Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский язык ТМО 111.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
18.11.2019
Размер:
1 Mб
Скачать

7.Сөйлемдерді оқыңыз, егер ол мәтін мазмұнына сәйкес келсе «шын», келмесе «жалған» деп жауап беріңіздер.

Сөйлемдер

Шын

Жалған

  1. Күн – көшпенділердің өмір символы

  1. Тудағы дала бүркіті еркіндіктің символы

  1. Көк аспан мен қара жер барлық тіршілікті көрсетпейді

8. «Көк» сөзімен тіркесетін сөздерді жазыңыз, мағынасын түсіндіріңіз.

9. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.

  1. Сіз қай түсті ұнатасыз?

  2. Көк түстің беретін мағынасы қандай?

  1. Түсі көк қай елдердің туларын білесіз?

  2. Масақтың суреті бар қай елдердің елтаңбасын білесіз?

  3. Қазақтар жылқы малын неге құрметтейді?

10.Мәтінді оқыңыздар

Мемлекеттік Елтаңба

Қазақ елтаңбасында шаңырақ бар. Шаңырақ ұғымы – үлкен үй дегенді білдіреді.Осы үлкен үй (қазақ елі) барлық еншілес халыққа ортақ бақыт тілейді. «Ортақ шаңырақ – биік, ортақ босаға берік болсын» - дегені.

Елтаңбада қос пырақ бар. Ат – адамның қанаты. Елтаңбаның жоғары жағында бес бұрышты жұлдыз және төменгі жағында елдің аты жазылған. Тәуелсіз мемлекетіміз бес құрлыққа есігін кең ашқан, ол бірге тірлік, іс жасағымыз келетіндігін көрсетеді. (Т.Аяпова)

  1. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер

    1. Шаңырақ қандай ұғымды білдіреді?

    2. Шаңырағы бар елтаңба тарихта болған ба?

    3. «Ат – адамның қанаты» дегенді қалай түсінесіз?

    4. Өзіңіз білетін басқа елдің елтаңбасы туралы айтып беріңіз.

12.Төмендегі сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Туған жер , қазақ халқы, тәуелсіз ел, жақсы даму, жетістіктерге жету, елеулі өзгерістер, қамтамасыз ету, елдің өркендеуі, байланысын нығайту, шешім қабылдау, халықаралық ұйымдар

    1. «Аяулы Отаным - Қазақстан» тақырыбына 1-2 беттік эссе жазыңыздар.

    1. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыздар

Жаңарған Қазақстанда

Бүгінгі таңда халықаралық қауымдастықтың назарын өзіне еріксіз аударып отырған Астананың келбеті күн сайын көркейіп келеді. Жапондық ғалым, ғаламдық құбылыстарды зерттеуімен әйгілі Ямота Куре өзінің американдық журналистке берген сұхбатында: « ... қазіргі еуразиялық өркениеттің жаңа нышанын көргісі келген адам Астана қаласының сәулетіне қарасын!» - депті.

Осындай көне мәдениет үлгілерінің бірі – Пирамида мүсіні елорданың нақ төріне салынды. Осы бір « Бейбітшілік пен ынтымақтастық сарайы» атауына ие болған сәулет өнері елімізде өмір сүріп отырған 130 – ға тарта тарта ұлт пен 40- тан аса діни конфессиялар арасындағы татулықтың символы тәрізді.

Осы татулықтың арқасында дамудың «Қазақстандық моделі» дейтін халықаралық саяси термин пайда болды. Жаһандық қауіпсіздікті сақтауда өңірдің көшбасшысына айналдық. Әр үш жыл сайын әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының жиынын Бейбітшілік және ынтымақтастық сарайында өткізу дәстүрге еніп келеді.

Осы ғимаратты салудағы мақсат – Президенттер келісе алмайтын жағдайда үстел басына халықтың рухани басшыларын жинап, татуласуына мүмкіндік беру.

Ғимарат 25 қабаттан тұрады, биіктігі 77 метр. Жалпы көлемі – 25.5 мың шаршы метр. Дәл осындай архитектуралық нысан әлемде жоқ. Мұнда еліміздің ұлттық мәдениет мұражайы, өркениеттер университеті, көрме және концерт залдары, кітапхана, әлемдік діндерді зерттеу орталығы мен діни конфессиялар орталығы орналасқан. Сондай – ақ , 1500 орындық опера театрының төбесі 15 метрлік ғажайып жапсырмалармен әсемделген. Барлық сән – салтанаттың ұйысқан тіреуі 4 мықты бағанға байланған.

Президент резиденциясына қарама – қарсы орналасқан осы обьектіні көпшілік «ғасыр құрылысы» атап кеткен. Пирамида - сарай көлденеңінен екі негізгі бөлікті құрайды. Оның 47 метрлік астыңғы бөлігі түгелдей табиғи тастармен көмкерілген. Мұндағы терезелер міндеті басқадай шеберлікпен орайластырылған. Терезе жоқ десе де болады.

Мұнда әр үш жыл сайын әлемнің түпкір - түпкірінен дәстүрлі дін өкілдері көк күмбездің астына жиналады

3. Мәтіннен жалқы есімдерді теріп жазыңыздар.

UpRibbonSharp

  1. Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен танысыңыздар

Әдептілік, мінез-құлық, жүріс-тұрыс, қарым-қатынас, биязылық, кеңпейілділік, кеңойлылық, бауырмалдылық, шыдамдылық, сыйластық, қайырымдылық, адалдық, ақты теппеу, дауыс көтермеу, сөзін бөлмеу, кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсету.

  1. Сәйкестікті көрсетіңіздер

әдепті – воспитанный

салмақты – прилежный

білімді – честный

ұқыпты – аккуратный

адал – уважаемый

қайырымды – умный

сыйлы – спокойный

бауырмал – чуткий

ақылды – образованный

тәрбиелі – милосердный

  1. Сөйлемдерді көшіріп жазып, қатыстық және сапалық сын есімдерді ажыратыңыздар.

Қазақ халқы бала тәрбиесінде еңбектің орнына ерекше мән берген. Халық ұста шеберлерді ардақтап, алақандарында ұстаған. Ұсталар мен шеберлер ұлттық мәдениетімізді ел арасына таратып, оның сақталуына үлес қосып отырған. Олар баланы жас кезінен еңбекке үйретіп, жалқау болмауға бауыған.

  1. Мәтінді оқыңыздар

Әдептілік - мәдениет негізі

Әдептілік тәрбиесі этнопедагогикада негізгі тәрбиенің бірі болып табылады. Олар мінез-құлық әдептері, жүріс-тұрыс әдептері, адамдармен қарым-қатынас әдептері болып үшке бөлінеді. Мінез-құлық әдептеріне: биязылық, кішіпейілділік, салмақтылық, кеңпейілділік, кеңойлылық, бауырмалдылық, шыдамдылық, сыйластық, ұстамдылық, білімділік, ұқыптылық, тындырымдылық, адамгершілік, қайрымдылық, адалдық қасиеттері кіреді. Жүріс-тұрыс әдептеріне: есіктен сәлем беріп, оң аяқпен кіру, нанды екі қолмен үзу, тамақты оң қолмен жеу, айға қарап қол шошайтпау, киімді оң жақпен киіп,сол жақпен шешу, үйге қарай жүгірмеу, есінегенде ауызды оң қолдың сыртымен жабу, ақты теппеу, астан соң бата қайыру, ұрлық жасамау, кітапты жерге тастамау, босағаны кермеу, есікті қатты жаппау, дауыс көтермеу, өтірік айтпау т.б. қасиеттер кіреді. Қатынас әдептеріне: үлкеннің алдын кеспеу, үлкендерге бұрын сәлем беру, екі қолмен амандасу, үлкеннен бұрын дастарханға қол созбау, үлкеннің сөзін бөлмеу, кішіге – ізет, үлкенге – құрмет көрсету, ата-ананы құрметтеу, затты өзгеге оң қолмен беру, төрт түлікті қастерлеу, қазаны құрметтеу т.б. қасиеттер кіреді.

Бұл көрсетілген әдеп нұсқаларын өсіп келе жатқан жас ұрпақты жарасымды әдептілік пен ұнасымды ізеттілікке тәрбиелеуде халқымыздың тәрбие қағидалары деп түсінуге болады. Қайшылығы мен қасіреті асқынып тұрған қазіргі кезеңде бұл айрықша мәселе. Қазақ халқындағы әдептілік мәселесі сан ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық салт-дәстүрлермен тығыз байланысты.

Адамдар бір-бірімен кездескенде «Ассалаумағалейкум», яғни» «Сізге нұр жаусын» , «Уағалайкум ассалам» қазақша «Алланың нұры сізге де жаусын» дегені. Осылай амандасуы арқылы адамдар бір-біріне ізгі ниетін, достығын білдірген. Сәлемдесу әдебінің де қалыптасқан дәстүрі, салауатты салты болған. Ер адамдар қол алысып, төс қағыстырып амандасқан. әйелдер бір-бірімен құшақтасып амандасып, келіндер үлкендерге иіліп сәлем берген. Күнде көріп жүрген құрдастарына, өзінен кішілерге бір қолын ұсынса, жасы кішілер үлкендерге қос қолын созып амандасқан. Көптеген көрмеген бауыр, туыс, құда-жекжат, ағайындар бір-бірімен төс қағысып амандасқан. Демек, әдептілік, ізеттілік, сыйластық сияқты асыл қасиеттер сәлемдесе білуден басталады. Жаңа түскен келін әдеп сақтап, туыстарының атын атамай «төрежан, кенже бала, ерке қыз, еркем, төрем, мырза жігіт, үлкен аға, ата, әже, шеше, шешей» дейтін болған. Осы сөздердің өзінен-ақ ата-салтымызға тән ізеттілікті, сыпайылықты, жарасымды әдептілікті, көргендікті, жібектей мінез-құлықты көруге болады.

Қазақ халқының тәрбиесіндегі бір сыйластық ерекшелік: адамның аты-жөніне құрметпен қарау. Үлкен адамдардың аты-жөнін атауда «еке», «әке» жұрнағын қосып, Ереке, Қалеке, Әлеке, Әбеке, Мәке, Шәке т.б деп атаған.

Қазақ халқы бала мен қыз бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Отбасы үшін қыз бала атқарар қызметін біліп қоймай, өнерлі шебер болуын, ер баланың еңбекқор, өнерлі, парасатты, білімді, ұстамды болуын ең басты қасиет деп таныған.