- •Қазақстан ресей империясының құрамында
- •§ 1. Ресейлік отарлаудың ерекшеліктері
- •§ 2. Ресейдің қол астына өткенге дейінгі қазақ елінің жағдайы
- •§ 3. Ресей протектораттығын қабылдау
- •§ 4. Қазақ-қытай қарым-қатынасы. Абылай хан
- •§ 5. Патша үкіметінің хvііі ғ. Екінші жартысындағы қазақстандағы отарлық шаралары
- •§ 6. Қазақ халқының саяси тәуелсіздігін жоғалтуы
- •§7. Қазақстанды ресейдің жаулап алуының аяқталуы
- •§§ 8—9. Хіх ғ. 60—90-жылдарындағы ресейдің қазақстандағы әкімшілік, сот реформалары
- •§ 10. Хіх ғ. Екінші жартысында қазақстанға капиталистік қатынастардың енуі және дамуы
- •§ 11. Қазақстанның ресей империясының шикізат базасына айналуы
- •Іі тарау. Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ұлт-азаттық күресі
- •§ 12. Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстардың даму кезеңдері, ерекшеліктері, тарихи маңызы
- •§ 13. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресі
- •§ 14. Қазақ-жоңғар соғысының тарихи қайраткерлері
- •§ 15. Хііі ғасырдың соңғы жартысындағы ресей отаршылдығына қарсы ұлт-азаттық қозғалыстар
- •§§ 16—17. Хіх ғ. Бірінші жартысындағы ұлт-азаттық қозғалыстар
- •§ 18. Исатай тайманұлы және махамбет өтемісұлы бастаған ішкі (бөкей) ордадағы ұлт-азаттық көтеріліс
- •§ 19. Хіх ғасырдың 50-жылдарындағы қазақ шаруаларының патша отаршылдық саясатына қарсы күресі
- •§ 20. 1869—1870 Жж. Орал, торғай облыстарындағы және маңғыстау қазақтарының отаршылдыққа қарсы күресі
- •§ 21. Қазақстан ресейдегі бірінші буржуазиялық-демократиялық революция жылдарында
- •§ 22. 1916 Жылғы қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс
- •§ 23. 1917 Жылғы ақпан және қазан революциялары тұсындағы қазақстан
- •Ііі тарау. Хх ғасыр басындағы қазақстандағы саяси партиялар мен ұйымдар
- •§ 24. Қазақстан хх ғасырдың бас кезіндегі жалпыимпериялық дағдарыстар тұсында
- •§§25—26. Қазақстандағы саяси партиялар
- •§ 27. Алашорда үкіметі
- •Іv тарау. 1920—1930 жылдардағы қазақстан
- •§ 28. Қазақстандағы ұжымдастыру
- •§ 29. Голощекин геноциді
- •§ 30. Қазақтардың атамекенінен ауа көшуі
- •§ 31. Қазақстандағы индустрияландыру
- •Іx тарау. Тәуелсіз қазақстан республикасы (1991—2000 )
- •§ 59. Қазақстан республикасы саяси жүйесіндегі өзгерістер
- •§ 60. Қазақстандағы сайлау жүйесі
- •§ 61. Нарықтық экономика қатынастары
- •§ 62. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты
- •§ 63. Тәуелсіз қазақстан республикасындағы ұлт саясаты
- •§ 64. Қазақстан және дүниежүзілік қауымдастық
- •§ 65. Тәуелсіз қазақстанның ғылымы, білімі және мәдениеті
- •V тарау. 1920—1930 жылдардағы қоғамдық-саяси өмір
- •§ 32. Қазақстандағы мәдени революция
- •§ 33. Саяси ағарту мен мектеп жүйесінің құрылуы
- •§ 34. Қазақстанда білім беру жүйесінің қалыптасуы
- •§ 35. Ғылымның дамуы
- •§1. Қырғыз өлкесін зерттеу қоғамының мақсаты — жергілікті өлкені жан-жақты зерттеу, өз мүшелерінің ғылыми қызметіне көмектесу және жергілікті өлке туралы мәліметтерді кеңінен тарату.
- •§2. Қоғамның әрекет ету ауданы Қырғыз республикасының аумағы болып табылады.
- •§ 36. Хх ғасырдың 20—30-жылдарындағы әдебиет
- •§ 1. Қоғамның мақсаты қазақ халқының мәдени дамуына мынандай жолдармен:
- •§§ 37—38. 1920—1930 Жылдардағы қазақстан өнері
- •§ 39. Қасіретті жылдар
- •Vі тарау. Қазақстандағы партия және жастар ұйымдары
- •§ 40. Қазақстан коммунистік партиясы
- •§§ 41—42. Қазақстан — ксро-ның құрамдас бөлігі
- •§§ 43—44. Қазақстан компартиясы басқару органдарының қызметі
- •§ 45. Экологиялық жағдайдың нашарлауы
- •§ 46. Қазақстандағы балалар және комсомол ұйымдары
- •Vіі тарау. Қазақстанда тұратын өзге ұлттар мен этностық топтар
- •§ 47. Патша өкіметінің көші-қон саясаты
- •§§ 48—49. Кеңес өкіметінің көші-қон саясаты. Халықтар депортациясы
- •§ 50. Кеңестік дәуірдегі жоспарлы миграциялар
- •§51. Қазақстандағы көп ұлттылық
- •§ 52. Қазақстан халықтарының ассамблеясы
- •Vііі тарау. Қазақ диаспорасы
- •§ 53. Диаспорология және диаспора ұғымы
- •§ 54. Қазақтардың шетке ауа көшу кезеңдері
- •§ 55. Тмд елдеріндегі қазақтар
- •§ 56. Алыс шет елдердегі қазақтар
- •§ 57. Қазақтардың дүниежүзілік құрылтайы
- •§ 58. Шет елдердегі қазақтардың атамекеніне оралу проблемалары
§§ 43—44. Қазақстан компартиясы басқару органдарының қызметі
Ұлы Отан соғысынан кейінгі қоғамдық-саяси жағдай. Республиканың партия ұйымын Ж.Шаяхметов басқарды. Ол Қазақстан К(б)П ОК 1946 жылғы 20—22 маусымдағы Пленумында сайланды.
Соғыстан кейінгі кезеңде Коммунистік партия идеологиялық жұмысты күшейтуге кірісті. Партия ОК-нің идеологиялық жұмыстарының негізгі бағыттарын бірқатар қаулылар атап көрсетті. Мысалы, 1946 ж. БК(б)П ОК-нің “Звезда” және “Ленинград” журналдары туралы”, “Драмалық театрлардың репертуары және оны жақсарту шаралары туралы”, “Большая жизнь” кинофильмі туралы” қаулылары жарық көрді. Қазақстанда аталған қаулыларды негізге алған саяси науқан 1946 ж. 26 қыркүйекте Алматыда өткен әдебиет пен өнер қайраткерлерінің жиналысынан бастау алды. Жазушылардың шығармашылығы саясаттан тыс, социалистік реализм принциптерінен ауытқығандығы үшін сыналды. Мысалы, Ә.Тәжібаевты “Біз де қазақпыз” кітабында патшалар мен хандарды мадақтағаны үшін сынға алды. Ұзамай мұндай жиналыстар республиканың барлық облыстарында өте бастады. Журналдар идеологиялық зиянды еңбектерді басқаны үшін кінәлі деп табылды. Театрлар буржуазиялық драматургтер пьесаларын, мысалы, Лопе де Вега, Шеридан, Бомарше, т.б. сахналағаны үшін жазғырылды. ҚКЖО (Қазақстан кеңестік Жазушылар одағы) белсенді жүргізілген саяси науқан нәтижесінде 1947 ж. қазіргі заман тақырыбына лайық шығарма тудыру жөнінде міндеттеме алуға мәжбүр болды.
1947 ж. 21 қаңтарында Қазақстан К(б)П ОК-нің “ҚазКСР ҒА Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы өрескел саяси қателіктер туралы” қаулысы шықты. Ұзамай ҒА-да партия жиналысы өтті. Тіл және әдебиет институтының ғылыми зерттеулер жоспары қайта қаралды, революцияға дейінгі қазақ әдебиетіне байланысты тақырып алынып тасталды. М.О.Әуезовтің шығармашылық және ғылыми қызметі сынға алынды. Ол орысқа қарсы, реакцияшыл, кертартпа көзқарасты насихаттаушы ретінде айыпталды. Қаулының мәнін түсіндіру үшін Алматыда ғылым, әдебиет пен өнер қайраткерлерінің жиналысы шақырылды. Онда Қазақстан К(б)П бірінші хатшысы Ж.Шаяхметов баяндама жасады.
1948 ж. қыркүйекте Қазақстан К(б)П ОК-нің “Қазақ кеңес әдебиетінің жағдайы және одан әрі дамыту туралы” қаулысы шықты. Осы қаулыға сәйкес Қазақстан К(б)П ОК Жазушылар одағын нақты тақырыбы, жанры және орындалу мерзімі көрсетілген шығармалар жоспарын бекіту үшін ұсынуға міндеттеді. Жоспар әдебиеттің әуелгі 2 жылда, содан кейін 5 жылда даму барысын анықтауға тиіс болды. Пьеса, опера, балет және бейнелеу өнері бойынша осындай тақырыптық жоспар беру өнер басқармасынан да талап етілді.
1948 ж. 23 ақпанда Қазақстан композиторлар одағының жалпы жиналысы өтті. Е.Брусиловский, В.Великанов сияқты сазгерлер “Орыс музыкасы классиктерінің тәжірибесін мансұқ еткені үшін” деп сынға алынды.
1949 ж. Қазақстан К(б)П ОК-і Қазақстан кеңестік Суретшілер одағының қызметін тексеру үшін комиссия құрды. Комиссия ұсынысымен ҚКСО басқармасы қайта сайланды. Қоғамдық ғылымдарды бірегейлендіру жөніндегі мұндай үрдіс жаратылыстану ғылымдарына да қолданылды. 1948 ж. 27 тамызда “Правда” газетінде В.И.Ленин атындағы Ауыл шаруашылығы ғылымдарының Бүкілодақтық академиясының (ВАСХНИЛ) тамыз сессиясы қорытындыларына арналған мақала жарық көрді. Сессия қаулысында: “Биология ғылымында екі қарама-қарсы бағыт бары анықталды: бірінші бағыт — прогрессивті, материалдық, мичуриндік..., екіншісі — реакциялық идеалистік, вейсмандық, менделеевтік, моргановтық...” деп атап көрсетілді. Биология ғылымында осы екі бағыттың текетіресі “таптық идеологиялық күрес түрі” болып анықталды.
1948 ж. тамызда Қазақстанда ҚазКСР ғылым академиясы Қазақстан К(б)П ОК келісімімен барлық биологиялық және медицина ғылымдары институттары мен секторларының ғылыми-зерттеу еңбектері жоспарын қайта қарауға бұйрық берді. 1948 ж. 21 қыркүйекте Қазақстан К(б)П ОК Бюросы республикадағы агробиология ғылымының жағдайын тексеру туралы шешім қабылдады. 1948 ж. 22 желтоқсанда республикалық агрономдар жиналысы өтіп, онда республиканың бірінші басшысы Ж.Шаяхметов баяндама жасады.
Қазақстан К(б)П-ның кезекті ІV съезі 1949 жылдың 25 ақпаны мен 1 наурыз аралығында Алматыда өтті. Съезде КСРО құрамындағы республиканың экономикасы мен мәдениетін одан әрі дамыта түсу жолдары анықталды, партиялық-ұйымдастырушылық және көпшілік-саяси жұмыстарды жандандыра түсу қарастырылды. 1951 ж. 10 сәуірде Қазақстан К(б)П ОК “Правда” газетінде жарияланған “Қазақстан тарихын маркстік-лениндік тұрғыдан сөз ету мәселелері” атты мақала туралы” қаулысы шықты. Бұл қаулы республикадағы тарих ғылымының бұдан былайғы дамуына кері әсер етті. Тарихшы Е.Бекмаханов қуғындауға ұшырады. Ол партия қатарынан шығарылды, “кеңеске қарсы әрекеті үшін” қызметінен босатылды, 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Сталиннің жеке басына табыну әшкереленген соң ғана ақталды. Республиканың Қ.Сәтбаев, А.Жұбанов, А.Н. Самойлович, Е. Исмаилов, Б. Сүлейменов, Қ.Жұмалиев, тағы басқа көптеген көрнекті ғалымдар қуғын-сүргінге ұшырады.
40-жылдардың 2-ші жартысы — 50-жылдардың басындағы идеологиялық шабуыл қатаң идеологиялық стандартқа салу, халықтардың ұлттық сана-сезімін аяққа басу жүйесінің көрінісі еді. Жалпыадамдық құндылықтар ғылыми және көркем шығар-машылықта партиялық көзқарастармен алмастырылды.
1951 жылдың 15—18 желтоқсанында Қазақстан Коммунистік партиясының кезектегі V съезі болып өтті. Съезде шаруашылық және мәдени құрылыстар саласында бірқатар кемшіліктер жіберілгендігі анықталды. Ж.Шаяхметов КП(б) ОК-ің Бірінші хатшысы болып қайта сайланды.
1952 жылдың тамыз айында партияның Орталық Комитеті БК(б)П-ның ХІХ съезін шақыру туралы қаулы қабылдады. Бұдан бұрынғы съезд 1939 жылдың наурызында өткен болатын. Ал 1952 жылдың 20—24 қыркүйегінде Алматыда өткен Қазақстан К(б)П-ның VІ съезінде бесінші бесжылдық жоспар директивасының жобасы мен партия жарғысының өзгеріс енгізілген мәтіні мақұлданды. Сондай-ақ партияның ХІХ съезінде Коммунистік (большевиктер) партиясы КОКП — Кеңес Одағының Коммунистік партиясы болып өзгертілді.
Тың эпопеясы. Сталин қайтыс болғаннан кейін (1953 жыл 1 наурыз) жеке басқа табынуға қарсы науқан басталды. 1954 жылдың 5—6 ақпанында өткен Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің пленумында Ж.Шаяхметов хатшылық қызметтен босатылды. 1954 жылдың 16—18 ақпанында ҚКП-ның VІІ съезі өтті. КОКП ОК-нің нұсқауы негізінде съезде экономика мен мәдениетті дамыту жөніндегі бағдарлама қолға алынды. КОКП ОК-нің ұсынысы бойынша бірінші хатшы болып П.К.Пономаренко сайланып, 1955 жылдың тамызында оны Л.И.Брежнев алмастырды. 1954 ж. 23 ақпанда КОКП ОК Пленумы болып, “Елде астық өндіруді одан әрі арттыру және тың және тыңайған жерлерді игеру туралы” мәселе қаралды. Қазақстанның далалық өңірін игерудің орасан зор бағдарламасы белгіленді. Құрал-жабдық пен техниканы, адам және ресурсты аямай пайдаланудың арқасында жер жырту қарқыны адам нанғысыз жағдайда өтті. Тың жоспарлы экономиканы жүзеге асырудың көрнекті мысалына айналып, оның жағымды жағымен қатар, қолайсыз жақтарын да ашып көрсетті. 1954 ж. республикада 8,5 млн га, келесі жылы жоспарланған 7,5 орнына 9,4 млн га жер жыртылды. Кеңес адамдарының ынта-жігері мен керемет ерлік жасауға ұмтылысында шек болмады. А.Ысқақов, М.Довжик, Ж.Демеев, В.Хими, Л.Картаузов, И.Иванов, В.Дитюк, К.Дауылбаев, Н.Малгаждаров, т.б. тың ерлерінің есімдері бүкіл елге әйгіленді. Бұл шараға қатысу үшін Қазақстанға 600 мыңнан астам инженер-техниктер, ауыл шаруашылығы мамандары, механизаторлар мен құрылысшылар келді. Комсомолдық жолдамамен 350 мың қыздар мен жігіттер келді. Нәтижесінде жыртылған жер көлемі елдегі астық проблемасын шешуге мүмкіндік берді. Тың көтерілгенге дейін Қазақстан мемлекетке 1,3—1,5 млн т, жақсы шыққан жылдары 2 млн т астық берсе, 1970 жылдары орташа жылдық норма 14 млн т болды, оның 6—7 т ғана республика өз қажетіне жұмсай алды. Бүгінде Қазақстан өзін астықпен толық қамтамасыз етеді, әрі қатты және бағалы астық сортын шетке шығарушы болып отыр. Тың игергеннен бері республика күріш те өсіре бастады. Астық сапасы біртіндеп жақсарды. 1950 жж. қатты және күшті сортты бидайдың үлес салмағы жалпы бидай көлемінің 20%-ы болса, 1960 жж. 40%-ға көтеріліп, 1970 жж. 65%, ал 1980 жж. — 85%-ға өсті. Бұған Қазақстандағы ауыл шаруашылығы ғылымының дамуы өз әсерін тигізді. Шортандыдағы астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының қызметі жемісті нәтиже бергені белгілі. Бұл институтты көп жылдар бойы академик А.И.Бараев басқарды. Қазақстанның селекционерлері астық дақылдарының құрғақшылыққа төзімді және аязға төзімді сорттарын көптеп шығарды.
Қазақстанға келген мамандар жерді пайдаланудың өздеріне белгілі әдістерін қолданғысы келді. Алайда Қазақстанның топырақ-климаттық жағдайы олар келген аймақтан мүлде өзгеше еді. Нәтижесінде жағымсыз көріністер байқала бастады. Бұрын жайылым ретінде ғана пайдаланылып келген Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарындағы шөл және шөлейт жерлер ешқандай ғылыми негізсіз жыртылып тасталды. Павлодар облысындағы жеңіл топырақты жерді жырту шаңды дауылға соқтырды. 1960 ж. басында топырақты жел ұшырып әкету үрдісі бүкіл тың игерілген аймақты қамтыды. Бұл мәселемен енді ғылым айналыса бастады. Қазақстан ғалымдары егіншіліктің топырақ қорғау жүйесін ойлап шығарды. Алайда бұл шаралар жыртылған жердің құнарлы топырағын тек жарым-жартылай ғана сақтап қалды. Бұл жағдай ақырында тыңдағы астық дақылының өнімділігіне кері әсерін тигізді. 1954—1958 жж. республикада орташа өнімділік — 7,3 ц/га, ал 1962—1965 жж. — 6,1 ц/га ғана болды.
Тың игеру Қазақстанның өндіргіш күштерін дамыту мәселесіндегі қарама-қайшылықтарды шиеленістіре түсті. Тың игеруге өте көп мөлшерде материалдық және қаржы қоры жұмсалды. Республика 1954—1956 жж. 172 мың трактор, 61 мыңнан астам астық комбайндарын, 30 мыңнан астам жүк таситын және арнаулы машиналар, 1665 электр станцияларын, 32 мың трактор соқаларын, 62 мың дәнсепкіш сатып алды. 1954—1958 жж. мемлекет ауыл шаруашылығын механикаландыру, өндірістік құрылыс мекемелерін салу үшін 9,7 млрд сомнан астам қаржы жұмсады. Соның арқасында тың жердің өндірістік инфрақұрылымы республиканың өзге аймағына қарағанда қарқынды дамыды. Қазақстанның оңтүстік және батыс облыстары бұл салада қысым көрді. Бұл жақта өндіргіш күштер тапшылығы өсті, әлеуметтік-экономикалық жағынан да тың игерілген аудандардан артта қалушылық байқалды.
Аяқтап келгенде, тың игеру мемлекеттік меншік формасын нығайтты. Тың игерілген аймақта совхоз шаруашылықтары құрылды. 1960 ж. соңына қарай Қазақстанда 126 астық совхозы ұйымдастырылды. Оның әрқайсысында орта есеппен 50 мың га жайылым, 40 мың га жыртылған жер болды. Осыған лайық техника көлемі, жанар-жағармайлар, қосалқы бөлшек қажет еді. Егін жинауға өзге аймақтардан техника күші, механизаторлар мен жүргізушілер тартылды. Студенттік жастар бригадаларын құру кеңінен қолданылды. 1970 жылдары егін жинау науқанына әскерилерді, қала тұрғындарын тарту тәжірибеге ене бастады. Әрине, мұның бәрі өнімнің өзіндік құнына әсер етіп, “экономиканың шығынды сипатын” қалыптастырды. Шаруашылықты экстенсивті жүргізу жер ауданын арттырып, шаруашылықтың өзіне қызмет көрсету шығынын ұлғайтты.
1956 жылдың 24—27 қаңтарында ҚКП-ның VІІ съезі өтті. Есепті баяндаманы ҚКП ОК бірінші хатшысы Л.И.Брежнев жасады. 1956 ж. наурызда оны бұл орында И.Д.Яковлев ауыстырды. 1956 жылдың 14—25 ақпаны аралығында өткен КОКП ХХ съезінде партия қатарын топтастыру мен біріктіруді нығайта түсу, партия өміріндегі лениндік нормаларды қалпына келтіру мәселелері басты бағытқа айналды. Елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси тұрғыдан даму реформасы жоғары жақтан басталып, қалыптасқан әкімшілік жүйе бойынша жүргізілді. Мұның өзі іс жүзінде керісінше көрініс берді. Жеке адамға табынушылық жөніндегі сын ол қалдырған мемлекет басқарудың қатал тәртібіне емес, көсемнің тікелей өзіне бағытталды. Ең бірінші кезекте адам игілігіне қызмет ететін халық шаруашылығы құрылымын қайта құруды қолға алудың орнына, бұрынғысынша әскери-өндірістік кешенді өркендету өз жалғасын тапты.
Өндірісті басқарудың тетіктерін жақсарту мақсатында Коммунистік партия 1957 жылдың ақпанында басқарудың салалық емес, аумақтық принципіне көшті. Қазақстанда төмендегідей халықшаруашылық кеңестері құрылды: Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Семей, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Гурьев. ХШК бұрынғы әдіспен жұмыс істеуді жалғастырды. Мекеме басшылары мен еңбекшілер орталықтан басқару әдісіне бой үйретіп үлгерген еді. Ауыл шаруашылығын көтеру арқылы халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту мәселесін партия өз басшылығына алды. Бұл үшін КОКП үлкен-үлкен үш ауқымды бағдарламаны алға ұсынды:
— тың игеруді одан әрі жалғастыру;
— жүгері мен басқа да мәдени егіс түрлерін кеңінен өсіру;
— ет пен сүт өнімдерін молайту мақсатында мал шаруашылығын өркендетудің аса ауқымды бағдарламасын қолға алу.
Аталған бағдарламаны шешу үшін партия өзінің байырғы әкімшілік әдісін пайдаланды. Ал Қазақстан Коммунистік партиясы өз кезегінде КОКП ОК-нің шешімдерін жүзеге асырып жатты. 1955 ж. колхозды ірілендірудің жаңа кезеңі басталды. Қазақстан да бұл науқаннан тыс қалған жоқ. КОКП ОК-і республика колхоздары мен совхоздарының бастауыш партия ұйымдары үшін қосымша 600 қызмет орнын белгіледі. Бұл хатшылардың 475-і совхоздарға, қалған 125-і колхоздарға бөлінді.
1957 ж. қыркүйектен — 1960 ж. қаңтарға дейін республика партия ұйымын Н.И.Беляев басқарды. КОКП ОК Пленумы (1958 ж. ақпан) машина-трактор станцияларын таратып, техникасын колхоздарға сатқан дұрыс деп тапты. Қазақстан колхоздары мемлекеттен 33 мың трактор, 20 мың комбайн, т.б. ауылшаруашылық техникаларын — барлығы 160 млн сомға сатып алуға мәжбүр болды. Ал бұл техникалардың басым көпшілігі тозып біткен болатын. Беляевтің тұсында тың өлкесін құру дайындығы аяқталды.
Мәскеуде Хрущев, Алматыда — Беляев тұрған кезде халықтың тұрмысы біршама жақсарды. Баға төмендеп, айлық өсіп, салық төмендегені байқалды. Зейнетақы көтерілді.
Қазақстан 1960—1980 жылдарда. 1959 жылдың 14—15 қаңтарында өткен ҚКП-ның ІХ съезі КСРО-ның 1959—1965 жылдарға арналған халық шаруашылығын өркендетудің жеті жылдық жоспарының жобасын талқылауға арналды. 1960 ж. 19 қаңтарда Қазақстан компартиясы ОК пленумы өтті. Д.А.Қонаев Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы болып сайланды. 1960 жылдың 10—12 наурызында ҚКП-ның Х съезі өтті. Съезде жетіжылдық жоспарды мерзімінен бұрын орындаудың іс-шаралары анықталды. Қазақстан Компартиясы ОК-нің Бірінші хатшысы болып тағы да Д.А.Қонаев сайланды. КОКП-ның жаңа Бағдарламасы — коммунистік қоғам орнату бағдарламасын қабылдауды міндетіне алған КОКП-ның 1961 жылдың 17—31 қазаны аралығында өткен ХХІІ съезі қарсаңында Қазақстанда партияның ХІ съезі (27—29 қыркүйек) ашылды. Партия жарғысына сәйкес аталмыш съезден соң әр бес жыл сайын съезд өтіп отырды.
КОКП ОК 1962 жылғы қараша пленумының шешімдеріне сәйкес Қазақстандағы партия және кеңес органдары өндірістік белгілері бойынша қайта ұйымдастырылды. Сөйтіп, Қазақстан КП Орталық Комитетінде өнеркәсіп пен құрылысқа басшылық ету жөніндегі Бюро және ауыл шаруашылығына басшылық ету жөніндегі Бюро құрылды. Нәтижеде облыстық және өлкелік партия ұйымдарының қызмет аппараты едәуір кеңейтілді. Партия ұйымының басшылығындағы Д.А.Қонаевты 1962 ж. Ы.Ю.Юсупов ауыстырды. Д.А.Қонаев ҚКСР Министрлер Кеңесінің төрағасы болып сайланды.
Екі жылдан кейін, яғни 1964 жылдың қараша айында өткен КОКП ОК-нің Пленумы партияны аумақтық-өндірістік белгілер бойынша қайта құру принципін мақұлдады. Нақтылап айтсақ, бұл шара партия басшылығының өзгеруіне байланысты жүргізілді. 1964 жылдың қазанында Н.С.Хрущев басшылықтан кетті де, оның орнына әуелі бірінші хатшы, ал 1966 жылдан бастап КОКП ОК-нің Бас хатшысы болып Л.И.Брежнев сайланды. Бұл орында ол өмірінің соңына дейін — 1982 жылдың 10 қарашасына дейін отырды.
Қазақстанда ҚКП Пленумында (1964 жыл 7 желтоқсан) бірінші хатшы болып Д.А.Қонаев қайта сайланып, 1986 жылдың желтоқсанына дейін тұрақты басқарып келді.
Л.И.Брежневтің тұсында елде реформа жүргізу әрекеті байқалды. Экономика саласында 60-жылдардың ортасында халық шаруашылығы экономикалық тиімділік пен жоспарлаудың жаңа жүйесіне көшуді қолға ала бастады. Ендігіде өндіріс орындарындағы жұмыстың негізгі көрсеткіші өндірген өнімнің жалпы мөлшерімен емес, керісінше, оны қаншалықты дәрежеде өткізе білудің әдіс-тәсілімен өлшенетін болды. Халық шаруашылығы кеңесі таратылып, Орталық өндірістік министрліктер қайта қалпына келтірілді. Өндіріс мекемелерінің басыбайлылығы көзделіп, міндетті түрдегі экономикалық көрсеткіштердің саны мейлінше қысқартылды. Оның есесіне өндірілген өнімнің бағасын Баға жөніндегі Мемлекеттік комитет белгілеп отырды. Ал Мемлекеттік жабдықтаудың құрылуы жоғарыда айтып өткен өндіріс мекемелерінің басыбайлығына қарама-қарсы әсер етті. Кеңестік экономикалық ғылымда, шындап келгенде, “Жекеменшіктің социалистік түрі” деген ұғым шындап қолға алынған емес. Халықтық жекеменшікті иемдену құқы Коммунистік партия басшылығындағы мемлекет қолында болды. Сондықтан да ХХ ғасырдың 60-жылдарындағы реформалар басталмай жатып аяқсыз қалды. Ал республикамыз партияның орталық органдары белгілеген шешімдер шеңберінде шектелді.
1970 ж. одақтық-республикалық мұнай өндіру министрлігі мен өнеркәсіптің химия саласы жалпыодақтық болып қайта құрылды. Бұл орталықтандыру тенденциясының күшейе түскендігін байқатты. Республикалар мүмкіндігін бұлайша шектеу, елеп-ескермеу өз кезегінде қайсыбір әлеуметтік келеңсіздіктерге жол ашты. Мәселен, 1970 ж. “А” тобының (ауыр индустрия, құрылыс, әскери-өндірістік кешен, т.б.) өзіндік салмағы өндіріс өнімдерінің тұтастай алғандағы көлемінде республика бойынша 73,3 пайызды құраса, “Б” тобының үлесіне бар болғаны 26,7 пайыз тиді. Халық шаруашылығындағы қалыпты тепе-теңдіктің бұзылуы елдің жалпы алғандағы өмір сүру деңгейіне кері әсерін тигізді.
Орталық өктемдігіне қарсы тұрып, Қазақстанның мүддесін қорғауда республика басшысы Дінмұхаммед Қонаев табандылық көрсетті. Ол Қазақстан тарихында жарқын тарихи тұлға ретінде қалады. Ол билік жүргізген кезеңде республика кейбір объективтік дағдарыс тенденцияларына қарамастан, халық шаруашылығының көптеген салаларында алдыңғы шектен табылды. Қазақстан түсті және қара металды, тың жер астығын ірі өндіруші болды. Металлургия, химия өнеркәсібі, машина жасаудан республика сыртқы экономикалық рынокқа шықты. Әрине, сыртқы сауда қызметі республика құзырында емес, тиісті орталық органдар қолында болған-ды. Картада 47 жаңа қазақстандық қала пайда болды.
Кеңес Одағы кезінде-ақ Д.А.Қонаев Арал мәселесін сөз еткен еді. Ол 1976 ж. 25 ақпанда КОКП ХХV съезінде, содан кейін 1981 ж. ақпанда өткен ХХVІ съезде осы проблемаға қайта айналып соғып отырды. Алайда ол кезде орталық басшылық нақты шара қолданбады, тіпті ұсыныс та жасалмады. Республика бұл мәселені жалғыз шеше алмады, өйткені бұл үшін республикалар күш біріктіруі қажет еді. Көптеген мәселелер бойынша Д.А.Қонаев демократиялық централизм принципіне бағына отырып, өзінің келіспейтіндігін білдірді, бірақ орталыққа бағынуға міндетті.
Д.А.Қонаев басшылығымен қазақтар партияның да, өкіметтің де жетекшілік қызметтеріне көптеп тартыла бастады. Сол кездерде сан жағынан орыстардың жергілікті кадрлардан басымдығы бұрынғыдай емес, азая бастады. Бұл әсіресе 1971 жылдан кейін, Д.А.Қонаев партияның Саяси бюросының толық мүшесі болып сайланғаннан кейін күшейе түсті.
Д.А.Қонаев 20 жылдан астам уақыт бойы КОКП ОК Саяси бюросының мүшесі болды. Республика басшылығында Д.А.Қонаевпен бірге 14 жыл бойы Б.Әшімов те үздіксіз қызмет атқарып, 1970 жылдан 1984 жылға дейін ҚазКСР Министрлер Кеңесінің төрағасы болды. Замандастары Б.Әшімовтің жоғары біліктілігі мен еңбекқабілеттілігін құрметпен атайды.
Қазақстан өзінің экономикалық қуаты мен ұлттық байлығы жағынан, бұрынғы Кеңес Одағы құрамында Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орынға көтерілді. Жалпы Одақтық ауқымда өндірілетін мыстың үштен бірін, мырыштың 44, қорғасынның 75 пайызын Қазақстан берді. Солтүстік Қазақстанның батыс аудандарын Оңтүстік Орал мен Сібір магистраліне жалғастырған жаңа темір жол тармақтары тартылды. Барлық облыс орталықтарында “ТУ—154” тақылетті алып ұшақтарды қондырып, қайта ұшыра алатын даңғыл әуежай алаңдары, жаңа аэровокзалдар салынды. Қазақстан 1979 ж. 34 млн 533 мың тонна астық жинады. Мал басы едәуір артты. 1981 ж. ірі қара саны 1954 ж. салыстырғанда екі есе өсті.
Бүгінде, Кеңес өкіметі кезіндегі республика партия қызметкерлерінің қызметіне талдау жасай отырып, мынандай қорытынды жасауға болады. Орталықтың қысымына қарамастан, республика басшылығы Қазақстанды қандай жағдайда да дамыта түсуге ұмтылды. Тап осы 1960—1970 жылдары Қазақстанда өнеркәсіптік сипаттағы ғана емес, мәдени-тұрмыстық саладағы да құрылыстар мен объектілер салу қарқынды жүрді. Бұлар — “Медеу” спорт кешені, Қазақстан қалаларындағы тұрғын шағын аудандар, Мәдениет сарайлары, ірі әмбебап дүкендер, т.б. көптеген құрылыстар. Бұл кезеңде құрылған экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени құрылым кейінгі кезде тәуелсіз Қазақстанның күш алып кетуіне негіз болды.
1970—1980 жж. социалистік экономика дамуының тенденциясы. 1970—1980 жж. өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында өсу қарқынының баяулауы байқалды. Ал сырт көзге әсіресе 70-жылдары өнеркәсіптің дамуы өте қарқынды болып көрінді. Қазақстан түсті металлургияның негізгі базасы болып есептелді, кең-байтақ жылу-энергетикалық кешені қалыптасты, химия саласы ұлғайды, қара металлургия өсе түсті. Кен байыту секторы айтарлықтай ілгеріледі, жоғары технологиялық өнім өндіру керісінше, жоққа тән еді.
Социалистік экономика жағдайында халық шаруашылығы дамуының негізгі көрсеткіші жалпы өнім бойынша бағаланды. Жалпы өнімнің артуы қарқынды даму деп есептелді, ал шындығында бұл өнім сапасы жағынан мемлекет пен халық сұранысына сай келмеді. Мысалы, Қазақстанда электр энергиясы жан басына шаққанда көптеген дамыған елдерден артық өндірілді, бірақ оның басым бөлігі ауыр индустриядағы алып құрылыстарға жұмсалды. Республика өнеркәсібі өндірген өнім негізінен өзіне қызмет етуге жұмсалды. Өсу үстіндегі алып кәсіпорындар өз құрылыстары үшін электр қуатын, жұмыс күшін, өңдейтін шикізат, құрылыс материалдарын талап етумен болды. Кәсіпорын өзіне керегін, керек емесін де, орталықтанған қамтамасыз ету қоры жүйесі арқылы алып отырды. Аталған орталықтанған қамтамасыз ету қоры жүйесінде кәсіпорындар өзіне ұсынылғанның бәрін алуға мәжбүр болды, өйткені өзінің зат алатын жерін, делдалдарын өзі таңдауға құқықты емес еді. Жоспарлы дамуда экономика өзінің өмір сүруін қамтамасыз етуге тиіс болды. Бұл жағдайда тұтынушы халық емес, халық шаруашылығы болып саналады. Кәсіпорындарды халық сұранысын қанағаттандыруға бағдарлау үшін бұл кәсіпорындарды баға көрсеткіштері жоспарын орындауға емес, пайда табуға бағыттау керек. Басқаша айтқанда, қожалық етушілерге еркіндік беру қажет, ал бұл үшін меншік формаларын қайта қарауға тура келер еді. Бұл кеңес мемлекетінің идеологиясына қайшы болғандықтан, ол кезде мүмкін емес нәрсе саналатын. Коммунистік партия мемлекеттік меншік формасы негізінде және осыдан тарайтын жоспарлы экономика негізінде мемлекеттік билік тұтқасын мықтап ұстап тұрды. Партия органдарының экономикаға араласуы халық шаруашылығы құрамындағы қиғаштықтарға: индустрияның басым орын алуына, ауыл шаруашылығы әлсіз салаға айналуына алып келді.
Мұндай жағдайда ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін азайту жалғыз жол болып табылады. Ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыру үшін басшылық көптеген реформалар жүргізді. 1970 жылдардағы коммунистік партия пленумдарының басым көпшілігі ауыл шаруашылығын дамыту мәселелерін қарауға арналды. Партия жыл сайын капитал салу көлемін ұлғайтты, ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу деңгейін қайта қарастырды, тыңайтқыштар мен улы химикаттарды кеңінен қолдануды ұсынды, суландыру бағдарламасын іске қосты, т.б. Алайда, аталған шаралар ауыл шаруашылығы салаларын дамытудағы жағымсыз көріністі жоя алмады. Өйткені елдегі ұжымдық (шындығында, мемлекеттік) шаруашылық өндірістің дамуын қамтамасыз етуге емес, дайын өнімді иеленуге бағытталған-ды. Ауыл шаруашылығына капитал салуды ұлғайту 1980 жылдардың басында іс жүзінде дотация жүйесіне ұласты. 1981—1985 жылдары Қазақстандағы совхоздар мен колхоздардың 53%-ы шығынды болып, үнемі қаржы бөлуді талап етті, өйткені олардың экономикасы үшін өздері емес, мемлекет жауапты болды. Ауыл шаруашылығына мемлекеттік меншік формасының болуы және партияның тұрақты араласуы түптеп келгенде елді азық-түлікпен қамтамасыз етуді құлдыратып жіберді. 1982 ж. мамыр айында КОКП Азық-түлік бағдарламасын қабылдауға мәжбүр болды.
Сөйтіп, Қазақстан шын мәнінде республика экономикасының қарыштап дамуын қамтамасыз ете алатын табиғат және еңбек ресурстарына ие бола тұрса да, жоспар көрсеткіштеріне толық бақылау жасау арқылы партия органдарының билікке араласуы салдарынан халық шаруашылығын дағдарысты жағдайға жеткізді. Бұл жағдай бәрінен бұрын халық тұрмысынан көрініс тапты. Мысалы, тұрғын үй проблемасы, еңбек жағдайы және оған ақы төлеу, қолданыстағы тауарлар зәрулігі (киімнің, аяқ киімнің бір үлгіде болуы, тұрмыстық техниканың жетімсіздігі, т.б.), құнсыздану, теңгерімсіз бірқалыпты тамақтану, т.б.
1980-жылдардың аяғы — 90-жылдардың басындағы Коммунистік партиядағы дағдарыс.
1985 ж. көктеміне қарай елде экономикалық реформа жүргізу қажеттігі айқын сезілді: М.Горбачевтің билікке келуімен КСРО-да реформалар кезеңі басталды. 1985 ж. сәуірдегі КОКП ОК Пленумында “Жеделдету” және “Жариялылық” ұрандары көтерілді. Жеделдету экономиканы дамыту қарқынын жеделдетуді көздеді, бұл өкіметтің ел экономикасындағы проблемаларды шешуге дәстүрлі қөзқарасын білдіретін еді. Жариялылық дегеніміз — жоғары сатыдағы басшыларды сынауға рұқсат беруден басталып, тарихи санаға еркіндік әперіп, сөз бостандығына алып келді. Жариялылық ресми емес ұйымдардың ашық бой көрсетуіне көмектесті. Коммунистік партия қоғамның ресми пікірін білдіруші рөлінен айырылды. Партия көзқарасына келіспестік білдіруге жол ашылды. Нәтижесінде партияның өз ішінде бөліну, жарылу үрдісі байқала бастады.
1980 жылдар аяғына қарай КСРО-да өндіріс қарқыны баяулап, халықтың тұрмыс деңгейі нашарлады, әр түрлі аймақтарда ұлтаралық жанжалдар орын алып, республикалар арасындағы байланыс жойыла бастады.
Коммунистік партияның дағдарысы қатардағы коммунистердің болып жатқан өзгерістерге түсінбеушілігінен басталды. Партия дағдарысы ең алдымен дүниетаным дағдарысы. Қазақстандағы партия ұйымдарының мүшелері партиядан шығып, оның қатары сирей бастады. Олардың арасында партия қатарында ұзақ жыл болғандар да баршылық еді.
Коммунистік партияны нығайту мақсатында 1990 ж. наурыз Пленумы шешімдеріне сәйкес есеп беру-сайлау жиналыстары өткізілді, конференциялар мен жиналыстарды жаңаша өткізу қолға алынды, белсенділерден жұмысшы топтары мен комиссиялары құрылды, коммунистер мен еңбекшілер арасында сауалнама жүргізілді, көбіне партия комитеттерінің хатшылары тура жиналыс үстінде сайлана бастады. Негізінен бұрынғы хатшылар ауыстырылып, жаңа адамдар сайланды. Көптеген жиналыстар мен конференцияларда партияның орталық органдары — КОКП ОК, оның саяси бюросы, хатшылығы өткір сынға алынды.
1991 ж. көктемнен бастап КӨКП ОК-і саяси білім беретін оқу орындары мен ғылыми жүйені реформалауға кірісті. Осы арқылы партия өз қызметін жаңғыртып, қоғам дамуындағы негізгі тенденцияларға ғылыми болжам жасауды жүзеге асыруға, кадр саясатын жетілдіруге тырысты. Алайда уақыт өтіп кеткен еді, көпшілік жерде шығынды азайту үшін парткабинеттер мен қоғамдық саяси орталықтар асығыс жабыла бастады, өйткені көптеген үгітшілер жергілікті жерлерде адамдардың нарықтық экономика, партияның әлеуметтік саясаты турасындағы сұрақтарына жауап бере алмайтын.
1991 ж. көктеміне қарай КОКП бірыңғай партия емес, атауынан басқа ортақ ештеңесі жоқ ұйымдар тобына айналды. Мысалы, Қазақстан партия ұйымдары тереңдей түскен экономикалық дағдарыс жағдайында республика мүддесін қорғау саясатын ұстанды.
Компартияны барлық жерде-ақ экономиканы басқарудан ығыстыруға айналды. Өндірісте парткомды кәсіпорын шегінен аластап, аумақтық-өндірістік принципінің орнына партия ұйымының аумақтық принципі әрекет ете бастады. Енді компартия да өзге саяси ұйымдар сияқты сайлау округтерінде халықпен жұмысты арттыруға тиіс болды. Бұл қалыптасқан көппартиялық жүйеде партияның жұмыс стилі мен әдістерін өзгертуді талап етті.
Компартияның ішіндегі кейбір кертартпа күштер Орталыққа ел билігіндегі тоталитарлық күшін қайтаруға тырысты. 1991 ж. тамыз айында мемлекеттік төңкеріс әрекеті жасалды. Радио және теледидар арқылы вице-президент Г.Янаев М.Горбачевтің “денсаулығының нашарлауына байланысты” КСРО-дағы барлық билік 6 айға ТЖМК (Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комитет) қолына көшкендігін мәлімдеді.
Қазақ КСР Президенті Н.Назарбаев 1991 ж. 19 тамыз күні Қазақстан халқына арналған сөзінде Қазақстан аумағында төтенше жағдай енгізілмейтіндігі, Қазақ КСР конституциясы және мемлекеттік егемендік туралы Декларацияға сәйкес барлық билік кеңес органдарының қолына өтетіндігі жайлы мәлімдеді.
Компартияның күш жұмсау әдісі арқылы барлық билікті өз қолына қайта алу әрекеті оны қоғам алдындағы беделінен біржолата айырды. Республикадағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Қаз КСР Президенті Н.Назарбаев 1991 ж. 22 тамызда саяси партиялардың, өзге де қоғамдық ұйымдар мен прокуратура, мемлекеттік қауіпсіздік, ішкі істер, заң, мемлекеттік арбитраж, сот және кеден органдарындағы қоғамдық қозғалыстардың әрекетіне тыйым салған жарлық шығарды. Мемлекеттік органдарды партиядан бөлектеу ісі саяси күштердің құқық қорғау және әділ сот органдарына әсер етуіне жол бермеу мақсатын көздеді.
1991 ж. 24 тамыз күні КОКП ОК Саяси бюросына Назарбаевтың оның құрамынан шығатындығы жөніндегі мәлімдемесі түсті. 1991 ж. 25 тамызда “Қазақ КСР аумағындағы КОКП мүлкі туралы” жарлық жарық көріп, ол бойынша республика аумағындағы барлық КОКП мүлкі мемлекет меншігі деп жарияланды. 28 тамыз күні ҚКП ОК V Пленумы шақырылып, онда КОКП-ның қазіргі жағдайы талқыланды. Кезектен тыс партия съезін шақыруға шешім қабылданып, оны даярлайтын ұйымдастыру комитеті құрылды, ҚКП ОК-нің қызметі тоқтатылды.
1991 ж. 7 қыркүйекте ҚКП төтенше ХVІІІ съезі ашылып, 591 адам делегат болып келді. Күн тәртібінде елдегі және КОКП-дегі саяси жағдайға байланысты Қазақстан компартиясының мәселесі қаралды. Съезд 760 мың адам мүше болып табылатын Қазақстан коммунистік партиясы КОКП құрамынан шығып, жеке саяси ұйым болатындығы жөнінде қаулы қабылдады. Ұзақ дау-таластан кейін оны Социалистік партия деп өзгерту туралы шешім шығарылды.