Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚР Азаматтық құқығы (жалпы бөлім) - қаз.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
16.11.2019
Размер:
1.76 Mб
Скачать

7 Тақырып. Жеке тұлғалар азаматтық құқықтың субъектісі ретінде.

  1. Жеке тұлғалардың азаматтық құқық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі.

  2. АХАЖ органдарының азаматтық жағдайларды реттеудегі маңызы.

1 сұрақ. Жеке тұлғалардың азаматтық құқық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі.

Азаматтық құқық қатынастарының қатысушылары, яғни субъектілері: жеке тұлғалар (Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар); заңды тұлғалар (кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар); мемлекет, оның атынан унитарлы Қазақстан Республикасы және әкімшілік–аумақтық бөліністер (облыстар, қалалар, аудандар, кенттер, ауылдар). Азаматтық құқықтық қатынастардың тең субъектілері болу үшін, қатысушылар құқыққа қабілетті және әрекетке қабілетті болуы қажет.

Азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі әр түрлі уақытта пайда болады. Құқық қабілеттілігі дегеніміз – ол азаматтың құқықтарға ие болып, міндеттерді атқару қабілеті. Ол барлық азаматтарда бірдей болады, туғанда пайда болып, қайтыс болғанда тоқтатылады (ҚР АК 13 б.). Бірде бір адамды құқық қабілеттілігінен айыруға немесе шектеуге болмайды, тек ғана кейбір жағдайларда құқық бұзушылық (қылмыс) жасағаны үшін сот үкімімен (шешімімен) құқық қабілеттілігі шектелүі мүмкін. Құқық қабілеттілігін шектеуге бағытталған мәмілелер жарамсыз болып танылады. Және де азаматтардың өздерінің өз құқықтарынан бас тартуы олардың тоқтатылуына әкелдірмейді (ҚР АК 8, 18 баптары). Азаматтың құқық қабілеттілігінің мазмұны – ол мүлікке, меншік құқығына ие болу, тұрғылықты жерін таңдау, кәсіпкерлікпен айналысу, заңды тұлғалар құру, заң тиым салмаған кез келген мәмілелерді жасау, мүлікке өсиет қалдыру, мұрагер болу, өз міндеттемелері бойынша жауапкершілік көтеру және т. б. құқықтар мен міндеттерден тұрады (ҚР АК 14 б.).

Құқық қабілеттілігін жүзеге асыру, яғни азаматтық құқық қатынастарына нақты нысанда қатысу қабілеті, ол азаматтың әрекет қабілеттілігіне байланысты болады. Азаматтың әрекет қабілеттілігі – ол өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болу, оларды жүзеге асыру, өзі үшін азаматтық міндеттер тудырып, оларды өзі орындау қабілеті болады. Бұл қабілет азаматтарда толық мөлшерде кәмелетке толғанда ғана пайда болады (ҚР АК 17 б.).

18 жасқа толған азаматтар өз бетімен заң тиым салмаған кез келген мәмілелерді жасауға, өз міндеттемелері бойынша мүліктік жауаптылық шегуге қабілетті болады. Осы құқықтар мен міндеттер әрекет қабілеттілігінің мазмұны болып танылады. Толық әрекет-қабілеттілік дәрежесі азаматқа заңдарда бекітілген жағдайларда 18 жасқа толмай да берілуі мүмкін. Мысалы, елеулі себептермен ресми түрде неке қиюға 16 жастан рұқсат берілуі мүмкін. Мұндай жағдайда некеге тұрған мерзімнен бастап азаматта толық әрекет-қабілеттілік те пайда болады.

2007.12.01күні ҚР Азаматтық кодексіне жаңа 22-1 бап енгізілді: «Кәмелетке толмаған адамды толығымен әрекетке қабілетті деп жариялау (эмансипация)»:

1. Жасы он алтыға жеткен кәмелетке толмаған адам, егер ол еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін болса немесе ата-анасының, асырап алушыларының немесе қамқоршысының келісімімен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын болса, толығымен әрекетке қабілетті деп жариялануы мүмкін.

2. Кәмелетке толмаған адамды толығымен әрекетке қабілетті деп жариялау (эмансипация) ата-анасының екеуінің де, асырап алушылардың немесе қамқоршысының келісімімен қорғаншы және қамқоршы органның шешімі бойынша не ондай келісім болмаған жағдайда соттың шешімі бойынша жүргізіледі.

3. Эмансипацияланған кәмелетке толмаған адам, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес ие болу үшін жас шектеуі белгіленген құқықтар мен міндеттерді қоспағанда, азаматтық құқықтарға ие болады және міндеттерді (оның ішінде өзінің зиян келтіруі салдарынан туындаған міндеттемелер бойынша) мойнына алады.

Ата-аналар, асырап алушылар мен қамқоршы эмансипацияланған кәмелетке толмаған адамның міндеттемелері бойынша жауапты болмайды.

Егер жеке тұлға жүйке ауруымен ауыратын болса, немесе оның ес ақылы кем болса, сол себептен өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмай, не істегенін білмесе, онда ол мүдделі тұлғалардың өтінішімен, сот шешімі арқылы әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылады. Оған қамқоршы тағайындалады (ҚР АК 26 б.). Ал 14 жасқа толмаған жасөспірімдер сот шешімімен емес, заң бойынша әрекетке қабілетсіз деп танылады (ҚР АК 23 б.). Олар өз бетімен тек қана қолма қол жасай салып орындалатын, өздерінің жасына лайықты, ұсақ тұрмыстық мәмілелерді жасауға ғана құқылы болады. Ал олардың мүліктік жауаптылығы ата аналары мен қамқоршыларына жүктеледі. 14 пен 18 жас аралығындағылар сот шешімімен емес, заң бойынша, әрекетке жартылай қабілетті деп танылады. Олар өз бетімен өз жастарына сай, кішігірім тұрмыстық мәмілелерді жасауға құқылы болады, ал қалған мәмілелерді өз еркімен тек өз табыстарының (кірістерінің) мөлшерінде ғана жасай алады. Өзге мәмілелерді олар ата аналарының, қорғаншыларының келісімімен жасайды. Ол келісімнің нысаны мәміленің нысанына байланысты болады. Бұл жасөспірімдер мүліктік жауапкершілікті өз бетімен табыстары (кірістері) мөлшерінде ғана атқаратын болады; ол болмаған жағдайда, немесе жеткіліксіз болган жағдайда олармен бірге ата аналары, қорғаншылары қосымша атқаратын болады, егер зиян келтірілуде олардың кінәсі жоқ екендігін дәлелдей алмайтын болса (ҚР АК 22 б.).

Францияда өз еркімен некеге тұру (толық әрекет-қабілеттілік) 21 жастан рұқсат етілген, оған дейін тек ата-аналарының келісімімен неке қиюға болады.

ҚР АК 27 бабы бойынша спирт ішімдектеріне немесе есірткі заттарға салыну салдарынан азамат өзінің отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшырататын болса, онда мүдделі тұлғалардың арызы бойынша ол со шешімімен әрекет қабілеттілігінен шектеледі.