыр басындағы қазақстандағы саяси партиялар мен ұйымдар
- •§ 24. Қазақстан хх ғасырдың бас кезіндегі жалпыимпериялық дағдарыстар тұсында
- •§§25—26. Қазақстандағы саяси партиялар
- •§ 27. Алашорда үкіметі
- •Іv тарау. 1920—1930 жылдардағы қазақстан
- •§ 28. Қазақстандағы ұжымдастыру
- •§ 29. Голощекин геноциді
- •§ 30. Қазақтардың атамекенінен ауа көшуі
- •§ 31. Қазақстандағы индустрияландыру
- •Іx тарау. Тәуелсіз қазақстан республикасы (1991—2000 )
- •§ 59. Қазақстан республикасы саяси жүйесіндегі өзгерістер
- •§ 60. Қазақстандағы сайлау жүйесі
- •§ 61. Нарықтық экономика қатынастары
- •§ 62. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты
- •§ 63. Тәуелсіз қазақстан республикасындағы ұлт саясаты
- •§ 64. Қазақстан және дүниежүзілік қауымдастық
- •§ 65. Тәуелсіз қазақстанның ғылымы, білімі және мәдениеті
- •V тарау. 1920—1930 жылдардағы қоғамдық-саяси өмір
- •§ 32. Қазақстандағы мәдени революция
- •§ 33. Саяси ағарту мен мектеп жүйесінің құрылуы
- •§ 34. Қазақстанда білім беру жүйесінің қалыптасуы
- •§ 35. Ғылымның дамуы
- •§1. Қырғыз өлкесін зерттеу қоғамының мақсаты — жергілікті өлкені жан-жақты зерттеу, өз мүшелерінің ғылыми қызметіне көмектесу және жергілікті өлке туралы мәліметтерді кеңінен тарату.
- •§2. Қоғамның әрекет ету ауданы Қырғыз республикасының аумағы болып табылады.
- •§ 36. Хх ғасырдың 20—30-жылдарындағы әдебиет
- •§ 1. Қоғамның мақсаты қазақ халқының мәдени дамуына мынандай жолдармен:
- •§§ 37—38. 1920—1930 Жылдардағы қазақстан өнері
- •§ 39. Қасіретті жылдар
- •Vі тарау. Қазақстандағы партия және жастар ұйымдары
- •§ 40. Қазақстан коммунистік партиясы
- •§§ 41—42. Қазақстан — ксро-ның құрамдас бөлігі
- •§§ 43—44. Қазақстан компартиясы басқару органдарының қызметі
- •§ 45. Экологиялық жағдайдың нашарлауы
- •§ 46. Қазақстандағы балалар және комсомол ұйымдары
- •Vіі тарау. Қазақстанда тұратын өзге ұлттар мен этностық топтар
- •§ 47. Патша өкіметінің көші-қон саясаты
- •§§ 48—49. Кеңес өкіметінің көші-қон саясаты. Халықтар депортациясы
- •§ 50. Кеңестік дәуірдегі жоспарлы миграциялар
- •§51. Қазақстандағы көп ұлттылық
- •§ 52. Қазақстан халықтарының ассамблеясы
- •Vііі тарау. Қазақ диаспорасы
- •§ 53. Диаспорология және диаспора ұғымы
- •§ 54. Қазақтардың шетке ауа көшу кезеңдері
- •§ 55. Тмд елдеріндегі қазақтар
- •§ 56. Алыс шет елдердегі қазақтар
- •§ 57. Қазақтардың дүниежүзілік құрылтайы
- •§ 58. Шет елдердегі қазақтардың атамекеніне оралу проблемалары
§ 39. Қасіретті жылдар
Тоталитарлық жүйенің орнауы. 1930—50-жылдары кеңестік қоғамда орнаған саяси режім кезінде мемлекеттің адамға абсолюттік билігі орын алды. Қазақстанда да барлық елдегі сияқты, мемлекеттік билік бір партияның қолына жинақталды. Тоталитарлық режімнің өзіне тән сатысы — экономикаға мемлекеттік-партиялық билік белең алды. Меншіктің мемлекеттік формасы коммунистік партияға республиканың экономикалық дамуын мемлекет мүддесіне сай бұра тартуға мүмкіндік әперді. Өнеркәсіпті құру және ауыл шаруашылығындағы колхоз-совхоз жүйесі халық шаруашылығы жоспарының есебі бойынша жүргізілді. Бұл жоспардың жасалу принципі кеңестік мемлекет мүддесін ұлттық республикалар мүддесінен жоғары қоюды көздеді. Сөйтіп, Қазақстанда экономикалық таңдау еркіндігі шектелді. Ұлттық республикалардың даму жолын БК(б)П анықтап отырды.
Тоталитарлық мемлекеттік жүйеге тән рухани сала құндылықтарын қалыптастыру үшін Кеңес өкіметі алғашқы күндерінен бастап мәдени революция міндеттерін шешумен айналысты. Тұрғындар сана-сезімін коммунистік партия белгілеген идеологиямен сәйкестендіру әрекеті үздіксіз жүргізілді. Шын мәнінде, кеңестік Қазақстандағы білім беру жүйесі, ғылыми мекемелер мен мәдениет мекемелері мемлекет пен партия тарапынан қатаң бақылауда болды. Тоталитарлық жүйе ел халқының қоғамдық, экономикалық және саяси өмірін уысында ұстады.
Қазақстанда қоғамдық құрылыстың тоталитарлық моделін бекіте түсу тәсілі 1930 жылдары барлық елдегі сияқты, халыққа қарсы қуғын-сүргін жүргізу саясаты болды. ГУЛАГ (лагерьлер бас басқармасы) сол кездегі мемлекеттік жүйенің ажырағысыз бөлігі болып табылатын. Қазақстан КСРО-ның құрамдас бөлігі ретінде мемлекеттік биліктің күш көрсетушілік құрылымын барлық жағынан басынан кешірді. Еңбекпен түзеу лагері жүйесі Кеңес өкіметіне қас әлеуметтік және саяси топтар қарсылығын басуға арналған. Тоталитаризмнің нығаюы жағдайында лагерьлік жүйе билік басындағылардың мүддесіне бағынып, оның саяси және экономикалық талаптарына қызмет ете бастады.
Қазақстандағы лагерьлер жүйесі. 1930 ж. 25 сәуірде лагерьлерді басқаратын ОГПУ құрылып, бір жылдан кейін ГУЛАГ ОГПУ деп атала бастады. Қазақстанда 30-жылдардың басынан лагерьлер жүйесі құрылды.
1930 ж. мамыр айында КСРО ХКК “Қазақстанда еңбекпен түзету лагерін құру (ҚазЕТЛАГ) туралы” қаулы қабылдады. 1931 ж. 19 желтоқсанда шешім шығарылып, “Гигант” совхозы ОГПУ-дің Қарағанды жеке еңбекпен түзету лагері болып қайта құрылды, қысқаша “Қарлаг ОГПУ” аталған бұл мекеменің “Долинское” селосында басқармасы орналасып, ГУЛАГ-қа тікелей бағындырылды. Қарлагтың солтүстіктен оңтүстікке дейінгі аумағы — 300 км, шығыстан батысқа — 200 км.
Қарлагқа қоныстанушылар 1930 жылдары бұрынғы партия өкілдері, кулактар мен байлар, сондай-ақ, айыпты боп табылған жұмысшылар мен шаруалар болды. Қарлаг өмір сүрген уақытта онда 1 млн. тұтқын тіркелген: тұтқындар құрамы үнемі өзгеріп отырды: жаңадан лек-легімен адамдар әкелініп, этаппен өзге лагерьлерге жөнелтіліп жатты. ГУЛАГ жобасы бойынша Қарлаг 32 мың тұтқынға арналған, ал шын мәнінде мұнда 75 мыңдай адамға дейін ұсталды. Тұтқындар санын арттыру Қарлагқа жүктелген халықшаруашылық міндеттерімен — Қарағанды көмір алабын игеру, Жезқазған және Балқаш металлургия комбинаттарының құрылысымен тығыз байланысты болды. Алайда тұтқындардың негізгі бөлігі ауыл шаруашылығы жұмыстарына тартылды. Лагерь тұрғындарының ауыл шаруашылығында 98,5%-ы, ал өнеркәсіпте — 41,5%-ы істеді. Қарлаг әкімшілік жағынан 1931 ж. 14 бөлімше, 64 участокке бөлінсе, 1941 ж. — 22 бөлімше, 159 участок болды, ал 1953 ж. — 26 бөлімше, 192 лагерь нүктелері белгіленді.
Қарлаг жүйесінде мал шаруашылығы фермаларымен қатар, жеміс-көкөніс өсіру, жер жырту, кірпіш зауыттары, әк өндіру карьерлері, тас көмір шахталары болды. Тұтқындар Балқаш мыс қорыту зауытының құрылысында, МАЭС-те, темір жол желілерінде еңбек етті.
30-жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргін кезеңінде Отанға опасыздық жасағандардың отбасы мүшелерін қоғамнан аластауға арналған лагерь (ЧСИР) құрылды. Қазақстанда Отанына опасыздық жасағандар әйелдерінің лагері (АЛЖИР) жұмыс істеп тұрды.
1938 ж. 6 қаңтарда “Р—17” еңбекпен түзету лагеріне (Ақмола облысы) 1-ден — 3 жасқа дейінгі балалары бар 50 әйелден тұратын алғашқы этап келіп түсті. Әйелдерді елдің түкпір-түкпірінен жинаған. Бұлар қуғын-сүргінге ұшырағандар отбасыларының өкілдері еді.
Алжир (Отанына опасыздық жасағандар әйелдерінің Ақмола лагері) тұрғындарының арасында С.Сейфуллин, Б.Майлин, Ж.Шанин, Х.Баяубаев, Т.Рысқұлов, Т.Жүргенов, С.Меңдешев, М.Тәтімов, Ж.Садуақасов, С.Есқараев, С.Асфендияров, Н.Нұрмақов, К.Сармолдаев, т.б. көптеген белгілі адамдардың әйелдері болды.
Алжир ерекше жағдайдағы лагерь болды: күшейтілген күзет, қатаң тәртіп пен субординация, жоғары тұрған ұйымдардың бұйрығын қалтқысыз орындау, т.б. 4 жастан асқан балалар анасынан ажыратылып, балалар үйіне жіберілді.
Соғыстан кейінгі кезеңде тұтқындардың жаңа категориясы пайда болды: бұрынғы әскери тұтқындар, басқыншыларға көмектескендер, жер аударылған халықтар, тұтқын немістер мен қылмыскерлер үшін КСРО УІМ мен МҚК-інің ерекше лагерьлері құрылды. Мұндай лагерьлер қатарына Қазақстандағы Далалық лагерь жатады. Далалық лагерь тұтқындары “Қазмысқұрылыс” тресі мен Жезқазған руда басқармасында жұмыс істеді.
1940 ж. Кеңгір өзенінің жағасында, бұрынғы пионер лагерінің орнында КСРО НКВД-сінің ірі лагері ұйымдастырылып, Жезқазған қаласының құрылысына бағытталды. 1948 ж. Жезқазғанда, Байқоңырда, Қарсақбайда, Жезді марганец кенішінде, Қорғасын, Кеңгір бөлімшелері Далалық лагерьдің орталығына айналды. Лагерь тұтқындары ірі халықшаруашылық объектілері құрылысында ауыр дене еңбегін атқарды, жұмыс күнінің ұзақтығы 10 сағатқа созылды, емдеу-сауықтыру шаралары мүлдем болмады.
Әсіресе Кеңгірдегі 3-бөлімше айрықша белгілі болды. Мұнда 1954 ж. мамыр айында тұтқындар көтеріліс жасады, басқа ерекше лагерьдегілер сияқты, Далалық лагерь де Сталиннің өлімінен кейін өзгеріс болады деп күткен еді. Алайда, рақымшылық жайлы жарлық ерекше лагерьлер жүйесіне қатыссыз болды. 1954 ж. 25 мамырда 3-бөлімше адамдары — 4 мың жұмыскер жұмысқа шығудан бас тартты. Бүлік бір айға созылды, тұтқындар қарсылығы 1954 ж. 26 маусымда лагерь зонасына әскер және танк енгізу арқылы әзер басылды.
Өзге лагерьлерге қарағанда бұл лагерьлер өнеркәсіптік профильде болды. Ел еңбекпен түзеу лагерьлеріндегілер еңбегін тоталитарлық экономика үшін пайдаланды. Халықшаруашылық жоспарын жасағанда ГУЛАГ экономикасы жеке есептелетін. Лагерьлер толық шаруашылық есеп жағдайында болды, тұтқындар өз еңбегімен тапқан табыстарына асырап-сақталды.
Тұтқындар қатары жаппай қуғын-сүргін кезеңінде айтарлықтай өсті. Әсіресе 1937—38 жылдары шырқау шегіне жетті. Қуғын-сүргінді үш кезеңге бөліп қарастыруға болады:
І — 1928—1931 жж.: қуғын-сүргінге негізінен ұлттық интеллигенция өкілдері, бұрынғы “Алаш” партиясының мүшелері, зорлықпен жүргізілген ұжымдастыруға қарсы болғандар ұшырады.
ІІ — 1937—1938 жж.: “Алаш” партиясының бұрынғы мүшелері болған ұлттық интеллигенация өкілдері, БК(б)П бағытынан ауытқыған кеңестік партия қызметкерлері қамалды және атылды.
ІІІ — 1948—1950 жж.: партияның идеологиялық бағытымен көзқарастары үйлеспеген ғылыми және көркемөнер интеллигенциясының өкілдері қуғындалды.