Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Философия / ФИЛОСОФИЯ / Эстетикалық көзқарасы

.doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
134.66 Кб
Скачать

Алматы энергетика және байланыс университеті

Әлеуметтік пәндер

кафедрасы

Философия пәнінен

Реферат: Абайдың эстетикалық көзқарасы

Орындаған: Құрманбаева А.С.

БТЭК 10-2

Тексерген: профессор Мұхамеджан Қ.

Алматы 2011

Абайдың эстетикалық көзқарасы

Абай Құнанбаевтың арнайы эстетикалық трактаттар жазбағаны белгілі. Әйтсе де, данышпан ақын-композитордың шығармаларынан әсемдікке, сұлулыққа деген эстетик. талап-талғамын айқын аңғарамыз. Өйткені, елінің, халқының қамын жеп, жоғын жоқтап, мұңын мұңдап өткен ақынның ескен ортасынан, туған жерінен, жер, ел тағдырынан, салт-дәстүрінен, тарихынан, енері мен мәдениетінен сырт, жақсысына сүйінбей, жаманына күйінбей өмір сүруі мүмкін емес. Абай балалық шағынан бастап поэзияның мол мұрасының ішінде өсті. Қазақ үлгісіне Түсірілген шығыстың атақты дастандары мен қиссаларын, бәйіт пен ғазелдерін, аңыз-әңгімелерін, сол сияқты қазақтың төл ертегілері мен жырларын, айтыстары мен шежірелерін, өлеңдері мен әндерін алдымен шешелерінен естіп, айлар бойы ауылдарына келіп жатып кететін ақындар мен жырауларды тыңдап, үлгі өнеге, тәрби

е алды. Кейіннен олар бүл дәстүрді бұрынғыдан да жандандыра түсті. Ақын-жыраулар мен әнші-күйшілерді төңірегіне жинап, олардың өнерлерін тамашалап, әрбіреуіне баға беріп, жол сілтеп отырды. Әрбір өлең мен әнге ғана емес, тыңдаушыға да Абайдың қоятын талабы зор болуының бір себебін осы дәстүрден іздеген жөн. Өзіне дейінгі ақындардың көпшілігінің өлеңдеріне көңілі тола бермеді. Сез енерін, өлең өнерін мейлінше құрмет тұтқан Абай:

“ «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы. Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы. Бөтен сезбен былғанса, сез арасы, Ол - ақынның білімсіз бишарасы. Айтушы мен тыңдаушы көбі надан, Бүл жұрттың сөз танымас бір парасы...»”

-деп, өзінің өлең туралы байламын ұсынады. Поэзияның сұлулығы, құндылығы үшін қажетті алғы шарттарды белгілеп береді. «Ақындары ақылсыз, надан келіп, Көр-жерді елең қыпты жоқтан қармап...» деп, не болса соны өлең қылып, парасатты өлең айту қолынан келмейтін, елеңді дұрыстап жазуға талаптанбайтын, ізденбейтін ақындарды сынға алады. Тыңдаушыны да елеңнің жақсысы мен жаманын айыра білуге, талғампаз болуға шақырады. Абайдың өзіне дейінгі ақындардан бір ерекшелігі, өзіне биік талап қоя отырып, адам мен табиғатты, адам мен жан-жануарды, адамның ішкі рухани мазмұны мен сыртқы пішінін салыстыра отырып суреттейді. Абай эстетикасының тереңдігі мен құндылығы оның шығармашылық принциптерінің әлеум. айқын бағдарымен тығыз байланысты. Оны ақын өлеңдерінен байқау қиын емес. Абай гуманист ақын ретінде адамның әсемдігін «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес, Ол бірақ, қайтып келіп, ойнап-күлмес...» - деп, бәрінен жоғары санайды. Табиғат ретінде адам өледі, «өлсем, орным қара жер сыз болмай ма...» , ал адам ретінде ол өлмейді, өйткені өлмейтұғын артына сөз қалдырады. Адамның табиғаттан артықшылығы - оның талабы, ақыл-ойы және білімі бар. Адамның басты ғаламаты -ол ойлай алады, сөйлейді. Абай өз өлендерінде бүл жайында да айтқан. Абай ақын болмай тұрып ақ, өзі өскен ортадан, айналадағы табиғаттан, дәстүрлі тұрмыс-салттан эстетик. әсер алып есейді, кейін оны толықтырып, байыта түсті. Абай елең жазуды әлі мақсат етпеген кезінде-ақ шындықты эстетик. жағынан қабылдаған, өмірді байқағанда, іске кіріскенде, оқып-ойланғанда эстетик. тұрғыдан алып қарастырған. Абайдың өзге ақындардан екінші бір ерекшелігі - Абай сол замандай-ақ, кеңінен тараған эстетик. теориялардан хабардар болған, көптеген эстетик. ұғымдар оған таныс еді. Арғы жағы Сократ, бергі жағы Спенсер, әсіресе, В. Г. Белинский мен Н. Г. Чернышевский сияқты ойшылдардың эстетик. принциптерін естіп, оқып әжептәуір білім алған. Сонымен өмір эстетикасы, тарихи дәстүр мен мәдени мұра, ғылым мен философия жетістіктері -осының бәрін қорытып, бүған нәзік жаны мен терең ойын қосып, данышпан Абай қазақ халқының эстетикасын жасап шықты. Бүгінгі күннің ғылыми талабына сәйкес Абайдың эстетикасын мынадай тарауларға бөлуге болады. 1. Жалпы эстетик. ұғымдар. 2. Табиғат эстетикасы. 3. Адамның әсемдік қасиеттері, соның ішінде әйелдің сұлулығы. 4. Әдебиет эстетикасы. Соған жалғаса өнер мен шеберліктің эстетик. маңызы. Жалпы эстетик. мәселелерді алатын болсақ, бүл жайында Абайда жүйеге келтіруге жарайтын түсініктер жеткілікті. Ол, ең алдымен эстетик. сезім мен қабылдаудың негізіне жататын адамның бес түйсігіне тоқталады. Адамды жаратушы (діннің ықпалы) бізге бес сезім (физиологиямен таныстығы) бергені жайында Жиырма жетінші сөзінде былай дейді: «Әуелі көзді көрсін деп беріпті, егер кез жоқ болса, дүниедегі көрікті нәрселердің көркінен қайтіп ләззат алар едік? Құлақ болмаса, не қаңғыр, не күңгір дауыс, жақсы үн, күй, ән ешбірінен ләззат алаламас едік. Мұрын иіс білмесе, дүниеде болған жақсы иіске ғашық болмақ, жаман иістен қашық болмақтық қолымыздан келмес еді. Таңдай, тіл дәм білмесе, дүниеде не тәтті, не қатты, не дәмдінің қайсысынан ләззат алар едік? Бұлардың бәрі біздің пайдамыз емес пе...?» Ләззат деген сезді Абай кебіне эстетик. мағынада қолданады. Ләззат - сезім арқылы туғызатын заттардың, құбылыстардың эстетик. қасиеттері. Бірақ, бұлар әлі жеткіліксіз. Бір нәрсені эстетик. түсінікпен қабылдап, одан ләззат алу үшін адамның өзі оған дайын болуы тиіс, сонда ғана «әрбір естігеніңді, кергеніңді көңілің жақсы ұғып, анық сөз суретімен ішке жайғастырып алады...» (32-ші сөз). Эстетик. түйсікпен толық қабылдау дегеніміз сыртқы заттың өз суретімен адамның ішкі рухани сарайына жайғасу болып табылады. Абайдың бүл ұғымын өте терең және аса маңызды тұжырым деп тануымыз керек. Эстетик. қасиеттер деген атауды Абай пайдаланбайды, бірақ, соны сипаттайтын көптеген қазақтың төл сөздерін қолданады. Көрікті, сұлу, әсем, әдемі, сүйкімді, сымбат, сән, ажарлы, нұрлы -міне, осындай қазақтың қарапайым сөздерін Абай өлеңдерінде көп келтіреді, сонымен қатар бүлардың әрқайсысын орынды қолданады. Бүгінгі ғылымның категорияларына сәйкес жаңалығының бәрі әсемдік үғымына жатады, олай болса, Абай әсемдіктің мазмүнын қалай ашады, соған келейік. Әсемдікті түсіндіру үшін ақын көркем законы деген үғым қолданады. Ол законның басты белгісі өлшеуге сай болу. Қосымша ретінде жарыстылық законын сөз етеді, тағы бір жерде кәмелеттік шеберлікке тоқталады. Сонымен, әсемдік дегеніміз - өлшеу сақтап, кәмелеттік шеберлікпен (жаратушы немесе адам) жасалған жарастылық. Қорыта келсек, Абайдың елеңдері мен қарасөздерінен эстетик. қасиеттің түрлері, эстетик. сезім, эстетик. ләззат, эстетик. қабылдау -міне, осындай және кейбір басқа да ұғымдар туралы түсінік алуға болады, былайша айтқанда эстетика ілімінің басты түбірлі мәселелері жайында ақынның анық көзқарасы болған. Ендігі бір маңызды тарау - ол табиғат эстетикасы. Абайдың бірқатар өлеңдерінде табиғат көріністері асқан көркемдік шеберлікпен суреттелген. Олар: «Қансонарда бүркітші шығады аңға...», «Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ...», «Қараша, желтоқсанмен сол бір-екі ай», «Желсіз түнде жарық ай...» т. б. жыл мезгілдеріне арналған өлеңдері. Әдебиетшілер жанрға бөлу принципіне сәйкес осы өлеңдердің бәрін табиғат лирикасына жатқызады. Әрине, бүл дұрыс. Егер біз бүл өлеңдерге филос. тұрғыдан қарайтын болсақ, оларды Абайдың табиғат эстетикасы деуіміз керек. Олай дейтін себебіміз бүл өлеңдерде құр жаратылыс көріністері суреттеліп қана қоймайды, табиғаттың адамға беретін әсері, адамның өмірінде табиғаттың алатын орны мен атқаратын қызметі, адамның табиғатқа беретін бағасы, жалпы адам мен табиғаттың арасындағы қарым-қатынастар сөз болады. Мына шумақтарда жаратылыс бояуы дәлме-дәл көрсетілген: «Қар - аппақ, бүркіт - қара, түлкі - қызыл. Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға». Және де: «Суретін кере алмассың, кеп бақпасаң. Көлеңкесі түседі көкейіңе...». Енді бір жерде «Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ» деп басталатын өлеңінде аттың дене мүшелерін бақайшағына дейін, оның жүріс-шалысына, әсеріне дейін сипаттап келіп, сондай атқа адамды қызықтырып қояды. Ал, жыл мезгілдерін суреттейтін елеңдерінде ақын қыс пен жаздың, көктем мен күздің қазақ аулында ерекше ететінін, табиғат айналысын тарихқа ұқсатып, қазақ халқының дәстүрлі өмірі мен тұрмыс-салты жайында филос. әрі әсем сурет жасайды. Бүл тұрғыдан «Жазғытұры қалмайды қыстың сызы...» өлеңін ерекше атау керек:

“ «Жазғытұры қалмайды қыстың сызы, Масатыдай құлпырар жердің жүзі. Жан-жануар, адамзат анталаса, Ата-анадай елжірер күннің көзі... Жазға жақсы киінер қыз-келіншек, Жер жүзіне өң берер гүл-бәйшешек. Қырда торғай сайраса, сайда бұл-бұл, Тастағы үнін қосар байғыз, көкек. Жаңа бұлмен жамырап саудагерлер, Диқаншылар жер жыртып, егін егер, Шаруаның біреуі екеу болып, Жаңа төлмен көбейіп дәулет өнер...»” Осы келтірілген үш-ақ шумақтың өзінен табиғатта қайталанып жататын құбылыстардан, қазақ аулында жыл сайын болып тұратын жаңалық- жаңғырулардан ғажап әсер алумен бірге, табиғаттың мәңгі әрі сәнді екені жайында, ал, адамның қүдіреті күшті және өміршең екені туралы терең ойға батамыз. Ауыл табиғатын суреттеуде ерекше орын алатын өлең - «Желсіз түнде жарық ай...». Бүл өлең ерекше шабытпен, ыстық сезіммен жазылған, мүнда ақынныңжастық махаббаты, жүрек соғысы естіліп түр. Әсіресе:

“ «Қалың ағаш жапырағы Сыбырласып өзді-өзі. Көрінбей жердің топырағы, Қүлпырған жасыл жер жүзі. Сөз айта алмай бөгеліп, Дүрсіл қағып жүрегі. Түрмап па еді сүйеніп, Тамаққа кіріп иегі?...»”

-деген жолдардан тамылжи мүлгіген түнді, өзді-өзі сыбырласқан қапыңағаш пен сөз айтуға да шамасы келмей, күйіп-жанған екі ғашықтың суреті көз алдымызға келеді. Абайдың бүл кезқарастары қазіргі эстетика ілімінің принциптерінен алшақ жатқан жоқ. Эстетик. қызмет пен сананы, солардан туатын ерекше заңдар мен категорияларды сыңаржақты түсінбеу үшін, адамның табиғатқа эстетик. қатынастарын толық зерттеп, солардың ерекшеліктерін ашу қажет. Адамның әсемдік сапасын Абай табиғатқа байланыстырып қана қарамайды, оны жеке алып, нақтылы суреттейді. Адамды эстетик. тұрғыдан суреттегенде Абай үш нәрсеге көңіл бөледі. Жалпы адамның әсемдігі, әйелдің сұлулығы, соған байланысты шынайы махабатты мадақтау және сыртқы көрініске алданып қалмай, қыздың жан дүниесіне мән беру. Адамның өмірін қалай бағалау керектігі жайында ақын көптеген өлеңдерінде айтып кетеді. Мына елең жолдарын алып қарайық:

«Сұлулығын қояйын, мінезі артық, Ақылды, асыл жүрек, сөзі майда Арттағыға сөзің мен ісің қалса, Өлсең де, елмегенмен боласың тең. Жүректен ізі кетпес қызық көрсек, Жақсылықты аянбай жұртқа бөлсек. Жақынның да, жардың да, асықтың да, - Бәрінің де қызығын көріп білсек...»”

Қыздың әдемі келбетін толық суреттейтін Абайда екі елең бар. Олар «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы...» және Білектей арқасында ерген бұрым». Қыз-келіншектің көркін суреттейтін жолдар Абай өлеңдерінде жиі кездеседі, оның бәрін тізбектеп жату мүмкін емес. Соның бәрі нәзік те әдемі сипатталады. Бүл арада атамай өтпеске болмайтын елеңдер мыналар: «Айттым сәлем, қалам қас...», «Жарқ етпес қара көңілім не қылса да...». «Көзімнің қарасы...», «Ғашықтың тілі Тілсіз тіл...»т. б. Ақынның түсінігі бойынша шынайы сұлу әйел - өмірдің сәні, адамға толыққанды өмір сүру үшін оның маңызы зор, ал, нағыз махаббат - адамның байлығы, оған шабыт береді, өмірді мағыналы жасайды, махаббатсыз бақыт жоқ, демек махаббат - өте бағалы эстетик. құбылыс, ол әсемдік сезімнің шыңы, оны жырлай беру керек, мадақтау қажет. Ал, адамның жылтыр көркі мен нағыз әсемділігін ажырату жайында Абайдың кербездікті сипаттағанын келтірейік. «Кербездің екі түрлі қылығы болады: бірі - бет-пішінін, сақал-мұртын, мүшесін, жүріс-тұрысын, қас-қабағын қолдан түзеп, шынтағын көтеріп, қолын тарақтап әуре болмақ... Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де - ақымақшылық», -дейді Он сегізінші сөзінде. Осындай тұжырымды: «Әсемпаз болма әр неге, Өнерпаз болсаң, арқалан, Сен де - бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та, бар қалан!...» - деген жолдарынан да айқын аңғаруға болады. Абайдың ең көп көңіл бөлінген, ең көп талқыланған және ең маңызды тарауы - әдебиет пен өнер эстетикасы. Абай ақын болғандықтан өлеңнің сапасына, сөздің мазмұны мен көркемдік құдіретіне қатты назар аударған. Екі өлеңнің бірінде сөздің бағасын көтеруді ыждағаттағанын кездестіреміз. Сонда да кейбір өлеңдері ерекше орын алды. Мұхтар Әуезовтың тілімен айтқанда бұлары - бағдарламалық өлеңдер. Солардың ішінде атақты әрі мазмұны жағынан бай да көлемдісі «Өлең - сөздің патшасы, сез сарасы». Бүл елеңнің бағдарламасын үшке бөлуге болады. Біріншіден, өлеңнің езінің көркемдік сапасы, дәрежесі. Екіншіден, ақындарға өлеңнің мазмұны, оқиғасы жайында қойылатын талап. Үшіншіден, тыңдаушы қауымды өзгертудің, тәрбиелеудің қажеті, жұрттың өлеңді жаңаша түсінуі жайында. Ақынның «Біреудің кісісі өлсе, қаралы - ол», «Алыстан сермеп...», «Мен жазбаймын елеңді ермек үшін...», «Өзгеге, көңлім тоярсың...», «Талай сез бұдан бұрын кеп айтқанмын...», «Өлсе елер табиғат, адам өлмес...», «Құлақтан кіріп бойды алар», «Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?» өлеңдері де бағдарламалық өлеңдері қатарынан орын алады. Неміс ғылымдары Лессинг пен Гегель, орыс ойшылдары Белинский мен Чернышевский сияқты Абай да әдебиетті, сөз өнерін, әсіресе, поэзияны енердің алды деп санайды. Ой мен сезімді сөзден артық ештеңе жеткізе алмайды деп бағалайды. «Алыстан сермеп» өлеңіндегі «Өткірдің жүзі, Кестенің бізі, Өрнегін сендей сала алмас...» деген жолдар сөз енері құдіретін аспандата түспей ме? Абай өлең енерін жоғары бағалаған: «Өзгеге, көңлім тоярсың, Өлеңді қайтіп қоярсың? Оны айтқанда толғанып, Іштегі дертті жоярсың. Сайра да зарла қызыл тіл, Қара көңлім оянсын...»- деп, өлеңсіз өмірдің мәні жоқ екенін жырға қосады. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ - барды, ертегіні термек үшін, Көкірегі сезімді, тілі орамды, Жаздым үлгі жастарға бермек үшін...» - деп, өлеңді ермек үшін жазбайтынын, онда жастарға деген үлгі-өнеге, ақыл-кеңес, өсиет бар екенін ұғындырады. Жақсы ән мен тәтті күйдің кісіге беретін ләззатының айрықша екенін, ләззат беріп қана қоймай, түрлі ойларға жетелеп, арманыңа қанат бітіретінін де: «Құлақтан кіріп, бойды алар, Жақсы ән мен тәтті күй, Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең, менше сүй...» - деген өлең жолдарымен көңілге ұялатады. Сөйтіп, оқушысын ән-күй өнеріндегі сұлулықты сезіне білуге, оның ләззатынан құр қалмауға меңзейді. Міне, бүл өлең жолдарынан Абайдың музыка өнері туралы түсініктерінің, оның жалпы эстетик. көзқарастарымен үндес келетінін көреміз. Зейін қойып, мән беріп оқыған кісіге Абайдың әрбір өлеңінен, әрбір сезінен эстетик. мазмұн аңғарылады. Табиғатты суреттесін, қыз-келіншек пен жігіттерге мінездеме берсін, өлең мен әнді жыр етсін, ылғи да жоғары көркемдік пен шынайы әсемдік тұрғысынан сөз етеді. Ақын шығармаларындағы эстетик. мәселелер ұшан-теңіз, олар абайтану ғылымының маңызды бір тарауы. Адамзат қауымы ес біліп, етек жапқаннан берi көктен түскен төрт кiтаптан бөлек, жан сұлулығын сақтап қалу, жетiлдiру жолындағы iзденстер көркем шығарманың айшықты тiлiмен немесе музыканың нәзiк ноталарымен аманатталды. Қарап отырсақ, сол Ұлы мұрат жолындағы талпыныстар бүгінгі күні саяз тартқан секiлдi. Бұл ақырзаман белгiлерiнен тән адасудан қазақ халқы да онша алыс емес. Әңгiменi осы тақырыпқа бұрдық....

Омар Жәлелұлы, дінтанушы:

- Жалпы эстетика - бірінші орында тұратын сұлулық туралы ілім. Бізде көбінесе эстетика туралы сөз болса, оны бос әурешілік, әуейілік деп қарайтын адамдар да кездеседі. Нобель сыйлығының иегері Иосиф Бродскийдің швед академиясында сөйлеген сөзінде: «Эстетикалық сезім, эстетикалық таным - адамның этикалық яғни адамгершілік танымының алдында жүреді. Мысалы, өмірге келген жас сәби бір адамға құшақ жаза ұмтылып, бір адамнан зерезеп болып қашады. Негізі екеуінде танымаса да, эстетикалық түйсікпен адамның жақсы не, жаман екенін айыра біледі. Сондықтан адамның бүкіл адамгершілігі, кісілігі - эстетикалық сезімінің қалыптасуына байланысты» деп пікір айтады. Осы пікірді қазақ мәдениетімен салыстырсақ, Абайға жүгінеміз. Қазақта өлең деген сөз бар. Өлең - әрі ән, әрі сөз болып саналады қазақ үшін. Ендеше ән мен сөздің адамның эстетикалық сезімін қалыптастыратыны даусыз мәселе. Абайдың:

Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең.

Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,

Ойлансаңшы бос қақпай елең-селең,- дейтіні адамның осы дүниеге келгеннен бастап, тал бесіктен жер бесікке дейінгі өмірі - өмір. Өмір болғанда қаюанша жүріп күнелтетін жай өмір емес, өмірдің қызығы - бәрі өлеңмен болады дегенді меңзейді. Яғни, адамша өмір сүру эстетикалық сезімге байланысты деп отыр хакім.

Қазір қазақтың эстетикалық танымы сынған, мертіккен сыңайлы.Ұлттық эстетиканың іргетасы деп жыраулар поэзиясын алайықшы, Ақтамберді айтады:

Арудан асқан жар бар ма,

Жылқыдан асқан мал бар ма?

Биенің сүті сары бал,

Қымыздан асқан дәм бар ма?

...Жылқы қолдан тайған соң,

Қызығы кетер күлкінің.

Қыздың көркі құлпыда,

Жігіттің көркі жылқыда.

Осы өлеңнен байырғы қазақ танымының бір үлгісін байқауға болады. Қазақ эстетикасының символы - жылқы болған. Бұдан туындайтын бүкіл асыл сезімдер ой еркіндігі, сұлулық, тазалық, такапарлық, дегдарлық еді. Эстетикалық өлшем боп отырған жылқы - қазақ жігітінің көркі-тұғын. Бұл эстетикалық ұғымдар, дүниені қабылдау қалпын бұзбай он тоғызыншы ғасырға дейін келген еді. Отарға қалай айналдық, қазақтың эстетиқалық талғамы саналатын жылқы тұғырынан түсті. Абай оны жан-жүрегімен сезінді. Мына өлеңін қараңыз:

Осы қымыз қазаққа,

Мақтаның ба, асың ба?

Қымызды басар артынан,

Ет даяр ма қасыңда?

Бұл «бұрын қазақ қымыз ішсе ақсүйектігіне, дәулеттілігіне сүйенетін. Енді орыстың отарына айналған соң бастан дәурен кетті. Дәрменсіз, кедейлігіңді есіңе ал» деген ескертпе еді. Абыз қазақтың ендігі өмірінің көрінісін «жуасты мін де, айран іш» деп көрсетеді. Көрдіңіз бе, қазақтың эстетикалық талғамының сыңған кезеңі тым әріде. «Қызылшыл сезім, жас қымыз - бір үлкен борыш басыңда». «Бұрын «қызылшыл сезім, жас қымыз» - ұлттың эстетикалық сезімін қалыптастыратын дүниелер болса, енді борышқа айналды, заман өзгерді, бұрынғы сән салтанатыңды, қымызға бөртіп ән айтатыныңды көтермейді» дейді Абайлық таным. Мына дүниеге суық ақылдың көзімен қарайтын, далалық ұлы сұлулықтың басына нәубет келгені «ой көзімен қарасаң, қойдан жылқы асыл ма» дан да анық байқалып тұр. Қазаққа қашан кой жылқыдан асыл боп еді? Брақ басқа келген нәубет заманға бейімделіп, қалай болған күнде де ұлтты сақтап қалуға ғана тыраштануды жолға қойды. Сұлулық символы түбірімен өзгерді. Біз неге жылқыны мысал ғып отырмыз?  Мәні тым тереңде. Кезінде ағылшындар үндістерді жою үшін «бизондарды құртсаң, үнділер де жоғалады» деген ұран тастаған. Үйткені олалрдың эстетикасы, этикасы, батырлығының бәрі бизондарға байланысты болған. Қазакты құрту үшін отарлық саясат жылқыны мансұқтады. Жылқы мінез халық эстетикадан айрылып, ой мінезді қазаққа өзгерді. Қазір біз бейсаналы түрде жылқыны қалпына келтіруге талпынып жатырмыз ғой, жылқымен бірге қазақтың эстетикалық сезімі, арман-мұраты, еркіндігі тұғырына қонады. Бұл бір мәселе.

Әуезовтың «Абай жолын» оқып отырсаң қазақ қандай? Қызылды жасылды киінген қыз-бозбалалар, астарында құйрық жалы сүзілген сайгүлік. Жұрт шат-шадыман, ән-күйі әуелеген, кеш бойы алтыбақан аясында сауық құрған жастар. Кезінде бұны оқыған сыншысымақтар «мына романды қарап отырсаң, қазақ коммунизмде өмір сүріпті, сонда қазаққа совет үкіметінің керек болмағаны ғой» деп жерден жеті қоян тапқандай, Әуезовты сүріндірмек болған. Абай, Мұхтар дәуірінде қазақ толық қанды эстетикасымен өмір сүрді. Жақсы әндер айтты, сәнімен, мәнімен киінді. Совет үкіметі кезінде қыл аяғы бұрын қазақ қаралы күндерде ғана киетін қара түсті де талдап жатпайтын болды. Бұның бәрі ұлттың эстетикасы су аяғы құрдымға беттегендігінің, төмендегендігінің белгілері ғой. Бізге бәрі дұрыс құсап көрінетін, көп елей бермейтін осындай ұсақ нәрселердің бәрі ұлттық эстетикаға әсер етеді. Ұлттық эстетиканың төмендеуі тіпті демографияға ықпал жасайды. Сұлулықты сезіну қуаты төмендеген адам немесе қоғам белсіз, бедеуге айналады. Аңызға айналған ессіз ғашықтар бүгінгі қоғамда неге жоқ? Әрине, бәрі өмірге суық ақылдың көзімен қарайды. Эстетикалық сезімнен гөрі матерялдық жағдайың қалай, соны басты орынға қояды. Кәрі қыздар мен сұр бойдақтардың сабылып жүргенін де тудырған жағдаяттар осы. Оны тарқатып айтсақ, әңгіме алысқа кетер.

Ерлан Төлеутай, өнертанушы:

- Осы күні өнердің барлық саласында эстетиканың төмендеуі үрдісі байқалады. Ал енді оның ең сорақы жағдайы музыка өнерінде қалыптасып отыр. Қайта әдебиеттің эстетикалық мұраттарына адал жазушы, қаламгерлер, М.Мағауин, Ә.Кекілбайлардың жолын қуған жас ақын-жазушыларымыз бар. Бұл сала бойынша салыстыра қарасақ, түңілетіндей, үміт үзетіндей күйде емеспіз. Мені алаңдататын музыка өнеріндегі азып-тозу процессі. Музыкаға деген эстетикалық өлшемдердің төмендеуі тобырлық мәдениетті қалыптастырды. Оның себебі тоқсаныншы жылдардан бастап біздің музыка өнеріне өте үлкен рухани қысым жасалды. Батыстық даңғаза әуендерді насихаттайтын «Азиа дауысы», «Жас қанат», «Super star» т.б жобалар жастардың талғамын бұзды. Музыкада пайда болған осы ағыммен, тобырлық мәдениетпен тыныстаған буын қоғамдық жұмыстарға араласа бастады. Билікке келіп жатыр. Ұлттық музыкадан нәр алмаған осы буын өте талғамы бұзылғандар. Қазір қайда барсаңда даңғаза әуендерге байланып, маталған жастарды жолықтырасыз. Бұның зардабын қазақ қоғамы әлі тартатын болады. Үйткені бұларда әлгіндей бір кісілік, адамгершілік, ұлттық мінез-құлық, қимыл-қозғалыс, сөйлеу мәнері бейшара жағдайға аяқ басты. Басқа саланы қайдам, музыкадағы эстетикалық талғамның азуы, шетелдік музыка ағымының қазақ қоғамына күшпен таңылуы - кейінгі жас буынның қазақ музыкасын, ұлттық сарындарды менсінбейтін, өгейсінетін жағдайға ап келді. Бұл өте қауіпті дерт. Ұлттық эстетика өз дәстүрімен дамымай ұлтпыз деудің өзі артық. Сосын тәнге әсер ететін музыкалардың белең алуы, жанды, жүректі қозғамайтын, сананы әлдилемейтін әуендерге шырмала бастағанымыз, тіпті ұлттан бұрын адамға тән қасиеттерден жұрдай қылытын құбылыс. Бұның аяғы неге апарып соғарын Құдай білсін? Өнерді дүние табудың, даңққа жетудің құралы қып алдық. Бұрын өнерпаз өнерге қызмет жасайтын, сол жолға өзін арнайтын. Ал қазір керісінше боп кетті. Өнердің ұстанымына кереғар үрдістер алға озды. Ішкі таным тұрғысынан эстетикалық көзқарастар төмендеп, дүние қоңыздыққа бет бұрдық. Өзегі жоқ адамдар ұлттың «қалаулысына, сазгеріне» айналды. «Белдеусіз үй болады, белгісіз би болады» деген бабамыздың айтқаны айнымай келді. Эстетикалық талғамның бұзылуы рухани азғындыққа апара жатыр. Қазір өмір туралы терең философияға құрылған ән не музыка жазылмайды. Масқара емес пе? Төмендеудің бұдан артық шегі жоқ. «Адам құлақтан азады» деген сөз бар, сол азудың ең қауіптісі де осы.

            Абайдың махаббат тақырыбына жазған өлеңдерінің ішінде оның эстетикалық идеалын айқындайтын өлеңдер де жиі кездеседі. «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы», «Білектей арқасында өрген бұрым» тәрізді Абай өлеңдері тек қана сұлу қыздың портретін жасау үшін жазыла салынған емес, сонымен қатар ақынның әдемілікке көзқарасын да көрсетеді.

            Әдемілікті кім қалай таниды, оның әлеуметтік себептері қандай деген мәселе жөнінде Г.В.Плеханов өзінің «Адрессіз хат», «Қоғам өмірі және искусство» деген мақалаларында терең талдаулар бере келіп, барлық ел, барлық тап, барлық дәуірге сай жұрттың бәрін бірдей мойындататын абсолюттік түрдегі әдемілік жоқтығын, әдемілікке көзқарас әр елдің тіршілік, күнкөріс жағдайларымен, өзінің өскен ортасы, алған тәрбиесімен байланысты болатындығын дәлелдеп, ол туралы әр халықтың тарихынан көптеген фактілер келтіреді. Сайып келгенде, адамның әдемілікке көзқарасын айқындайтын нәрсе қоғам ішіндегі таптардың экономикалық жағдайлары деп қорытты. Мысал үшін ол орыстың ақсүйек-дворяндар табы мен орыс шаруаларын алып, кісі күшін пайдаланатын тап өкілдерінің көзқарасынша, сұлу, әдемі санайтындары, өздерінің искусство мен әдебиетінде дәріптейтіні нәзік әйелдер болса, ал қара шаруалар өз еңбегімен тіршілік етпеушілерді тіпті де дәріптемейді, әдемі де санамайды.

            Абай кезіндегі, не өзінен бұрынғы қазақтың әдемілікке көзқарастарын тамаша түрде қорыта келіп, қандай әйелді әдемі деуге болады деген сұраққа жауап іздейді, оның жауабы - «әдептілік, арлылық, адамгершілік» болады. Абайша, әдемі әйел осындай болуы керек. Сайып келгенде, Абайдың эстетикалық идеалы - тек дене сұлулығы ғана емес және жан сұлулығы. Бұл мәселе жөніндегі Абайдың тірелген жері осы деуге болады.

            Жоғарғы аталып өткен екі өлеңінде Абай өзіне дейінгі қазақ және шығыс әдебиетіндегі әйелге сыртқы мүсін сұлулығы жағынан келетін көзқарастың әсері барлығын кей жерлерінде:

 

Қиғаш қас, қыпша бел,

Солқылдар соқса жел...

Бұраң бел, бойы сұлу, кішкене аяқ,

Болады осындай қыз некен-саяқ.

 

Піскен алма секілді тәтті қызды,

Боламын да тұрамын көргендей-ақ, -

 

деп, әйелдің нәзіктігін дәріптейтіндігін тіпті жоққа шығармайды. Бірақ Абайдың әдемілік туралы эстетикалық идеалын айқындайтын бұл өлеңдері емес. Бұлар суретшінің кейбір өмір құбылыстарына тереңдемей, кейбір жағдайлармен байланысты ойнақылық түрде сыза салған эскиздеріне ұқсайды. Әйтсе де эскиз ұлы талант, үлкен суретшінің кистісінен шыққандықтан, сол қалпында да ол мүлтіксіз кең ойлап, терең толғанып жасалған суреттердей сенім туғызады. Бізше, бұл екі өлеңнің оқушыларға ететін әсері де екі түрлі тәрізді.

            Абайдың эстетикалық идеалын толық аңғартатын және оның әйелдер туралы халықтық дұрыс көзқарасты оның жалғастырушы екендігін дәлелдейтін шығармаларының бірі - «Жігіттер, ойын - арзан, күлкі - қымбат» атты өлеңі. Бұл өлең ақынның әр алуан өмір құбылыстарын, адамдар арасындағы қарым-қатынас, мінез-құлықтарды бақылай келе, көп ойланып, терең толғанып, өмір арқылы түйген қорытындысы, келешек үшін айтылған ең соңғы сөзі тәрізді.

 

Біреуді көркі бар деп жақсы көрме,

Лапылдап, көрсеқызар нәпсіге ерме!

Әйел жақсы болмайды көркіменен,

Мінезіне көз жетпей, көңіл бөлме!..

 

Шүу дегеннен көрінер сұлу артық,

Көбі көпшіл келеді ондай қаншық.

«Бетім барда бетіме кім шыдар», - деп,

Кімі паңдау келеді, кімі тантық...