Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Kazakhi_v_Rossii_Istoria_i_sovremennost_tom-2_Omsk_2010

.pdf
Скачиваний:
0
Добавлен:
26.01.2024
Размер:
17.51 Mб
Скачать

тіршілігімен, өткен тарихымен мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан сана-сезімімен, дүниеге көзқарасымен біте қайнасқандығы соншама, оны халықтың бүкіл тұрмыс тіршілігінен, тарихы мен сана-сезімінен тұтастай қалпында ажыратып алу былай тұрсын, иненің ұшымен шұқылап отырып, босатып алу бос əурешілік»20, – деген тұжырымында ғылыми негізі бар.

Фольклорлық сана жекелеген халықтың бүкіл рухани болмысын ұлтқағна тəн. Сондықтанонығылымизерделеутаныпбілуменбір.

____________________

1Байтұрсынов А. Шығармалары. Алматы, 1999. Б. 76.

2Там же.

3Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1999. Б. 115.

4Путилов Б.Н. Методология сравнительно-исторического изучения фольклора. М, 1976. С. 133.

5Іслəмжанұлы К. Қазақтың отбасы фольклоры. Алматы, 2007. Б. 68.

6Потебня А. Слова и миф. М., 1983. С. 112.

7Қоңыратбаев Ə. Қазақ фольклорының тарихы. Алматы, 1991. Б. 72.

8Ыбыраев Ш. Қорқыт жəне шаманизм // Қорқыт Ата. Энциклопедиялық жинақ. Алматы, 1999. Б. 248.

9Қазақ ертегілері. Т. 3. Алматы, 1986. Б. 58.

10Қасқабасов С. Қазақ халық прозасы. Алматы, 1984. Б. 99.

11Там же.

12Советский энциклопедический словарь. М., 1979. С. 255.

13Линицкий М.Л. Внушение, знание, вера. Киев, 1988. С. 171.

14Абдулла Б. Азербайджанский обрядовый фольклор и его поэтика. Ба-

ку, 1990. С. 74.

15Абылқасымов Б. Телқоңыр. Алматы, 1993. Б. 76.

16Там же.

17Қасқабасов С. Қазақ халық прозасы. Б. 99.

18Валиханов Ч.Ч. Собрание соч. Т. 1. Алма-Ата, 1961. С. 181.

19Ислам А. Ұлттық мəдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті (са- лыстырмалы-салғастырмалы лингвомəдени сараптама): дис. … д-ра филол.

наук. Алматы, 2004. Б. 212.

20Турсунов Е. Истоки тюркского фольклора. Алматы, 2001. С. 157.

351

С. Негимов, Ж. Шапауова

Қазақстан, Астана, Л.Н. ГумилеватындағыЕуразияұлттықуниверситетi

БІРЖАН САЛДЫҢ ƏДЕБИ МҰРАСЫ

Ұлт əдебиеті мен мəдениеті тарихында ақын-композитор, импровизатор, əнші Біржан сал Қожағұлұлы өнернамасы айрықша құрметке ие. Руханият əлемінде сал-серілер поэзиясының қалыптасуы мен дамуына сүбелі үлес қосқан ерен тұлға. Сахарада өз алдына ақындық мектеп құрған, ұлттық музыка тарихында жарқын із қалдырған, ақындық өнердегі өнер жұлдызы Сарамен сөз сайысына түсіп, меруерттей мөлтілдеген жауһар мұра қалдырған дархан дарын. М.О. Əуезовше айтқанда, «Сахаранаың бір ғажайып алыбы». Академик А.Қ. Жұбановтың пікіріне жүгінсек, «Біржан – қазақтың халық музыка мəдениетінің алыбы», «Қазақтың халықтық музыка тарихында Біржан аты алтын əріппен жазылған» Біржан салдың əндерін біздің дəуірімізге Ғаббас Айтбаев, Қали Байжанов, Əміре Қашаубаев, Естай Беркімбаев, Манарбек Ержанов, Қуан Лекеров, Қосымжан Бабақов, Игібай Əлібаев, Молдахмет Тырбиев, Рамазан Елебаев секілді əншілер мен композиторлар жеткізді. Сондай-ақ Мұқан Төлебаев, Қажым Жұмалиев «Біржан-Сара» операсын жазды.

ХХ ғ. екінші жартысы мен ХХ ғ. бірінші жартысында тарих сахнасында көшпелі өмір, тарихи-əлеуметтік жағдаяттар синкретті өнердің өкілдері – сал-серілерді тудырды. Оның батсауында – Біржан сал тұрды. Оның ақындық, композиторлық, əншілік мектебінен Жаяу Мұса, Құлтума, Қанапия, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Шашубай, Доскей, Естай, Əзембай сал, Ғазиз, Тайжан, Балуан Шолақ, Иманжүсіп, Ағашаяқ тəрізді өнерпаздар тағылым-тəрбие алып, сал-серілік дəстүрді шеберлікпен дамытты. Поэзия, музыка, гармония – бұлардың шығармаларының негізін құрады.

1)Бұл салдың өзі өлеңші аты Біржан, Сандалдып Орта жүзді əнмен қырған.

2)Аққудай аспандағы жүз құбылтып, Сал Біржан əн салуға мүдірмейді.

3)Созады Біржан даусын қоңыр қаздай.

4)Мен, Біржан болғалы биыл емес, Өлең, шіркін, біздерге қиын емес. Алты қырдың астынан əн шырқасам,

©С. Негимов, Ж. Шапауова, 2010

352

Даусым отарбадан кейін емес.

Бұл орайда өлеңнің өрен жүйрігі С. Сейфуллиннің асқақ əнші туралы ой-толғаныстары оның ұлы бейнесін елестетеді.

Өлеңмен əн шырқаса, дерсің бұлбұл, Жандыға шалдырмаған бейне дүлдүл, Жарысқа ұлы дүбір мүдірмеген, Құлашын үдей сілтеп жайнап гүлгүл. Əн салса арыстандай ақыратын, Əуені қалтыратып жапыратын. Саңқылдап даусы кетіп алты қырға. Көркем əн маңдағы елді шақыратын.

Жаратылыс Біржан салға жоғары дəрежелі рухани қабілет, па- расат-білік, суреткерлік қасиет, ұшқыр қиял, телегей шабыт сыйлаған. Тектілігі тағы бар. Ол орыс, қырғыз, башқұрт, ноғай, шүршіт тілдерінде шырқата əн айтқан. Егер де бір апта бойы жыр толғап, əн шырқаса бірде бір қайталау болмайды екен. Тайбурылдың шабысындай дауылша үдеп кетеді екен. Тұран баласы Ысмайыл қария: «Біржанның дауысы 10–15 шақырым отырған ауылға жетіп, даланы жаңғырықтырып жіберуші еді» – деп еске түсіреді1.

«Дауысының күштілігі сонша терезе əйнегі зіркілдеп, ілулі тұрған поднос, отбасындағы құман дегендер бірге күңіреніп тұрушы еді» дегенді айтушылар: «Біржанның шырқалған даусы естілгенде, мал сауып отырғандар дереу сауынын қоя қойып, сазды сарынға, күйге елітіп, сөйтіп сауын малдарын исіндіріп алушы еді» дейді. Əсіресе, керемет əншінің: «Лəйлім шырақ», «Көлбай-Жанбай», «Айтпай», «Адасқақ», «Жонып алды», «Көкек», «Алқаракөк», «Жамбас сипар», «Он саусақ», «Он екі взвод», «Телқоңыр», «Жалғыз арша», «Бурылтай» секілді əндері замантасдарының аузында аңыздай айтылған-ды.

Біржан салдың «Шорманның Мұсасына» деген өлеңінде:

Мұсеке, біздің əнге кенелерсің Даусымды есіткенде бұлбұл дерсің. Əн салсам дауысымды көкке шырқап, Бұл үйдің сындырамын терезесін.

Біржан салдың өнерпаздық ортасына, ақындық, əншілік мектебіне шығармашылық өнербаянына зейін аударар болсақ, атасы Қожағұл білікті би, ділмар-шешен, түйе палуан болған. Хан тұқымдарымен тонның ішкі бауындай жақын болған. Қытайға екі рет елші болып барған. Əлкей Марғұланның көрсетуінше, Шоқан Уəлиханов Петербордағы өнер көрмесіне Қожағұл елшінің алтын ер

353

тоқымын, алтынмен безендірілген қанжарын тапсырған. Алтынның ну ортасында бұлаңдап өскен ерке Біржан да небір зергерлерге нешеме алуан бұйымдарды (алтын жүген, алтын ер, алтын шідер, алтын балдақ) істеткені мəлім.

«Қырманын дөңге салған, пейілін кеңге салған» ұлы əншікомпозитордың «Мен – Біржан алтын тудай айқындалған» деген лебізінде терең сыр, зор мағына барын байқауға болады. Кереметтердің ішінен өзгеше биікке шыққан өз қауымының ұрпақтарының көңілін, ой-санасын билеп тербеу, «үш жүздің алға ұстаған тұйғынына» айналу, үздік шығу – Біржанның сол дарынын айқындайды. «Ақ көңілмен істелген іс аспаннан да кең» деген сөз шалқар шабыттан, дария көңілден, терең сезімнен, бекзат болмыстан туған Біржан салдың шығармашылық мұрасына лайық.

Біржан сал поэзиясының көркемдік-эстетикалық жүйесі, музыкалық бітімі тастүйін. Ақындық ой-сезім де мөп-мөлдір тап-таза сыңғырлап құйылған мəтін де мінсіз, сəулетті де сəулелі сөз-образдар мен сөз-символдарға тұнып тұр. (Мысалы, «аппақ шапақ», «бір тал үкі», «алма мойын, ақ сұңқар», «сəулетайым», «көк қауырсын балапан», «шамшырақ», «перизат», «айыр көмей»).

Метафоралық сипаты бөлекше айшықты сөйлемдер нөпірлеп төгіледі, кестедей түрленеді. Мəселен, «Жігіттік бойға таққан бір гауһар тас», «Сөзің – бал, тісің меруерт, беу қарағым», «жапырақ жарған ағаштай, жан сəулешім», «Қарағым, қарақаттай – көз жанарың», «Жігітке ақыл – пана, уайым – қорған», «Таудан аққан құм қайрақ сен бір бұлақ».

Келгенде сөз жүйесі іркілмеймін, Жорғадай жолға түскен бүлкілдеймін.

Немесе:

Сұрасаң төрт момынның жүйрігімін, Үш жүздің алға ұстаған тұйғынымын. Баста емес, аяқта емес осы күні,

Ноқтаның жуан сағақ тұғырымын. («Он саусақ») Айбозым, айхай бозым, даңғыл бозым, Ел шалғай, жүре алмадым жалғыз өзім.

Сүйікті сүйгенімді сағынғаннан, Талады қарай-қарай екі көзім, Өзіңнің теңдес құрбым болмаған соң, Өтеді енді кімге айтқан сөзім.

(«Айбозым»)

354

Жанып тұрған жас өмір, ал қызыл гүл, Сипаттауға қызығын жетпейді тіл. Жауқазын – желбіреген жастық шағым, Өмірдің мағынасын түсіне біл!

(«Сырғақты»)

Біржан сал алты алаштың арысы Сегіз серіні ардақтайды. Мысалы:

Сегіздей асыл адам жаралмайды, Халқына болып өткен тым жағдайлы. Керейден жүз мың əйел туса да, Ешбірі Сегіз сері бола алмайды.

«Біржанды, Ақан серіні көргендер – олардың жүріс-тұрысында ерекше көз тартарлық сəнділік, сыпайылылық, өнерпаздық салттармен қатар салдардың кейбірінде болатын оғаш, күлкілі киімдерді қасақана киіну, қасақана салдың ерсі мінездерін көрсету жоқтығын айтады2.

Үкілі Ыбырай Біржан салдың Омбыда «Шалқыма» əнін қалайша шалқыта шырқағанын былайша мөлдірете баяндайды: «Патшаның баласы келеді, соған ақындар да жиналады деген лақап тарайды. Қалың жиын ортасына кеп, əндерін тыңдадым. Астына ақ боз ат мінген, басында үкілі бөрік, қолында үкілі домбыра, үстінде қаптал шапан, мойнында ақ торғын орамал, сұңғақ, келбетті, қыр мұрынды, ақсұр адам, егде тартып қалыпты. Сұлу даусына ұйығаным сондай, бір орында тұра алмадым, айналып теңселе берсем екен».

Біржан сал Үкілі Ыбырайды өзі теңдес тегеуірінді талантқа есептеген. Үкілі Ыбырай құран мақамдарын шеберлікпен пайдаланған. Сөйтіп, тыңдаушыларын емжелідегі байлаулы құлындай ұсатған. Үкілінің дауыс екпіні айдаһардың лебіндей, сөзі семсердей өткір болған.

Əр шығарманың өмірбаяны болатыны белгілі. Белгілі бір себептерге байланысты туындайтыны хақ. «Лəйлім шырақ» əнінің тууы жайлы түркі руханияты мен халық ауыз əдебиетінің білгірі көрнекті тілші ғалым Ғайнетдин Мұсабаев былайша əңгімелеген-ді: «1946 ж. Көкшетау облысы, Еңбекшілдер ауданындағы алтын кені Степняк тұрғыны қарт Мұқаннан естідім.

– Балам, жасым 87-де, марқұм Біржанның қырық шақты əнін де білем, бірақ бəрінен маған қымбатты да, қасиеттісі де – «Лəйлім шырақ» əні, бұл əнді Біржан бозбала күнінде Жолдыөзек бойындағы Қарауыл елінде салдық құрып жүрген жас шағында бір қызға ғашық болып шығарған екен. Сол қызбен көңіл қосқан Біржан қолға түсіп,

355

аяқ-қолы байлаулы байдың ас-суы тұратын қараша үйіне қамалады. Кеше ғана оның айналасын қоршаған жігіт-желең, қызкеліншектерден қадірменді құрбысына жан тартқан біреулері қолын шешіп, босатып жібергенде атына барса, бұрынғы шідері жоқ, атының аяғы тұсаулы екен. Қара түнде ауылдың сыртында атын ерттеп, шылбырынан ұстап отырып, осы əнге басқан екен. Əн шыққан жаққа жүгірген жастар Біржанды көріп, ауылға шақырады. Ол сол ауылдағы қадірлі бір адамдарына, қыздың жақын ағалары Көлбай мен Жанбайға апаруын өтінеді. Есіктен кіргенде «дəт» дейді.

– Айт, не дəтің бар? – дейді Көлбай.

Сонда Біржан: атымның аяғынан алтын шідерім ұрланды, оны сенің қарындасың Лəйлі алды. Шідерім қымбат еді, ең кем қойғанда қырық қысырақ еді – деп тұспалдайды.

Біржан салдың ақындық жүрегінен төгілген «алтын мен күмістің нақысындай» толқынды жырлары мен сырлары ұлттық игілігіміз ретінде ғасырлар керуенімен аршынды қадаммен ілгері баса бермек.

____________________

1Біржан сал Қожағұлұлы. Өлеңдер. Алматы, 1967. Б. 175.

2Ысмайылов Е. Ақындар. Алматы, 1956. Б. 52.

М. Тапашев

Қазақстан, Көкшетау, Ш.Ш. Уəлиханов атындағы мемлекеттік университеті

ЕСІЛ-КӨКШЕ ӨҢІРІНДЕГІ АҚЫНДЫҚ МЕКТЕПТІ ЗЕРТТЕУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Қазақ қашаннан-ақ, серпер сезімге, суарылған қарымды ойға, қанатты сөзге кенде болып көрген емес. Халқымызда небір от ауызды, орақ тілді майталман білгерлер аз болмаған. Ол сөйлеп кетсе – аузынан інжу-маржан төгетін шешен, бастап кетсе-батыр, ойлап кет- се-дана, толғап кетсе-ақын еді.

Есіл-Көкше өңірі иісі қазаққа қаншама ақын-жырауларды, əнші-күйшілерді, жыршы-термешілерді сыйлап, өнер аспанында шоқ жұлдыздай жарқырап қалған талай-талай марқасқа таланттарды берген қасиетті де киелі өлке. Бұл өлкеде Шал ақын, Қожаберген жырау, Сегіз сері, Нияз сері, Ақан сері, Біржан сал, Шəрке сал, Үкілі Ыбы-

© М. Тапашев, 2010

356

рай, Орынбай, Арыстанбай, Шөже сияқты ақындық-əншілік өнердің небір ақтаңкерлері, майталман дүлдүлдері дүниеге келген. Бұл өнер иелерінен қалған бай рухани-мəдени мұра – халқымыздың көркемдік даму тарихынан лайықты орын алатын қасиетті де қастерлі қазына. Көрнекті əдебиет зерттеушісі, академик С. Қирабаев қазақ əдебиетін бүгінгі түсінік-таным тұрғысынан жаңаша пайымдаудың маңызы екендігін қадап айтады. «Қазақ əдебиеті тарихының ақтаңдық беттері ХІХ–ХХ ғғ. тұсында тіпті көп. Бұл тұстағы бізідң қоғамдық саясатымыз орыстармен қатынасымызға негізделеді. Барлық тарихи оқиғалар мен əдеби туындыларға осы тұрғыдан ғана баға берілді. Ал, халық тарихы мен əдебиеті Қазақстанның Ресейге қосылуын бір жақты ғана бағалаған жоқ. Оның қайшылықты жақтарын, отаршылдықтың қазақ қоғамына ауыртпашылық алып келгенін де ашып көрсетті. Сондықтан бұл дəуірлердің əдебиеті коммунистік идеологияның қысымына көбірек ұшырады. Бүгін соның бəрін қайта қарау, оған ұлттық мүдде тұрғысынан жаңаша баға беру аса қажет»1. Олай болса. жоғарыда сөз болған ақын – жыраулардан қалған рухани байлықтың қыры мен сырын, қоғамға, əлеуметтік ортаға, көркемдік мəдениетке, қосқан үлесін жаңаша зерделеп-зерттеудің де күн тəртібіндегі өзекті мəселе екендігі түсінікті. Өздерінің ұлты алдындағы азаматтық, ақындық міндетін толық өтеп кеткен Шал, Қожаберген, Арыстанбай, Үкілі Ыбырай, Орынбай, Шөже, Ақан сері, Біржен сал тағы басқалардың əдеби мұралары алдында əлі де қарыздар болып келеміз. Олардың ақындық қабілетін шыңдаған, дарындарды баулап қияға ұшырған орта мен ақындық мектепті таныту маңызды əрі жауапты міндеттердің бірі болмақ. Қандай өнер иесі болмасын, мейлі ол ақын, немесе əнші болсын, ең əуелі белгілі бір орта мен дəстүрдің тағылымын көріп қалыптасады. Өйткені, өзіне дейін жасалған көркемдік жетістіктерді меңгермей, пайдаланбай, ғибрат алмай жаңалықтыр ашу мүмкін емес. Бұл заңдылық, яғни қалыптасқан қағида бойынша ақын-жыраулардың үйренген ақындық тағылымы, дəстүрі қандай, оған өскен ортаның ықпалы қаншалықты деген сауалдарға жауап іздеп көруіміз керек.

Жер асты кендерінің белгілі бір жүйемен көгенделіп, бір желіде жататыны секілді, өнердің де ел ішінде өз ошақтары, өз мектептері болады. Қазақ мəдениетінде оған мысал жетерлік. Мəселен, Абайдың ақындық мектебі, Атыраудағы Қашаған, Абыл төңірегіндегі ақындар, Қаратаудағы Майлықожа бастаған ақындар мектебі. Сыр бойындағы жыршылық-жыраулық дəстүр, т.б. Міне, осылардың ортасынан орын

357

алуға лайық, бірақ өкінішке орай, бүгінге дейін еленбей, зерттелмей, ғылыми ойланымға түспей келген тағы бір өнер ошағы бар. Ол ЕсілКөкше өңірінде қалыптасқан əдеби дəстүр, ақындық мектеп.

Ақындық өнердің бой тіктеп, қаз-қаз тұруына Қожаберген жыраудың ғибраты, əсер-ықпалы септігін тигізбей қоймаған. Ақындық дəстүрді дамытуға, жетілдіруге бағыт-бағдар берген Қожаберген, Шал ақын, Сегіз сері Орынбай, Арыстанбай, Шөже, Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырай секілді ірі ақындар мен əншілер болды. Бұларға əр кезеңдерде өздерімен жыр додасына түскен Шортанбай, Серəлі, Тоғжан, Кемпірбай, Өтеулерді қосуға болады.

Өйткені, бұл ақындар айтысу арқылы шығармашылығын шыңдап, ақындық қабілеттерін жетілдіріп, отырған. Сондай-ақ, ақындардың айналасында қанаттас, үзенгілес жүрген дарынды өнерпаздар аз болмаған. Демек, бұл ақындардың шығармашылығы сол кездің өзінде белгілі бір дəрежеде əдеби-мəдени дəстүрдің көркемдік эстетикалық танымның қалыптасқан мектебі болғандығын меңзейді. Белгілі композитор І. Жақановтың: «Айғанымның үйі қазақтың ақын жыраулары мен əнші, күйшілерінің думанды ордасына айналды. Онда қобыз бен жыр толғағын Жанақ пен Шөже, Арыстанбай мен Орынбай, Біржан сал мен Тоғжан, Шəрке сал мен Түлақ, Қанғожа қобызшылар, Нүркей əнші, бəрі жиі бас қосып, айтыс ұйымдастырып, күй тартысып,көне əн-жыр, күй мен эпостық туындылардың тарихы қозғалған, бүкіл ел іші əндетіп жатты»2, деген құнды пікірі біздің ой-пікірімізді қолдап, қуаттай түсетін сыңайлы.

Есіл-Көкше өңірінде ақындық дəстүрді дəуірлеткен, жаңғыртып жаңа бір белеске көтерген, өлеңнің көкжиегін кеңейткен ақынжыраулар Қожаберген, Жанақтардың шығармашылығы қазақ поэзиясының қасиет жайған жаңа бір бəйтерегі болуымен, басқаша айтқанда, халық ақындарының ұлттық рухтағы көшін бастаған даралығымен де ерекшеленеді. Олардың өлең-жырларында еркіндікті аңсаған, бостандыққа шөліркеген сахара елінің ой-арманы, тыныстіршілігі,сонымен қатар зар заманның ащы өксікке толы ауыр мұңы сабасынан асып, ақтарыла, төгіле үн қатып жатады.

Ұлттық əдебиеттің тарихы əр ақын-жазушының шеберлігі мен ерекшелігінен, қоғамдық-идеялық көзқарасынан тұрады десек, Қожаберген Толыбайұлы, Жанақ Қамбарұлы өлеңдерінің идеялықмазмұнымен поэтикалық көркемдігін, тілдік-стильдік ерекшелігін пайымдаудың, дəстүр сабақтастығы, т.б. қырларын зерттеудің нəтижесінде, олардың əдебиет тарихынан алатын орнын нақтылап

358

көрсетіп берудің маңызы зор. Ақындық поэзияның дамуына үлкен үлес қосқан Қожаберген, Жанақтардың өлең-толғаулары идеялықкөркемдік тұрғыдан құнды шығармалар болып табылатындықтан, қазақ əдеби қорына қосылуға толық құқылы. Əдебиетті зерттеушілердің, мамандардың Қожаберген, Жанақтардың шығармашылығы жөнінде арагідік айтылған жекелеген пікірлері болмаса, олардың əдеби мұралары турасында зерттеу жұмысы болған емес. Осы тұста, Қожаберген, Жанақтардың асыл маржанға тұнған тылсым дүниелеріне үңілмеу-əдебиет тарихы үшін де, əдебиет зерттеушілері үшін де үлкен кемшілік екенін қадап айтуымыз қажет. Ендігі кезекте Қожаберген, Жанақтардың əдеби мұраларын зерттеу, насихаттау мақсатында маңызды мəселе бой көтереді. Ол ақындардың көркемдік əлемінің көкжиегін, шығармашылық даму үрдістерін, ақындық мектепті қалыптастырудағы алатын орнын нақтылап беретін зерттеу еңбектің қажеттігі. Сөз өнеріндегі тұлғаларымызды жалпыға жай ғана таныстыру бағытында емес, та- нып-білу бағытында зерттеулер жасауымыз қажет. Бұл дегенімізжалпылама сөзден гөрі ақындар туындыларының тылсым табиғатын ашу, өлеңдерінің əр шумағының, əрбір ой орамының эстетикалық, көркемдік философиялық əрін ұғындырудың, талдап түсіндірудің мəні əлдеқайда арта түседі деген сөз.

Əлі де болса зерттеушілер назарынан қағаберіс қалып бара жатқан əдеби мұраларымыз аз емес. Атап айтар болсақ, Балуан Шолақ, Досқожа жырау Арыстанбай, Қожабек, т.б. дарындардың қатары баршылық. Олардың қазірге дейін баспа бетін көрген аздыкөпті дүниелерін иісе тұтуға болмайды. Архивтерде сақталған, ел аузында жатталған сан алуан дүниелерін тауып, жинақтап жариялау өз алдына, олардың шығармашылық өнерін ақындық қолтаңбасын саралап беретін зерттеу еңбектер қажет. Сонда ғана біз əдеби-мəдени қазынамыздың орталау тұрған тұстарын толтыра аламыз.

Жоғарыда аты аталған ақындармен қатар Біржан сал, Ақан сері, Нияз сері, Үкілі Ыбырай, Шəрке сал, т.б. əнші ақындардың мұралары да осы тектес істің кезегін күтіп, қозғаусыз жатыр. Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырайларды көбіне ұлы əнші, ұлы сазгер деп асқақтата сөйлегеніміздің нəтижесінде, олардың ақындық қабілет-қарымына, əдеби мұраларына ден қойылып, назар аударылмай келеді. Ақиқатында, көңіл бөлініп, зерттеле қалғандай болса, онда олардың да жекелеген өлең толғаулары болсын, ақындардың тұтастай ойтанымы, əлеуметтік пəлсапалық пайымдауларының салмағы, туралы

359

болсын, жаңа қырынан тың тұжырымдар жасауға болатыны дəлелдеуді қажет етпейтін ақиқат болса керек. Ең əуелі аталмыш ақын-жыраулардың əдеби мұраларын халыққа таныту бірді-екілі мақаламен шектелмеуі тиіс. Олардың өлең жырларын жеке-жеке кітап етіп, тіпті ұжымдық жинақ етіп шығару ісі кемшін жатқан секілді. Ендігі жерде осынау игілікті іске жұмыла кірісіп, ақындар шығармаларын текстологиялық тұрғыдан саралап, жаңа көзқарас арнасында жүйелеп жариялап жатсақ, нұр үстіне нұр емес пе?!

Есіл-Көкше өңіріндегі қалыптасқан ақындық мектептің өзіндік ерекшеліктерін, өсіп – жетілу, даму заңдылықтарын əрбір жекелеген ақындардың өлең-жырларының болмыс – бітіміне, табиғи сипатына терең үңіліп, өлең өрудегі ізденістерін тарихи-əдеби процеспен тығыз байланыста алып қарастырғанда ғана толық танып біле аламыз.

Түйіп айтқанда, бүгінгі таным-түсінікке лайық, ғылыми баға беретін ақындар шығармашылығына қатысты зерттеу еңбектермен қатар ақындар поэзиясының антологиясын шығаруға қажеттілік туындап тұр.

____________________

1Қирабаев С. Əдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. Алматы, 2003. Б. 35.

2Жақанов І. Əнші – ақындар шығармашылығы. Алматы, 2001. Б. 85.

З. Ысмайыл

Турция, Анкара, Білкент университеті

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ СӨЗ БАЙЛЫҒЫНА ҚЫСҚАША ШОЛУ

Қазақ тілінің сөз байлығы,сыр жапсары əлі ашылмаған Хұн Дəуіріндегі жазба деректердің, Орхун – Енисей ескерткіштерінің, Құтадғу-Білік, Дивани Луғат-ат Түрік сөздігінің, Куманикистің, Қорқыт ата, Ахмет Яссауи, Бұқар, Асанқайғы, Жиренше, Марқасқа, Тəтті қара, Шалқыз сияқты жырау мен ақындардың шығармаларының, Абай Құнанбай, Сəкен Сəйфуллин, Сабит Мұқан, Ғабит Мүсрев, Мұхтар Əуезов, Мағжан Жұмабай, Жамбыл Жабаев сияқты ақын жазушылардың еңбектеріндегі сөздік қордың жиынтығы.

Қазақ халқы барша түркі тілдес халықтардың қарашаңырағы болғандықтан, көне түріктердің салт дəстүрлерін,көркем өнерін, философиялық көзқарастарын, наным сенімдерін сақтаумен қатар,

© З. Ысмайыл, 2010

360