Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
180_taza.docx
Скачиваний:
13
Добавлен:
08.09.2019
Размер:
439.38 Кб
Скачать

8. Қытай жазба деректері.

Қытайдың Батыс аймақтарды бағындыруға ұмтылуы сол өңірдегі халықтар жөнінде материалдар жинаудан басталды. Қытай жазба деректері өзінің көлемі жағынан және жүйелі жазылғандығымен ерекшеленеді.Қазақстан тұрғындары туралы алғашқы анық мәліметтер император У-ди (біздің заманымызға дейін 140—87жылдары) Батыс өңірге жіберген тұңғыш Қытай елшісі Чжан Цяннан алынды. Қытай жазбаларындағы "Батыс өңір" деген жерлер қазіргі Шыңжаң (Шығыс Түркістан) және Қазақстан мен Орталық Азияның біраз бөлігіне қатысты қолданылды.Чжан Цянь екі рет Батыс өңірде болып қайтты.Чжан Цянь бастаған елшілікке ғұндарға қарсы Жетісудағы үйсіндермен одақ жасау міндеті жүктелді. Ол елшілік барысында жергілікті халықтың шаруашылығына, әскери күштеріне, қару түрлеріне, әдет-ғұрып, салт-дәстүріне дейін пазар аударып, жазып алып отырды.Әулеттердің тарихын жазушылардың ішінде У-ди императордың басты жылнамашысы "Қытай тарихының атасы" Сыма Цянды (біздің заманымызға дейін 145—86 жылдары) бөліп көрсетуге болады. Оның "Тарихи жазбалар" ("Шицзи")деген еңбегінің "Сюнну туралы хикая" және "Давань туралы хикая" деген екі тарауында ғұндар туралы мәліметтер бар. Мазмұны жағынан Геродоттың Қара теңіздің жағалауындағы скифтер туралы баяндауларына ұқсас.[1]

Көне парсы деректеріЕжелгі Қазақстан тарихы жөнінде жазбаша деректемелер көне парсы, көне грек, латын, қытай тілдерінде бізге келіп жетті. Бұл жазбаша деректемелер мазмұны мен сипаты жағынан сан алуан.Басты деректемелердің бірі Зороастризмнің киелі "Авеста"1 деген ісітап атауымен белгілі. Ахура Мазда Құдайына арналған "Авеста" жырларының авторы Заратуштра ("Кәрі түйеші" деген мағына береді) делінеді. Заратуштра Каспий теңізінің шығыс-солтүстігін қоныстанған арий тайпасының Спитама руынан шыққан. Авестадағы" Құдай әнұрандары Орталық Азия мен оның солтүстігінде жапсарлас жатқан Қазақстанның баұташы-егінші тайпаларының рухани өмірі туралы құнды материал береді. Арийлердің Құдайға құрбандық шалып, оның атына мадақтау айтатын жерлері археологиялық деректермен де расталып отыр

Көне грек авторларының шығармалары. Ежелгі Қазақстан жөнінде ең көп хабар жинақтаған антик (көне грек) авторларының шығармалары. Көбіне грек және ішінара латын тілдеріндегі деректердің ішінен Кіші Азиядағы Галикарнас қаласынан шыққан ежелгі грек тарихшысы Геродотты (біздің заманымызға дейін 490 және 484—425 жылдардың арасы) ерекше атауға болады. Ежелгі Рим ғұламасы Цицерон Геродотты "тарихтың атасы" деп көрсетеді. Көне грек авторларын үлгі етуіміздің себебі, олардың мұраларының ең ескі дерек көздері болғандығынан деп ойлаймыз. Геродот скифтердің Шығыстағы далалық көшпелі тайпалар арасынан келгенін айтады. Геродот грек авторларының көпшілігі сияқты сақтарды "азиялық скифтер" деген терминмен атайды. Скиф атауы Солтүстік Қара теңіз өңірі мен Алдыңғы Азияның көшпелі тайпаларына қатысты қолданылады. Грек деректемелерінде басқа да тайпа атаулары кездеседі. Мысалы, массагеттер, сарматтар (савроматтар), аргиппейлер, аримаспылар, исседондар және т.б. Геродот массагеттерді Каспий теңізінен шығыска қарай, Сырдарияның (Аракстің) арғы жағына орналастырады. Сақтар мен массагеттер еліне жасалған Дарийдің, Кирдің жорықтарын егжей-тегжейлі әңгімелейді.Сақтардан солтүстікке қарай орналасқан сайримдер туралы Геродоттан барынша толығырақ деректер алуға болады. Геродот: "Танаис өзенінің (қазіргі Дон) арғы жағы сарматтардың қолында", — дей келе, Доннан Еділге дейінгі аралықты меңзейді. Сарматтар тайпа бірлестігі құрамына Солтүстік-батыс Қазақстан өңірінен шыққан аорстар да енген. Жайық — Елек өзендері аралығынан табылған археологиялық ескерткіштер де аорстардың сарматтармен мәдени ұқсастықтары бар екендігін анықтады. Геродот Дарийдің Скифияға жорығы туралы айта келіп: "Сарматтар скифтер жағында белсенді түрде соғысты", — деп жазды. Оларды әйелдер басқаратындығын айта келіп, амазонка әйелдер тайпасы туралы аңызды баяндайды."Сармат әйелдері садақ атады, сапы лақтырады, аттың үстінде жүреді. Барлық саны үш жауды өлтіргенше қыз күйеуге шықпайды", — деп көрсетеді. Сарматтар негізінде біздің заманымға дейін IV—III ғасырларда Сармат тайпалар одағы құрылды. Бұл жаңадан құрылған Сармат тайпаларының одағы аорстар, сирақтар, роксаландар, аландар, 30 языгилерден түрды. Соңғы жылдардағы Батыс Қазақстаннан табылған " Алтын адам", "қайқы қылыш" сияқты археологиядағы жаңалықтар сарматтардың әскери өнері дамығандығы туралы Геродот жазбаларын растай түседі. Сармат-алан тайпаларын IV ғасырда ғұндар талқандады.

9)Сақ-сармат дәуірі:жазба деректер және арх. Ескерткіштері. Жетісуды мекендеген сақтар мәдениеті 2-ге бөлінеді:

  1. Ерте сақ кезеңі - б.з.б. VIII-VI ғасырлар.

  2. Соңғы сақ кезеңі – б.з.б. V-III ғасырлар.

Б.з.б. I мыңжылдықтағы Қазақстан территориясын мекендеген көшпелілер – сақтар. Бұл сақтардың материалдық мәдениеті мен қоғамдық құрылысы жағынан оңтүстік Сібір тайпалары және Ресейдің еуропалық бөлігінің далалық аймақтарын мекендеген скиф тайпаларымен ұқсастықтары болды.

Сақ тайпаларының атауы әр елде әртүрлі:

  • Гректер – азиялық скифтер;

  • Парсылар – құдыретті еркектер;

  • Ирандықтар – жүйрік атты турлар.

Бұл кезең алғашқы қауымдық қатынастар ыдырап, әскери демократия құрылысының пайда бола бастаған кезі. Әскери демократия таптық қоғамға өту кезеңі болғандықтан, сақтар мемлекет құру ісінің қарсаңында тұрды. Грек тарихшысы Геродот (б.з.б. Vғ.40ж-30ж. жазылған «Тарих» еңбегі) және Полиен деректері:

  • Б.з.б. VI ғасырда сақ-массагеттердің паишайымы Томиристің және оның ұлы Спаргапистің парсы патшасы Кирмен соғысы (б.з.б. 529ж).

  • Б.з.б. 519-518 жылдары парсы патшасы I Дарийдің тиграхауда сақтарымен соғысы.

  • Б.з.б. IV ғасырда Александр Македонскийдің сақтармен шайқасы.Македондықтарға қарсы 3 жыл қатарынан партизандық соғыс жүргізген сақ көсемі Спитамен ерлігі.Сақтар парсы әскерлерімен қосылып Египетте,Грецияда соғысты. Фермопиль және Платея шайқастарында батырлықтың үлгісін көрсетті. Сырдария жағасында Македонский бұйрығымен Александрия Эсхата қаласы салынды.Мемлекеттің шекаралық тірегі есебінде салынған бұл қала б.з.б. III ғасырда селевкидтер көтерілісі нәтижесінде қиратылды. Ерекше суару жүйесі бар егістік аймақтар – Сырдарияның оңтүстік аңғарындағы Шырық-Рабат, Бәбіш-молда қоныстары. Сақ тайпаларында металл өндіріп, оны өңдеуге байланысты кәсіпшілік пен өолөнер жоғары дәрежеде дамыдыды. Сармат ескеткештері: сынтас корымынан табылган 3 жауынгер денесі. Агащ суйек қасыктар табылды. Бесобадан табылган 2 абыз әйел обасы. Жылыой ауданынан табылган Аралтөбе ескерткіші. Мұнда 2-ші алтын адам денесі табылған еді.

10. Ғұн, үйсін, .Қаңлы. Б.з.б. II ғ халықтардың ұлы қоныс аударуы оқиғасының нәтижесінде орталық Азияда п.б. мемлекеттік бірлестік. Орналасуы: Б.з.б Қ-ның оңтүсігіне қаңлылардың тайпалы бірлестігі құрылды. (Б.з.бІІІғ немесеІІғ соңы). Территориясы: Қаратау жасы-Сырдарияның орта ағысы. Қаңлылардың ең негізгі атамекені- Сырдария өзенінің орта ағысы. Асанасы –Битьян қаласы. Халқы-600мың, 120 үй. Билеушнің тулы-Хан. Бүкіл елді басқару ісін ханның үш уәзі атқарған. Жазба деректерге қарағанда қаңлы елі бес бөлікке бөлінген. Әр бөліктің кіші хандары болған, олар ұлы ханға бағынышты болды. Лауазымдық қызмет мұрагерлік жолмен берілді. Қаңлы туралы мәліметер б.з.б ІІ ғасырда Қытай деректерінде кездеседі. Археологиялық ескерткіштері. Археологтар қаңлылар мекендеген аудандарды қазба жұыстарын жүргізіп, көпдеген қорымдар мен қоныстарды тапты. Оларды қауыншы, отырар-Қаратау, жетіасар археологиялық мәдениттері деп бөлді. Ғұндар, саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті. Саяси тарихы Б.з.б. І мыңжылдықта Орталық Азияның байтақ жерін этникалық құрамы әртүрлі тайалар мекендеген. Шаруашылықтың дамуы, тұрмыстың ортақтығы, саяси бірлік оларды өзара жақындатып, ірі тайалық бірлестіктер құрылды.

  • Б.з.б. ІІІ ғасырдың аяғындағы қытай деректерінде «ғұн» атауы кездеседі (хунну немесе сюнну). Ал европалық жылнамашылар оларды гунни деп атаған.

  • Б.з.б. 206 жылы ғұндардың билеушісі Мөде шаньюй (б.з.б. 228-174ж.ж.) батыста үйсіндерге шабуыл жасады. Солтүстікте Саян Алтай тайпаларын бағындырып, оңтүстікте Қытайдағы Хань әулетін жеңеді. Қытай билеушісі Мөде шаньюйге бас иіп, « Тыныштық және туыстық» туралы шартқа отырып, жыл сайын оған салық төлеп тұрды. Осы кездегі ғұн одағының территориясына Байкалдан Тибетке, Шығыс Түркістаннан Хуанхэның орта ағысына дейінгі жерлер қосылды. Халқы – 1,5 млн. адам.

  • Б.з.б. 55 жыл ғұн одағы екіге бөлінді:

    1. Оңтүстік бөлігі Хань империясына бағынышты болды (шаньюй Хуханье).

    2. Солтүстік ғұндар Монғолияның солт.батысындағы Қырғыз Нұр көлі маңына ордаларын орнатты (шаньюй Чжи-чжи Оңтүстік және солтүстік арасындағы өзара қырқыстан кейін, Чжи Чжи басқарған солт. ғұндар Солт. Монғолия, Шығыс Түркістанға қарай қоныс аударды.

  • Б.з.б. 47ж солт. ғұндар Тянь Шаньнан өтіп, қаңлылармен көрші болды.

Чжи Чжи шаньюй үйсіндерге қарсы қаңлылармен әскери одақ құрды. Олар үйсіндерді жеңе алмағандықтан, өзара жанжалдасып, Чжи Чжи Талас өзенінің жоғары ағысына кетіп, екі жыл бойы сол жерде қала салдыртты (б.з.б. 37-36 ж.ж.). Чжи Чжи өз қаласын қорғауда Марка Крас армиясының римдік жауынгерлерін пайдаланды. Ғұндардың күшеюі Қытай империясын алаңдатып, жорыққа дайындалады. Шайқастың салдары:

  • Ғұн әскері талқандалып, қала қиратылды

  • Чжи Чжимен бірге 1518 адам тұтқынға түсіп, қатал жазаланды.

  • 1200 жауынгер Қытайдың қол астындағы Ферғана және үйсін билеушілеріне сыйлыққа берілді.

Б.з. 93 ж ғұндардың Қазақстанға екінші рет қоныс аударуы болды. Ғұндар Сырдарияға, Арал жағасына, Орталық және Батыс Қазақстанға жетті.

Б.з. IV ғасырда оңт.Орал даласына, Дунайға жетіп, «ғұндар» деген атпен Венгрияға қоныстанды. Ғұндар тарихы, әсіресе, жауынгершілік жорықтармен белгілі. Аты аңызға айналған үлкен ақыл иесі, қаһарман жауынгер, көреген қолбасшы, әккі саясаткер, айлакер дипломат Аттила (410-453) басшылығымен ғұндар еуропалық елдердің бірқатарын тізе бүктірген. Б.з. V ғасырдың ортасы Аттила әскері Шығыс Рим империясын жеңді. Оның білімін, көрегендігін мойындаған Франк, Бурнгундия билеушілері балаларын оқуға, тәрбиелеуге жіберіп отырған. Еділ патша тұсында Ғұн империясы өз дамуының жоғарғы сатысына жетті:

  • Еуропаны Рим үстемдігінен азат етті

  • Құл иеленушіліктің жойылуына ықпал жасады

  • Ғұндарды әскери демократиялық құрылыс нығайды.

451 ж Аттила әскері Галлиядағы Каталаун даласында рим франк соғыс одағымен шайқасты 452ж Аттила Италияны ойрандап, Падуя, Милан қалаларын алды 453 ж Еділ қайтыс болғаннан кейін ғн империясы ыдырай бастады. Қазақ ғалымдарынан Атила (Еділ) туралы алғаш рет жазып, ғылымға енгізген Шоқан Уәлиханов. «Пайғамбар» деген өлеңде «ғұн – түркілердің арғы атасы» деген тұжырым жасаушы Мағжан Жұмабаев. Ғұндардың Қазақстан жеріне енуіне байланысты тайпалардың түріктенуі басталған. Жетісу мен Оңт.Қазақстан тайпаларының антропологиялық сипаты – монғолоидтық (б.з. І мыңжылдығының бірінші жартысы). Ғұндар Қазақстанға Орталық Азиядан б.з.б. І ғасырдың соңы мен б.з. І ғасыры аралығында келді. Бұл «халықтың ұлы қоныс аударуы» атанған тарихи оқиғамен тұспа тұс кезең. үйсіндердің этносаяси тарихы. Б.з.б І ғ аяғында Қазақстан далаларында сақтарды ығыстырған жаңа тайпалық одақтар п.б. Олардың бірі үйсіндер. Үйсіндер билеушісінің титулы-Гуньмо. Тілі- ежелгі түркі тілі. Тайпа көсемдері мен рубасылары -Бектер. Басты байлық-мал мен жер. Б.з.б Іғ ежелгі үйсін қоғамында жерлерді жеке меншікке иелену басалды.Жеке меншіктің болғанының тағы бір белгісі-жеке адамдарға тиесілі мүліктің ерекше таңбалармен белгіленуі. Таңбалар дүние мүлікке, үй алдарына салынды. Әскер басшылары мен жоғары лауазымды ақсүйектердің алтыннан, мыстан жасалған мөрлері болды. Лауазымы төмен үйсіндер тас және қыш саздан жасалған мөр ұстаған. Үйсін қоғамындағы әлеәметтік теңсіздік археологиялық олжалардан айқын көрінеді. Қорғандар көлемі жағынан үшке бөлінеді:1. Үлкен қорған -диаметрі80м, биіктігі 15м 2.Орташа қорған-диаметрі15м, биіктігі 4м.3. Кіші қорған –даметрі 10м, биіктігі 1м. Үйсіндер Қытаймен дипломатиялық және туыстық қатынаста болды. Олар ұйғыр тайпалары, Енисей қырғыздары, Еділ бойы халықтарымен сауда байланысын жасаған. Қаңлы, ғұндармен жайылым, сауда жолы үшін соғысқан. Үсіндер туралы Қытай тарихшысы Сыма Цян еңдектерінде жазылған, онда үйсін халқының саны 630 мың, үй саны 120мың, әскер саны 180мың болғандығы айтылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]