Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9 сыныпқа арналған мәтінде2р.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
14.09.2019
Размер:
70.66 Кб
Скачать

Табиғатқа жақын бол

Адам өкінішке орай, табиғаттан мүлде қол үзіп барады. Өзіне жат, жасанды ортаға түсіп, өмірін қыспақта өткізіп жатыр.

Техниканың дамуы, өндіріс пен шаруашлықтың механикаландырылуы адам еңбегін жеңілдеткені рас. Бірақ осылардың ықпалына түсіп, табиғаттан алыстап кеткені анық.

Қалай да уақыт тауып, табиғат аясында болу, оны тамашалау өте пайдалы. Ол күні бойы шаршаған жүке жүйесін қалпына келтіреді, адамды тынықтырып, бойға күш қосады.

Жай ғана серуендеп жүрудің өзі өте тиімді екені көптен-көп насихатталуда. Әсіресе дәрілік шөптерді, гүлдерді, дала жеміс-жидектерін теру үлкен ғанибет. Табиғатты қорғау әрбір азаматтың болашағы. «Табиғат пен адам егіз» деген ұлы сөзді ұмытпаған жөн.

Ана тілі туралы

Ана тілің анаңның ақ сүтімен нәресте кезіңнен бойыңа сіңеді. Тіл – халықтың байлығы. Ана тілі – әр халықтың түп тамыры, асыл қазынасы, ата-бабасы қалдырған мол тарих пен мәдениетінің айғағы, әрі шежіресі, өзін де, өзгені де таныта білетін рухани байлықтың асқар шыңы.

Тілді құрметтеу әуелі өзіңді, содан соң еліңді құрметтеу болмақ. Ана тілі қазіргі ұрпақ өссе өсіп, дамып, өшсе өшіп, өлі тілге айналмақ. Бірақ рухы асқақ халқым мәңгі өрлеп, ұлы қадам жасау үшін жаралған. Демек, ана тіліміз – бүкіл қазақ халқының игілігі, байлығы. Ол халқымызбен бірге жасап, бірге дамып, мемлекет дәрежесіне көтеріліп отыр.

Тілімізді сақтап, дамыту – бәріміздің қасиеті міндетіміз. Ең алдымен қазақ қазақша, ана тілінде сөйлеуі, жаза білуі керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]