Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
корп каржы.docx
Скачиваний:
12
Добавлен:
19.09.2019
Размер:
85.05 Кб
Скачать
  1. Корпорацияда қаржылық жоспарлаудың мазмұны мен қағидалары

Қазіргі әдістермен қаржыны басқару корпорацияның нарықта тұрақты қызмет алуын қамтамасыз етеді.Қаржылық менеджменттің жоғарғы тиімділігін арттырудағы негізгі бағыт ішкі кәсіптік қаржылық жоспарлау және бақылау.

Ұйымның жоспарлау қызметі екі аспектімен түсіндіріледі: жалпы экономикалық-фирма теориясының көзқарасы бойынша; нақты басқарушылық-менеджменттің бір функциясы ретінде, яғни компанияның жағдайын алдын ала жобалау және сол жобаны компанияның дамуына қолдану.

Қаржылық жоспар дегеніміз ұзақ мерзімді және ағымдағы периодта кәсіпорынның түсімдері мен шығындарын сипаттайтын жоспарлау құжаты.

Қаржылық жоспарлаудың негізгі объектілері келесілер: тауарды сатудан түскен пайда; пайда және оны бөлу; арнайы қорлар және оларды қолдану; салықтар мен міндетті төлемдер түріндегі бюджет жүйесіне төленетін төлем көлемі; бірыңғай әлеуметтік салық түріндегі бюджеттік емес қорларға салымдар; несие нарығынан тартылған заемдық қаражаттардың көлемі; айналым қаражаттарының жоспарлық қажеттілігі; капитал салымдарының көлемі мен оларды қаржыландыру көздері.

Корпорацияның қаржылық жоспары бизнес-жоспардың басқа бөлімдерімен өзара байланысты, яғни өнімді өндіру жоспарымен, материалдық ресурстарды сатып алумен, маркетингпен, инвестициялармен және т.б.

Корпоративтік қаржыларды ұйымдастыру қағидаларына төмендегілер жатады:

1. шаруашылық қызметті өзін-өзі реттеуі – корпорацияларға өндірістік ж/е ғылыми-техникалық дамуы туралы шешімдерді қабылдауға ж/е оны іске асыруға қолда бар материалдық, еңбек ж/е қаржылық ресурстар тұрғысынан дербестік беру. Корпорация тікелей өз қызметін жоспарлайды ж/е өндірілетін өнімге деген сұранысына б/ты даму перспективасын анықтайды.

2. Өзін-өзі қаржыландыру ж/е өзін-өзі өтеу – корпорацияның дамуына жұмсалған қаражаттар пайда ж/е басқа меншікті қаржылық ресурстар есебінен өтелуі тиіс. Бұл қаражаттар корпорацияның меншікті капиталының минимальді нормативтік экон/қ тиімділігін қамтамасыз етуге қажет. Өзін-өзі қаржыландыру өзін-өзі өтеуге қарағанда тек рентабельділік жұмысты емес, сонымен бірге бюджет жүйесінің кірісін қалыптастыруды жай ж/е ұдайы өндірісті іске асыратын коммерциялық негіздегі қаржы ресурстарын қалыптастыруды көздейді.

3. айналым қорларын қалыптастыратын көздердің меншікті ж/е тартылған болып бөлінуі – экон/ң арнайы салаларында өндірісті ұйымдастыру ж/е технологиялық ерекшеліктерімен анықталады.

4. ақшалай ресурстардың болуы (қаржы резервтерін құру) – нарықтық конъюнктура жағдайында корпорацияның серіктестіктері алдындағы өз міндеттемелерін өтемеу жауапкершілігін реттейтін тұрақты қызметін қамтамасыз ету үшін қажет. АҚ-дағы қаржы резервтері таза пайдадан заңды негізде құрылады, ал басқа шаруашылық субьектілерде олардың жинақталуы құрылтайшылық құжаттарда белгіленеді. Практикада бұл қағидалардың іске асырылуы қаржы саясатын жасау ж/е шаруашылық субьектінің қаржысын басқару жүйесін ұйымдастыру арқылы жүргізіледі. Бұл қағидаларды орындау корпорацияның табыстылығын ж/е қаржылық тұрақтылығын практика жүзінде арттырады.