Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
эконом.теория_шпоры.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
16.09.2019
Размер:
445.95 Кб
Скачать

25. Ақша жүйесі және оның элементтері.

Ақша жүйесі дегеніміз жеке элементтері белгілі бірлікте болатын жүйе болып табылады. Ақша жүйесінің негізгі элементтері мыналар:

  • Ақша бірлігі мен баға масштабының атаулары;

  • Ақша белгілерінің түрлері, оларды шығару тәртібі және қамтамасыз ету сипаты;

  • Нақтылы ақша тілемейтін төлем айналымын ұйымдастыру;

  • Ұлттық валютаның курсы, оны шетел валютасына айырбастау тәртібі.

Елдің ақша жүйесін реттеу жұмысын, осы жүйенің әрқилы элементтерін үйлесімге келтіріп отыратын, қаржы-несие органдары жүргізеді.

Металдық ақша жүйесі негізгі екі типке: биметализм мен монометализмге бөлінеді. Биметализм тұсында жалпы эквивалент рөлін екі метал атқарады, монометализм тұсында – тек бір метал. Биметализм жүйесі Еуропада ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. кең тараған. Бірақ жалпы эквивалент болып табылатын ақшаның табиғатына, ақша рөлін екі металдың атқаруы қарсы келеді. Осылайша уақыты жеткен мерзімде бұл жұйе монометализмге алмастырылады.

26.Ақша массасы ж/е ақша агрегаты. Ақша нарығы қаржы нарығының өте маңызды құрамды бөлігі б.т. Ақша нарығының қызмет ету механизмін түсіну үшін оның құрамды бөлшектерімен танысу керек. Осының маңыздысына ақшаның массасы жатады.

Ақшаның массасы қолма-қол ж/е қолма-қол емес формадағы барлық ақша құралдарының жиынтығы, бұлардың көмегімен шаруашылығы тауарлар ме қызметтердің айналымы жүріп отырады. Ақша массасының көлемі көптеген факторлардан тәуелді болады, алдымен ақша нарығының көлемі мен конъюнктурасын белгілейтін, ақшаның ұсынысы мен сұранысынан.

Ақшаның ұсынысы – бұл осы мезгілде экономикады айналыста жүрген төлем құралдарының жиынтығы. Айналысқа ақшаны мемлекеттік қазыналық ж/е эмиссиялық банк шығарады. Ақшаның ұсынысы ақша агрегаттары М,М,М,...L ж/е т.с. арқылы белгіленеді. Агрегаттың келесісінің әрқайсысының ішінде қолданудың әрбір сатысындағы ақша құралдары, активтер, бағалы қағаздар болады.

Ақшаның ұсынысын сипаттау үшін көбінесе М агрегаты – «келісімдер үшін ақша» қолданылады, бұған ақшалар, талап етілмелі дипозиттер ж/е чек дипозиттері жатады.

Ақша ұсынысын елдің орталық банкі бақылап отырады

Бұл оны тіркелген дәрежеде қолдап отыруға тырысады. Сондықтан ақша ұсынысының қисық сызығын графикте тік түзу сызық түрін алады.

% Ақша ұсынысы, млрд теңге

Ақшаға сұраныс оның айналыс құралы ж/е байлықты сақтау құралы қызметінен, сонымен қатар оның абсолюттік өнімділігінен туындайды. Жиынтық сұраныс мәміле жасауға керек ақшаға сұраныстан ж/е байлықты сақтау үшін керек ақшаға сұраныстан тұрады.Ақшаға жалпы сұраныстың қисығының түрі мынандай болады.

%

Ақшаға сұраныс, млрд теңге

Бұл, процент мөлшермесінің берілген шамасында, адамдар мен фирмалар мәмілеге келу үшін ж/е бағалы қағаздар сатып алу үшін, өздерінің қарамағында болғанын ұнататын, ақшаның жалпы көлемі.

27.Капитал: мәні, әртүрлі көзқарастар. Капитал (ағылшынша бас мүлік, бас сома, латынша – ең басты) – экон. ғылымның ең маңызды категорияларының бірі, нарықтық шаруашылықтың қажетті элементі.

Тауар өндірісі п.б.қалыптасқаннан бері, капитал мынадай тарихи формалар алған: сауда капиталы (көпес капиталы түрінде), - тарихи капиталдың ең көне еркін формасы, өсімқорлық, осыдан кейін - өнеркәсіптік.

Капиталдың формалары толығырақ А.Смит пен Д.Рикардоның еңбектерінде зерттелген.

Капиталдың формаларымен экономикалық мектептердің қосарласып дамуы бұл котегорияны тұңғыш зерттеушілердің – меркантилистер ж/е физиократтар оған сыңаржақты қарауының себебі болады.

Капитал котегориясына ең толық, жан-жақты зерттеуді өзінің «Капитал» деп аталған еңбегінде К.Маркс жүргізген. Капиталдың қызмет етуінің нақты формаларын зертеумен қатар, ол онын мәнін, мазмұнын айқындап көрсетеді.К.Маркс капиталды зат деп қоймай, ол оны қозғалыс деп тұжырымдайды. «Капитал» экономикалық ғылымның тарихында капиталды капиталистер мен жалдамалы жұмысшылар арасындағы ерекше белгілі тарихи қоғамдық қатынастар деп көрсетті. Осымен қатар Маркс капиталдың заттық түрі болады деп көрсетті – станок, машина, шикізат т.б. түрінде.

Экономикалық теорияның классиктері капиталдың алғашқы қорлануын, капитализмның қалыптасуының бастапқы қезеңі деп тұжырымдады.

Заттық немесе натуралдық концепция: Капитал - өндіріс құрал –жабдықтары н/е сатуға арналған тауарлар.

А.Смит: Капитал – заттардың қорланған запасы ретінде.

Д.Рикардо: Капитал - өндіріс құрал-жабдықтары ретінде.

А.Маршал: Капитал - өндіріс алғышарттарын жинайтын заттар.

Дж.Кларк: Капитал – еңбекпен қатар өндірістің мәңгі бастауын көрсететін өндірістік игіліктердің запасы дейді.

П.Самуэльсон: Капитал – ірі фабрикалардың дайын өнімі ж/е жартылай өңделген шикізат қоймаларының өндірістік құрал-жабдықтары ретінде анықтайды.

Ақшалай немесе монетарлық концепция: Капитал – процент әкелетін ақша.

Дж.Кейнс: Капитал – бұл ақша н/е оның ауыстырушысы – несиелік ақша деген қөзқарастарды қарастырады. Алайда басқалар капиталды табыс алумен байланыстырады.