Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
20
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
218.62 Кб
Скачать

Бөлім 1. Ежелгі Қытай мәдениетінің қалыптасуы.

ГЛАССАРИЙ

 

Конфуций ілімі - Қытай мәдениетінің қайнар бұлағы болып саналады. Оның негізін қалаушы Кун-Фу-Цзы, яғни Кун-ұстаз. Конфуций б.з.б. 551 жылы дүниеге келген. Бала кезінен-ақ білімге өте құштар болған Ұлы уағызгер көне заман тарихын қызыға оқып, ескі салт-дәстүрлерді өте жақсы көрген. Ол бүкіл өмірін Лу патшалығында өткізген.

Сяо ілімі - ата-бабаларға табыну - ежелгі Қытайда кеңінен орын алғандығы тарихтан белгілі.Осы ежелден қалыптасқан дәстүрдің мазмұны мен түрін ғана өзгерткен Конфуций оған ерекше мән бере отырып, бұл табынушылықты әрбір қытай азаматының қоғамдағы басты міндетіне, тәртіп нрмасына айналдырды. Сойтіп, осындай мақсатты жүзеге асыруға негізделегн «Сяо» - яғни, балалар құрметі лімі дүгиеге келді. «Сяо» ережелері ата-анаға қалтықсыз қызмет көрсетуді, оларды «ли» дәстүрімен жерлеуді және діл осы тәртіппен ата-аналар құрметіне құрбандықтар шалып отыруды қатаң талап етеді. «Сяо» тәртіптері бойынша қандай жағдай болса да, тіпті әкесі ұря немесе кісі өлтірсе де балалары әке-шеше алдындағы борышын адал атқаруы шарт.

Кэфу – «бөлік қағаздар  үшін жазба»

Чун Шу – «жәндік – жазулар

Шушу – «канцелярлық жазу»

Муин – «баспадағы белгілер»

Лишу – «Лишу стилі Хань дәуірі кезіндегі ресми құжаттарда б.з.д І ғасырдың ортасынан бастап  қолданылған.

Фанъянь - І ғарсырдың басында, ғалым Ян Сюн  диалектикалық лексикалық сөздігін ойлап шығарды.

Шовэнь Цзецзы - қытай жазуының  классикалық түсіндірме сөздігін ғалым Сюй Шэнь жасады. Онда 9353 белгі көрсетілген.

Нэй-цзинді - медицина саласындағы ең байырғы еңбек деп санауға әбден болады.

Батыс медицинасы – бұл жеке мүшелердің медицинасы. Қазір тіпті дәрігер-гетолог та бар. Ол бауырды жеке емдейді.

Шығыс медицинасы – бұл денсаулық жайындағы ғылым. Шығыс медицинасы аурумен күресіп оны жеңу деп есептемейді. Ауруды ол берілген ескерту деп қабылдайды.

Тақырып 1. ежелгі қытай мәдениетінің қалыптасуы

Дәріс мақсаты: ежелгі қытай мәдениетінің қалыптасуы, Конфуцийдің қысқаша өмірбаяны, «Жетілген Адам» идеалы, «Сяо» ілімі, білім туралы Конфуцийлік ілім туралы түсінік беру.

Студенттердің ой өрісін, танымын кеңейту және саралау, сараптау қабілеттерін жетілдіру.

Тақырып қарастырылатын сұрақтар:

1.1 Конфуцийдің қысқаша өмірбаяны

1.2 «Жетілген Адам» идеалы

1.3 «Сяо» ілімі.             

1.4 Білім туралы Конфуцийлік ілім.

Тақырыпқа қысқаша сипаттама (тезисы):

Қытай мәдениетінің қайнар бұлағы-Конфуций ілімі болып саналады. Оның негізін қалаушы Кун-Фу-Цзы, яғни Кун-ұстаз. Конфуций б.з.б. 551 жылы дүниеге келген. Бала кезінен-ақ білімге өте құштар болған Ұлы уағызгер көне заман тарихын қызыға оқып, ескі салт-дәстүрлерді өте жақсы көрген. Ол бүкіл өмірін Лу патшалығында өткізген.

Жас кезінде ол саясаткер болуды армандап, соған ұмтылған. Алайда ол кезде ірі саяси лауазымдар әкеден балаға мұра арқылы берілгендіктен ол өзінің арманынан біржолата қол үзеді. Егер Конфуций жағымпаз, пайдақор адам болған жағдайда өз мақсатына жетер еді., бірақ ол бұндай адамдардың санатынан емес еді.Саяси қыметке енді жоқ екендігіне көз жеткіген Конфуций ғылыми ізденіспен және дәріс берумен айналысады. Ол өзін жолы болмағыш адам деп есептеген. Сол кездегі галымның дәріс беру ісі өз заманының қоғамның адыңғы қатарындағы адамдар тобымен тығыз байланысты болды. Қытайда мемлекеттің пайда болуынан бастап тарихи деректерді білу, қогамдық тәртіп ережелерін білу тек қана күнделікті ішкі саясатты жүеге асыруда ғана емес, сонымен қатар басқа мемлекеттермен қарым-қатынастарда да керек болды.

 Өмір жолында талай қиындықтарды бастан кешірген Конфуцийдің бойында өзі өмір сүрген ортаға көңілі толмаушылық сезім белең алды. Ол елдегі бей - берекетсіздіктен құтылу және халықтың тұрмыс - тіршілігін дұрыс жолға қоюдың басты жолы - ата - бабалар дәстүрлері мен заңдарына, көне заман тәртібіне оралу деп санады. Конфуцийдің ойынша бұл мақсатты жүзеге асыру жолындағы шараларды әрбір адам саналы түрде жүзеге асыруы, өз - өзіне жоғары талаптар қоя білуі және қабылданға ережелер канондарды мүлтіксіз орындай білуі шарт, міне сонда ғана қоғамда келелі өзгерістерді жүзеге асыру мүмкіндігі туады. Бұл қағида оның этникалық-әлеуметтік бағдарламасының негізі болып табылады және Қытайдың мәдени-тарихи дамуына ерекше ықпал жасады.

Ата - бабаларға табыну - ежелгі Қытайда кеңінен орын алғандығы тарихтан белгілі.Осы ежелден қалыптасқан дәстүрдің мазмұны мен түрін ғана өзгерткен Конфуций оған ерекше мән бере отырып, бұл табынушылықты әрбір қытай азаматының қоғамдағы басты міндетіне, тәртіп нрмасына айналдырды. Сойтіп, осындай мақсатты жүзеге асыруға негізделегн «Сяо» - яғни, балалар құрметі лімі дүгиеге келді. Конфуцийдің пайымдауынша, «сяо» адамгершіліктің негізі болып саналады. «Сяо» ережелері ата-анаға қалтықсыз қызмет көрсетуді, оларды «ли» дәстүрімен жерлеуді және діл осы тәртіппен ата-аналар құрметіне құрбандықтар шалып отыруды қатаң талап етеді. «Сяо» тәртіптері бойынша қандай жағдай болса да, тіпті әкесі ұря немесе кісі өлтірсе де балалары әке-шеше алдындағы борышын адал атқаруы шарт.

Уақыт өткен сайын «сяоның» ата-аналарды құрметтеу туралы өмірлік қағидалары қытай қоғамында тамырын терең жайып, халықтың шексіз құрметіне бөленді. Айтылған пікіріміз дәлелді болу үшін баланың ата - анаға қатынасын білдіретін бірнеше мысалдарды келтірейік. Бірінші мысал: сегіз жасар бала маса өзін қанша шақса да, әке-шешесін мазаламайын деген рймен оларды ешбір қақпай осы бір азапқа төзіп, шыдамдылық танытады. Екінші мысал: аштық жылында әбден әлсіреген әкеснің өмірін сақитап қалу үшін «үлгілі бала» өз етінен ет кесіп, әкесіне сорпа пісіріп береді. Бұл мысал әңгімелерден қытай халықтарының өз балаларын жас кезінен бастап-ақ әке-шеше үшін қандай құрбандықтарға болса да дайын болуға тәрбиелейтіндіктерін байқауға болады. Осы орайда, қытайлықтардың бүкіл өмірі ата-бабалардың қатал да, талапшыл қазылардың алдында ұдайы есеп берумен өтті ме деген сияқты ойға қаламыз. Қытайлықтар, тіпті өлілер де тірілердің іс - әрекетін бақылайды деп түсінген.

Конфуцийдің ата-бабаларды құрметтеу және сяо ережелері қытайлықтарды отбасын ыдыратпай, тату-тәтті өмірге тәрбиеледі. Отбасы-қоғамның негізі тірегі деп саналды, отбасылық мүдделер жеке адамның мүддесінен жоғары қойылды. Сондықтан да болар, олар махаббатты жай ғана сезімдік құбылыс деп санап, оны отбасы мүддемніен төмен алып қарады. Жас жұбайлар арасында махаббат болмауы да мүмкін, бірақ бұл жағдай отбасының тату-тәтті өмір сүруіне ешбір нұқсан келтірмеуі және ерлі-зайыптылардың қоғам алдындағы әлеуметтік-отбасылық парыздарын ойдағыдай өтеуіне ешбір кедергі жасамауы керек.Ұрпақты жалғастыру мәселесіне діл осындай мемлекеттік дәрежеде мән берілуінің арқасында Қытайда отбасылардың саны өсіп, ал өз кезегінде бұл жағдай халық санынң күрт өсуіне себепкер болған.Бір атап өтетін жайт, қытайда үлкен отбасылар көп болған. Конфуций үшін тәжірибе- ең алдымен адамдар арасындағы қарым-қатынас болып табылады.  Дана адамның бойындағы ең басты қасиеттер- халықтан алшақтамауында,халық қалай өмір сүрсе дәл солай тіршілік жасауында, қоғамдық салт-дәстүрлерді қатаң сақтай отырып, өмірден моралдық жағынан қанағат алуды басты орынға қоюында. Қытай қоғамында салт-дәстүрлер, салт-жоралар өмір сүрудің басты шарттары болып саналады.

Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:

  1. Конфуцийдің қысқаша өмірбаяны?

  2. «Жетілген Адам» идеалы?

  3. «Сяо» ілімі?             

  4. Білім туралы Конфуцийлік ілім?

Әдебиеттер: 1,2,3, 14, 17.

Тақырып 2.  Ежелгі қытайдағы жазу және әдебиеттің дамуы

Дәріс мақсаты: Жазу өнерінің қалыптасуы, Қытай жазуының ерекшеліктері,  жазу эволюциясы,  сауаттылыққа үйрету, әдебиет өнерінің қалыптасуы, классикалық поэзия,   көрем проза туралы түсінігін дамыту.

. Студенттердің ой өрісін, танымын кеңейту және саралау, сараптау қабілеттерін жетілдіру.

Тақырып қарастырылатын сұрақтар:

2.1  Жазу өнерінің қалыптасуы

 2.1.1 Қытай жазуының ерекшеліктері

 2.1.2 Жазу эволюциясы

 2.1.3 Сауаттылыққа үйрету

2.2 Әдебиет өнерінің қалыптасуы

 2.2.1  Классикалық поэзия

 2.2.2  Көкем проза

Тақырыпқа қысқаша сипаттама (тезисы):

Ежелгі  Қытайлықтар  жазу  өнерін  қытай өркениетін аңыз ретінде қалыптастырған Хуан-дидің көмекшісі  Цан Цзе ойлап тапты дейді. Ол адымен тау мен теңіздің; аң, құс, айдаһар  және  жыланның дініне қарап отырып, жазу белгілерін салған. Тағы бір нанымға сенетін болсақ, ежелгі жазу белгілерінің  бір  нұсқасы болып  «Ауыспалы уақыт Кітабы» («Книга Перемен») саналады. Осылайша ежелгі қытайлықтардың  көз  алдындағы   жазу, сонымен қатар,  жазулар мен құбылыстардың көлеңкесін, олардың өзгертілген кесікіндерін  де қосып алды. Бұл қытайлық ғалымдарға жазуды ой – еңбегінің жемісі,  шығармашылық  күш-жігер  және елестетудің қосындысы ретінде  қарауға  мүмкіндік  береді. Осылайша жазу өнері табиғат пен мәдениеттің, нақтылы  заттар мен адам шығармашылығының  бірлескен  факторы  ретінде  жүрді.

Бүгінгі  күнге дейін  белгілі болған  ежелгі қытай  жазуларының  үлгісі  б.з.д ІІ  мыңжылдықтың ортасына  жатқызылып, сүйектегі таңба ретінде  бізге жеткен. Олар көбінесе пиктограмма  түрінде табылған. Қазіргі күнге  дейін Шань  дәуірінің  5000-ға жазу  белгілері  анықталған, ал  оның  1500-ы  ежелгі  иероглифтермен  сәйкестендірген. Бұған  қоса  абстрактілі  түсініктер мен белгілі бір  затқа нормативті  мағына  беру  тәсілі  де  табылған. Мысалы: 1, 2, 3  сәйкесінше  горизонталь  белгілермен  белгіленген, ал «жақсы»  түсінігі  «әйел»  және  «бала» белгілерінің  қосындысынан туындаған.

Классикалық  Қытай  тілін  екі  топқа бөліп қарастыру қажет: ата  және  предиактив.

Қытай жазуының табиғатына терең үңілсек, Чжау  дәуірінде-ақ сәйкес  сөздердің фонтикалық  принциптері  бойынша  қалыптасқанын  көруге болады. Иероглифтік  кілттердің  тізімі б.з  басында  қалыптасып, 214 белгі деп есептелінген. Олар  белгілі бір заттар  тобын  қарастырады: «ағаш», «жәндік», «адам», «от», «су» т.б.

Сөздердің дыбысталуын  жазба белгілермен  беруге  талпынса да, Корея, Жапониядағы  сияқты  дыбыс  әліппесі қалыптаспаған. Бұған кедергі болған  Қытай тілінің  дыбыстық  тізгінінің  ерекшеліктері. Қытай  лексикасында  5000-дай сөз бар. Мұндағы әр буын  көп  мөлшердегі  сөзге сәйкес  келеді.

Қытайлықтардың әліпбилік  жазуға  көшудің  лингвистикалықтан  басқа  саяси және  әлеуметтік  себептері  де  болды.Б.з І мыңжылдығының ортасында  жазба тіл  таза  кітабиге  айналып, оны  жоғары жақ  бүгінгі  күнге дейін  дәріптеп  келеді.

Ежелгі қытай поэтикалық мұрасы ретінде көптеген шығармаларды көруге болады. Тек тан дәуірі кезінде 2000-нан астам әдебиетші болған. Оның типологилық ерекшеліктеріне қарап және шығу жағдайына байланысты Қытай поэзиясы жеке дара, өзгеше тақырыптың топқа жатқызылып, жергілікті діни құнарлықтарға толығымен жауап бере алды.

Поэзияның негізгі саласы:

1. Панеглрик шығармалар – патша династиясы оның басқару үйі, салт – жоралғылар жасалатын орындарды мадақтайтын мәтіндер жиынтығы. Ол филисофиялық – саяси терминологияға өте бай.

2.    Конфуцилілік тақырыптағы поэзия – бірнеше тақырыптық топтан құралады.

А) тарихи оқиғалар

Б) әлеуметтік саяси  тақырыптар – басшы мен қарапайым адам арасындағы  жағдайлар.

С) әскери тақырыптағы шығамалар - әскери өмір қиындықтары, қақтығыстар сипатталады.

3. Махаббат лирикасына жатқызылатын тақырыптар. (сезімдер поэзиясы)

4. Табиғат стиліндегі поэзия  (Гун ти ши)

5. Достық поэзиясы

6. Қоршаған орта құбылыстарын сипаттайтын поэзия.

Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:

  1. Жазу өнерінің қалыптасуы?

  2.  Қытай жазуының ерекшеліктері?

  3.  Жазу эволюциясы?

  4.  Сауаттылыққа үйрету?

  5. Әдебиет өнерінің қалыптасуы?

Әдебиеттер:1,2,3,14,20,21.

Тақырып 3. Қытайда ғылым мен білімнің дамуы

Дәріс мақсаты    Қытай ғылымының дамуы, Қытай астраномия мен күнтізбесі , Қытай математикасы туралы түсінік беру.

Студенттердің ой өрісін, танымын кеңейту және саралау, сараптау қабілеттерін жетілдіру.

Тақырып қарастырылатын сұрақтар:

   3.1  Қытай ғылымының дамуы

3. 2 Қытай астраномия мен күнтізбесі

3. 3 Қытай математикасы

Тақырыпқа қысқаша сипаттама (тезисы):

Ежелгі қытайлықтардың пайымдауынша, әлем бастапқы қлыптағы  Хаостың кеңеюінен немесе жайылуынан пайда болған. Даостық кітаптарда әлем эволюциясы «Ұлы Бастамадан» басталып, «он мың заттың», яғни физикалық әлемнің пайда болуымен аяқталды. «Өзгерістер Кітабында» дәл осы үрдіс «Ұлы Бірліктің» инь және ян деп аталатын полярлы күштерге бөлініп, ал олар өз кезегінде төрт жыл мезгіліне және Сегіз триграммаға бөлініп, нақтылықты құраған делінеді. «Ұлы Шектілік Картасында» космостық айналым Бастамасыздық – уфаның Улы Шектік – тайцзиге өтуімен суреттеледі.

16 ғасырда өмір сүрген ғалым Ли Шичжэнь қытай фармакопесі бойынша классикалық анықтамалықтың авторы, әлемдік эволюцияның нақтырақ картасын сызған болатын. Еңбектің бірінші тараулары әлем пайда болуына қатысқан су мен от стихияларына арналған. Келесі бөлімдерде жер – барлық жердегі заттардың анасы жайлы жазылады. Келесі болып рудалар мен минералдар суреттеледі. Өсімдіктер өздерінің көлемдерінің кішісінен үлкеніне қарай суреттелген. Біінші шөптер, одан кейін дәнді дақылдар, жеміс-жидектер, көкөністер, ең соңында ағаштар айтылады. Жануарлар әлемі келесі ретпен жазылады: насекомдар, балықтар, моллюсктер, құстар, аңдар. Бүкіл әлемнің жемісі – адам делінген.

Қытайлықтардың ойынша от – таза материялды емес энергия болып табылады. Ғалым «аспандық» оттың төрт түрін, «жердік» оттың бес түрін, «адамдық» оттың үш түрін айырып көрсеткен. Сонымен қоса ол оттың «анықталмаған» бірнеше түрін атады: суық от, кристаллдардың шығаратын жылуы тағы сол сияқты. Су болса шекті инертті заттылық болып есептелді.

Қытайлар әлем ци деген ұғымнан пайда болды деген. Ци – барлық заттардың субстантивтік бастамасы және әлемдік энергия болып табылады. Сонымен қоса бұл ұғым бүкіл әлем біртұтас дүние дегенді білдіреді. Мысалы, аспан цидің жоғары көтерілген таза және жеңіл бөлшектерінен пайда болған, ал жер төмен түскен ауыр және бұлдыр бөлшектерден құралды делінген.

Қытайдың дәстүрлі ғылымы адамдардың күнделікті қажеттіліктері мен тұрмыстарына байланысты. Мысалы ұзындықтың негізгі өлшем бірлігі – қадам болған, уақытты хош иісті шаңырақтың жанып біту ұзақтығымен өлшеген. Немесе су сағатын пайдаланған. Медицина болса қашықтықты дәрігердің сұқ саусағының ортаңғы фалангасының ұзындығымен өлшеген. Сонымен қоса ежелгі қытайлықтарда қашықтықты өлшеудің объективті критерийлері де болған. Мысалы күн гномынан көлеңкенің 1 цуньге алшақтауы – жер бетінде 1000 лиге тең қашықтыққа өту болып табылған.

Аспан мен Жердің құрылымына келсек, қытайлар осы жөнінде ортақ теорияны пайдаланбаған. Ежелгі Қытайда бір мезгілде бірден үш космологиялық ілім болған. Ең ежелгі Аспан жамылғысы жайлы ілім (гаи тянь шуо) – аспан жарты сфера тәрізді жерді қоршап тұратын қабықша деп түсіндіреді.

«Аспан сфералары» (хунь тянь шо) атты келесі теория Аспан тауық жұмыртқасындай пішінді және бірнеше концентрикалық сферадан құралады деген. Ал Жер жұмыртқаның сарысындай жаһанның орталығында орналасқан деген. Жер әлемнің ортасында қалқып жүреді, ал Аспан жерден шығатын буланған заттар арқылы көтеріліп тұрады деп жазылды. Аспан денелерінің қозғалысы «аспан желінің» бағытымен болады делінді. Аспан сферасының диаметрі 2 млн лиден асады делінді. Дәл осы ілім біздің заманымыздың бірінші мыңжылдықтарында ресми таныла бастады.

Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:

1  Қытай ғылымының дамуы?

2 Қытай астраномия мен күнтізбесі ?

3 Қытай математикасы?

Әдебиеттер: 1,2,3,5,17,20,22.

Тақырып 4. Ежелгі Қытай медицинасы

Дәріс мақсаты: Қытай медицинасының тарихы, Қытай медицинасының  тән емдеу тәсілдері, Батыс және Қытай медицинасы арасындағы арақатынас туралы түсінік беру.

Студенттердің ой өрісін, танымын кеңейту және саралау, сараптау қабілеттерін жетілдіру.

Тақырып қарастырылатын сұрақтар:

4.1 Қытай медицинасының тарихы

4.2 Қытай медицинасының  тән емдеу тәсілдері

4.3 Батыс және Қытай медицинасы арасындағы арақатынас

Тақырыпқа қысқаша сипаттама (тезисы):

Тарихи тұрғыдан қарастырғанда Қытай медицинасы батыс медицинасына қарағанда әлдеқайда ертерек дамыған. Осымен, «Көктемгі және күзгі кезеңдердегі» (б.з.б 770-476 жж) және «Қақтығысушы империялар» (б.з.б. 475-221 жж) династияларының билігі кезінен бастап 2000 жыл бойы Қытайда медицинаға байланысты «Нэй-цзин» атты еңбек сақталып келеді. Сондықтан «Нэй-цзинді» медицина саласындағы ең байырғы еңбек деп санауға әбден болады. Бұл жазбада ғасырлар бойы жиналған Қытай дәрігерлерінің тәжірибелері баяндалған, Қытай емдеуінің дәстүрлі теориялық жүйесі дәлелденген, дәрілік шипасының негіздері келтірілген, инемен емдеу тәсілдері және акупунктура жазылған.

Қытай медицинасы мен батыс медицинасын салыстыратын болсақ Қытай медицинасына негізделген емдеу тәсілдерінің бірқатар артықшылықтары анықталады. Мысалы, ішек-қарын қуысына оталау кезінде немесе хирургиялық араласулар кезінде толық наркоздық әсерге қол жеткізу үшін ұйықтататын заттарды Қытай хирургі және акупунктура маманы Хуа Туо 1700 жыл бұрын пайдаланған. Хуа Туо біздің заманымыздың 112-207 жылдар аралығында өмір сүрген, ол өзінің аса ауқымды оталаулары кезінде баршаға белгілі «Ма-фэй-сан» атты чай қоспасын қолданатын.  Ал, Чжан Чжуанчин дәрігер (б.з. 150-219 ж.ж.) «Суықтың әсер етуі негізінде әр-түрлі ауруларды қарастыру» (Рассмотрение различных болезней от воздействия холода) атты еңбегін жазды, онда қазіргі кезге дейін өз маңыздылығын жоғалтпаған Қытай медицинасының ерекше диалектикалық диагностикасының мәселелерін қарастырған.

Превентивті медицина Қытай медицинасында маңызды орынға ие болып келеді. Аурулардың алдын алу Ежелгі Қытайдан бері келе жатқан емдеу тәсілдерінің негізгі түріп болып табылады. Мысалы, «Нэй-Цзин» кітабында жызлған сұхбаттардың бірінде адам өзінің денсаулығын қалай сақтауы керектігі баяндалған. Сондықтан Қытай тарихында гигиеналық шаралар мен паразиттермен күрес маңызды рөл ойнаған. Тан династиясы (б.з. 618-907 ж.ж.) кезінде дәрігерлер алапес (проказа – теріні, көзді, жүйке жүйені және кейбір ішкі органдарды зақымдайтын созылмалы жұқпалы ауру) ауруы жұқпалы екендігін біліп, осы дертке шалдыққан ауруларды сау адамдардан бөлек ұстап, оқшаулаған. Шешек ауруына қарсы сақтандыру егуін алғашқы рет батыстың пайымдауы бойынша ағылшын дәрігері Дженнер (1749-1823ж.ж.) жасаған жоқ. Шешекке қарсы егу алғашқы рет шамамен ХХІ ғасырда Қытайда қолданылған, мәселен шешек ауруына шалдыққан адамдардан алынған қан сарысуын сау адамдарға профилактика, яғни алдын алу шарасы ретінде енгізген. Қытайдың «Шешекке қарсы егулер туралы жаңа кітап» атты кітабы иммуноогия саласындағы жаңашыл еңбек ХVІ ғасырда Еуропа мен Азияның бірқатар елдерінде белгілі болған. Жалпы Қытай медицинасы басқа мемлекеттерің медицинасының дамып, қалыптасуына үлкен әсерін тигізген. Цин (б.з.б 221 - 26 ж.ж.) және Хань (б.з.б 206 ж. - б.з. 220 ж.) династиялары кезінде Қытай, Корей, Вьетнам және Жапония дәрігерлері арасында емдеу тәжірибелерімен және білімдерімен алмасу үрдісі өте тығыз жүріп жатты. Кейіннен бұл тәжірибелер араб елдеріне, Ресейге және Турцияға таралды. Дәстүрлік маңызы бар дәрілік терапия бойынша  «Бэн-Цзяо Ган-Му» атты кітап көптеген тілдерге аударылды, соның ішінде латын, корей, жапон, орыс, ағылшын және француз тілдеріне аударылып, батысты  кең таралды.

ХІХ ғасырдың ортасынан бастап батыс отаршыл державалардың ықпалы әсерінен Қытайда дәстүрлі медицинаның маңызы құлдырай бастады. Жоғарғы билік басындағы лауазымды тұлғалар өз қалауын батыс медицинасына қарай аудырды, ал қытайдың дәстүрлі медицинасы талай сынауға және кемсітушіліктерге ұшырап, өз ықпалын жоғалта бастады. Тіпті Гоминьдан үкіметі кезінде қытай медицинасын ашық түрде басып жаныды. Тек билік басына Мао Цзедун келген соң ғана Қытай медицинасы қайта жаңғырыпғ әлемге әйгілі болды. Бүгінгі кезде Қытаймедицинасының болашағы дәстүрлі Ұытай және қазіргі кездегі батыс медицина әдістерінің ұштасуында екендігін Қытай Халық Республикасы бүгінде мойындап отыр.

Алғашында Қытай медицинасы төрт негізгі саладан тұрған. Мәселен, Инь (б.з.б. 1324 -1066 ж.ж.) династиясынан бастап Чжоу династиясына (б.з.б. 1066 -1221ж.ж.) дейін диетология (инь-ян-и), сыртқы медицина мен хирургия (вай-га) және ветеринария (шоу-и) арасындағы айырмашылықтар байқалып келген. Ал Тан династиясынан Сун династиясына дейінгі кезеңде Қытай медицинасы ары қарай дами бастады. Нәтижесінде 11 түрлі бағыттары қалыптасты.

Қазіргі кезде Қытай медицинасы мамандандырылған 9 салаға бөлінген: терапия, сыртқы медицина, гинекология, педиатрия, офтальмология, ларингология, ортопедия, массаж және акупунктура. Осы салалардың әр қайсысы өзіне тиесілі аса үлкен ауқымдағы білім мен тәжірибелерді қамтиды. Олардың ішіндегі батыста кең тараған саласы бұл инемен емдеу, акупунктура саласы болып табылады.

Әр түрлі дәрілер мен акупунктураны қолдануды тағайындаумен қатар медицинаның әр түрлі салаларында пайдаланылатын Қытай медицинасында басқа бір қатар әсер етудің әдіс-тәсілдері бар.

Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:

1 Қытай медицинасының тарихы?

2 Қытай медицинасының  тән емдеу тәсілдері?

3 Батыс және Қытай медицинасы арасындағы арақатынас?

Әдебиеттер: 1,2,3,4,5,17,18,19.

Бөлім 2. Қытайдағы техникалық және жалпы өнертабыстар

ГЛАССАРИЙ

 Пипа - жаңа дәуір басталысымен Қытайда батыс халықтарынан иемденген жаңа ішекті  аспап.

Арфа -  қытайлықтарға Таяу Шығыста және Орта Азияда кең таралған тағы бір аспап.

Сэ немесе гусли, цинь немесе цитра - ішекті аспаптар.

Шай үйлері - қалалық театрлар кездесу орны мен мейрамхана ретінде болуы.

Қытайлық щеберлері кез - келген материалдармен  біркелкі түрде шеберлікпен қолданыла алады, және олардың әрбір шығармашылық жұмыстары қытай өркениетінің «ұлы стилінің» керемет иллюстрациясы болып табылады.

Оқушының емтихан қағазы – гуманитарлық пәндер, жаратылыстану пәндері бойынша даярланады.

Гуманитарлық пәндер бойынша емтихан тапсыратын талапкер – тіл, әдебиет, тарих, география, математика, шет тілі, философия пәндерін, ал жаратылыстық пәндер деген екі үлкен сала бойынша дайындалады.

Гуманитарлық пәндер бойынша емтихан тапсыратындар – математика, физика, химия, биология, шетел тілі, философия, әдебиет пәндерінен біртұтас емтихан тапсырады да, бағасы ең жоғары болғандары оқуға қабылданады.

Тақырып 5. Қытай техникалық және жалпы өнертабыстарық

Дәріс мақсаты: Ежелгі қыдайдағы механикалық және жалпы өнертабыстар, ҚХР техниканың дамуы түрлеріне түсінік беру.

Студенттердің ой өрісін, танымын кеңейту және саралау, сараптау қабілеттерін жетілдіру.

Тақырып қарастырылатын сұрақтар:

5.1  Ежелгі қыдайдағы механикалық және жалпы өнертабыстар

5.2  ҚХР техниканың дамуы

Тақырыпқа қысқаша сипаттама (тезисы):

 Б. З. Д. 1 мың жылдықтарда қытайлықтар «су диірменін» ойлап тапты, онда ортасында дөңгелектер орналасты. Осы дөңгелектің көмегімен диірмен қозғалысын кері және алға жылжытуға мүмкіндік болды. Кейінірек су диірмендердің горизионтальды түрлері ойластырылып шығарылды. Орта ғасырлар дәуірінде темірді балқыту үшін аздап оғып тұратын күрделі механизм қолдана бастады. Су ағымы арқылы дөңгелек қозғалысқа келді, арнайы патрон алға және артқа жылжу арқылы ұзын балқытқыш пештің есігін ашып-жауып тұрды.

 Жерді бұрғылауүшін де арнайы механизмдер қолданылды. Ол бұрғы қондырғыларын адамдар арнайы педальды басу арқылы іске қоса алған. Ол кездегі жер бұрғылау қондырғылары көбінесе ағаштардан жасалған. Көбінесе оған мықты материал ретінде бамбук сабы қолданылды.

 Жоғары дәрежелі жетістіктерге солд кездердегі тігіншілер станоктары жетті. Көне Қытайда жібек құрттарының жібіп өңдеу үшін арнайы станоктарды қолданылды. Алдымен ыстық суы бар қазанға салып қайнатқан.

    ҚХР құрылғаннан кейін ғылым мен техниканың жоспарлы түрде дамуына қолайлы жағдай жасалды. 1979-14957 жылдары партия мен мемлекет басшылары ғылым мен техника жетістіктерін әлеуметтік экономиканы дамыту мақсатына пайдалана отырып, ғылым мен техниканы неғұрлым кеңінен өрістету мәселесін алға қойды. Осы тұста ғылыми мекемелер жүйесін қайта құру маңызды жұмыстар істелді. Ғылыми- зерттеу жұмыстарына бөлінген қаржы мөлшерлері көбейтілді. Қытайда ғылым мен техниканың ойдағыдай дамуына КСРО мен ҚХР арасында тығыз қарым-қатынас орнауы себепкер болды. Әсіресе 50 жылдардағы бірлесіп ғылыми жұмыстардың маңызы зор болды. КСРО мен ҚХР жоғары оқу орындары 124 тақырыпта бірлесіп жұмыс жүргізілді. 1951-1960 жылдары 900-ден астам ҚХР қызметкерлері ғылыми дайындықтан өтті.

Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:

1  Ежелгі қыдайдағы механикалық және жалпы өнертабыстар?

2  ҚХР техниканың дамуы?

Әдебиеттер: 1,2,3,5,14,19,21.

Тақырып 6. Қытайдағы сәулет өнерінің дамуы

Дәріс мақсаты: Қытайдың сәулет өнері, Қытайдағы сәулет өнерінің қалыптасуы, қытайдғы сәулет өнерінің қалыптасу кезеңдері, Қытай сәулет өнерінің ежелгі ескерткіштері, жабық қала - Гугун, Ұлы қытай Қорғаны туралы түсінік беру.

Студенттердің ой өрісін, танымын кеңейту және саралау, сараптау қабілеттерін жетілдіру.

Тақырып қарастырылатын сұрақтар:

6.1   Қытайдың сәулет өнері

6.2  Қытайдағы сәулет өнерінің қалыптасуы

6.3  Қытайдғы сәулет өнерінің қалыптасу кезеңдері

6.4  Қытай сәулет өнерінің ежелгі ескерткіштері

6.5  Жабық қала - Гугун

6.6  Ұлы қытай Қорғаны

Тақырыпқа қысқаша сипаттама (тезисы):

  Қытай Өркениетінің негізгі идеясы – адам мен табиғат әлемінің бірлігі, жеке тұлға мен қоғамның бірлігі архитектуралық дәстүрлерде анық көрсетіледі.

Қытай үйі әрдайым табиғаттың ортасына бейнеленеді. Бұның негізі адам мен табиғаттың және космос арасындағы баянды үлесімділікте екендігінен деген ойға келесін. Сонымен бірге үй қоғамдық өмір мен отбасылық ұстанымды сипаттайды. Архитектуралық пішіннің Қытайда ең алдымен композиция Архитектураның негізі үйдің өзі емес көбінесе оның ауласы мен бақшасы маңызды. Үйдің ауласы қоршалып, қақпамен жабылады. Бұл қытайлық беделдік пен жоғарғы отбасылық ұстанымдарды сипаттайды. Бір сөзбен айтқанда қытайлықтар үшін үй ұрпақтың жалғасуын жүзеге асыратын физикалық емес, символдық белгісі болып есептеледі.

Соседние файлы в папке 2