Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
okonchatelnye_testy_po_kaz_yazt.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
20.09.2019
Размер:
114.63 Кб
Скачать

19. Сөйлемнен реттік сан есімдегі сөзді анықтаңыз

A) Мен Семейге екінші рет келдім.

B) Екі бала күні бойы кітапханада жұмыс істеді.

C) Анам әкем екеуі балаларына жақсы тәрбие беруге тырысты.

D) Сынып оқушыларының төрттен екі бөлігі үйірмеге барды.

E) Қонақтар бес-бестен келе бастады.

20.Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз

A) Бұрын келмегендіктен, жолды жақсы білмейді.

B) Бірлік болмай, тірлік болмас.

C) Ауа райы түзелді, орақ басталды.

D) Оның қорыққаны сонша: орнынан тұра алмай қалды.

E) Олар осында ұзақ отырды.

21. Баяндауышы сан есімнен болып тұрған сөйлемді белгілеңіз

A) Он алты қыз сайысқа қатысып, жүлдеге ие болды.

B) Бес те бес-жиырма бес.

C) Бұл оқушының мінезі жақсы.

D) Мен оқыдым.

E) Жазда біз жақта ыстық болады.

22. Матаса байланысып тұрған тіркесті табыңыз

A) ән тыңдады

B) босағаны теппе

C) Мектептің оқушылары

D) сыныпта отыр

E) үнді шай

23. «Аяғы аспаннан келу» деген тұрақты тіркесінің синонимін табыңыз

A) Сүріну

B) Сәтсіздікке ұшырау

C) Жаттығу жасау

D) Ұйықтау

E) Шаршау

24. Сын есімнен жасалған қосарлама қос сөзді белгілеңіз

A) Саяхатта биік-биік тауларды көруге болады.

B) Сен ертең киім-кешегіңді ала кел.

C) Бала Алматыға дейін ұзақ жол жүрді.

D) Біз тауға әрең шықтық.

E) Әкем екеуіміз қызылды-жасылды жәрмеңкеге бардық.

25. Музыкалық аспаптың атауын білдіретін біріккен сөзді табыңыз

A) Талдықорғанда оқушылардың конференциясы болып өтті.

B) Бүгін біздің сыныпта жиналыс өтті.

C) Мұражайда тасбақаның суретін қызықтадық.

D) Мен сазсырнайда ойнадым.

E) Мадинаның анасы Екібастұзға барды.

26. Баяндауыш қызметіндегі мақсатты келер шақ тұлғасындағы тұрған

етістікті белгілеңіз

A) Біз ерте келмеспіз.

B) Ол радиодан сөйлепті.

C) Мен күнделік жазбақпын.

D) Үйге турасынан тартты.

E) Мен жаңалықты айтармын.

27. Өздік етістегі бірыңғай баяндауыштарды табыңыз

A) Өзім жуындым,тарандым.

B) Ғимарат салынып, безендірілді.

C) Оқушылар сөйлесті.

D) Баланы отырғызды.

E) Марат шапшаң киінді.

28. Сөйлемдегі тұрақты сөз тіркесінің қызметін анықтаңыз

Әкежан ит өлген жерде тұрады.

A) Бастауыш

B) Пысықтауыш

C) Баяндауыщ

D) Анықтауыш

E) Толықтауыш

29. Баяндауышы етістіктің бұйрық райынан болып тұрған жақты сөйлемді табыңыз

A) Ол бізге келеді.

B) Сізді қонаққа шақырамыз.

C) Бұл орынға отыруға болмайды.

D) Сақылдаған сары аяз.

E) Сендер оларға көмектесіңдер.

30. Құрамында І жақтың көпше түрі тұлғасындағы жіктеу есімдіктері бар жалғаулықсыз себеп-салдар салаласты көрсетіңіз

A) Жаз айларында бұл жердің суы тартылып қалады, сондықтан мұнда ел болмайды.

B) Кәсіпкерлікті таңдаған жастар зауытқа көптеп келіп жатыр.

C) Біздің жерге егін шықпай қоймайды: біз аготехниканы қолданамыз.

D) Ыбырай Алтынсарин атындағы көше бойына шағын дүкендер көптеп орналасыпты.

E) Бұл жерге егін шықпай қоймайды: олар аготехниканы қолданады.

қазақ тілі, тест, VIІ нұсқа

1. Жіңішке езулікке жататын дауысты дыбысты көрсетіңіз

А) ұ

В) ө

С) а

Д) і

Е) у

2. Жұп болып келмейтін ұяң, қатаң дауыссыздарды табыңыз

А) һ-х

В) қ-ғ

С) т-д

Д) в-ф

Е) п-б

3. «Сұлу» сөзіне синонимдес қатарды табыңыз

А) Мезгіл, кезең.

В) Тиімді, пайдалы.

С) Күшті, мықты.

Д) Күрес, арпалыс.

Е) Әдемі, көркем.

4. «Сөз қайыру» тұрақты тіркесінің мағынасын табыңыз

A) жауап беру

B) сөз сөйлеу

C) үндемеу

D) ақыл айту

E) тыңдамау

5 Түбірлес сөздерді көрсетіңіз

A) Ой, ойран

B) бар, барыс

C) шам,шама

D) мектеп,мектепішілік

E) сана, санитарлық

6. Есім сөзден жұрнақ арқылы жасалып тұрған туынды сөзді көрсетіңіз

A) Шашпа

B) Төзімді

C) Үлкен

D) Шолақтау

Е) қысқа

7. Сiлтеу есiмдiгiн табыңыз

A) Кiм.

B) Өзi.

C) Осы.

D) Мен.

E) Сен

8. Жай шырай түрін белгілеңіз.

Қайыр жеңіл қапты оп-оңай көтерді.

A) оп-оңай

B) жеңіл

C) көтерді

D) қапты

E) Қайыр

9. Атаулы сөйлемді табыңыз

A) Сізге сәлем айтты

B) Сәлем жолдады

C) Түн

D) Су жылы екен

E) Мәдени - демалыс паркі

10. Кезектес салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз

A) Ауа райы бұлыңғыр болғандықтан, бөлме іші қараңғы тартып тұрды.

B) Құмды жазық даланың шетіне ілінген жолаушылар ұзақ тұрып

қалды,өйткені әбден шаршаған еді.

C) Ауа райы түзелді, орақ басталды.

D) Маған олар я жетер, я жетпес.

E) Оны бірде мұз айдынында көрдік, бірде колхоздың еңбек даласында көрдік.

11. «Жақтың кең ашылуы арқылы жасалатын дауыстыларды белгілеңіз

A) а, е

B) ұ, ү

C) ы,і

D) и, ү

E) у,ы

12. Кейінді ықпалды табыңыз

A) Алып кел

B) Келе көр

C) Қас адам

D) Боз жирен

E) Ала қаз

13. Термин сөзді табыңыз

A) Тырнақша, терезе

B) Пай-пай, қап

C) Сөз, сөз тіркесі, буын

D) Кеше, бүгін, алда

E) Цех, шахта

14. Сөйлемдерден «көру» мағынасындағы тұрақты тіркесті көрсетіңіз

A) Көзіңді неге уқалайсың, әлде көзіңе шөп түсті ме?

B) Біздің сиыр көзіңе түсті ме?

C) Машинадан жерге шөп түсті.

D) Шөп түскен жерді тазалаңдар.

E) Аулаға шөп түсірді.

15. Етістіктен жасалған туынды зат есімді көрсетіңіз.

A) Тарақты терезенің алдына қойдым.

B) Бала мектепке барды.

C) Достық шынайы болу керек.

D) Аязды күні орманға бардық.

E) Мен дастархан жайдым.

16. Жіңішке кіріккен сөз қатысқан сөйлемді табыңыз

A) Биыл қыс қатты болды.

B) Теміртауда үлкенді-кішілі зауыттар көп.

C) Теміржан досына барды.

D) Досжан шытырман фильмдерді жақсы көреді.

E) Бүгін стадионда футболдан жарыс өтеді.

17. Көмектес септіктегі септеулік шылауды белгілеңіз

A) Мектеп туралы облыстық газетке мақала жазамын.

B) Театрға қарай көп халық кетіп бара жатыр.

C) Досыммен бірге шахмат үйірмесіне қатыстым.

D) Қыста және көктемде күн суық болды.

E) Қазір жаңбыр жауып кетсе ше?

18. Мезгіл үстеу қатысқан сөйлемді белгілеңіз

A) Алма бағында қыдырдық.

B) Данияр кітапханадан тарихи кітаптар алды.

C) Омарбек тойға барды.

D) Таңертең ыстық шай ішкенді жақсы көремін.

E) Менің досым-нағыз жігіт.

19. Күрделі есептік сан есімді табыңыз

A) Мен дүкенге барып бес бөлке нан алдым..

B) Бүгін сыныпта алты бала қалды.

C) Киноға бес-алты бала келді.

D) Мен биыл он бірінші сыныпта оқимын.

E) Екі жүз жиырма бала емтиханға қатысты

20. Сөйлемнен мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді анықтаңыз

A) Самат сабаққа дайын емес, сондықтан тақырыпты айта алмады.

B) Айнұр үйге келгенде, Сұлтан далаға шықты.

C) Ойын аяқталды, бірақ көрермендер асықпады.

D) Жақсы адам болу үшін, жақсы тәрбие алу керек.

E) Жаңа жыл мерекесі басталып, бүлдіршіндер шырша қасында ән салды.

21. Анықтауыш қызметінде тұрған есімдікті белгілеңіз

A) Әркім өз қызметін бағалау керек.

B) Бар шығармаларыңыз үйден табылады.

C) Мен жақсы дәрігер боламын.

D) Менің күнделігімде сабақ кестесі болған жоқ.

E) Оқусыз білім жоқ.

22. Жанаса байланысып тұрған тіркесті табыңыз

A) Бүгін қызықты оқиға болды.

B) Біздің гүліміз әдемі болып гүлдеді.

C) Біз барғанбыз.

D) Хатты ағасына берді.

E) Айжанның ағасы әдейі келді.

23. «Су жүрек » тұрақты тіркесінің антонимін анықтаңыз

A) қорқақ

B) мақтаншақ

C) жылдам

D) батыр

E) шаршау

24. Жақты сөйлемдегі қосарлама қос сөздің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз

Әр бала ата-анасын құрметтеуге міндетті.

A) тура толықтауыш

B) жанама толықтауыш

C) пысықтауыш

D) анықтауыш

E) бастауыш

25. Бір сыңары сын есімнен болған біріккен сөзді табыңыз

A) тасбақа

B) күздігүні

C) Ақмола

D) Екібастұз

E) Болатбек

26. Баяндауыш қызметіндегі ауыспалы өткен шақ тұлғасындағы тұрған

етістікті белгілеңіз

A) Ертең сабаққа бармақпын.

B) Күнде сабаққа баратынмын.

C) Кеше сабаққа бардым.

D) Айдар стадионға барыпты.

E) Мен дүкенге бара жатырмын.

27. Біріңғай баяндауыштармен күрделенген өзгелік етістегі сөзді анықтаңыз

A) Әр кезде досыңмен ақылдас, сырлас.

B) Балалар жуынды, киінді.

C) Мен досыма көмектестім.

D) Әже немересін отырғызды, тамақтандырды.

E) Жазда біз жақта ыстық болады, жаңбыр жаумайды.

28. Сөйлемдерден тұрақты тіркесті табыңыз және қызметін анықтаңыз

Ол техниканы бес саусақтай біледі.

A) бес саусақтай біледі, күрделі баяндауыш

B) ол техниканы, анықтауыш

C) техниканы бес саусақтай, толықтауыш

D) бес саусақтай біледі, пысықтауыш

E) біледі, баяндауыш

29.Қалау райлы етістік пен көмекші етістік арқылы жасалған жақсыз сөйлемді табыңыз

A) Менің бір жерге тоқтауыма тура келді.

B) Он минутта он жылға қартайған болуым керек.

C) оған мәселені, толықтауыш

D) Менің көрсеткім келмейді.

E) Кең даласы қазақтың құлпырады.

30. Бір жай сөйлемінің баяндауышы есімшеден болған жалғаулықсыз қарсылықты салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз

A) Күн бұлттанып тұрса да, қар жауған жоқ.

B) Асқар бірдеме деп жатты,- оны Арман тыңдаған жоқ.

C) Өлең айтуға дайындалдым, бірақ мұғалім сұраған жоқ.

D) Әлия сыныпқа кірді де соңғы партаға отырды.

E) Ауырып отырды ма, көңіл-күйі болмады ма, бүгін ол ешкіммен сөйлеспеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]