- •1.1905-1907 Жж. Алғашқы орыс революциясы жылдарындағы Қазақстан.
- •2. Столыпиннің аграрлық реформасы және оның Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы.
- •6. Іі Мемлекеттік Думадағы қазақ демутаттарының қазақ халқының өзекті мәселесі бойынша ұстанымы. Б. Қаратаевтың баяндамасы.
- •7.Хх ғ. Басындағы қазақ әдебиеті мен баспасөзі. Оның қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысына ықпалы. («Айқап», «Қазақ» және т.Б.)
- •8. Бірінші Дүниежүзілік соғыс тұсындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.(1914-1918 жж.)
- •9. 1916 Ж. Ұлт-азаттық көтеріліс. Көтеріліс көшбасшылары – т. Бокин, б. Әшекеев, а. Жанбосынов, ұ. Саурықов, а. Иманов, ә. Жангелдин, Кейкі батыр т.Б. Бұл мәселеге жаңаша көзқарас.
- •10. Қазақстанның 1917 ж. Ақпан төңкерісі тұсындағы қоғамдық-саяси ахуал.
- •11. «Алаш» партиясының құрылуы және оның бағдарламасы.
- •12. Қазақстан 1917 ж. Қазан төңкерісі тұсында. Өлкеде кеңес билігінің орнау ерекшеліктері.
- •14. Қазақстан Азамат соғысы жылдарында.(1918-1920жж.)
- •15. Қоқан автономиясы. М. Шоқайдың қызметі.
- •16. Түркістан кеңестік социалистік республикасы. Оның өлке тарихындағы орны.
- •17. Қазақ автономиялық кеңестік социалистік республикасының құрылуы.
- •18. Хх ғасырдың 20-жылдарындағы қазақ жерлерінің ҚазАкср-нің құрамына бірігуі.
- •19. «Әскери коммунизм» саясаты: мақсаттары мен нәтижесі.
- •20. 1921-1922 Жж. Жер-су реформасы. 20-жж. Аштық және оның салдарлары.
- •1921 – 1922 Жылдардағы жер реформасының маңызы:
- •22. Қазақстандағы Кіші Қазан саясаты: мазмұны мен салдары.
- •24. Қазақстандағы ұжымдастыру: қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және демографиялық салдары.
- •26. Қазақ кср-нің құрылуы. 1937ж. Конституция.
- •27. Сталиндік қуғын-сүргін. Қазақстандағы гулаг жүйесі.
- •28.Хх ғ. 20-30 жж. Кеңестік Қазақстан: мәдениет, ғылым және білімнің қалыптасуы.
- •29. Хх ғ. 30-40 жж. Қазақстанға халықтарды күштеп қоныс аударту ксро-дағы тоталитаризмнің көрінісі ретінде.
- •30. Екінші Дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы ксро-ның сыртқы саясатының негізгі бағыттары.
- •31. Қазақстан экономикасының Ұлы Отан соғысына жеңіске қосқан үлесі. 1941-1945жж.
- •32. Ұлы Отан соғысы майдандарындағы қазақстандықтардың ерлігі.(1941-1945жж.)
- •33. Түркістан легионы. Ақиқат пен аңыз.
- •34. Қазақстандық паризандар Ұлы Отан соғысы жылдарында. Қазақстандықтардың Қарсыласу қозғалысына қатысуы.
- •35. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақ кср-ның білімі, ғылымы және мәдениеті.
- •36. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.(1946-1953жж.)
- •37. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы.(1946-1953жж.). Тоталитарлық жүйенің соғыстан кейінгі қуғын-сүргіні. Бекмаханов ісі.
- •38. Соғыстан кейінгі жылдары Қазақстанда әскери-өндірістік кешеннің құрылуы. Семей әскери-сынақтық полигоны мен «Байқоңыр» ғарыш айлағының іске қосылуы.
- •39. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы Республикадағы білім, ғылым және мәдениет. (1946-1953 жж.)
- •40. Елдегі десталинизация кезіндегі қоғамдық-саяси үдерістер.(1953-1964жж.).
- •41. Хх ғ. 50-60 жж. Қазақстан экономикасын басқару саласындағы реформалар.
- •43. Хх ғ. 60-70 жж. ҚазКср-дағы аумақтық мәселелерді шешудегі қиындықтар.
- •44. Қазақстан экономикасында шикізаттық бағыттың тереңдетілуі. (хх ғ. 60-80 жж.)
- •45. Д. А. Қонаевтың кеңестік Қазақстанның дамуына қосқан үлесі.
- •46. Хх ғ. 60-80 жж. Қазақстанның мәдениеті, ғылымы мен білімі: жетістіктері мен қайшылықтары.
- •47. 1965 Ж. Экономикалық реформа: себеп, салдары.
- •48. ҚазКср-дағы аөк пен төк-нің қалыптасуы: міндеттері, мәселелері, қорытындылары.
- •49. Хх ғ. 70-80 жж. Қазақ кср-нің әлеуметтік-экономикалық саласында тоқырау құбылыстарының белең алуы.
- •50. Хх ғ. 70-80 жж. Қазақстандағы экологиялық мәселелер: себептері мен салдарлары.
- •51. «Қайта құру» саясаты: алғышарттары, себептері мен кезеңдері.
- •52. «Қайта құру» кезеңіндегі Қазақстандағы қоғамдық-саяси үрдістер.
- •53. «Қайта құру» кезеңіндегі экономикалық реформалар және олардың нәтижесі.
- •54. Қазақстандағы 1986 ж. Желтоқсан көтерілісі: себептері, тарихи маңызы мен сабақтары.
- •55. Ұлттық сананың өсуі. Алаш қозғалысы қайраткерлерін ресми ақтаудың басталуы. (хх ғ. 90ж.)
- •56. Тіл туралы Заң (1989 ж. Қыркүйек). Еліміздегі қазақ тілінің мәртебесі.
- •57. Қазақ кср-нің мемлекеттік егемендігі туралы деклаорация: мәні, маңызы.
- •58. Ксро-ның ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (тмд) құрылуы. Алматы декларациясы.
- •59. Президенттік институттың енгізілуі. Н. Ә. Назарбаевтың республика тәуелсіздігінің қалыптасуындағы рөлі.
- •61. Қр мемлекеттік рәміздері. Олардың Қазақстан егемендігінің қалыптасуындағы орны.
- •62. Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның егеменді мемлект ретінде қалыптасу және дамы стратегиясы» еңбегінің маңызы. (1992ж.)
- •64. Қазақстан қоғамындағы нарықтық экономикаға өту кезеңіндегі жаңаша ойлаудың қалыптасуының қиыншылықтары.
- •Реформалар: бiрiншi кезең (1991-1992)
- •Реформалар: екiншi кезең (1993-1994)
- •Реформалар: үшiншi кезеңде (1995-1997)
- •Реформалар: төртiншi кезеңде (1998-1999)
- •Реформалар: бесiншi кезең (2000 ж.)
- •67. Тәуелсіз Қазақстанның несиелік-банктік жүйесінің қалыптасуы. Ұлттық валютаның енгізілуі.
- •68. Қазақстан Республикасында ұлттық-мемлекеттік қауіпсіздік жүйелерінің қалыптасуы (армия, құқық қорғау органдары).
- •69. Өтпелі кезеңдегі Қазақстанда көші-қон процесі (1992-2000жж.). «Нұрлы көш» бағдарламасы.
- •70. Қазақтардың Дүниежүзілік Құрылтайы. Оның егеменді Қазақстанның тарихындағы орны.
- •71. 1995 Ж. Конституция, оның Қазақстанда демократияны қалыптастыру мен дамытудағы орны.
- •72. Қр демократиялық саяси жүйесінің қалыптасуы және Қазақстандық парламентаризмнің дамуы.
- •73. Қазақстан Республикасының егеменді мемлекет шекараларын демаркациялау және демилитациялау бойынша саясаты: мәселелері мен оны шешу жолдары.
- •74. «Қазақстан-2030» бағдарламасындағы Қазақстанның дамуының негізгі бағыттары.
- •75. Астана – тәуелсіз Қазақстанның жаңа елордасы. Оның Қазақстанның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуындағы орны.
- •76. Тәуелсіз Қазақстандағы демографиялық үрдістер. (1191 ж.-қазірге дейін).
- •78. Қазақ хандығы – қазақ халқының ұлттық мелекеттілігінің бастауы.
- •79. Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандық жол» еңбегі. Оның жастар тәрбиесіндегі орны.
- •80. Н.Ә.Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» атты еңбегі. Оның халықаралық сахнадағы Қазақстанның орнын айқындаудағы маңызы.
- •83. Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға жол» мақаласы.
- •84. Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісінің ерекшеліктері. Қр-дағы жекешелендірудің 4 және 5 кезеңі.
- •85. Қазақстанның инвестициялық саясаты.Оның қорытындылары.
- •86. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының агралық саясаты(2002-2017жж.)
- •87.Индустриалдық-инновациялық дамудың Мемлекеттік бағдарламасы және оның Қазақстан экономикасындағы орны.
- •89. 2011 Ж. 28 қаңтардағы Президент н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!».
- •90. «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» - жаңа экономикалық саясаты. Оның Қазақстанның дамуы үшін маңызы.
- •92. Мемлекеттің спорт және дене шынықтыруды дамытудағы саясаты. Салауатты өмір салты болашақ ұлтты қалыптастырудың негізі.
- •93. «Экспо – 2017» және оның Қазақстанның болашағы үшін маңызы.
- •96. Егеменді Қазақстанның ұлттық саясаты. Қазақстан Халықтар Ассамблеясы: оның республиканың қоғамдық-саяси өміріндегі орны.
- •97. Қазақтанның ұлттық бірлік доктринасы. «Қазақстан халқының бірегейлігі және бірлігі тұжырымдамасы»: міндеттері мен қағидаттары.
- •98. Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанды әлеуметтік модернизациялау: жаппай еңбек қоғамына жиырма қадам» мақаласы.
- •99. Азаматтық қоғам. Оның Қазақстандағы институттарының дамуы.
- •100. Қазақстан Республикасында қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың қызметі.
- •101. Қазақтан Республикасындағы Әлемдік діндер көшбасшыларының съездері және олардың орны. Қр-ның «Дін туралы» заңы.
- •102. Қазақстанда жаңа діни ақиқаттың қалыптасуы. Жастар арасындағы діни лаңкестік туралы мәселелер.
- •104. Халықаралық саясаттағы Егеменді Қазақстанның орны. Н.Ә.Назарбаевтың Нью Йоркте (қыркүйек, 2015 жыл) бұұ Бас Ассамблеясының 70-сессиясында сөйлеген сөзі.
- •105. Қр жастар саясаты, негізігі бағыттары. Хабтық маңызы бар қалаларды құруға Қазақстан жастарының қатысуы.
- •106.Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегінің қазақ ұлтының тарихи сахнасының қалыптасуындағы орны. «Халық тарих толқынында» бағдарламасы.
- •107. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы: мақсаттары, міндеттері, тарихи маңызы.
- •109. Қр тмд елдерімен мәдени, білім және ғылым саласындағы ынтымақтастығы.
- •110. Егеменді Қазақстандағы мәдениет пен ғылымның дамуы.
- •111. Н.Ә.Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы, оның мазмұны мен маңызы.
- •112. Жібек жолын қайта жаңғырту бағдарламасы халықаралық ытымақтастықты тереңдетудің көзі ретінде.
- •113. Астанадағы еқыұ (обсе) саммиті: міндеттері, қорытындылары және мәні.
- •114. Н.Ә.Назарбаевтың «Әлем. Ххі ғасыр» манифесті.
- •115. Егеменді Қазақстандағы Конституциялық реформалар (1195 ж. Қазақстан Конституциясына енгізілген түзетулер).
- •116. Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы.
- •118. Егеменді Қазақстанның әлеуметтік саясаты.
- •119. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»курсының мақсаты мен міндеті.
- •120. Қр Орталық Азия мемлекеттерімен қарым-қатынасы: жағдайы, мәселелері мен жетістіктері.
59. Президенттік институттың енгізілуі. Н. Ә. Назарбаевтың республика тәуелсіздігінің қалыптасуындағы рөлі.
Тәуелсіздік жылдары президенттік басқару жүйесімен өмір сүріп келе жатқан Қазақстан өзін тек жақсы жағынан кӛрсетті. Бұл жүйе даму мен алға басудың кепіліне айналды деуге де болады. Қазақстан бұрынғы Кеңес Одағы тарағаннан кейін өз тәуелсіздігін жариялады. Ал өзінің іргелі мемлекет ретінде даму жолында президенттік басқару жүйесінің тек жемісін жеді. Бұл Қазақстан үшін ең дұрыс, ең үздік таңдау болғаны сөзсіз. Әлемде президенттік басқаруды таңдаған көптеген дамыған елдер бар. Ол елдер де қарыштап дамып барады. Осы уақыт ішінде республикалық бас-қару формасына көшкен мемлекеттердің басым көпшілігінде Президент лауазымы енгізілуі оның өміршеңдігін және институттық-саяси жетілгендігін көрсетеді. Ұлыбританияның бұрынғы премьері Маргарэт Тэтчерден: «Елді басқарудың қай жүйесі тиімді?» деп сұрағанда ол: «Тәтті нанды дайындау үшін – президенттік басқару формасы, ал сол тәтті нанды бөлу үшін – парламенттік басқару формасы тиімді болады» деп жауап қайырыпты. Яғни жаңа мемлекет құруда президенттік жүйе, ал оны басқаруда парламенттік жүйе тиімдірек болады дегені. Біздің ойымызша, бұл жердегі мәселе елді басқаратын адамға көп байланысты. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуында еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атқарған еңбегі ерекше. Біріншіден, Қазақстан басшысы – мемлекеттің негізін құраушы тұлға. Ол өз елін Кеңес Одағының күйреуі, Азиялық дағдарыс және соңғы жылдардағы жаһандық құлдыраудан аман алып шыққан көшбасшы. Мысалға, 2007-2008 жылдардағы жаһандық дағдарыстан Қазақстан бірінші болып шықты. Екіншіден, Қазақстанның барлық көршілері азамат соғысы мен тұрлаусыз тӛңкерістерді бастан кешсе де, Н.Ә.Назарбаев қанды қақтығыстарға жол берген жоқ. Керісінше, кқпұлтты және көпконфессиялы Қазақстан бейбітшілікті сақтап, халқының өмір сүру деңгейін көтерді. Қазақстанда президенттік институт КСРО-ның құлауынан біраз бұрын қалыптаса бастады. 1990 жылғы 24 сәуірде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-інің Президенті лауазымын белгілеу және Қазақ КСР-інің Конституциясына тиісті өзгерістер енгізу туралы Заң қабылдады. Заң мемлекеттік биліктің жоғары органдарының жүйесінде Президенттің мәртебесін, сондай-ақ оның өкілеттіктерін белгіледі. Бұл кезде Кеңестердің жаппай билігі сақталған еді. Жоғарғы Кеңес мемлекеттік өмірдің барлық мәселелерін шешуге ресімді құқығы бар жоғары мемлекеттік орган болып қалды. Қазақ КСР Тұңғыш Президентін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің жасырын дауыс беру жолымен сайлады. Президент болып Н.Ә.Назарбаев сайланды. Президент көбінесе Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне тәуелді болды. Оның үстіне Қазақ КСР-нің Президенті егемен, тәуелсіз мемлекеттің басшысы болмады, өйткені Қазақ КСР-і Президентінің іс-қимылдары мен өкілеттіктері КСРО Жоғарғы Кеңесі мен КСРО Президентінің құзыретімен шектелді. Қазақ КСР Президентінің мұндай жай-күйі КСРО таратылып, Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданғанға дейін созылды. Алғашқы кезеңде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің толық билігі, өзінше бір парламенттік республика туралы айтуға болатын еді. 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан халқы бірінші рет бүкілхалықтық сайлауда ел президентін сайлады. Сайлаушылардың 88,2% келіп, 98,7% дауыспен Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев жеңіске жетті. Қазақстан жалпыға бірдей сайлау барысында Тұңғыш Президентті сайлап, жоғары билікті ұйымдастыру мен оның іс-қимылының жаһандық тәжірибесін үйлесімді қабылдады. Біз оны ӛз қоғамымыздың ұлттық спецификасын, дәстүрлері мен ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырдық. 1991 жылы 16 желтоқсанда ҚР Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың атап көрсеткеніндей: «22 жыл бұрын біз Мәңгілік Ел болудың бірегей қадамын жасадық. Дүйім дүниеге тәуелсіздігімізді жария еттік». Осы күні біз өзіміздің Қазақстан Жолын бастадық. 1991 жылғы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданғаннан бергі кезең ішінде Қазақстан демократиялық саяси-құқықтық жүйесі бар, экономикасы тұрақты, халқының әл-ауқаты жоғары, ұдайы даму үстіндегі мемлекет ретінде қалыптасты. Ата-бабамыздың ғасырлар бойы асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жӛніндегі тарихи аманаты 1991 жылғы 1 желтоқсанда бірауыздан Мемлекет басшысы болып сайланған Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен іске асты. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жарияланған сәттен бастап президенттік институт қалыптасуының екінші кезеңі басталады. Бұл кезеңдегі басты нәрсе – Президент тәуелсіз мемлекеттің басшысына айналды. Мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінуі принципінің орнықтырылуына байланысты Президент мемлекеттің Басшысы ғана емес, сонымен бірге республиканың атқарушы билігінің де Басшысы деп танылды. ҚР-ның 1993 жылғы Конституциясы Президентті мемлекеттік биліктің атқарушы тармағына енгізді. Сөйтіп бірінші Конституция Президенттің мәртебесін әлсіретті. Оның есесіне Жоғарғы Кеңестің ұстанымдары мен ӛкілеттіктері күшейтілді. ҚР-ның Жоғарғы Кеңесі тәуелсіз мемлекеттің бірден-бір заң шығарушы және ӛкілдікті органына айналды. ҚР Жоғарғы Кеңесінің құзыреті шын мәнінде шексіз болды. Демек, 1993 жылғы ҚР-ның Конституциясы күшті заң шығарушы билік ұстанымында тұрды. Мұндай жағдайда қандай да болсын күшті президенттік билік туралы айту орынсыз болатын. Ол атқарушы билікке байланды. Сондықтан ҚР-ның 1993 жылғы Конституциясында Президенттің жоғары мемлекеттік билік органдарының өзара іс-қимылын қамтамасыз ету құқығы туралы ережелер болған жоқ. Президенттік басқару формасына қарай алғашқы елеулі қадамды ҚР-ның Жоғарғы Кеңесі 1993 жылғы желтоқсанда, Президентке заңдар қабылдау құқығы берілген кезде жасады. Президентке заң шығару өкілеттігін уақытша беру туралы заң қабылданған сәттен, ҚР-нда президенттік басқару формасының қалыптасу үрдісі басталды. 1993 жылғы Конституция бойынша Қазақстан парламенттік республика болып саналды. өкілеттігі аса мол Жоғарғы Совет президентке мемлекет басшысы ретінде толыққанды және тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік бермеді. Мұндай жағдайда елде демократиялық реформалар жүргізіп, нарықтық экономика құру мүмкін емес еді. Жоғарғы Совет президент Назарбаевтың саясатына қарсы тұрды. Осы саяси дағдарыс нәтижесінде 1995 жылы парламентсіз қалдық. Осыған байланысты Н.Ә. Назарбаевтың саясатын жүзеге асыру жолында арқа сүйейтін қандай да бір құқықтық негіз қажет болды. Сөйтіп, 1 наурызда Президент жарлығымен Қазақстан халықтарының ассамблеясы (қазіргі Қазақстан халқының ассамблеясы – С.С.) құрылып, ол Президент Н. Назарбаевтың өкілеттігін ұзарту жөнінде 1995 жылы 29 сәуірде референдум өткізу туралы шешім қабылдады. Бұл тұрғыда Назарбаев Қазақстан халықтарының ассамблеясы туралы өз жарлығына сүйенді. 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекетіміздің ойдағыдай дамуының құқықтық іргетасы болып табылады. 1995 жылғы Конституция Қазақстанды Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет деп жариялады. Мемлекеттің саяси жүйесі Конституцияда нақты көрініс тапқан. Саяси жүйенің негізгі тұғыры – президенттік басқару жүйесі Конституцияда алғаш рет заңдастырылған.
Қазақстан Республикасы Президенті мәртебесінің аталған ережелері өзіндік ерекшеліктері бар президенттік басқару формасының орнатылғанын айғақтайды. Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Елбасы атап кӛрсеткендей «Президенттік республика моделін таңдап алып, біз елді посткеңестік экономикалық және саяси бейберекетсіздіктен шығардық». 1995 жылы жалпыхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы Президентті азаматтардың құқы мен бос-тандықтарын қорғаудың, сондай-ақ мемлекеттік биліктің барлық тармақтары мен институттарының тиімді және үйлесімді қызметінің гаранты ретінде айқындап, президенттік билікті нығайта түсті. Президент институтының қазақстандықтар арасындағы жоғары беделі 1999, 2005, 2011 жылдардағы баламалы жалпыға ортақ президенттік сайлау ӛткізу барысында нақты қуатталды. Республика Президентінің жетекшілігімен кең ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Мемлекет басшысының жан-жақты сараланған ішкі және сыртқы саясатының арқасын-да еліміз саяси және әлеуметтік-экономикалық сілкіністерге ұшырамай, дербес дамудың өтпелі кезеңіндегі қиындықтар мен сынақтарды еңсеріп, ілгерілеу мен өркендеу жолына шықты. 2011 жылы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Президентін кезектен тыс сайлау Нұрсұлтан Назарбаевтың халықтың берік сеніміне және қолдауына ие болған тарихи тұлға екендігін тағы да дәлелдеп берді. Бүгінгі Қазақстан – өзінің ел таныған ұлттық лидері бар, демократиялық қоғамды орнықтыруды басты мақсатына айналдырған, дүниежүзілік қауымдастық мойындаған тәуелсіз ел. Бұрын біз басқалардан үйренген болсақ, енді басқа елдер біздің тәжірибемізді басшылыққа алатын айшықты заман орнығып келеді. Біз үйренетін ұлттан үйрететін ұлтқа айналдық. ҚР Президенті-Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясында атап айтқандай: «Біз мемлекеттік басқаруда өзіндік тұрғыда төңкеріс жасауға қол жеткіздік, оны халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыруға қайта бағдарладық».
Сонымен, қорыта келгенде, Қазақстан ұлттық мүдделерді және әлемдік даму үрдістерін ескеретін саяси құрылыстың өзіндік үлгісін жасады. Конституциялық эволюция мен құқықтық жүйені сатылап реформалау нәтижесінде елімізде мемлекеттік биліктің теңгерімді де тиімді жүйесі қалыптастырылды. Республикада мемлекеттік билік заң шығару, атқару және сот тармақтарына бөліну қағидатына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекетті басқарудағы жүйе түзуші рөлді президенттік институт атқарады. Республика Президенті Конституцияның сенімді кепілі, елді жаңғыртудың бастамашысы және іске асырушысы болып табылады. Қазақстандағы осы саяси-мемлекеттік институттың қызметіне келсек, жиырма жылдан астам уақыт президенттік институттың ұтымды жақтарын көрсетіп берді.
60. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін жариялау. 1991 ж. 16 желтоқсандағы «ҚР-ның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің жариялануы және әлемдік қоғамның оны тануы.
1990 жыл 25 қазан күні республика Жоғарғы Кеңесі «Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияны» қабылдады. Бұл тарихи құжат еліміздің аумағының біртұтастығы, республиканың жеке бюджет көздері туралы мәселелерді күн тәртібіне қойды.Сонымен қатар республиканың сыртқы саясаты мен сыртқы экономикалық қызмет мәселелерін өз бетінше шешу құқықтары және т.б. ел болашағына байланысты мәселелер қарастырылды. Декларацияның қабылдануы – тәуелсіздіктің негізгі мақсат екендігін халыққа танытушы ресми құжат болды. 1991жылдың жазында саяси шиеленіс өзінің шыңына жетті. Мәскеудегі тамыз бүлігі басталып, КСРО-ның күйреуін және ұлт республикаларының тәуелсіздік алуын тездетті. 74жыл билікте болған Кеңестік жүйенің тірегіне айналған Коммунистік партия өзінің дәрменсіздігін танытты. 1991 жылы 19 тамызда Кеңес Одағының радиостанциялары мәні жағынан тіпті өзгеше мәлімдемені жария етті. Мәлімдемеде КСРО Президенті М.С.Горбачевтің денсаулығына байланысты өз міндеттерін атқара алмайтындығынан, бұл қызметтің КСРО вице-президенті Г.И. Янаевқа өтетіндігі туралы айтылды. 1991 жылдың 7 қыркүйегінде Қазақстан Компартиясының төтенше және кезектен тыс съезі өтіп, онда Қазақстан Компартиясын тарату және жаңа партия құру туралы шешім қабылданды. Жаңа құрылған партия Қазақстанның Социалистік партиясы (ҚСП) деп аталды. 1991 ж. 1 желтоқсанда Қазақстан тарихында тұңғыш рет республика Президентін бүкілхалықтық сайлауының өтуі. Сайлау нәтижесінде Н.Ә.Назарбаев басым дауыспен жеңіске жетті.10 желтоқсанда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын өзгерту туралы заң қабылданып, бұдан былай Қазақстан Республикасы болып аталды. 1991жылдың желтоқсан айы бұрынғы КСРО мен Қазақстан Республикасы өміріндегі саяси оқиғаларға толы кезең болды.8 желтоқсанда Минскіде Белорусь, Ресей және Украин президенттері «Тәуелсіз мемлекеттер Достастығын құру туралы» Беловежск келісіміне қол қойды. Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік шекара туралы» заңын 1993 жылдың 13 қаңтарында қабылдады. 1993 жылғы Конституция мемлекеттің тәуелсіздігін заңды түрде рәсімдеді, халықаралық қауымдастыққа Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде танытты.