Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9 сыныпқа арналған мәтінде2р.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
14.09.2019
Размер:
70.66 Кб
Скачать

Әйтеке би

Әйтеке Байбекұлы (1644-1700) – артына аталы сөз қалдырған шешен билердің бірі. Қазақ халқының басын біріктіріп, бір орталықтан басқарған және туысқан қарақалпақ, қырғыз халықтарымен одақ құрып, жоңғар қалмақтарына қарсы бірыңғай халық майданын ашқан, Тәуке ханның кеңесші, көмекшілерінің бірі болған. Сонымен, Әйтеке би – шешендігімен бірге кезінде ел басқарған, заң жобасын жасасқан, феодалдық қазақ мемлекетін құруға ат салысып, үлкен үлес қосқан қоғам қайраткері.

Киіз үй

Киіз үй – қазақ халқының ертеден келе жатқан баспанасы. Ол көшіп-қонғанда тез жиып, шапшаң тігуге ыңғайлы. Жазда ауасы таза әрі салқын. Қыста қазақтар киіз үйдің сыртқы киіздерін қос қабаттап жауып, қыстап шыға берген. Киіз үй ұйытқып қатты соққан дауылдан жығылмайды, нөсерлеп жауған жаңбырдың суын өткізбейді.

Халқымыз XVIII ғасырдың екінші жартысында ғана балшықтан, шымнан қыстық үй (қыстау) сала бастағанымен, киіз үй осы күнге дейін бірге жасасып келе жатыр.

Қазақтың киіз үйі ішкі қаңқасы (ағашы) мен сыртқы жамылғысына (киізі) қарай 4 қанат, 6 қанат, 8 қанат, 12 қанат болып бөлінеді.

Батыр қыздар

Ә.Молдағұлова 1925 жылы туған. Ол Санкт-Петербургте балалар үйінде тәрбиеленді. Ол Санкт-Петербургтің №140 мектебінде оқыды. Әлия майданға өз еркімен кетті. Мергендер мектебін бітірген соң, Солтүстік-Батыс майданға жіберілді. 1944 жылы 18 жасында қаза тапты. Санкт-Петербургте Әлия атындағы көше бар. Санкт-Петербургтегі тарихи мұражайда Әлияның ерлігіне арналған бұрыш бар. Әлияға соғыстағы ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. М.Мәметова 1922 жылы туды. Оның шын аты – Мәнсия. Ата-анасы еркелетіп Мәншүкті Моншақ деп атаған. Мәншүк Алматыдағы 28-мектепте оқыды. Қазір ол мектеп Мәншүктің атында. Мәншүктің әкесі дәрігер болған, анасы ұстаз еді. Мәншүк соғыс басталғанда медицина институтының студенті болатын. 1942 жылы өзі суранып, майданға аттанды. Ол соғыста пулеметші болды. 1943 жылы қазанның 15-нде ерлікпен қаза тапты. Алматы, Невель қалаларында, Орал облысында оның атымен көшелер аталған және ескерткіштер орнатылған. М.Мәметова – Ұлы Отан соғысының батыры, қазақтың қаһарман қызы.

Нұрғиса Тілендиев

(1925-1999)

Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев Алматы облысы Іле ауданының Шилікемер деген жерінде дүниеге келген. Ол – қазақ композиторы, дирижер, домбырашы, Қазақстанның халық артисі, Халық қаһарманы.

Н.Тілендиев П.И.Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясының дирижерлік факультетін бітірген. 1953-1961 жылдары Қазақстанның опера және балет театрында істеді. «Қазақфильм» киностудиясы музыкалық редакциясының бас редакторы болды.

Еркін төгілген әсем әуен, сымбатты ырғақ, нәзік лиризм, азаматтық пафос пен динамикалық серпін – Нұрғиса Тілендиев шығармаларына тән қасиет. Ол – төрт жүзге тарта ән мен романстардың, «Достық жолымен» балетінің, «Алтын таулар» операсының, «Ата толғауы» поэмасының, т.б. көптеген шығармалардың авторы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]