Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
биохимия.doc
Скачиваний:
122
Добавлен:
21.04.2015
Размер:
74.75 Кб
Скачать

Май тінінде май алмасуының бұзылыстары

Май тінінде ұдайы қарқынды алмасу процесстері жүріп жатады. Онда майдың артық жиналуы тамақта көмірсулары басым болғанда болады. Үшглицеридтердің түзілуі мен ыдырауы қандағы глюкозаның деңгейімен реттелінеді. Онда глюкоза көп болғанда май қышқылдары энергия түзілуге пайдаланылмай қорға жиналады. Керісінше, глюкоза деңгейі төмендегенде майдың май тінінен шығуы байқалады. Ұзақ эмоциялық зорлану май тінінен оның шығуына, адамның азып-ауруына әкеледі.

Инсулин майдың қорларынан шығуын тежейді, көмірсуларының майға айналуын арттырады, бауырда гликогеннің қорлануын күшейтеді. Қанда глюкозаның деңгейін төмендетіп, адамның тәбетін көтереді.

Көрсетілген күрделі нейрогуморалдық реттеудің бұзылыстары организмде артық май жинап, адамды семіруге әкеледі. Семіру барлық зат алмасу бұзылыстарының ішінде ең жиі кездесетіні. Ересек адамдардың 30%-дан 60%-ға дейіні артық салмағымен көзге түседі. Әйелдердің арасында семіздік ерлерге қарағанда үш есе жиі кездеседі. Жастардың арасында семірудің жиілеп бара жатқаны назар аударарлық. Мәселен, 33% ер адамдардың және 45% әйелдердің арасында семіру 20—35 жастарда кездеседі.

Пайда болу себебіне қарай семіру үш түрлі болады: ауқаттық (55—66%), гормондық (20% мөлшерінде), церебралдық (16—20%). Семіруде тұқым қуалаушылықтың маңызы күмән шақырмайды.

Семіру дамуында 3 патогенездік жайттардың маңызы бар:

1. энергия шығынына сәйкес емес артық тамақтану;

2. май қорларынан оның аз шығарылуы;

3. көмірсуларынан майдың артық өндірілуі.

Бір жасқа дейінгі балаларды тым артық қоректендіру гиперплазиялық (көп жасушалы) семірудің дамуына әкеледі. Бұндай семіру тұрақтылығымен сипатталады. Ересек балаларда гипертрофиялық б. а. май жасушаларының көлемі үлкеюімен байланысты, семіруі байқалады.

Тәбеттің күшеюіне байланысты тамақты тым артық ішу артқы гипоталамуста орналасқан «аштық сезімі орталығының» жоғары қозымдылығынан болады. Гипоталамустың ядроларында «тойыну сезімінің орталығы» орналасқан. Ол «аштық сезімі орталығына» тежеуші әсер етеді.

Асқазанның белгілі керілуі оның қызметін тежейді. Содан тамақты артық ішу және организмнің семіруі байқалады. Сонымен қатар ауыр қол жұмысымен немесе спортпен тұрақты шұғылданатын адамдардың тыныштық өмірге (гиподинамияға) ауысуы және бұл кезде энергия шығыны азайып, энергия түзуге қажетті майлардың май тінінен шығуы бұзылады.

Майлардың қорынан шығуының бұзылуы гипофиздің, қалқанша бездерінің, бүйрек үсті және жыныс бездерінің аурулары кездерінде гормондардың әсерлерінен де байқалады.

Организм тіршілігі үшін семіру көптеген қолайсыз жағдайларға әкеледі. Ол жүректің ишемиялық ауруы, атеросклероз, артериялық гипертензия, қантты диабет және т. б. аурулар үшін қауіп-қатерлі фактор болып есептеледі.

Жастарда адаптациялық мүмкіншіліктердің жоғары болуына байланысты семірудің теріс әсерлері онша қатты байқалмайды, ал жас ұлғаюына қарай онымен байланысты асқынулар көбейе түседі. 20—24 жастағы толық адамдардың арасында толық емес адамдарға қарағанда өлім-жітім 3%-ға ғана артық болса, 40—50 жастағы адамдардың арасында ол 50%-дан жоғары болады.

Организмде майдың артық жиналуы көптеген тіршілікке маңызды ағзалардың қызметтері бұзылуына әкеледі. Көмірсулары алмасуында глюкозаның тотығуы шектеліп, бауырда гликогеннің қоры көбейеді. Энергия түзу үшін организм негізінен май қышқылдарын пайдаланады.

Жүректе май жиналып қалуы оның жиырылымдық қызметін әлсіретеді. Семіру кезінде атеросклероз, артериялық гипертензия жиі дамиды, қан ұю артады, тромбоз жиілейді. Бұл кезде өкпеде ауа алмасу нашарлайды, өкпенің өмірлік сиымдылығы төмендейді, онда қан іркілуі және тыныс алу жолдарында созылмалы қабыну дамиды. Аз күштенудің өзінде алқыну пайда болады. Осыдан циркуляциялық және тыныстық гипоксия байқалады.

Май жасушаларының бетінде инсулинді қабылдайтын рецепторлар азаяды, инсулиннің безден тыс жеткіліксіздігі және қантты диабет дамиды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]