- •1.1905-1907 Жж. Алғашқы орыс революциясы жылдарындағы Қазақстан.
- •2. Столыпиннің аграрлық реформасы және оның Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы.
- •6. Іі Мемлекеттік Думадағы қазақ демутаттарының қазақ халқының өзекті мәселесі бойынша ұстанымы. Б. Қаратаевтың баяндамасы.
- •7.Хх ғ. Басындағы қазақ әдебиеті мен баспасөзі. Оның қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысына ықпалы. («Айқап», «Қазақ» және т.Б.)
- •8. Бірінші Дүниежүзілік соғыс тұсындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.(1914-1918 жж.)
- •9. 1916 Ж. Ұлт-азаттық көтеріліс. Көтеріліс көшбасшылары – т. Бокин, б. Әшекеев, а. Жанбосынов, ұ. Саурықов, а. Иманов, ә. Жангелдин, Кейкі батыр т.Б. Бұл мәселеге жаңаша көзқарас.
- •10. Қазақстанның 1917 ж. Ақпан төңкерісі тұсындағы қоғамдық-саяси ахуал.
- •11. «Алаш» партиясының құрылуы және оның бағдарламасы.
- •12. Қазақстан 1917 ж. Қазан төңкерісі тұсында. Өлкеде кеңес билігінің орнау ерекшеліктері.
- •14. Қазақстан Азамат соғысы жылдарында.(1918-1920жж.)
- •15. Қоқан автономиясы. М. Шоқайдың қызметі.
- •16. Түркістан кеңестік социалистік республикасы. Оның өлке тарихындағы орны.
- •17. Қазақ автономиялық кеңестік социалистік республикасының құрылуы.
- •18. Хх ғасырдың 20-жылдарындағы қазақ жерлерінің ҚазАкср-нің құрамына бірігуі.
- •19. «Әскери коммунизм» саясаты: мақсаттары мен нәтижесі.
- •20. 1921-1922 Жж. Жер-су реформасы. 20-жж. Аштық және оның салдарлары.
- •1921 – 1922 Жылдардағы жер реформасының маңызы:
- •22. Қазақстандағы Кіші Қазан саясаты: мазмұны мен салдары.
- •24. Қазақстандағы ұжымдастыру: қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және демографиялық салдары.
- •26. Қазақ кср-нің құрылуы. 1937ж. Конституция.
- •27. Сталиндік қуғын-сүргін. Қазақстандағы гулаг жүйесі.
- •28.Хх ғ. 20-30 жж. Кеңестік Қазақстан: мәдениет, ғылым және білімнің қалыптасуы.
- •29. Хх ғ. 30-40 жж. Қазақстанға халықтарды күштеп қоныс аударту ксро-дағы тоталитаризмнің көрінісі ретінде.
- •30. Екінші Дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы ксро-ның сыртқы саясатының негізгі бағыттары.
- •31. Қазақстан экономикасының Ұлы Отан соғысына жеңіске қосқан үлесі. 1941-1945жж.
- •32. Ұлы Отан соғысы майдандарындағы қазақстандықтардың ерлігі.(1941-1945жж.)
- •33. Түркістан легионы. Ақиқат пен аңыз.
- •34. Қазақстандық паризандар Ұлы Отан соғысы жылдарында. Қазақстандықтардың Қарсыласу қозғалысына қатысуы.
- •35. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақ кср-ның білімі, ғылымы және мәдениеті.
- •36. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.(1946-1953жж.)
- •37. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы.(1946-1953жж.). Тоталитарлық жүйенің соғыстан кейінгі қуғын-сүргіні. Бекмаханов ісі.
- •38. Соғыстан кейінгі жылдары Қазақстанда әскери-өндірістік кешеннің құрылуы. Семей әскери-сынақтық полигоны мен «Байқоңыр» ғарыш айлағының іске қосылуы.
- •39. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы Республикадағы білім, ғылым және мәдениет. (1946-1953 жж.)
- •40. Елдегі десталинизация кезіндегі қоғамдық-саяси үдерістер.(1953-1964жж.).
- •41. Хх ғ. 50-60 жж. Қазақстан экономикасын басқару саласындағы реформалар.
- •43. Хх ғ. 60-70 жж. ҚазКср-дағы аумақтық мәселелерді шешудегі қиындықтар.
- •44. Қазақстан экономикасында шикізаттық бағыттың тереңдетілуі. (хх ғ. 60-80 жж.)
- •45. Д. А. Қонаевтың кеңестік Қазақстанның дамуына қосқан үлесі.
- •46. Хх ғ. 60-80 жж. Қазақстанның мәдениеті, ғылымы мен білімі: жетістіктері мен қайшылықтары.
- •47. 1965 Ж. Экономикалық реформа: себеп, салдары.
- •48. ҚазКср-дағы аөк пен төк-нің қалыптасуы: міндеттері, мәселелері, қорытындылары.
- •49. Хх ғ. 70-80 жж. Қазақ кср-нің әлеуметтік-экономикалық саласында тоқырау құбылыстарының белең алуы.
- •50. Хх ғ. 70-80 жж. Қазақстандағы экологиялық мәселелер: себептері мен салдарлары.
- •51. «Қайта құру» саясаты: алғышарттары, себептері мен кезеңдері.
- •52. «Қайта құру» кезеңіндегі Қазақстандағы қоғамдық-саяси үрдістер.
- •53. «Қайта құру» кезеңіндегі экономикалық реформалар және олардың нәтижесі.
- •54. Қазақстандағы 1986 ж. Желтоқсан көтерілісі: себептері, тарихи маңызы мен сабақтары.
- •55. Ұлттық сананың өсуі. Алаш қозғалысы қайраткерлерін ресми ақтаудың басталуы. (хх ғ. 90ж.)
- •56. Тіл туралы Заң (1989 ж. Қыркүйек). Еліміздегі қазақ тілінің мәртебесі.
- •57. Қазақ кср-нің мемлекеттік егемендігі туралы деклаорация: мәні, маңызы.
- •58. Ксро-ның ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (тмд) құрылуы. Алматы декларациясы.
- •59. Президенттік институттың енгізілуі. Н. Ә. Назарбаевтың республика тәуелсіздігінің қалыптасуындағы рөлі.
- •61. Қр мемлекеттік рәміздері. Олардың Қазақстан егемендігінің қалыптасуындағы орны.
- •62. Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның егеменді мемлект ретінде қалыптасу және дамы стратегиясы» еңбегінің маңызы. (1992ж.)
- •64. Қазақстан қоғамындағы нарықтық экономикаға өту кезеңіндегі жаңаша ойлаудың қалыптасуының қиыншылықтары.
- •Реформалар: бiрiншi кезең (1991-1992)
- •Реформалар: екiншi кезең (1993-1994)
- •Реформалар: үшiншi кезеңде (1995-1997)
- •Реформалар: төртiншi кезеңде (1998-1999)
- •Реформалар: бесiншi кезең (2000 ж.)
- •67. Тәуелсіз Қазақстанның несиелік-банктік жүйесінің қалыптасуы. Ұлттық валютаның енгізілуі.
- •68. Қазақстан Республикасында ұлттық-мемлекеттік қауіпсіздік жүйелерінің қалыптасуы (армия, құқық қорғау органдары).
- •69. Өтпелі кезеңдегі Қазақстанда көші-қон процесі (1992-2000жж.). «Нұрлы көш» бағдарламасы.
- •70. Қазақтардың Дүниежүзілік Құрылтайы. Оның егеменді Қазақстанның тарихындағы орны.
- •71. 1995 Ж. Конституция, оның Қазақстанда демократияны қалыптастыру мен дамытудағы орны.
- •72. Қр демократиялық саяси жүйесінің қалыптасуы және Қазақстандық парламентаризмнің дамуы.
- •73. Қазақстан Республикасының егеменді мемлекет шекараларын демаркациялау және демилитациялау бойынша саясаты: мәселелері мен оны шешу жолдары.
- •74. «Қазақстан-2030» бағдарламасындағы Қазақстанның дамуының негізгі бағыттары.
- •75. Астана – тәуелсіз Қазақстанның жаңа елордасы. Оның Қазақстанның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуындағы орны.
- •76. Тәуелсіз Қазақстандағы демографиялық үрдістер. (1191 ж.-қазірге дейін).
- •78. Қазақ хандығы – қазақ халқының ұлттық мелекеттілігінің бастауы.
- •79. Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандық жол» еңбегі. Оның жастар тәрбиесіндегі орны.
- •80. Н.Ә.Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» атты еңбегі. Оның халықаралық сахнадағы Қазақстанның орнын айқындаудағы маңызы.
- •83. Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға жол» мақаласы.
- •84. Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісінің ерекшеліктері. Қр-дағы жекешелендірудің 4 және 5 кезеңі.
- •85. Қазақстанның инвестициялық саясаты.Оның қорытындылары.
- •86. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының агралық саясаты(2002-2017жж.)
- •87.Индустриалдық-инновациялық дамудың Мемлекеттік бағдарламасы және оның Қазақстан экономикасындағы орны.
- •89. 2011 Ж. 28 қаңтардағы Президент н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!».
- •90. «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» - жаңа экономикалық саясаты. Оның Қазақстанның дамуы үшін маңызы.
- •92. Мемлекеттің спорт және дене шынықтыруды дамытудағы саясаты. Салауатты өмір салты болашақ ұлтты қалыптастырудың негізі.
- •93. «Экспо – 2017» және оның Қазақстанның болашағы үшін маңызы.
- •96. Егеменді Қазақстанның ұлттық саясаты. Қазақстан Халықтар Ассамблеясы: оның республиканың қоғамдық-саяси өміріндегі орны.
- •97. Қазақтанның ұлттық бірлік доктринасы. «Қазақстан халқының бірегейлігі және бірлігі тұжырымдамасы»: міндеттері мен қағидаттары.
- •98. Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанды әлеуметтік модернизациялау: жаппай еңбек қоғамына жиырма қадам» мақаласы.
- •99. Азаматтық қоғам. Оның Қазақстандағы институттарының дамуы.
- •100. Қазақстан Республикасында қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың қызметі.
- •101. Қазақтан Республикасындағы Әлемдік діндер көшбасшыларының съездері және олардың орны. Қр-ның «Дін туралы» заңы.
- •102. Қазақстанда жаңа діни ақиқаттың қалыптасуы. Жастар арасындағы діни лаңкестік туралы мәселелер.
- •104. Халықаралық саясаттағы Егеменді Қазақстанның орны. Н.Ә.Назарбаевтың Нью Йоркте (қыркүйек, 2015 жыл) бұұ Бас Ассамблеясының 70-сессиясында сөйлеген сөзі.
- •105. Қр жастар саясаты, негізігі бағыттары. Хабтық маңызы бар қалаларды құруға Қазақстан жастарының қатысуы.
- •106.Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегінің қазақ ұлтының тарихи сахнасының қалыптасуындағы орны. «Халық тарих толқынында» бағдарламасы.
- •107. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы: мақсаттары, міндеттері, тарихи маңызы.
- •109. Қр тмд елдерімен мәдени, білім және ғылым саласындағы ынтымақтастығы.
- •110. Егеменді Қазақстандағы мәдениет пен ғылымның дамуы.
- •111. Н.Ә.Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы, оның мазмұны мен маңызы.
- •112. Жібек жолын қайта жаңғырту бағдарламасы халықаралық ытымақтастықты тереңдетудің көзі ретінде.
- •113. Астанадағы еқыұ (обсе) саммиті: міндеттері, қорытындылары және мәні.
- •114. Н.Ә.Назарбаевтың «Әлем. Ххі ғасыр» манифесті.
- •115. Егеменді Қазақстандағы Конституциялық реформалар (1195 ж. Қазақстан Конституциясына енгізілген түзетулер).
- •116. Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы.
- •118. Егеменді Қазақстанның әлеуметтік саясаты.
- •119. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»курсының мақсаты мен міндеті.
- •120. Қр Орталық Азия мемлекеттерімен қарым-қатынасы: жағдайы, мәселелері мен жетістіктері.
102. Қазақстанда жаңа діни ақиқаттың қалыптасуы. Жастар арасындағы діни лаңкестік туралы мәселелер.
Қазіргі таңда халықаралық терроризм өзінің ауқымы, қатыгездігі мен адамгершілікке жат зұлымдығымен заманауи әлемнің алдында тұрған өткір әрі ғаламдық қауіп-қатерге айналғаны құпия емес. Өкінішке қарай, біз ақпарат құралдары арқылы әлемнің әртүрлі жерлерінде адамдардың террорлық әрекеттердің құрбанына айналып, инфрақұрылымдар мен әлемдік тарихтың мұрасына айналған құнды жәдігерлердің қиратылып жатқанын күнделікті көріп отырмыз. Сонымен қатар, діни экстремистердің мемлекеттер мен халықтардың тарихи қалыптасқан дәстүрлі рухани-мәдени және құндылықтық тұғырларын қиратуға талпынысы да анық көріне бастауда. Терроризм идеологтары өз әрекеттері арқылы мәдениеттер мен діндердің арасына ғана емес, сонымен бірге, мемлекеттер мен халықтар арасына да өшпенділік салуға ұмтылып отыр. Өкінішке қарай, әлемнің дамыған мемлекеттерінің өздері жеке-дара бұл зұлымдықты тоқтата алмасы анық. Жалпы, экстремизм мен терроризм әртүрлі сипатта көрініс тауып, түрлі идеологиялық және саяси доктриналарды, оның ішінде дін атын бүркенетіндігін де айта кеткен жөн. Осы ретте дін атын жамылған халықаралық терроризмнің терроризм эволюциясындағы аса қауіпті үрдіске айналғанын ерекше ескерген абзал. Әдетте, осыған дейін саяси терроризмнің түпкі мақсаты зорлық-зомбылық жасауға емес, белгілі бір мәселелерге қатысты қоғамдық пікір қалыптастыру мақсатымен бұқаралық ақпарат құралдарының назарын өзіне аударуға бағытталатын. Ал қазіргі күндегі дін атын жамылған терроризм үшін дін талаптарына сай орындалатын күш көрсету мен зорлық-зомбылықты қасиетті парыз дәрежесіне дейін көтеру басты орынға шығып отыр. Осыған байланысты көптеген ғалымдар кез келген діни бағыттағы фундаментализм, түптеп келгенде, экстремизммен және терроризммен шектесіп жататындығына сенімді. Осы жерде әлемнің барлық елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да діни экстремизм мен терроризмге қарсы күресуде белгілі бір дәрежеде тәжірибе жинақталғанын айта кетуіміз керек. Біздің елімізде жаһандық деңгейдегі мәселеге айналып отырған осынау зұлымдыққа құқықтық тұрғыдан да, ұйымдастырушылық және ақпараттық тұрғыдан да қарсы тұрудың әдістері мен тетіктері пысықталды. Елімізде оннан астам экстремистік және террорлық ұйымдардың қызметіне тыйым салынды. Біздің ойымызша, қазіргі кезеңде мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының негізгі күші Қазақстанның көпұлтты және көпконфессиялы халқының ауызбіршілігі мен жарасымдылығын сақтау мен елімізде діни экстремизмнің алдын алу жұмыстарына жұмылдырылуы тиіс. Осы ретте, жоғарыда айтылып өткен әлемдегі ахуалды талдау мемлекетішілік және мемлекетаралық күш-жігерді біріктіру арқылы ғана халықаралық терроризмге пәрменді түрде қарсы күресу мүмкін екенін көрсетіп отыр. Демек, осы мәселені кешенді шешу бүгінгі күнде халықаралық кооперацияны және әлемнің жетекші елдері тарапынан терроризмге қарсы күресу шаралары бойынша ортақ ұстанымдарды қалыптастыруды талап етеді. Сондықтан, Қазақстан мен Ресей басшыларының көтеріп отырған бастамалары уақыт талабына жауап береді және осы тұрғыда халықаралық қоғамдастықты терроризмге қарсы күресте күш біріктіруге шақырған үндеуі болып табылады. Демек, біздің ойымызша, жоғарыда айтылған мәселелер желісінде терроризмге қарсы күресуде ортақ идеялық-теориялық тұғырнама әзірлеу, халықаралық деңгейде терроризмге қарсы бағытталған нақты шаралар әзірлеу және іске асыру, ислам дінін бүркеніп жүрген террорлық ұйымдар тарапынан орын алып отырған адамгершілікке жат әрекеттердің себебінен туындайтын исламофобияны еңсеру форумның маңызды міндеттері қатарынан орын алуы қажет. Мемлекет басшыларының көтерген осы бастамасы қордаланып қалған халықаралық сипатқа ие терроризм мәселесін тез арада шешуге мүдделі әлемнің басқа елдері тарапынан да қолдау табады деп сенім білдіруге болады.
103. Қазақстан Республикасының ақпараттық саясаты және оның дамуындағы негізгі бағыттар.
Ақпараттық саясат (бұдан әрі – Саясат) деп Қазақстан Республикасы заңнамаларында және Жарғыда қарастырылған құқықтарын жүзеге асыру Қоғамның қызметіне байланысты тұлғаларға (ары қарай мүдделі тұлғалар) жеткізу мақсатында, олардың пайымды инвестициялық және басқару шешімдерінің қабылдауы үшін немесе Қоғамның қаржылық-шаруашылық қызметіне әсер ете алатын басқа да әрекеттерді жасауы үшін қажетті ақпаратты ашу кезінде «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ ұстанатын ұстанымдар мен процедуралардың жиынтығы түсініледі. Саясаттың мақсаты болып мүдделі тұлғаларға Қазақстан Республикасы заңнамаларының, Қоғам Жарғысының, Қоғамның ақпаратты ашу ережелерінің талаптарына және корпоративтік басқарудың ең үздік әлемдік тәжірибесіне сәйкес Қоғам туралы, оның ағымдағы қызметі, жағдайы және даму болашағы туралы нақты ақпаратты ең толық және уақытылы беру болып табылады. Саясаттың мақсатына жету үшін негізгі міндеттер болып табылады: Қоғам туралы нақты ақпаратты уақытылы ашу; Қоғамның ақпараттық ашықтығын және Қоғамның айқындығын жоғарылату есебінен Қоғамның инвестициялық тартымдылығының артуына көмектесетін қосымша ақпаратты ашу. Саясат Қоғамның жақсы беделінің құрылуына, активтер бағаларының артуына және инвестициялардың тартылуына, қызметтің өндірістік және қаржылық көрсеткіштерінің жоғарылауына көмектесуі тиіс. Қоғамның ақпараттық саясатын Қоғамның Директорлар кеңесі белгілейді. Ақпаратты ашу тәртібі Қоғамның ақпаратты ашу ережелерінде және Қоғамның басқа да ішкі құжаттарында белгіленеді. Қоғам Саясатының негізгі ұстанымдары болып табылады: ұдайылық – Қоғам туралы ақпаратты мүдделі тұлғаларға тұрақты және үнемі беріп тұру; жеделдік – Қоғамның қаржылық-шаруашылық қызметіне әсер етуі мүмкін, және де мүдделі тұлғалардың мүдделерін қозғайтын елеулі оқиғалар мен фактілер туралы мүдделі тұлғаларды барынша қысқа мерзімде хабардар етуді қамтамасыз ету; қолжетімділік – ашылатын ақпаратқа мүдделі тұлғалардың еркін, ауыртпалықсыз және ең аз шығындармен қол жеткізуін қамтамасыз ететін, Қоғам туралы ақпаратты тарату тәсілдерін Қоғамның қолдануы; дұрыстық – Қоғамға мәлім фактілерді бұрмалаусыз ақпаратты мүдделі тұлғаларға беру; толықтық – мүдделі тұлғаларға оларды қызықтыратын сұрақтар бойынша нақты жағдай туралы барынша толық түсінікті қалыптастыру үшін жеткілікті көлемде ақпаратты беру; теңгерілгендік – Қоғамның мемлекеттік, қызметтік, коммерциялық немесе басқа да заңмен қорғалатын құпиясын құрайтын ақпаратқа қол жеткізуді шектеу тұрғысынан Қоғамның, Жалғыз акционердің мүдделерін қатаң сақтау шартында, мүдделі тұлғалардың ақпарат алуға құқықтарын барынша жүзеге асыру мақсатында бір жағынан ашықтықтың және айқындықтың пайымды теңгерілімін, екінші жағынан құпиялықты Қоғамның қамтамасыз етуі; тең құқықтық – Қазақстан Республикасының заңнамаларында және Қоғамның ішкі құжаттарында қарастырылған жағдайлардан басқа кездерде, мүдделі тұлғалардың ақпаратты алуында тең құқықтар мен мүмкіндіктерді қамтамасыз ету; ақпараттық ресурстардың қорғалғандығы – Қоғамның Қоғамның қызметтік, коммерциялық немесе басқа да заңмен қорғалатын ақпараттарын қорғаудың Қазақстан Республикасының заңнамаларында рұқсат етілген тәсілдері мен құралдарын қолдану құқығы; ақиқаттылық – өз қызметін жариялау кезінде Қоғам оң және де теріс ақпаратты ашуды тең дәрежеде жүргізуі тиіс.