Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Философия / ФИЛОСОФИЯ / Шәкәрім жан туралы.docx
Скачиваний:
11
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
27.15 Кб
Скачать

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

№2 Семестрлік жұмыс

Тақырыбы: Шәкәрім ‘‘жан” туралы

Орындаған: БРк-09-6 тобының

студенті Султан Т.

Сынақ кітапшасының № 093452

Қабылдаған: Жарқынбаев Е.Е.

Алматы 2011

Мазмұны

ЖОСПАР......................................................................................................3

КІРІСПЕ........................................................................................................4

НЕГІЗГІ БӨЛІМ...........................................................................................5

ҚОРТЫНДЫ.................................................................................................8

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................................................9

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім:

1. Қазақтың бес арысының бірі – Шәкәрім.

2. Шәкәрім ‘‘жан” туралы.

Қорытынды

Кіріспе

Шәкәрім қазақ поэзиясының философия саласын дамытқан ақын. Оның қайбір поэзиялық шығармаларын алып қарасаңыз терең философиялық сырға толы болып келеді.

Шәкәрім өзінің өлеңдер топтамасының алғашқы басылымына " Қазақ айнасы" деген образдық бейне қолданғаны тегін емес. Бұл сөз өнері — өмір сәулесі, өмір суреттемесі деген ақынның биікте терең философиялық әрі эстетикалық түсінік ұғымының көрінісі еді".

Шәкәрім орыс тілі арқылы сол тілге аударылған Шығыс, Батыс әлеміндегі рухани қазыналар көзін меңгеріп биіктей берді. Ол онымен шектелмей, философия мен дін тарихына қатысты еңбектерді де қадағалап отырған. Жалпы Шөкәрім Абай ағасы секілді Орта Азия мен Қазақстанда алғашқылардың бірі болып, екі ағым, екі бұлақ — Шығыс пен Европа мәдениеттерін біріктіру, төл ему, қатар сусындауға ықылас білдіру ғана емес, батыл қадам жасаған ұрпақтың алғашқы өкілдерінің бірі. Шәкәрім орыс жөне дүниежүзілік классикасымен Абай арқылы танысқаны анық. Ол құрметпен, мақтанышпен көбірек айтатын есімдер ішінде Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Толстой, Некрасов аттарын кездестіреміз.

Шәкәрім осы аталған орыс ақын-жазушыларының шығармаларынан жақсы аудармалар жасайды. Ал меңгеріп алғаннан кейін орыс мөдениетін батыстың асыл қазынасына жетер баспалдақ ретінде жоғары өрлейді. Батыс философтары Шопэнгауер, Канттың философиялық ілімдері жайлы толғаулары соған куә.

Қазақтың бес арысының бірі – Шәкәрім

Қазақ әдебиетінің бес арысы – Ш.Құдайбердіұлы, А.Байтұрсынов, М.Дұлатов, Ж.Аймаутұлы, М.Жұмабаев білім, жалпы ұлттың руханият саласында ерең еңбек еткен.

Олардың қаламынан туған туындыларда әлеуметтік – қоғамдық жағдайлар, қазақ халқының азаттығы мен теңдігі кең орын алған.

Шәкәрім Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында өмірге келген. Әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған. Шәкәрім Абайдың немере інісі болғандықтан тәлім, тәрбиені мол алған. Ұлттық дәстүр-өнегесін көріп өскен. Әкесі өмірден өткен соң Шәкәрім Құнанбайдың тәрбиесінде болады. Абайдың ақыл-кеңесін тыңдап, жас кезінен өз бетінше ізденген.Ол араб, түрік, парсы, орыс,шағатай тілдерін үйреніп, сол тілдердегі шығармалардан дала ойшылы тұрғысынан ой қорытқан:

"Жасымнан жетік білдім түрік тілін,

Сол тілге аударылган барлық білім.

Ерінбей еңбек еттім, еңбек жанды,

Жарқырап қараңғыда туып кунім.

Оятқан мені ерте — Шығыс жыры,

Айнадай айқын болды әлем сыры.

Талпынып орыс тілін үйренумен,

Надандықтың тазарып кетті кірі".

Шәкәрім 1905-1906 жылдары хажыға сапар жасап оралады. Бұл сапарды ол көптен ойлап жүрген мақсаттарының бірі – Стамбул кітапханалардағы асыл мұраларды оқуға, тарих тереңіне үңілуге пайдаланған. Шәкәрімнің дүниеге, өмірге, табиғатқа, сан-сала құбылыс-көріністерге, дінге көзқарасында кейбір қайшылықтар, жеке үстірттіктер, түсінбеушіліктер кездескенмен, ол ешқашан дінге берілген фанатик, өмір қуаныш-рахатынан аулақ болуды уағыздаған тақуа, бәрін жоққа шығаратын нигилист, торығатын спектик, көзқараста идеалист, өмір бағытынта реакционер болған емес. Оның көптеген шығармаларының мазмұны айқындағандай, дүниеге көзқарасында Шәкәрім көбіне рационализмге, денизмге бейім. Бұл философиялық бағыт бойынша дүниені жаратушы бір күш бар дегенді мойындаушылық, оның дәлелі – табиғатың, жаратылыстың келісті жарасымдылығы, жүйелі тынысы мен үнемі қозғалысы: өмірде ақиқат, шындық, білім-ғылым, ақыл мен сезім дамуы арқылы іске асады да дүние ісіне құдай араласпайды, адамның болмысты танып білу мен адам өзін-өзі жетілдіру мүмкіншіліктерінде шек жоқ. Қазақтың ағартушы – демократтары да көбіне осы дүниетанымды, көзқарастарды жақтағаны белгілі. Шәкәрім де солардың ізінде болды.

Шәкәрім-пәлсапалық өлең-поэмаларымен елге танымал болды. Ол өленді өнер деп танып, оған биік талап, талғаммен қараған. «Арман», «Жастарға», «Қазақ айнасы», және т.б өлеңдерінде, «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-кебек», «Нартай лақ пен Айсулу» поэмаларында, «Бәйшешек бақшасы», «Өзімшілдік» сынды прозалық туындыларында адамның өмірімен, еңбегі, тағдыры, талап, тілектері терең танылады.