Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
180_taza.docx
Скачиваний:
13
Добавлен:
08.09.2019
Размер:
439.38 Кб
Скачать

149) Астана – Қазақстан Республикасының астанасы

1991 жылы Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін астананы елдің оңтүстік-шығысынан республиканың орталығы бөлігіне көшіру мәселесі көтерілді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша мемлекеттің жаңа астанасын орналастыруға оңтайлы қаланы анықтау мақсатымен республиканың бүкіл аумағы мұқият зерттелді. Талдау қорытындылары барлық нұсқалардың ішінен ең қолайлысы Ақмола қаласы екендігін көрсетті. Бұл қаланың орналасқан орны сәулетшілік тұрғысынан кез келген жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Оның үстіне Қазақстанның географиялық орталығы ғана емес, қала елдің аса маңызды шаруашылық аймақтарына таяу, ірі көлік жолдарының торабында орналасқан. Мамандардың бағалауы бойынша Ақмолада тұрғын үйлер мен әкімш., іскерлік ғимараттарын салу бағасы Алматымен салыстырғанда едәуір арзанға түседі, бұл – шығынды азайтуға мүмкіндік береді. Республиканың Жоғарғы Кеңесі ел Президентінің айқын дәлелдерімен келісіп, оның астананы Ақмолаға көшіру туралы ұсынысын мақұлдады. 1995 жылы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың “Қазақстан Республикасының астанасы туралы” Заң күші бар Жарлығы жарияланды. Осы уақыттан бастап Республиканың Президенті резиденциясының тұратын жері Ақмола және Алматы қалалары болып белгіленді. Жоғары мемлекеттік органдарды Ақмола қаласында орналастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының мемлекетік комиссиясы құрылып, оған орталық және жергілікті атқарушы органдардың бұл мақсаттағы атқаратын қызметін үйлестіру құқығы берілді. Президент Жарлығы бойынша Республика үкіметі Ақмола қаласын абаттандыру жөніндегі бюджеттен тыс қаражатты жинақтау мақсатында “Жаңа астана” қорын ашты. 1997 жылы 20 қазанда Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның жаңа астанасы Ақмола қаласы болғанын ресми түрде жариялады. 1997 жылы 8 қарашада Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері мен Президент байрағын Алматыдан Ақмола қаласына шығарып салудың салтанатты рәсімі өтті. 1997 жылы 3 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің кеңсесі Ақмолаға көшті. Сол жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Ақмолаға ресми түрде аттанды. 1998 жылы 6 мамыр күні Президент Жарлығымен Ақмола қаласының аты Астана болып аталды. Қаланың Қазақстан Республикасының астанасы ретіндегі ресми тұсаукесері 1998 жылы 10 маусымда болып өтті.

150) Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы. ЕҚЫҰ-ның 2010ж.желтоқсанда Астана қаласында өткен Саммиті және оның маңызы.Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға өз тәуелсіздігін алғаннан кейін көп уақыт өтпей-ақ, яғни 1992 жылдың қаңтар айында мүше болды. ЕҚЫҰ – Солтүстік Америка, Еуропа мен Орталық Азияның 56 мемлекетінің басын біріктіріп отырған әлемдік деңгейдегі іргелі ұйым. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету мәселесі алғаш рет осы ұйымның Тұрақты кеңесінің 2003 жылы 18 ақпанда өткен жиналысында айтылды. Ал Қазақстанның төраға болуына қатысты шешім 2007 жылы желтоқсанда Мадридте өткен ЕҚЫҰ сыртқы істер министрлері кеңесінде қабылданды. Сөйтіп 2010 жыл еліміз тарихындағы жарқын парақтардың бірі болып қалмақ. Бұл оқиғаның саяси маңызы – ЕҚЫҰ тарихында тұңғыш рет бұл ұйымға ортаазиялық мемлекет төрағалық етуінде. Және Қазақстан – қазіргі таңда ТМД кеңістігінде бұл ұйымға төраға болған бірден-бір мемлекет.Иә, Президент Н. Назарбаевтың ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің биыл шілде айында Алатау баурайында өткен бейресми кездесуінде сөйлеген сөзінде айтылғандай, ұйым құрылған 1975 жылы, сол тұста әлі әлемнің саяси картасында орын алмаған Қазақстан тәрізді мемлекеттің 35 жылдан кейін оны басқаратыны, сірә, ешкімнің қиялында болмаған шығар.Әскери-саяси өлшем.Қазіргі таңда Қазақстан ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы ретінде және серіктерінің белсенді қолдауымен құрлықтар мен өркениеттер арасындағы дәнекерлік дәстүрлерін қайта жаңғыртуда. Тарих үшін тым қысқа уақыт ішінде дүние жүзі мүлдем өзгеше сипат алды. Геосаяси ахуал жаңарып, халықаралық қатынастардың мәні өзгерді, трансұлттық қауіп-қатерлердің жаңа түрлері пайда болды. Бұл ретте ЕҚЫҰ-ның заман талабына сай болуы аса маңызды. Осыған байланысты біз артықшылықтарымызды айқындап, жаңа қауіп-қатерлерге төтеп беретін қарымта жауаптарымызды белгілеуіміз керек.Қазақстан төрағалығы ЕҚЫҰ-ның үш өлшемі аясында, төрт «Т»-дан тұратын – «траст» (сенім), «традишн» (дәстүр), «транспаренси» (ашықтық) және «толеранс» (төзімділік) деп жария етілген ұрандар рухында барлық мәлімделген басымдықтар бойынша жүзеге асырылуда. Өз төрағалығы тұсында Қазақстан еуропалық қауіпсіздік ұғымы континенттік аядан әлдеқайда шығып тұратыны туралы тезисті дәйектілікпен және белсенді түрде ілгерілетуде. Соның нәтижесінде бүгінде ЕҚЫҰ еуроатлантикалық және еуразиялық қауіпсіздік ұғымдарын нақты пайдалануда.ЕҚЫҰ-ның байтақ кеңістігіндегі күрделі әскери-саяси жағдайды ескере отырып, Қазақстан өз төрағалығы тұсындағы қызметін дағдарыстық жағдайларды болдырмау және реттеу жөніндегі ЕҚЫҰ мүмкіндігін күшейтуге бағыттады. Бұл саясат ЕҚЫҰ Қырғызстандағы дағдарысқа кез болған жағдайда өзін-өзі ақтап шықты. Қазақстан ЕҚЫҰ жауапкершілігі аймағынан тыс пайда болатын қауіпсіздік мәселелеріне жаңа көзқараспен қарай бастағанын атап өту қажет, бұл Ауғанстанды бейбіт өмірге қайта әкелудегі ЕҚЫҰ-ның көмек көрсетуінің мүмкін жолдарын белсенді ізденісте, сонымен қатар ынтымақтастық бойынша ЕҚЫҰ-ның Азиялық және Жерорта серіктестерімен диалогтың күшейтілуінде көрініс тапты. ЕҚЫҰ-ның әскери-саяси өлшемінің күшеюіне дем берген Қазақстандық төрағалықтың басқа ерекше элементі - басты халықаралық ұйымдарымен, соның ішінде БҰҰ, ЕО, НАТО, ТМД, КҚТКҰ (ОДКБ) және АӨСШК-мен интенсивті, іс жүзіндегі қайтарымға бағытталған диалог пен әрекеттесуді іске асыруы болып табылды.

151) Қазіргі Қазақстанның сыртқысаяси басым бағыттары.Қазақстан экономикалық реформаларды және сыртқы саяси басымдықтарды жүзеге асыру мәселелерінде Орталық Азиядағы көшбасшы ел.Бүгінгі күні елімізде 75 елшілік пен халықаралық ұйымдардың өкілдіктері жұмыс істейді.Тек биылғы жылдың өзінде Астанада шетелдердің 12 елшілігі ашылды.Олардың бесеуі жаңадан ашылса,жетеуі Алматыдан көшіп келген.Осындай басымдықтардың бірі Ресей Федерациясымен одақтастық қарым-қатынастарды нығайту болып табылады.ҚХР-мен стратегиялық байланыстар тереңдей түсуде.Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастықты арттыру қазақстандық сыртқы саясаттың маңызды бағыты болып қала бермек.АҚШ-пен стретегиялық әріптестік кеңейтілмек.Еуропа елдерімен және Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты жандандыру мақсатында Қазақстан Президенті ағымдағы жылы «Еуропаға жол»мемлекеттік бағдарламасын бекітті.Н.Назарбаев ислам әлемінің ажырамас бөлігі болыптабылатын Қазақстан Шығыстың араб және мұсылман мемлекеттерімен ынтымақтастыққа үлкен маңыз беретінің атап өтті.Жапония,Үндістан,Бразилия,Түркия,Корея Республикасы,Оңтүстік-Шығыс Азия,Латын Америкасы мен Африканың жетекші мемлекеттерімен әріптестікті дамыту Қазақстанның басты назарында болмақ.»Қазақстан Республикасыкөпжақты ынтымақтастық пен мемлекеттердің жаһандық проблемаларды шешуге ұжымдық жауапкершілігі принципін нығайтуды көздейтін белсенді және теңдестірілген сыртқы саясатты ұстанады»,-дейді мемлекет басшысы.Бүгінде еліміздің АӨСШК-ке,Азиядағы ынтымақтастық жөніндегі диалогқа төрағалық етуі,сондай-ақ ШЫҰ аясындағы белсенді қызметі Қазақстанның өңірдегі ынтымақтастық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан қомақты үлесі болып табылады.Қазақстан ықпалдастық үдерістерді алға жылжыту мен ЕурАзЭҚ аясында Кедендік Одақ құруды жалғастыра береді.ТМД қызметі бұрынғыша өзекті болып отыр.Қазақстан 2011 ж.Ислам Ұйымы конференциясы министрлер конференциясына төрағалық етуді осы ұйымның жетекші мемлекеттерімен қарым-қатынасты нығайту мүмкіндігі ретінде ғана емес,сондай-ақ Шығыс пен Батысың әртүрлі өркениеттерді мен діндері арасындағы ашық үнқатысуды кеңейту мен тереңдетудің бірегей мүмкіншілігі ретінде қарастырады.

152) ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ.Тәуелсіздікті алған кезден бастап-ақ Қазақстанның жоғарғы басшылығы Ресеймен тату көршілік қатынастарды орнату қажеттігі туралы қорытындыға келді. Әңгіме шын мәнінде жаңа тарихи жағдайларда екі мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынастың үлгісін жасау туралы еді. Басқаша сөзбен айтсақ, Қазақстанның сыртқы саяси стратегиясында Ресеймен ынтымақтастыққа бірінші дәрежелі назар аударылады. Қазақстанның пікірі бойынша, екі мемлекеттің әл-ауқаты көп жағдайда халықтар арасында қалыптасқан байланыстардың сақталуына, экономикалық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық ынтымақтастықтың оң әлеуметінің нығайтылуына, қазіргі бар қарым-қатынасты кең ауқымды ынтымақтастыққа, үдемелі мемлекет аралық кооперацияға айналдыруға байланысты. Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығына жол ашатын көптеген факторлар бар . Оның үстіне екі елдің өзара іс-қимылының терең қатпарлы факторлары Астана мен Мәскеудің көптеген көкейтесті халықаралық проблемаларға көзқарастарының жақындығын айқындайды. Отандық және шетелдік тарихнамада Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарын кезеңдерге бөлу мәселесіне қатысты бірнеше көзқарастар бар. Біздің көзқарасымызша төмендегідей кезеңдерге бөліп көрсету орынды секілді: 1. Мемлекетаралық қатынастардың құқықтық негіздерін қалыптастыру (1991 ж. тамыз – 1992 ж. мамыр);2. Саяси экономикалық және әскери салаларда екі жақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен нысандарын белгілеу (1992 ж. мамыр – 1994 ж. соңы);3. ТМД шеңберіндегі интеграциялық процестер арнасында екі жақты ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету (1995 ж. бастап осы уақытқа дейін).Бірінші кезеңде тараптардың күш-жігері шарттық-құқықтық құжатты әзірлеуге бағытталды. Мұндай құжат екі жаңа мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынастардың негізгі принциптерін айқындайды. Президенттер Н. Назарбаев пен Б. Ельцин 1992 ж. 25 мамырда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қойды. 1994 ж. наурызда болған, Қазақстан Президентінің Ресей Федерациясына жасаған тұңғыш мемлекеттік сапары екі жақты қарым-қатынасты кеңейту мен тереңдетуде елеулі роль ойнады, оның барысында 22 ірі ауқымды құжаттарға қол қойылды. Олардың ішінде экономикалық ынтымақтастық пен интеграцияны одан әрі тереңдету туралы шартты бөліп көрсету қажет. Осы құжатқа сәйкес Тараптар экономикалық интеграцияны қамтамасыз етуде, ортақ рынокты қалыптастыруда, шаруашылық заңнамаларын жақындастыруда өзара тығыз үйлестіру ісін жүзеге асыру туралы уағдаласты. Сол сапарда бір-бірінің аумағында тұрақты тұратын, Қазақстан мен Ресей азаматтарының азаматтығы мен құқықтық мәртебесіне байланысты мәселелерді шешудің негізгі принциптері туралы меморандумға, Байқоңыр ғарыш айлағын пайдаланудың негізгі принциптері мен шарттары туралы келісімге қол қойылды. 1994 жылғы наурыздағы жоғары деңгейдегі Қазақстан-Ресей кездесуі мемелекетаралық қатынастардың серпінді дамуына қатысты берік шарттық базаны құруға әкелді. Шын мәнінде мемлекеттер басшыларының келіссөздері экономикалық, әскери-саяси, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы тығыз интеграцияның жаңа кезеңін ашты. Бұдан бөлінбейтін еуразиялық кеңістікте ғасырлар бойы тұрып жатқан екі ел халықтарының достық пен өзара тиімді іс-қимылдың әлеуетін сақтауға және еселеуге деген ұмтылысы көрінді.1995 жылы Қазақстан-Ресей қарым-қатынасы жемісті түрде дамуын жалғастырды. Жыл ішінде Қазақстан мен Ресейдің Президенттерінің екі кездесуі өтті..Қазақстан Ресей қарым-қатынастарының тағы бір жемісі ретінде РФ Президенті Б.Ельциннің 1998 жылғы 12 қазанда Алматыға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындыларын айтуға болады, оның нәтижесінде 1998-2007 жылдарға арналған экононмикалық ынтымастық туралы кең ауқымды шартқа қол қойылды, осы құжатты іске асыру жөнінде нақты іс-шаралардың бағдарламасы жасалады.Бұл құжат экономиканың нақты секторының негізгі салаларындағы өндірістік инвестициялық, ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытудың нақты бағыттары мен үйлестіруші тетіктерін белгілейді. Шаруашылық жүргізуші субьектілердің арасында яғни тікелей экономикалық деңгейде байланыстарды кеңейтуді көздейді

153) ШЫҰ және Қазақстан.ШЫҰ – қызметі басқа мемлекеттерге немесе халықаралық ұйымдарға қарсы бағытталған әскери блок болып табылмайды. Сонымен қатар, ШЫҰ өз мүшелерінің арасында әртүрлі салаларда кең ынтымақтастықтың дамуын қарастырады.Қазақстанның ШЫҰ бойынша әріптес елдермен тең дәрежедегі диалогқа сындарлы және мақсатты қатысуы Қазақстанның өңірдегі ұстанымын күшейтеді, Ұйымның қағидаттарына толық сәйкес келетін мемлекеттер арасында өзара сенім мен түсіністіктің арта түсуіне көмектеседі. ШЫҰ-ның 2 жетекші ойыншысы – Ресей мен Қытайдың арасында орналасқан Қазақстан өңірлік ынтымақтастықтың жасампаз бастамалары мен жобаларын белсенді қолдайтын Ұйымның маңызды буыны болып табылады1996 жылы Шанхай үдерісі басталғалы бері Қазақстан – ШЫҰ аясында жан-жақты өзара іс-қимылдың белсенді қатысушысы болып табылады. Қазақстан Ұйымның аясында өтетін лаңкестікке қарсы әскери жаттығуларға, ғылыми конференциялар мен форумдарға тұрақты қатысып отырады, ШЫҰ құқықтық базасының нығаюына үлкен үлес қосып келеді. 2006 жылы Қазақстан Бейжіңдегі Хатшылықтың жанындағы және Ташкенттегі Өңірлік лаңкестікке қарсы құрылымның Атқарушы комитетіндегі өзінің тұрақты өкілдігінің аппаратын алғашқы құрғандардың бірі болды.2007 жылдан бастап 2009 жылдың соңына дейін ШЫҰ бас хатшысы болып Болат Нұрғалиев (Қазақстанның өкілі), Аймақтық лаңкестікке қарсы Ташкенттегі құрылымның Атқарушы комитетінің директоры болып Мырзақан Субанов (Қырғызстан өкілі) тағайындалды. ШЫҰ-ның әрбір жұмыс органында Қазақстанның атынан 6 адам қызмет атқаруда.2006 жылғы маусымның 15-інде Шанхайда өткен саммитте Қазақстан ШЫҰ Азия энергетикалық стратегиясын жасауға бастама көтерді. Бұл ШЫҰ-да сауда-экономикалық салада тәжірибелік ынтымақтастықтың басталуына түрткі болды. Сондай-ақ ҚР Президенті ШЫҰ аясында заңсыз көші-қонмен күрес жөнінде келісім жасасуды ұсынды.Бүгінде ШЫҰ Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастықтың барынша табысты модельдерінің бірі болып табылады. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың айтуынша, « Қазақстанның ұсынысымен жүзеге асырылған Еуразия идеясының 3 киті – ЕурАзЭҚ, АӨІСШК және ШЫҰ».Ұйымға мүше мемлекеттердің арасында қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету саласында өзара іс-қимылдың зор оң тәжірибесі жиналған, мүше мемлекеттердің арнайы қызметтері мен құқықтық органдары лаңкестік және экстремистік күштермен күресу үшін тиімді байланыстар орнатты.2006 жылы Қазақстан Қытаймен бірлесіп, шекаралас аудандарда «Тянь-Шань – 2006» лаңкестікке қарсы жаттығуларын, сондай-ақ ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қатысуымен «Шығыс-Лаңкестікке қарсы» жаттығуларын өткізді. 2007 жылы жазда Ресейде «Бейбітшілік миссиясы – 2007» ШЫҰ-ның кең ауқымды әскери жаттығулары өтті.ШЫҰ жылдан жылға ынтымақтастықтың жаңа салаларын қамтып келеді. 2006 жылы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерінің парламенттері, жоғарғы соттары басшыларының, білім министрлерінің алғашқы кездесуі өтті. Сыртқы экономикалық және сыртқы сауда қызметіне, көлік пен мәдениетке жауап беретін бас прокурорлардың, министрлердің кездесулері тұрақты ұйымдастырылып отырады. Отын-энергетика кешені саласында өзара іс-қимыл нығаюда. 2007 жылы энергетика министрлерінің алғашқы кездесуі өтті. Жоғарыда аталған барлық фактілер Шанхай ынтымақтастық ұйымы көп жақты өңірлік құрылымға бірте-бірте ауысып келе жатқандығын айғақтайды.2007 жылғы тамыздың 16-сында Бішкекте өткен саммитте мемлекеттер басшылары ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ұзақ мерзімге тату көршілігі, достығы және ынтымақтастығы жөніндегі шартқа қол қойды. Алты елдің көшбасшылары сондай-ақ Бішкек декларациясына қол қойып, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің халықаралық ақпарат қауіпсіздік жөніндегі Іс-қимылдар жоспарын бекітті.

154) ҚР-ның шектес мемлекеттермен меммлекеттік шекарасын анықтау. ҚР тәуелсіздік алғаннан кейін өз аумағын, мемлекеттік шекарасын анықтауға кірісті. Өйткені КСРО құрамында болған кезде Қазақ КСР-інің өз шекарасын басқаруға, оны басқа мемлекеттермен анықтауға құқығы болмады. КСРО-ның 1982 жылы 24 қарашада қабылдаған «КСРО мемлекеттік шекарасы туралы» Заңының бірінші бабында КСРО шекарасы сызығы КСРО аумағының шебін анықтайтын белгі делінсе, екінші бабында «КСРО мемлекеттік шекарасы КСРО Жоғарғы кеңесінің, КСРО Жоғарғы Кеңесінің Төралқасын»ң шешімдерімен, сондай ақ КСРО халықаралық шарттарымен анықталады деп» белгіленеді. КСРО ның ыдырауынан кейін де бұрынғы одақтас республикада мемлекеттік шекараға қатысты басқа құжат болмағандықтан жаңа заңдар қабылданғанша 1982 жылғы «КСРО мемлекеттік шекарасы туралы» Заңы қолданыста болды. Тек, 1993 жылдың 13 қаңтарында ҚР«Мемлекеттік шекара туралы» заң қабылдады. Кеінірек, 1870 жылы, Хабарасу хаттамамен шекаралық сызықтың нақты өтетін жері белгіленді және бұл 1869, 1870 және 1883 жылдары келісімшарт карталарында белгіленді. Бұл келісімшарттың шартты күшін жойматынын, немесе жоққа шығаруға жатпайтынын айта кетуіміз керек. Себебі Қазақстан өркениетті мемлекет ретінде халықаралық нормаларды ұстануы тиіс. Халықаралық тәжірибеге сай бұл құжаттар өздерінің күшін жоғалтпайды және еш уақытта өзінің іс әрекетін тоқтатпайды. Қытаймен шекараны белгілеуде пайда болған тағы бір мәселе, Хабарасу хаттамасының мәтінінің орыс және маньчжурлік тілдерінде әртүрлі оқылуы болды. Дау жер жөніндегі жағдайда кеңестік картадағы шекара сызығының негізсіз Қытайға қарай 15 шақырымға жылжытылуымен байланысты туындады. 1864 жылғы 25 қыркүйектегі Шәуешек хаттамасының мәтінінде бұл жердің Қытайға қарайтындығы жөнінде жазылған. Сондықтан оңтүстікке қарай ағатын Сарышілді өзенінің алабы заңды негізінде Қытайға кетуі тиіс болды. Қытай жаңа тарихи жағдайда 1864 жылғы 25 қыркүйектегі хаттаманы негіз ете отырып бұл жерлерге өзінің құқығын жариялады. Қазақсатан Қытай шекарасына қатысты жер мәселесі шамамен 900 шаршы шақырым жер жөнінде жүрді. Ең басынан ҚР барлық жерді беру жөніндегі келіссөздердің жүрмейтінін, 1864 жылғы Шәуешек хаттамасына ж\е басқа да құжаттарға сүйеніп, сондай ақ қалыптасқан жағдайларға қарап келісімді іздеу қажеттігін жариялады. ҚР мен ҚХР арасындағы ресми дипломатиялық қатынас 1992 жылдың 3 қаңтарынан орнығып, екі ел арасындағы достық және ынтымақтастық қарым қатынас жыл санап беки түсті.Алайда екі елдің арасында шешімі қиын шекара мәселесі тұрды. Шекаралық мәселені шешуге алғашқы қадамдар жасалды. Шекаралық мәселені шешуге алғашқы қадам Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1993 жылдың қазан айындағы алғашқы ресми сапарынан басталды. Бұл сапарда шекара мәселесіне қатысты ешқандай ресми құжатқа қол қойылған жоқ. 1994 жылы сәуірде Қытай үкіметі және төрағасының Қазақстанға сапары кезінде Н.Назарбаев пен Ли Пэн қазақ қытай мемлекеттік шекарасы жөніндегі келісімге қол қойды. 1994 жылы құжат бойынша шекара сызығы түгелдей анықталды. 1999 жылғы 1 қыркүйекте ҚР қаулысына сәйкес ҚР-ның Рырғыз Республикасымен, РФ, Өзбекстан Республикасымен және Түркіменстанмен мемлекеттік шекараларды межелеу туралы ҚР үкіметінің комиссиясы құрылды. Қазақстан тәуелсіздін алғаннан кейін өзінің оңтүстік мемелекеттік шекарасымен шектесетін Қырғызстан, Өзбекстан және Түркіменстан республикаларымен дипломотиялық қарым қатынас орнату негізінде республикалардың үкіметаралық комиссиялары мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау мәселелері бойынша келіссөздер жүргізе бастады. Қазақстанмен шекарасы ортақ мемлекеттердің бірі Түркіменстанмен шекараны межелеу тез уақытта жасалып, жеңіл өтті. Шекара ұзындығы оңтүстікте Үстірт қыратынан шөл далаға дейін шамамен 426 шақырымды құрайды. 1932 жылы 27 желтоқсанда заңдық негіз ретінде шекараны межелеуге дайындау үшін КСРО ОАК Президиумы қаулысы және 1972 жылғы Түркіменстан КСР мен Қазақ КСР Президиумымен шекара сызығына сәйкес топографиялық картаның құжат парақтары қабылданды. Бүгінгі таңда Қырғызстан, Түркіменстан және Өзбекстан республикаларымен шекараны межелу мәселесі толығымен реттелді.

155) ҚР қазақ тілінің мәртебесі. 1996 жылы 4 қарашадан ҚР Президенті қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін айқындайтын «ҚР-ның тіл саясаты тұжырымдамасын» бекітті. 1997 жылы 11 шілдеде «Қазақстан Республикасындағы тіледр туралы» Заң қабылданды. Аталған заңның І тарауының 4-бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қазақ тілі» болып бекітіліп, орыс және басқа да ұлт тілдәрі туралы І тараудың 5, ІІ тараудың 8-15, ІІІ тараудың 16-18 баптарында айтылды. Осы заңды жүзеге асыру мақсатында 1998 жылды 14 тамызында қабылданған «Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту туралы» Үкіметтің №769 қаулысында іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу туралы айтылды. Мемлекеттік тілді дамыту және іс шараларды ұйымдастыру мен үйлестіру жұмыстарын жүргізу мақсатында бірнеше ресми органдар құрылды. Мәселен, 1998 жылы ҚР Үкіметі жанынан мемлекеттік терминологиялық комиссия, ҚР Үкіметінің 1999 жылдың 9 қазанындағы №1545 Қаулысымен «Республикалық мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту орталығы» республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны ашылды. Қазақстандық зиялы қауым өкілдері де мемлекеттік тіл мәселесін дамытуға белсене араласты. Тіл тағдырының күрделі мәселеге айналуының бірнеше себептері бар. Оның басты себебі кеңес үкіметінің солақай саясаты. Басқаша айтқанда, коммунистік партияның «кеңес халқын» қалыптастыру желеуімен орыс тілінің мәртебесін үнемі нығайтып отыруы. Соның салдарынан қазақ тілінің мәртебесін үнемі нығайтып отыруы. Соның салдарынан қазақ қоғамында қазақ тілді және орыс тілді қазақтар деген екі түсінік қалыптасты. Бүгінгі ҚР да Елбасының тікелей араласуымен мемлекеттік тілді жан жақты дамыту және мемлекеттік тіл бүкіл қазақстандықтардың айналуы үшін қыруар жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, мемлекеттік тілді дамытуға мемлекет тарапынан 2005 жылы 133 миллион, ал 2006 жылы 560 миллион, 2007 жылы 3 миллиардтан астам, 2008 жылы 5 миллиардтан аса теңге бөлінді. Елімізде мемлекеттік тілді тиімді оқытуды арттыру мақстаында 16 аймақтық, 15 қалалық, аудандық қазақ тіліне оқыту орталықтар жұмыс істеді. Қазақ тілінің мемелекеттік мәртебесінің дамып, қалыптасуында Елбасының еңбегі орасан зор.

156) «Қазақстан-2030» бағдарламасына сай ұзақ мерзімді мақсаттарды айқындау және оны іске асырудың стратегися. Кез келген мемлекет түбегейлі трансформацияға шешім қабылдау кезеңінде өзінің дамуының негізгі бағыттарын айқындауға мәжбүр болады. Ең бастысы, қозғалыс бағыттарын белгілеп, негізгі басымдықтарға сәйкес міндеттерді анықтау мемлекеттік және ұлттық мүдде үшін қажет. Мұндай жүйелі бағдарламасыз алға қарай қозғалыс қиындай түседі. Ұзақ мерзімді даму бағдарламасын жүзеге асыру жолындағы белгіленген мақсаттарға жету, мемлекет басшысына деген қоғамның сенімі экономика мен саяси жүйені модернизациялаудағы басты мүмкіндікке айналды. Қазақстан өзінің тәуелсідігін алғаннан кейін ақ кең ауқымды әлеуметік, саяси және экономикалық реформаларды жүргізе бастады. Елдегі өтпелі кезеңнің ауыртпалықтары азайып, кезеңдік реформалардың күрделі даму мерзімі аяқталар тұста дербес төл стратегиялық бағытымызды айқындау мақсаты қойылды. 1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2030» даму стратегиялық бағдарламасын ұсынды. Бұрынғы Кеңес Одағы кеңістігінде Қазақстан бірінші болып мемлекеттік дамудың стратегиялық бағдарламасын жасады. Сол жылдардағы зейнетақы мен жалақының уақытында берілмеуі, жұмыссыздық деңгейінің жоғарылауы, қалаларда жылу берілмей, электр қуатының азаюы сияқты сан түрлі күрделі мәселе күмән туғызғанымен, стратегия өзінің қажеттілігін көрсетті. Бұл стратегияны дайындауда әлемдік өзгерістер ескерілді. Бүгінгі күні Қазақстанда орта тап құру үдерісі біршама нәтижелер беруде. Стратегиялық басты басымдықтардың негізгі тобы сыртқы және ішкі инвестицияларды көбірек тартуды көздейтін ашық нарыққа, қуат көздерін тиімді пайдалану мен инфрақұрылымды қайта құруға, экономиканы нарыққа, бәсекеге қабілетті етіп қайта жасақтау, азаматтарымыздың денсаулығын, білім беру саласы және әл ауқатын арттыруға бағытталды. Бұл арқылы қазақстанның көркеюінің нақты мүмкіндіктері, олардың жүзеге асуының ықтимал кескіндемесі жүйеленеді. Стратегиня жүзеге асыру мақсатында 1998-2000 жылдарға жоспарланған жеті басымдық пен 1998 жылдың Үкімет алдындағы сегіз нақты міндеті терең талданды. Экономикалық реформалар арқылы еркін нарықты құру, билікті демократияландыру шаралары жүзеге асырылды. Елбасы даму стратегиясын белгілеуде келешек мүмкіндіктеріміздің қандай екенін, оның қайтсежүзеге асатынын, қалай пайымдайтынын ортаға салып, халыққа сенім артты,Әуелі қоғамды қиын жағдайдан шығарып алудан кейін, қайта өрлеу жолында еңбектенуге шақырды. Бағдарламада Қазақстанның қарқынды дамуын қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық мәнді жеті негізіг ұзақ мерзімді басымдық белгіленгені мәлім. Осы бағдарламдан кейінгі жылдары Елбасының жасаған Жолдаулары осы бағдарламаның заңды жалғасы болып табылады.

157) ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2006 жылғы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Қазақстан халқына Жолдауының елдің келешегі үшін маңызы. Бұл стратегия ел үшін маңызыд және қоғамның барлық салаларына қатысты. Әсіресе, білім беру мен ғылымды дамыту бәсекеге қабілеттіліктің бірден бір белгісі. Алайда еліміздің алдына қойылып отырған міндеттің өзіндік қиындығы да бар. Әлемдік экономикалық форумның 2006 жылғы жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша Қазақстан әлемнің дамыған елінен онша қашық тұрған жоқ, 56-орында. Мемлекеттің жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі тығыз бағанда анықталады. Ол білімнің сандық жағы мен білім сапасын қамтиды. Сонымен қатар арнаулы ғылыми қызмет пен мамандар дайындау, кадр дайындау деңгейі, т.т. ескеріледі. Кез келген ел экономикасының қарқынды дамуын қамтамасыз ететін жоғары бірлікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлау негізгі басымды бағыттардың бірі болып саналады. Содан да болса керек, ЮНЕСКО техникалық және кәсіптік білімге баса назар аударса, БҰҰ Декларацисы оны мыңжылдық даму мақсатына жатқызды. Бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруді алға қойған Қазақстан да осы бағытта елімізде 2008-2012 жылдарға арналған техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын қабылдап, негізгі міндеттерді айқындады. Елбасы Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларында кәсіптік және техникалық білім берудің маңыздылығына ерекше мән беріп, оған жаңаша көзқарас қажеттігін баса айтып жүр. 2006 жылдың желтоқсанында өткен шетелдік инвесторлар Кеңесінің 16-отырысында Президент Үкіметке осы мәселеге қатысты мемлекеттік бағдарлама әзірлеуді тапсырды. Бірінші басымдық индустрияны дамыту. Қазақстанды экономикалық жаңарту мен халықаралық нарықтарда бәсекеге қабілеттігін нығайтудың қосымша құралы ретінде БСҰ ға кіру, экспорттық импорттық кредиттеуді дамытуды мемлекеттік қолдау, ең жоғары халықаралық стандарттарға сай келетін академиялық орталықтар мен оқу орындарын құру, осы заманғы және бәсекеге қабілетті көлік коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, табиғат ресурстарын пайдаланудың ашық саясатын іске асыру, Алматыны қаржы және іскерлік белсенділіктің ірі өңірлік орталығы ретінде дамыту бағыттары белгіленді. «Қазақстан экономикасынтұрлаулы экономикалық өрлеудің іргетасы ретінде одан әрі жаңарту мен әртараптандыру» атты екінші басымдыққа қатысты қаржы несие саясаты, қадағалау тәртібі мен тиімді салық саясаты, экономиканың тиімділігі мен экономикалық қайтарым деңгейін арттыру, мемлекеттік активтерді тиімді басқару, нарық қағидаттары негізінде мемлекет пен жекеменшік сектор арасындағы экономикалық өзара қатынастардың тиімділігін арттыру, кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекеттік қолдау, шағын және орта бизнестің тұғырын кеңейту мен нығайту, өңірлік әлеуметтік даму мен кәсіпкерлік корпорацияларын құру есебінен экономикалық өркендеудің өңірлік «локомотивтерін» жасақтау, экономикны теңдестіре дамыту қажеттігіне сай келетін аумақтық даму, Астананы осы заманғы әлемдік стандарттарға сай келетін қала ретінде, Еуразиядағы халықаралық ықпалдастықтың ірі орталықтарының бірі ретінде дамыту айрықша аталып көрсетілген.

158) ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2009 жылғы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауы. Бүгінгі күні бүкіл әлем қаржылық дағдарыстан экономикалық күйзеліске ұшыраған кезде Қазақстанда жүргізілетін дағдарысқа қасрсы сасаттың мәні айқындалған. Дағдарыстан жаңарып шығудың негізгі жолдары, әлеуметтік экономикалық салалар бойынша жүзеге асырылатын негізгі шаралар және оған қажетті қаржыны бөлудің нақты жоспары туралы айтылды. Мәселен агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 280 млрд теңге, инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға 120 280 млрд теңге қаражат бөлінетін болды. Жалпы ел экономикасына дағдарысқа қарсы мақсатта 2 трлн. 700 миллионнан астам қосымша қаржы қарастырылды. Жолдаудағы басты мәселе халықтың әл ауқатын көтеру. Бұған қатысты бірнеше маңызыды шешімдер қабылданған болатын. Жолдауда осындай дағдарыс заманында Қазақстанда жұмыспен қамтамасыз ету мәселесін шешудің бірнеше жолдары атап көрсетілген. Бұдан, әрине , дәстүрлі Жолдау ел өмірінде, оны жақсарту жолында жасалынып отырған нақты міндет пен іс шаралардың ұнамды көріністері болғаны танылады. Елбасының жыл сайынғы Жолдаулары Қазақстанның қазіргі тарихындағы елеулі оқиғалар. Өйткені, ондағы қойылған міндеттер және жасалынған пайымдаулар мен тұжырымдамалар әр жыл сайын бір бірімен жалғастық тауып, мемлекеттің тұтастай дамуын жаңаша деңгейге көтеруді айқындап отырады. Нақты көрсеткіштерге негізделген мақсат міндеттер қойылады. Мемлекетіміздің жыл сайын барынша қуатты дамып, көркеюінің және халықтың хал ахуалының көтерілуінің басты кепілдігі болып табылады.

159) Қазақстанда президенттік институттың қалыптасуы. 1990 жылы сәуірде республиканың Жоғарғы Кеңесінің ұйғаруымен Қазақ КСР-і Президентінің қызметі тағайындалды. Жоғарғы Кеңестің сол мәжілісінде тұңғыш президент болып Нұрсұлтан Назарбаев сайланды. Қалай болғанда да, өкімет билігінің әлсіреп, экономиканың шұғыл күйреуі жағдайында Қазақстанда саяси және экономикалық өмірді тұрақтандыруға тұтқа болатын президенттік басқарылудың енгізілуі заңды құбылыс еді. Ол кезде мұндай шешімдердің қабылдануы да, оның іс жүзіне асырылуы да жылдам жүріп жатты және бұрынғы одақтас республикалар бірінің істегенін бірі қайталап отырды. Мемлекет басшылығына келген Н.Назарбаев КСРО ның келешегі туралы айтыстар жүріп жатқан кезде жаңарған федерация ұстанымдары негізінде одақты сақтап қалу үшін белсенді күрес жүргізді. Кейінірек Қазақстанның жетекшісі конфедерациялыққұрылым ұсынысын көтерді. Бірақ елде орталықтан іргені аулақтату үрдісі үстемдік ала берді. 159. Қазақстанда президенттік институттың қалыптасуы

Мемлекеттік биліктің институттарын қалыптастырудың негізгі міндеті жүйе ретінде қоғамның даму деңгейі мен саяси, әлеуметтік және экономикалық жағдайына сәйкес оның саяси және құқықтық рәсімдеуін таңдау болып табылады. Мұндай таңдау мемлекетті қалыптастыруда саяси және құқықтық негізін және мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының сипаттамасын анықтайды. Ғылыми талдауда объективті қажетілік берілген мәселемен, сонымен қатар Қазақстан қатысты ауыспалы қоғамда басқару үлгісінің саяси және құқықтық табиғатын зерттеуде көрінеді. Бұл қазақстандық қоғамның басқарудың қазіргі заманғы және демократиялық үлгіні таңдаудағы бірінші тәжірибесі жөнінде сөз болып отырғаны анық. Бір жағынан, Қазақстан мемлекеті тәуелсіздік алғаннан кейін басталған кезеңде саяси реформаның негізгі мақсаттарының бірі – ауыспалы кезеңдегі қоғамның қажеттілігін толық жүзеге асыру үшін, мемлекеттік билікті ұйымдастырудың әдістерінің өзгеруі болды.

Қазақстан Республикасында басқарудың президенттік үлгісінің дамуы және қалыптасу табиғатын зерттеу контекстінде мемелекет егемендігін алғандағы мәселелерді ашу және әзірлеу, бұл сұрақ әрқашан мемлекеттік құрылыс сұрақтарымен өзара тығыз байланысты.

Қазақстан Республикасының президенті – мемлекет басшысы, мемлекеттік биліктің және халық бірлігінің кепілі және рәмізі, тұрақты Конституция, азаматтар мен адамның бостандығы мен құқығы.

Негізгі өзгерудің шешуші факторы президенттік институт республикасында қазақстан мемлекетінің барлық қалыптасу процесі табысты іс-әрекет болып табылады. Осыған байланысты басқарудың президенттік үлгісінің қазақстандық нұсқасы, шетел мемлекетінің конституциясының тәжірибесі есебімен қалыптасқан процесс, біздің елдің ұлттық дәстүрі актуалды болып отыр.

Осыған байланысты кәсіби Парламенттің өкілеттігінің кеңеюін, Үкіметтің көтерілу деңгейін, жергілікті биліктің жауапкершілігі мен әсерлігі, қоғамдық институттар, соттың шын тәуелсіздігін қамтамасыз ету, баспасөзді ынталандырған, азаматтардың бостандығы мен құқықтық кепілдігі ретінде Президенттің ерекше рөлін белгілеу қажет.

160) қазіргі Қазақстанның мемлекеттік құрылымы: Парламент.1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес ҚР ның қос палаталы парламенті заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы болып табылады. ҚР Парламентінің ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депуттатарының құқықтық жағдайы Конституциямен, ҚР ның Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы. Конституциялық заңмен және басқа да заңнамалық актілермен айқындалады. Парламенттің өкілеттігі бірінші сессия ашылған сәттен басталып, жаңа сайланған Парламенттің бірінші сессиясы жұмысқа кіріскен кезден аяталады. Парлементтің өкілеттік мерзімі кезекті сайланымдағы Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімімен айқындалады. Парламенттің өкілеттігі ҚР ның Конституциясында көзделген жағдайларда және тәртіппен ғана мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан тұарды. Сенат және Мәжілістен. Сенат, әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және ҚР ның астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және республика астанасының барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, оның он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды. Сенат депутаттарынң өкілеттік мерзімі алты жыл. Мәжіліс жүз жеті депутаттан тұрады. Мәжілістің 98 депутаты саяси партиялардан партиялық тізімдер бойынша жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі. Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі бес жыл.

161)Қазіргі Қазақстанның мемлекеттік құрылымы: Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мәртебесi. Үкiмет Қазақстан Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды.Үкiмет Республика Конституциясының, осы Конституциялық заңның, Республиканың заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң негiзiнде және оларды орындау үшiн iс-қимыл жасайды.Үкiметтi Республика Президентi Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген тәртiппен құрады.Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы ұсыныстарды Премьер-Министр тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмде Республика Премьер-Министрi Республика Президентiне енгiзедi.Үкiметтiң құрылымын министрлiктер және өзге де орталық атқарушы органдар құрайды.Үкiметтiң құрамына Үкiмет мүшелерi - Республиканың Премьер-Министрi, оның орынбасарлары, министрлер және Республиканың өзге де лауазымды адамдары кiредi.

Орнынан түсудi қабылдау Үкiметтiң немесе оның тиiстi мүшесiнiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi. Премьер-Министрдiң орнынан түсуiн қабылдау бүкiл Үкiметтiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi.Үкiметтiң немесе оның мүшесiнiң орнынан түсуi қабылданбаған ретте, Президент оған өз мiндеттерiн одан әрi жүзеге асыра берудi тапсырады.Республика Президентi өз бастамасымен үкiметтiң өкiлеттiгiн тоқтату туралы шешiм қабылдауға және оның кез-келген мүшесiн қызметiнен босатуға хақылы.Премьер-Министрдiң қызметiнен босатылуы бүкiл Үкiметтiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi.

Үкiмет жүргiзiп отырған саясатпен келiспейтiн немесе оны жүргiзбей отырған Үкiмет мүшелерi атқарып келген қызметiнен босатылуға тиiс.

Республика Премьер-Министрi өзi тағайындалғаннан кейiн бiр ай iшiнде Парламентке Үкiмет бағдарламасы туралы баяндама табыс етедi.

Үкiмет Бағдарламасы қабылданбаған жағдайда Премьер-Министр екi ай iшiнде Парламентке Бағдарлама жөнiнде қайталап баяндама табыс етедi.

Республика Парламентiнiң Үкiмет Бағдарламасын қайта қабылдамауы әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң көпшiлiк дауысымен жүзеге асырылуы мүмкiн және Үкіметке сенімсіздік вотумының білдірілгенін көрсетеді.Үкіметтің мәртебесін анықтайтын акт Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" конституциялық заң күші бар Жарлығы болып табылады. Аталған Жарлықтың 9-бабының 8) тармақшасы Үкімет "мемлекет меншігін басқаруды ұйымдастырады, оны пайдалану жөніндегі шараларды әзірлейді және жүзеге асырады, Қазақстан Республикасы аумағында мемлекеттік меншік құқығын қорғауды қамтамасыз етеді" деп белгіленген. Бұл ретте Үкіметтің құзыретіне жататын "мемлекет меншігін басқару" ұғымын мемлекеттік мүлік меншік иесінің заңдылығын Қазақстан Республикасының атынан заң шеңберінде жүзеге асыру деп түсіну қажет. Үкіметке бұл заңды құқықтар Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" конституциялық заң күші бар Жарлығы қабылданған сәттен бастап берілген.

162) Қазіргі Қазақстанның мемлекеттік құрылымы: Сот билігі. 1993 жылғы Конституциясының 16- тарауы сот билігіне арналды. Конституцияның 95-бабында Қазақстандағы сот билігі Конституциялық Сотқа ,Жоғарға Сотқа және Жоғарғы Төрелік Сотқа сондай ақ, заң бойынша құрылатын төменгі соттарға тиесілі екені атап көрсетілді.Онда: «Ешқандай өзге органның, лауазымды немесе өзге адамның сот билігі міндеттерін өз мойнына алуға қақысы жоқ», деп жазылып, «Конституциялық Сот ҚР Конституциясын қорғау жөніндегі сот билігінің жоғарғы органы деп табылатыны» белгіленді. Республика Президенті Жоғарғы Сот Кеңесінің және Әділет біліктілік алқасының ұсынуымен судьялардыңқызметтік міндетін түпкіліті бекітуді талап етті. Соттардың қызметін жан жақты қамтамысз етудегі кадр, ішкі шаруашылық істерімен айналысуды сот істерінен бөліп, аппарат басшылығына жүктеу көзделді.Жоғарғы Сот Республикадағы жалпы соттардың ең жоғарғы ұйымы болып табылатындығы атап көрестілді. Бұл қаулыда ҚР ның Жоғарғы соты арнайы сот алқаларына бөлініп құралатыны, судьялар құрамы да соған қарай іріктелетіні, сондай ақ, облыстық соттың құрылымы, оның төрағасы, алқа төрағалары, оған теңестірілген қалалық соттың да құрылым жүйесі осы негізде болатындығы жазылды.

Құқық қорғау органдары жүйесіндегі маңызды орын алатын мемелекеттік органдардың бірі-соттар.Сот әділеттілігін іске асыра отырып соттар,жаза тағайындау, жазадан босату сияқты шешімдер қабылдай отырып,құқықты қолданып,өзінің биліктік құзіретін жүзеге асырып,жеке ж/е заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін анықтай отырып,олардың мүделерін әділ,заң арқ қорғауға тиісті орган.ҚР сот билігі тұрақты судьялар,алқа заседательдері арқылы соттарға ғана тиесілі.Сот билігі ҚР атынан жүзеге асырылады ж/е азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға,Рес.Конституциясының,заңдарының,өзге де нормативтік құқықтық актлерінің,халықаралық шарттарының орындалуын камтамасыз етуге қызмет етеді.Сот билігі азаматтық,қылмыстық ж/е заңда белгіленген өзге де сот ісін жүргізу нысандары арқ жүзеге асырылады.Сот төрелігін іске асыруда сот кызметіне қандай да бір араласуға жол берілмейді.ҚР сот жүйесін еліміздің жоғарғы соты мен жергілікті соттар құрайды.Қандай да болмасын атаумен арнаулыж/е төтенше соттар құруға жол берілмейді. Жергілікті соттарға:Облыстық,аудандық, .Респ.заңға сәйкес мамандандырылған соттар құрылуы мүмкін.ҚР-ның жоғ соты жалпы юрисдикция соттарының қарауына жатқызылган азаматтық, қылмыстық ж-е өзге істер б/ша жоғ сот органы болып табылады,заңда көрсетілген іс жүргізу нысандарында олардың қызметін қадағалауды жүзеге асырадыж/е сот практикасының мәселелері б/ша түсіндірмелер беріледі,заңда көзделген іс жоғ төрағадан,алқа төрағаларынан, судьялардан тұрады.Жоғ сот судья.президент белгілейді.Соттардың ұйымдастырылуы құрылымы 2000ж 25желт «сот жүйесі мен мудьялар мәртебесі тур»ҚР заңымен реттеледі.

163) Қазіргі Қазақстанның мемлекеттік құрылымы. ҚР ның Конституциялық Кеңесі. Конституциялық Кеңес мемлекеттік органдар ретінде Республиканың бүкіл аумағында ҚР Конституциясының жоғары тұруын қамтамасыз етеді. Өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде дербес және мемлекеттік органдарға, ұйымдарға, лауазымда адамдар мен азаматтарға тәуелсіз, Республика Конституциясына ғана бағынады. 1995 жылғы 29 желтоқсанда қабылдаған заң күші бар «ҚР ның Конституциялық Кеңесі туралы» жарлығына дейін жүзеге асырды. Қазіргі қолданып жүрген ҚР Конституциялық Кеңестің құрамын, өкілеттігін, оның құрылуын жаңаша анықтайды. ҚР ның бірінші бабына сәйкес Конституциялық Кеңеңсі жеті мүшеден тұрады, олардың өкілеттігі алты жылға созылады. Республиканың экс Президенттері құқығы бойынша ғұмыр бойы Конституциялық Кеңестің мүшесі болып табылады. Конституциялық Кеңестің екі мүшесін Республика Президенті тағайындайды және дауыс тең бөлінген дағдайда оның даусы шешуші болып табылады. Және екі екі мүшеден Сенат пен Мәжіліс тағайындайды. Конституциялық Кеңес Қазақстанның саяси жүйесінде айрықша орынға ие. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі өкілеттіктері алты жылға созылатын жеті мүшесінен құралған. Конституциялық Кеңестің өмір бақилық мүшелігіне Республиканың Экс-Президенттері құқылы болып табылады. Конституциялық Кеңестің Төрағасын Республика Президенті тағайындайды және дауыс теңдей бөлінген жағдайда оның дауысы шешуші болып табылады.

Конституциялық Кеңестің екі мүшесі Республика Президентімен, екеуі Сенат төрағасымен, екеуі Мәжіліс төрағасымен тағайындалады. Конституциялық Кеңестің қалған мүшелері әр үш жыл сайын жаңартылып тұрады.Конституциялық Кеңестің ұйымдастырылуы мен қызметі конституциялық заңмен реттеледі.

Конституциялық Кеңес:Республика Президентінің сайлауы;Парламент депуттарының сайлауы;Республикалық референдум өткізудің дұрыстығы туралы мәселеге қатысты туған таласты шешеді.

Конституциялық Кеңес:Парламентпен қабылдаған және Президент қол қойған заңдардың Конституциямен сәйкестігін;

Халықаралық келісімдердің Конституцияға сәйкес бекітілуін қарайды.

Конституциялық Кеңес:Конституция нормаларына ресми түсінік береді;Республика Президентін қызметінен мерзімінен бұрын босату туралы Парламентпен тиісті шешім қабылданғанша, Республика Президентін қызметінен босату туралы соңғы шешімге келгенге дейін белгіленген конституциялық рәсімдерді сақтау туралы ұйғарым жасайды.Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімі қабылдаған күннен бастап күшіне енеді және шешім шағымдануға жатпайды, республиканың барлық аумағында жалпыға бірдей міндетті болып табылады. Басқа да шешімдердің өз күшіне ену тәртібі Конституциялық Кеңеспен айқындалады.Республика Президентінің қарсы пікірін еңсермеген жағдайда Конституциялық Кеңестің шешімі қабылданбаған болып саналады және конституциялық өндірісі тоқтатылады.[1]

Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасының Президентінің, Сенат Төрағасының, Мәжіліс Төрағасының, Премьер-Министрдің, Парламент депутаттарының жалпы санының кемiнде бестен бiр бөлігінің өтініштері бойынша:дау туған жағдайда Республика Президентiнің сайлауын, Парламент депутаттарының сайлауынөткізудің және республикалық референдум дұрыстығы туралы мәселенi шешедi;Парламент қабылдаған заңдарға Президент қол қойғанға дейiн олардың Конституцияға сәйкестiгiн қарайды;Республиканың халықаралық шарттары бекiтiлгенге дейiн олардың Конституцияға сәйкестiгiн қарайды;Конституция нормаларына ресми түсiндiрме береді;Конституцияның 47 бабының 1 және 2 тармақтарымен қарастырылған жағдайларда қорытындылар береді;Парламент және оның палаталары қабылдаған қаулылардың Республика Конституциясына сәйкестігін қарайды.  Конституциялық Кеңес соттардың өтініштерін қарайды, егер, белгілі бір істі қарау барысында сот қолданылуға жататын заң немес өзге де нормативтік құқықтық акт адам мен азаматтың Конституцияда баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тапса, ол, іс жүргізуді тоқтата тұрып, Конституциялық Кеңеске бұл актіні конституциялық емес деп тану туралы өтініш беруі тиіс. Конституциялық Кеңестің құқықтық мәртебесі, оның құзыреті, өз өкілеттігін жүзеге асыру тәртібі, сонымен қатар Кеңес Аппаратының құқықтық ережесі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Конституциялық заңымен, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің Регламентімен, Қазақстан Республикасының Конституциялық Аппараты жөніндегі Ережесі және басқа да нормативті құқықтық актілерімен реттеледі.

164) 2007 жылғы мамырда ҚР Конституциясына енгізілген толықтырулар мен өзгерістер. Бұл өзгерістер билік тармақтарының арасындағы тепе теңдік және тежемеліліктің тиімді жүйесін қалыптастыруға бағытталды. Осы мақстта Президенттің біршама өкілеттілігі Парламентке берілді. Сөйтіп, Парламент Үкіметті, Конституциялық Кеңестің үштен еі бөлігін, Орталық Сайлау Комиссиясын, Есеп комитетін қакалыптастыру және олардың қызметін бақылау құзырына ие болды. Үкіметтің қызметі тиімді және сапалы болуы үшін оның мемлекет басшысы мен Парламент алдында жауаптыылығы қалыптастырылды. Атқарушы билікті реформалау шеңберінде әкімдерді сайлау, жергілікті өзін өзі бақару институттарын жетілдіру қарастырылды. Бұл іс жүзінде президенттік басқарудан президенттік парламенттік басқаруға өтуді білдірді. Сонымен, Конституциялық реформа нәтижесінде Қазақстанда жаңаша саяси жүйе қалыптастыру мүмкіндігі туды. Конституциялық реформалар саяси билік институттарын одан әрі жетілдіру, билік тармақтарының қарым қатынасын реттеу, қазіргі заманғы талаптарға сәйкестендіру мақсатныда жүргізілді. Соның нәтижесінде мемлекеттік басқару жүйесі жаңартылды. 2007 жылы мамыр айының 16 жұлдызында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Парламент қос палатасының бірлескен мәжілісінде Ата Заңымызға саяси реформаларды дамытуға, халық билігін кеңейтуге арналған ұсыныстар жасады. Елбасының бастамасы қолдау тауып, Парламент Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жайында заң қабылдады. 2007 жылдың мамыр айының 21 жұлдызында Елбасы заңға қол қойып, бекіткен болатын. Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес бүгінгі таңда еліміз президенттік басқарудан президенттік-парламенттік басқаруға ауысты. Президенттің өкілеттілігі 7 жылдан 5 жылға қысқартылды.Жалпы Парламенттің, әсіресе, Мәжілістің өкілеттіктері едәуір кеңейді. Оған Үкіметті жасақтау мен оның жұмысын бақылаудың негізгі тетіктері берілді. Конституциялық кеңес, Орталық сайлау комиссиясы, республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті сияқты маңызды мемлекеттік органдар құрамының үштен екісін Парламент бекітетін болды. Сонымен қатар Сенат Жоғарғы сот судьяларын тағайындап, Бас прокурорды, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын Президенттің тағайындауына өз келісімін беретін болды. Осының бәрі Парламенттің мемлекеттік саясатқа ықпал ететіндей өкілеттіктері мен мүмкіндіктерінің жеткілікті екенін көрсетеді. Мәжіліс депутаттарының саны 77-ден 107-ге дейін өсті, оның ішінде 98 депутат тепе-тең жүйе арқылы партиялық тізім бойынша сайланады. Сайлаудың бұл жүйесі саяси партиялардың белсенділігі мен рөлін ғана арттырып қоймайды, елдің саяси өмірін де одан әрі жандандыруға ықпал етеді. Оның ішінде 9 депутатты Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Президент өз өкілеттілігі мерзімінде Сенаттың 15 депутатын тағайындайды. Президент құзырындағы депутаттардың бір бөлігі Қазақстан халқы Ассамблеясымен кеңесуден кейін тағайындалады. Бұл өзгеріс елдегі этностық азшылықтың және басқа ұлттардың мүддесін қорғаумен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясының абыройын арттыратыны сөзсіз. Сондай-ақ Елбасының ұсынысымен жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі бойынша Ата Заңға маңызды өзгерістер енгізілді. Соның арқасында жергілікті өзін-өзі басқаруда мәслихаттардың маңызы артты. Облыс әкімдері, Алматы және Астана қаласының әкімдері мәслихаттың келісімімен тағайындалатын болды. Мәслихаттың өкілеттілігі 4 жылдан 5 жылға дейін ұзартылды. Мәслихаттар әкімдерге қарапайым көпшілік дауыспен сенімсіздік білдіре алады. Сот жүйесін жетілдіру өз жалғасын тапты. Сот алқасының судьялар лауазымына үміткерлерді іріктеу жөніндегі өкілеттік Жоғарғы сот кеңесіне, сот құрамын жасақтау атқару орындарынан алынып, тәуелсіз органға берілді. Бұл соттардың тәуелсіздігін нығайтатыны сөзсіз.Бұрын қылмыс жасаған адамдарды тұтқындауға санкцияны прокурор берсе, енді ол құзырет сотқа берілді. Тұтқындаудың заңдылығының жауапкершілігі соттардың құзырлығына ауысты. Аталмыш өзгерістер қылмысты қуғындаушы органдардың жауапкершілігін арттыратындығы көрші Ресей елінің тәжірибесінде айқын көрініс тапты. Конституцияның 84-бабы алынып, бұрын сот пен прокуратурадан анықтау және тергеу органдары алыстатылған болса, қазіргі таңда прокуратураға ауыр қылмыстарды, лауазымды адамдардың қылмысын тергеу қайта берілді. Елбасының ұсынысымен Конституцияға енгізілген елді демократияландыруға бағытталған өзгерістер мен толықтырулар өз жемісін бере бастады. Алдымен – экономика, сосын саясат деген Тұңғыш Президентіміздің берік ұстанымының көрегендігіне көзіміз кәміл жетіп отыр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]