Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
okonchatelnye_testy_po_kaz_yazt.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
20.09.2019
Размер:
114.63 Кб
Скачать

Қазақ тілі, тест, vіii нұсқа

1. Сөздің соңында жазылмайтын дыбысты көрсетіңіз

А) ы.

В) о

С) а

Д) е

Е) і

2. Ұяң дауыссыз дыбыстарды табыңыз

A) Г, Ғ, Й, З. B) Д, З, Ж, Л. C) Б, Д, З, Ж. D) Ж, Б, В, М. E) Ғ, Һ, Н, Ң.

3. «Анық» сөзінің синонимін табыңыз

А) қызық

В) жіңішке

С) айқын

Д) үлкен

Е) тәтті.

4. Фразеологизмнің баламасын табыңыз:

Тілде тиек жоқ.

А) язык мой – враг мой

В) договориться

С) язык проглотить

Д) язык без костей

Е) главное искусство - красноречие

5. Түбірлес сөздерді көрсетіңіз

A) Ән, әнұран

B) торт, төртінші

C) отбасы, оттегі

D) аз,азан

E) кес, кесене

6. Есім сөзден жұрнақ арқылы жасалып тұрған туынды сөзді көрсетіңіз

A) Шашпа.

B) Төзімді.

C) Үлкен.

D) Шолақтау.

E) Денелі.

7. Сiлтеу есiмдiгiн белгілеңіз

A) Ешкiм, ешқашан.

B) Мен, сен.

C) Өзi, кiм.

D) Бұл, сол.

E) Әлдекiм, әлдебiреу

8. Туынды сын есімді табыңыз

A) Таза.

B) Қалың.

C) Таулы.

D) Сары.

E) Қоңыр

9. Жақсыз сөйлемді табыңыз

A) Адамдық ар-намысымызға дақ түсіруге болмайды

B) Болашақ жастардікі.

C) Етіс - етістіктің бір түрі.

D) ’’Ештеңе’’ - есімдік.

E) Ескерткендеріңіз дұрыс болды.

10. Ыңғайлас салалас сөйлемді көрсетіңіз

A) Қалаға не мен барамын, не сен барасың.

B) Таң атты, мен ояндым.

C) Ауылда бірде шам болады, бірде болмайды.

D) Риза болғаны сондай - мені құшақтай бер–і.

E) Қалаға мен барсам, сен болмай шықтың.

11. Буын талғайтын әріппен келген сөзді табыңыз

A) Сән.

B) Ер.

C) Тер.

D) Уық.

E) Ана.

12. Сөз аралығындағы ілгерінді ықпалды табыңыз

A) Жерге жасыл жібек төсегендей.

B) Апам қызыл күрең шай ішеді.

C) Жазғытұры көп ел жайлауға шығады.

D) Ер шекіспей бекіспейді.

E) Ауыл арасында болды.

13. Кірме сөзді табыңыз.

A) Жәшік.

B) Балға.

C) Жақсы.

D) Бес.

E) Қара.

14. Тұрақты тіркес қатысып тұрған сөзді табыңыз

A) Еңбек мұратқа жеткізер.

B) Оқулық-көмекші құрал.

C) Жұмыс төрт аяғынан бірдей ақсады.

D) Өнер бөлімінде он екі оқушы бар.

E) Қабырғаны ақпен бояу керек.

15. Бейнелеуіш сөзден етістік жасалған сөздерді табыңыз

A) күлдір, отырғаз

B) күзде, бүгін

C) ақыл, жастық

D) селтеңде, ербеңдет

E) ұзын, биік, алыс

16. Қайталама қос сөзі бар сөйлемді табыңыз

A) Көкшетауда көлдер көп.

B) Қап-қара сөмке парта үстінде жатыр.

C) Қайта-қайта айтқан сөздің мәні жоғалады.

D) Үлкендеу балалар өзенде жүзіп жүр.

E) Ата-аналар жиналысы жиын залында өтті.

17. Сөйлемнен демеулік шылауды белгілеңіз

A) Мен жиналысқа қатыссам ше?

B) Үйге дейін жүгірдім.

C) Мектеп алдына әр

D) үлкендеу

E) көлшік

18. Мөлшер үстеуді белгілеңіз

A) Алған кітаптар біршама көп.

B) Бала мектепке барды.

C) Достық шынайы болу керек.

D) Аязды күні сырғанаққа бардық.

E) Мен білімімді толықтырдым.

19. Сөйлемдегі сан есімнің мағыналық түрін анықтаңыз:

Қырыққа жуық адам орманға аңға шықты.

A) есептік

B) топтық

C) болжалдық

D) бөлшектік

E) жинақтық

20. Сабақтастың мағыналық түрін белгілеңіз

Олар теңізге ерте шықса, балық та мол болады.

A) себеп

B) қимыл-сын

C) мақсат

D) шартты

E) мезгіл

21. Есім сөзден болған тура толықтауыш қатысқан сөйлемді табыңыз

A) Оқуға түсті.

B) Айдардың келгенін білмедім.

C) Жалқау-өзіне жау.

D) Дұшпан дос арасынан шығады.

E) Айдардың дәптерін алмадым.

22. Меңгеру арқылы байланысып тұрған тіркесті көрсетіңіз

A) Мен үйрендім.

B) Біз тауға әрең шықтық.

C) Сәрсеннің ағасы-инженер.

D) Менің қарындасым-ең әдемі қыз.

E) Ерте туып, кеш қалған.

23. «Ақ жарқын» тұрақты тіркесіне синоним таңдаңыз

A) тіс жармау

B) Ақ саусақ

C) ашық көңілді

D) Бес аспап

E) Іші тар

24. Еліктеуіш сөзден құралған қосарлама қос сөзді белгілеңіз

A) Екі батыр жекпе- жекке шықты.

B) Алған көйлегі жап –жасыл екен .

C) Балалар ары- бері жүрді.

D) Біздің мұғалім АҚШ туралы әңгімелеп берді.

E) Далада бірдеңе тарс-тұрс етті.

25. Адамның атын білдіретін аралас буынды біріккен сөзді табыңыз

A) Біздің ауылда қарақалпақтар көп.

B) Қаракөз көркем әдебиетті жақсы көреді.

C) Балабақша ауласында балалар ойнап жүр.

D) Айдар доппен ойнап жүр.

E) Аян әжесінің қолқанаты.

26. Сөйлемдерден болымсыз тұлғасында тұрған нақ осы шақ етістігін табыңыз

A) Кітапханаға бара жатқан жоқпын.

B) Кітапханаға бара жатырмын.

C) Кітапханаға ертең барамын.

D) Кітапханаға кеше бардым.

E) Кітапханаға бармақпын.

27. Сөйлемнен ортақ етіс тұлғасындағы дара баяндауышты сөзді көрсетіңіз

A) Бүгін жиналыс өткізілді.

B) Мәтін сөздікпен аударылды.

C) Тәрбиеші балаға үзінді айтқызды.

D) Құрбылар телефон арқылы сөйлесті.

E) Балалар киінді.

28. «Ит арқасы қиянда» тұрақты тіркесінің сойлемдегі қызметін анықтаңыз:

Асылжан ит арқасы қияннан келді.

A) Мезгіл пысықтауыш

B) Мекен пысықтауыш

C) Себеп пысықтауыш

D) Мақсат пысықтауыш

E) Қимыл- сын пысықтауыш

29. Бастауышы жоқ, бірақ анықтауға болатын жақты сөйлемді табыңыз

A) Бүгін ертерек стадионға барамыз.

B) Ақылды қарттан нақыл шығады.

C) Арайдан хат келді.

D) Ғалаторда үнемі отыруға болмайды.

E) Бұрқыраған ақ қар.

30. Болымсыздық есімдігі қатысқан талғаулы салалас құрмалас сөйлемді белгілеңіз

A) Ертерек үйге дәрігер шақыру керек немесе ауруханаға бару керек.

B) Сабырлы Еріктің қорыққаны сонша-орнынан атып тұрды.

C) Бұл жерде не сен тұрасың, не мен тұрамын.

D) Бірде қар жауады, бірде жаңбыр жауады, бірде жел соғады.

E) Ауырып отырды ма, көңіл-күйі болмады ма, бүгін ол ешкіммен сөйлеспеді.

қазақ тілі, тест, ІХ нұсқа

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]