Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

-attachments-133_Mahabbat kyzyk mol zhyldar

.pdf
Скачиваний:
23
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.85 Mб
Скачать

не аяқ кезінде айтылар ойлар, оқиғалар қаумалап келе берді. Ондай кезде мен жазып отырған жерімді қоя қойып, жаңадан келген ойларды дереу бір-бір жапырақ қағазға түсіріп отырдым. Онын үстіне шырт ұйқыда жатқан шағың - түнде төсектен түртіп оятатын ойлар тағы болады. Кейін, сол тұстарға жеткенімде, осыдан бірнеше күн бұрын қағазға түсіріп алған оқиғаларды өрбітіп, жеке ойларды сол күйінше романға көшіріп отырдым.

Кітап тек үйде ғана жазылған жоқ. Сонымен бірге оның көптеген жолдарын көшеде тұрып та жаздым деуіме болады. Өйткені таңертең жұмысқа бара жатқанында неше алуан адамдарды көресің, олардың әр түрлі қимылдарын аңғарасың. Содан өзіңе ой түсіп, кітабыңа керекті жаңа детальдарға кездесесің, жаңа нақылдар табасың. Жолда кездескен үркек ойдан айырылып қалмау үшін бір үйдің бұрышында тұра қалып, жалма-жан қалтаң-нан қойын дәптерің мен қарындашыңды шығарып, жаңағы сөзді жазып алуың қажет. Өз-өзіңнен тоқтай қалып, жанталасып қағазға бір нәрсені түрте бастауың жүріп жатқан жұрттан ұятта. Ұят болса да өйтпеске амалың жоқ. Өйткені, басқа келген ой, бұтаққа қонған бір топ торғаймен тең. Сол сәтінде суретке түсіріп алмасаң, топ торғай пыр етіп ұшады да кетеді. Содан соң ұмытқан ойды іздеуден ауыр азап жоқ. Іздегенмен оны таба алмайсың. Мысалы, кітаптағы мынадай жолдар ең алдымен көшеде қойын дәптерге түскен еді:

«Баласы арақ ішсе, шешесі у ішеді. Маскүнем, жаман бала жақсы ананы ажалынан бұрын көрге кіргізеді. Жақсы дос жаман әкеден артық.

Көшеде көлденең тұра қалып, бірінің ернің бірі жұлып жердей боп жалмап, жұрт көзінше сүйісіп жатқан қыз бен жігітте ар да, ұят та болмайды.

«Шошақай қыз шешесінің атына кір келтіреді», т.б. Өстіп барып «Махаббат, қызық мол жылдардың» осы күнгі нұсқасы дүниеге келді...

Сұрақ: Бұл кітап енді қашан қайта басылып шығады?

Жауап: «Махаббат, қызық мол жылдарды» қайта бастырып шығару жайында «Жазушы» баспасына да, Қазақстан комсомолының Орталық Комитетіне де оқырмандардан көптеген өтініш тілектер түсті. Жер-жерде өтіп жатқан оқырмандар конференцияларында айтылған осындай тілектерді және ескере отырып, Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитеті 1971 жылдың басында Қазақ ССР Министрлер Советінің Баспасөз жөніндегі мемлекеттік комитеті мен «Жазушы» баспасына жас оқырмандардың тілегін айтып, бұл кітапты қайта басып шығару жөнінде ұсыныс енгізді.

Баспа бұл өтінішті ескере отырып, оны 1972 жылдың жоспарына енгізді.

Сөйтіп бұл кітап 1972 жылы «Махаббат жырлары» деген атпен қайтадан шықты. Кітап екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімге «Махаббат жыры», «Ботакөз», «Әсем», «Ескі дәптер» кіреді, екінші бөлім «Махаббат, қызық мол жылдардың» бір өзінен ғана тұрады. Ең алғашқы жоспарым бойынша осылардың бәрінің басын қосып, бір роман деп атадым. Романның бірінші бөлімінде: журналист Ербол Есенов өзгелер туралы баян етсе, екінші бөлімінде өзі және өзінің достары туралы сыр шертеді.

Осы арада егер кітап қайта басылса, оған оқырмандар айтқан кейбір ескертпелер ескерілді ме деген сұрақ тууы мүмкін. Иә, ескерілді. Мәселен КАЗГУ-де өткен конференцияда Ербол Меңтайдың мойнын сілекейлей береді делінген еді. Енді Ербол сілекейлемейтін болды. Сол сияқты артық деген абзацтар қысқартылды. Жұрттың тілегіне сәйкес кейбір беттерге толықтырулар жасалды.

Кітап 20 тараудан тұрады. Мұндай көлемді кітапты кейбір авторлар бірнеше бөлімге бөледі. Әр бөлімді жеке-жеке тараулайды. Мен өйтпедім. Кітап ұнаса, оқырман бас алмастан оқыр, ұнамаса үш бөлімге бөліп, отыз тарауға таратып секектетсең де оқымайды деп ойладым да, бұл жағының «техникасына» мән бермедім. Осылай ойласам да жұрт бұған наразылық білдірмес пе екен деп іштей сезіктеніп жүрдім. Бақсам бұған оқырмандар да мән бермепті. Сондықтан кітаптың бұл басылымында оны бөлімдерге бөлмей, бұрынғыша қалдырдым.

Қайта басылымында кітабым кемшіліктен жүз процент арылды демеймін. Кем-кетіктері әлі де болар. Оларды жаңа оқырмандар көрсетер, сөйтіп тағы да түзетермін деп ойлаймын.

Сұрақ: Бұл кітапты Меңтай өлімімен бітіру жөн емес пе еді? Одан соң қалған кейіпкерлердің кейіннен кім болғанының керегі не?

Жауап: Өзі де солай, кітап Меңтай өлімімен бітіп тұр. Содан кейін бір беттей ғана эпилог ретінде басқа кейіпкерлердің бүгінгі тағдырынан мәлімет беріледі. Өйткені «Махаббат, қызық мол жылдар» осымен бітеді. Олай болса, оқырмандардың өзге кейіпкерлердің кейіннен кім болғанын білгісі келер, ендеше бұл біреуге қажет болмағанымен, біреуге керек болар деп ойладым.

Оның үстіне кейбір оқырмандар бұл кітаптың жалғасы қашан шығады деп сұрайды. Енді біреулер: «Махаббат, қызық мол жылдар» үш кітаптан тұруы керек. Қазіргісін екінші кітап деп есептеп, енді Ерболдың соғысқа дейінгі және университет бітіргеннен кейінгі өміріне арнап бірінші, үшінші кітаптарды жазу жөн деп кеңес береді. Әрине, ондай кітаптар болмайды. Ендеше кітаптың ең соңындағы эпилог орнындағы кішкентай тарауы оқушыға автордың осы ойын жеткізу жөніндегі жүкті арқалап тұр деп білген жөн.

Сұрақ: «Менің сіздерден өтінішім: «Махаббат, қызық мол жылдар» кітабын баршаға ортақ тіл - орыс тіліне аудартсаңыздар екен. Менің орыс, тәжік, дүңген, татар құрбыларым да оқысын бұл кітапты.

Алтай Жапарбекова, Жамбыл қаласы».

Осындай өтінішті Целиноград қаласынан Қасым Қарпышев, Чернигов қаласында әскери борышын өтеп жатқан жауынгер Сағынбай Қаратаев және басқа оқырмандар да жолдаған.

Жауап: Оқырмандардың осы тілектерін ескере отырып, «Жазушы» баспасы бұл кітапты 1973 жылы орыс тілінде басып шығаруды жоспарлап, Ленинградта тұратын орыс жазушысы Г.А. Горышинмен шарт жасасты. Жазушы Глеб Горышин «Махаббат, қызық мол жылдарды» орыс тіліне аударып жатыр.

Мінеки, оқырман хаттарындағы авторға қойылған сұрақтардың ең негізгілері осылар.

Осымен оқырмандарға жауабымды аяқтаймын. Әр жүректе асыл адамгершілік, айырылмас махаббат болсын. Өмірден қол ұстасып өтер жан серік жалғыз жарын шын сүйе білмеген адам жолдасын да жақсы

PDF created with pdfFactory Pro trial version www.pdffactory.com

көре алмайды, коллективін де құрметтей білмейді. Жан жарына адал болмаған адам қылған қызмет, істеген жұмыс, атқарған қоғамдық міндетіне де адал бола алмайды. Кеудесінде өз адамгершілік, берік махаббат ұя салмаған адам анасына да, Отанына да адал бола алмайды. Жоғарыда келтірген осы ойымды тағы да қайталағаныма кешірім өтіне отырып, әр жастың жүрегінде асыл махаббат болсын, сол махаббат әр жас семьяның алтын діңгегіне айналсын деп тілеймін, қырда жайқалған қызғалдақтай қыздарым мен өндірдей өрен ұлдарым менің! Тек жас семьяның ғана емес, «махаббат» деген асыл жібекке түйілген отаншылдық, еңбекшілдік, достық, туыстық, бауырмалдық, Октябрь революциясының ісіне, дәстүріне жан-тәнімен берілгендік сезімдері біздің социалистік Ұлы Отанымыздың алтын діңгегі болсын деймін!

Жастықтың, жігердің, адалдықтың, адамгершіліктің алтын туы асыл махаббат жасасын! 1 - 10 январь, 1972 ж.

PDF created with pdfFactory Pro trial version www.pdffactory.com

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]