Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ШПОРЫ бух учет.doc
Скачиваний:
24
Добавлен:
06.11.2019
Размер:
1.55 Mб
Скачать

15. Ағымдағы міндеттемелер есебі.

Кәсіпорындар мен ұйымдар өзінің шаруашылық қызметі барысында меншікті капиталымен қатар басқа қатыстырылған капиталды да қолданылады. Бұл қатыстырылған капитал бухгалтерлік есепте міндеттемелер деп аталады. Қазіргі танда қаржының жетіспеушілігінен банктер , банктен тыс мекемелерден , шет елдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын андандырып жатқан, сондай-ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан ұйымдар көптеп кездеседі.Осы айтылған міндеттемелер есебі бухгалтерлік есептегі ең негізгі, яғни қай саладағы болмасын кәсіпорындардың көкейтесті мәселелері екендігі сөзсіз. Кәсіпорындардағы міндеттемелердің есебі типтік шоттар кестесінің алтыншы міндетемелер деп алынатын бөлім шоттарында есептеліп жүргізіледі.

Қандай да болмасын шаруашылық субъектілерін олардың қандай салада қызмет атқаратындығына қарамастан алып қарайтын болсақ, олардың барлығының да міндеттемелері болады. Кез келген өндіріспен айналысатын субъекті сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттармен материалдар үшін жабдықтаушыларының алдында міндетті болса, саудамен айналысатын шаруашылық субъектісі сол сататын тауарларын жеткізіп беруші яғни жабдықтаушы субъектінің алдында міндетті болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де, саудамен де айналыспайтын субъектілердің өзі қарамағында жұмыс істейтін жұмысшы қызметкерлерге олардың істеген еңбегі үшін,сондай-ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін. Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шет елдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан субъектілер көптеп кездеседі. Осы айтылғандар туралы толық түсінік беретін қаржылық есептің ең негізгілерінің бірі болып саналатын тақырыптардың бірі – міндеттемелер есебі. Міндеттемелер есебі қаржы-шаруашылық қызметі бас шоттар кестесінің алтыншы міндеттемелер деп алынатын бөлім шоттарында есептелініп жүргізіледі. Бұл бөлімде 60-«Несиелер», 61-«Алдағы кезең кірістері», 62-«Дивидендтер бойынша есеп айырысу», 63-«Бюджетпен есеп айырысу», 64-«Еншілес (тәуелді) серіктестікпен есеп айырысу», 65-«Бюджеттен тыс төлемдер бойнша есеп айырысу»,66-«Алынған аванстар», 67-«Жабдықтаушы мердігерлермен есеп айырысу», 68-«Басқадай несиелік борыштар бойынша есеп айырысу» -деп аталатын бас шоттарының тиісті бөлімше шоттары...

16. Табыстар мен шығындардың танылуы.

Табыс дегеніміз – к.о.-ң есепті кезеңдегі әдеттегі қызметінен алынған; оның капиталының өсімін білдіретін эк-қ тиімділіктің жиынтық түсімдері болып табылады.

Капиталдың өсуіне әсер ететін операциялар қатарына үлес қосушылар есебінен капиталдың өсімі жатқызылмайды . Өнеркәсіптік компанияның операциялық циклі келесі кезеңдерден тұрады:

1. Материалдарды сатып алу.

2. Материалдарды дайын өнімге айналдыру

3. Дайын өнімді тексеруден өткізу

4. Дайын өнімге сатып алушылардан тапсырыс алу

5. Тапсырыс берушілерге дайын өнімді тиеп жөнелту және шот жіберу

6. Тапсырыс берушінің дайын өнімді алғандығы жөнінде ресми хабарламасын алу.

7. Нақты ақша сомасының келіп түсуі (алу).

Табыс осы операциялық циклдің 1 нүктесінде танылу қажет.

Табысты тануға байланысты 2 негізгі мәселе бар:

1. Табыс қашан (қай есепті кезеңде ) танылуы қажет

2. Қандай сала табыс ретінде танылуға тиісті.

Консерватизм қағидасына сәйкес табысты тану қажет есепті кезең анық-ды. Осы қағида бойынша табыс ең алғашқы кезеңде, яғни к.о. табысты алу мақсатында барлық әрекетті жүзеге асырған кезде танылуға тиісті.

Табыстың қандай сала мөлшерінде танылуы қажеттігі сату қағидасына сәйкес тьанылуға тиісті. Егер келісім желтоқсан айында жасалған болса, онда консерватизм қағидасына сәйкес сатып алушы ұйым сатушыдан ксерокс келіп жеткенге дейін сатушы табыс алғандығын көрсете алмайды. Егер аппаратты қаңтар айында жеткізген болса , онда табыс сомасы келесі есепті жылы танылуға тиісті.

Қаржылық септілік көрсеткіштері ретінде табысты тану үшін келесі шарттардың бірі орындалуы қажет :

1. Алынатын табыс сомасының өте жоғары шынайлық дәрежесінде бағалау мүмкіндігі бар

2. Осы іс – шарамен байланысты табыс сомасы алынуының мүмкіндігі өте жоғары болған жағдайда

Табыс келесі операциялар нәтижесінде алынуы мүмкін:

1. Тауарлы – материалдық қорларды сату нәтижесінде

2. Қызмет көрсету нәтижесінде

3. Активтерді уақытша пайдалануға беру нәтижесінде

Алынған табыс сомалары әр түрлі әдістер бойынша еспке алынады

1. Жеткізілуіне байланысты есепке алу әдісі

2. Мәмілені іске асыру кезеңдері бойынша есептеу әдісі

3. Өндіріс бойынша есепке алу әдісі

4. Құнын бөліп төлеу әдісі

Табыстар есебі шоттар жоспарының алдынғы бөлімінің пассивті шоттарында (реттеуші шоттарды есепке алмағанда ) жүргізіледі. Табыс сомасының пайда болу және көбеюі пассивті шоттардың кредиттік айналымында , ал дебеттік айналымында табыстар сомасының есептен шығарылуы көрсетіледі.

Есепті кезеңдегі табыстарды танып өлшегеннен кейін сол табыстарды алумен байланысты орын алған шығындарды тану және өлшеу қажет№

Шығындарды келесі түрлерге жіктеуге болады:

  1. тікелей шығындар – бұлар табысқа сәйкес келетін сатылған тауарлырдың өзіндік құны

  2. кезең шығындары – сату процесі мен әкімшілік басқару мақсатындаға шығындар

  3. бөлініп тартылған шығындар – активтер таза табыс әкелетін есепті кезеңдерге сәйкес жүйеслі түрде бөлініп тартылған шығындар. Мұндай шығындарға: амортизация және сақтандыру шығындар жатады.

Өндірістік кәсіпорындарда барлық өндірістік шығындар өнімнің өзіндік құнына қосылып, ал өндірістік емес шығындар кезең шығындарының құрамына қосылады.

Дайын өнімді өндіру және оларды сатумен байланысты шығындар құрамына төмендегілер кіреді:

  1. Өндіріске қажетті материалдарды және жұмысшы күшін сатып алумен байланысты шығындар. Бұл шығындар өнімнің өзіндік құнына кіреді.

  2. Сату операцияларына қатысты шығындар.

  3. Сатылған өнімдер бойынша кепілдемені орындауға қатысты міндеттемелік шығындар.

Қызмет көрсетуге байланысты шығындар құрамына келесі щығындар жатады:

  1. Бастапқы тікелей шығын – мұндай шығындарға келіссөз жүргізу және қызмет көрсету жөнінде келісімщарт жасау шығындары жатады.

  2. Көрсетілген қызмет түріне тәуелді шығындар. Мұндай шығындарға техникалық қызмет көрсетуге қажетті қосалқы бөлшектерді сатып алумен байланысты шығындар.

Өнімнің өзіндік құнына кіретін және кезең шығындарының арасындағы негізгі айырмашылық оларды тану мерзіміне байланысты.

Мыс: Компания 100 000 дана бір типтес өнім өндіреді. Есепті кезеңдегі өндірістік шығындар:

  1. Негізгі материалдар – 300 000 тг

  2. негізгі еңбекақы – 600 000 тг

  3. Өдірістік үстеме шығындар – 200 000 тг

Есепті кезеңдегі өндістік емес шығындар – 400 000 тг

Есепті кезеңде компания 70 000 дана дайын өнімді 2 млн. тг сатты. Есепті кезеңнің басында дайын өнімдер қалдығы болған жоқ. Осы мәліметтерді пайдалана отырып табыстар мен шығындар жөніндегі қаржылық есептілік келесі түрде құрастырылады:

  1. Сатудан алынған табыс – 2 млн. тг

  2. Сатылған өнімдердің өзіндік құны – 1 100 000 тг

300 000 + 600 000 + 200 000 = 1 100 000 тг

1 100 000/ 100 000 * 70 000 = 770 000 тг

  1. Жиынтық табыс (1-2)

2 000 000 – 770 000 = 1 230 000 тг

  1. Өндірістік емес шығындар – 400 000 тг

  2. Таза табыс (3-4)

1 230 000 – 400 000 = 830 000 тг

Өндірістік кәсіпорындарда өнімнің өзіндік құны мен кезең шығындарының арасында оларды тану мерзіміне сәйкес айырма бар. Өндірілген дайын өнімдердің 30 000 данасы келесі есепті кезеңге қалды. Егер олар келесі есепті кезеңде толық сатылатын болса, олардың өзіндік құны 330 000 тг құрайды, ал өндіріске қатысты емес шығындар осы есепті кезеңде толық танылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]