Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский язык ТМО 111.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
18.11.2019
Размер:
1 Mб
Скачать

9. Негізгі әдебиеттер:

  1. Оралбаева Н., Т. Әбдіғалиева Т., Б. Шалабаев Б. Практикалық қазақ тілі. – Алматы, 1993ж.

  2. Бектұров Ш, Бектұров Н . Қазақ тілі (ана тілі деңгейінде оқыту).- Алматы, 1998ж

  3. Қожахметова А. Қазақ тілі практикалық курс.- Ақмола , 1995ж.

  4. Бектұров Ш, Бектұров Н . Қазақ тілі - Алматы, 1998ж

  5. Мұрзалинова Б. Қазақ тілі. Алматы, 1998ж

Қосымша әдебиеттер:

  1. Қожахметова А . Тіл ұстарту жаттығулары.- Астана, 2002ж

  2. Кенжеахметов С. Қазақ халқының салт- дәстүрі мен әдет - ғұрыптары.- Алматы, Ана тілі, 1994ж

  3. Рустемова С. Баспасөз материалдарымен жұмыс. -Астана, 2002ж

  4. Бектаев Н. Қазақша - орысша, орысша- қазақша сөздігі.- Алматы, 1999ж

  5. Қазақ мақал – мәтелдері. – Алматы: Қазақстан., 1990

  6. Қазақстан энциклопедиясы. – Алматы: Қазақстан., 2001, 1 - ші том

10. Курстың саясаты

  • Сабаққа кешікпей келу, кешіккен жағдайда сабаққа жіберілмейді

  • Сабақ үстінде сөйлемеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды сөндіріп қою

  • Сабаққа сай киіну

  • Сабақ босатқан жағдайда анықтама қағазын әкелу

  • Оқу үрдісіне белсене қатысу

  • Оқытушылармен, курстастарымен жақсы қарым – қатынаста болу

  • Берілген тапсырмаларды уақытында орындау

  • Оқу бөлмелерінде темекі шекпеу, ішімдікті пайдаланбау

11. Білімнің бағалануы туралы ақпарат

Ағымдық бақылау

- бағдарлама тақырыбы бойынша пікір айта білу;

- ситуативті сұхбаттар құрастыру;

- таңдаған тақырып бойынша әңгіме құрастыра білу;

- жазбаша тапсырмаларды орындау;

- рольдік ойындарға қатысу.

Аралық бақылау

- ауызша сұхбат;

- лексика-грамматикалық тестер;

Қорытынды бақылау

- емтихан.

Ағымдық бақылау

Аралық бақылау

Емтихан

Барлығы

Практикалық сабақ

СӨЖ

Реферат

1-аралық бақылау

2-аралық бақылау

270

120

10

100

100

400

1000

12. Баға қою саясаты Пән бойынша білім бағалау кестесі

Студенттердің орындайтын жұмыс түрлері

Ұпай саны

Min/ max

1.

Ағымдық бақылау:

  • практикалық сабақтар

  • өздік жұмыс

  • реферат

150/450

6 х45= 270

8 х15=120

5х2=10

2.

Аралық бақылау:

Семестрде 2 рет аралық бақылау болады

Ескерту: Университетте қабылданған бағалаудың рейтінгілік жүйесін ескере отырып, студенттердің қортынды рейтінгісі (ұпайы) 0.1 коэффициентіне көбейтілген ағымдық және аралық бақылаудың нәтижесінен алынған балдардың қосындысынан анықталады.

Қ.Б = (Ағ.б + Ар.б) х 0.1;

Қ.Б =(400+200) х 0.1= 60

10/20

100х2= 200

Жиынтығы:

30/60 ¥пай

3.

Қорытынды бақылау

Емтихан

20/40

Барлығы:

50/100 ұпай

Емтихандағы баға

Бағаның ұпай пайызы (%)

1

3 (қанағаттанарлық)

20/26

2

4(жақсы)

27/34

3

5(өте жақсы)

3540

Студенттердің білімін бағалау шкаласы

Әріптік

жүйемен

бағалау

Ұпайдың цифрлық баламасы

Ұпайдың пайыздық

мазмұны

Дәстүрлі жүйемен

бағалау

А

4,0

95 – 100

өте жақсы

А -

3,67

90 – 94

В+

3,33

85 - 89

жақсы

В

3,0

80 - 84

В -

2,67

75 - 79

С +

2.33

70 - 74

қанағаттанарлық

С

2,0

65 - 69

С -

1,67

60 - 64

Д +

1,33

55 - 59

Д

1,0

50 - 54

F

0

0 - 49

қанағаттанарлықсыз

Алғы сөз

Бұл оқу - әдістемелік кешен барлық факультеттер мамандықтарының жалғастырушы топтарына арналып, студенттердің кәсіби лексикасын тереңдетуді көздейді.

Аталмыш оқу-әдістемелік кешеннің негізгі мақсаты - студенттердің өз бетімен тіл байлығын тереңдетуіне, бұрын алған білімдерін одан әрі жетілдіруіне мүмкіндік беру.

Қазақ тілі заңдылықтарын естеріне түсіру мақсатында берілген жаттығулар мен тапсырмалардың, сөйлемдер мен сөз тіркестерінің танымдық маңызы зор. Берілген жаттығу жұмыстары мен тақырыпқа сай сөздік минимум, тапсырмалар студенттердің сөздік қорын байыта түсу мақсатын көздеген.

Кешенде тіл үйренушінің қазақша ойлауын, ой-пікірін жинақтап, ойын еркін жеткізуін жүзеге асыру мақсатында түрлі жаттығулар берілген.

Әдістемелік кешенде қазіргі талапқа сәйкес жаңа технология әдістерінің ерекшеліктері де орын алған.

UpRibbonSharp

  1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестері

Мемлекеттік тіл, түркі тілдері, түркі тілдес халықтар, қазақ тілінің тарихы, көне дәуір, саяси , ғылыми, көркем, әдебиет, баспасөз, мекендейді, байтақ, халық, өлке, халықтар өкілі.

  1. Сәйкестікті көрсетіңіздер

мемлекеттік – древний

егемендік – особенность

тәуелсіздік – алфавит

ғылыми – история

әдеби – художественный

көркем –литературный

тарих – научный

әліпби – суверенитет

ерекшелік – государственный

көне- независимость

  1. Мына сөздердің синонимдерін көрсетіңіздер

Ел, жуық, өлке, даму, дәуір, айрықша

  1. Мәтінді оқыңыздар

Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Ол халық тарихымен бірге жасап, ұрпақтан ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді.

Қазақ тілі - әрі бай, әрі көркем тіл.

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілі – Қазақстанда ғана емес, шетелдерде тұратын қазақтардың ана тілі.

Қазақ жазуы 1929 жылдан 1940 жылға дейін латын графикасын қолданған. 1940 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін орыс графикасын қолдануда.

1989 жылы қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін алды. 1993 жылы қабылданған Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл болып бекітілді. 1996 жылы 4 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен «Қазақстан Республикасының тіл саясаты тұжырымдамасы» мақұлданды. 1997 жылы 11 шілдеде «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заң жарияланды. Осы Заң Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді.

Заң 6 тарау, 27 баптан тұрады

I тарауда жалпы ережелер туралы айтылады. Осы заңның 4-ші бабында: «Мемлееттік тіл- мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, Сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы» деп көрсетілген. Заңның қозғаушы тетігі ретінде көптеген қаулылар мен құжаттар қабылданған. Осылардың ішінен Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» айрықша атап өтуге болады. Ол мемлекеттік тілдің басымдығын және іс қағаздарын қазақ тіліне кезең-кезеңімен көшіруді, республикамызда оңтайлы функционалдық лингвистикалық кеңістік құру үшін мақсатты қызметті жүзеге асыру жөнінде бірыңғай стратегия әзірлеуді нысана етті.

Қазіргі күні осы бағдарламаны іске асыру мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізілуде.

  1. Мәтін бойынша 5 сұрақ қойыңыздар.

  1. Берілген сөздерден сөйлемдер құраңыздар

1.Тілін, бастаған, болып, кейбір, өз , ұмыта, елдерде, мемлекеттік , отарлаушы, тілі, елдің, бекітілген.

2. Үндістанда, тұрмыстық, қалып, деңгейінде, хинди, қойған, тек , тілі.

3. Мароккада, француз, дәрежеде, бірдей,араб, қолданылады,тілі, тілімен. 4. Тілі, - тіл, қазақ, өркендеген, қазіргі, өсіп

5. Уақыты, жаңалықтар, мен, өзгерістер, қазіргі, үлкен, уақыт

  1. Мына сөздердің антонимдерін табыңыздар.

Сыпайы, жақсы, сауатты, ыңғайлы, жабық, кіру, тұру, бұзу.

  1. Сөйлемдер мәтін мазмұнына сәйкес келсе «шын», сәйкес келмесе «жалған» деп белгілеңіздер.

1. Қазақ тілі 1989 жылы мемлекеттік тіл мәртебесін алды.

2. Жыл сайын қыркүйек айында тілдер мерекесін тойламаймыз.

3. Қазақ тілі семит тілдері тобына жатады.

4. Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» Заңында 6 тарау , 27 бап бар

5. Қазір іс қағаздары мемлекеттік тілде жүргізіледі

  1. Тіл туралы нақыл сөздерді жаттап алыңыздар

Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса,оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды

М.Әуезов.

Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады.

Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер, әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады.

А.Байтұрсынов

Тіл - аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз

Ғ. Мүсірепов

Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде

Н.Назарбаев