Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
биохимия.doc
Скачиваний:
122
Добавлен:
21.04.2015
Размер:
74.75 Кб
Скачать

Нәруыздар ыдырауының бұзылыстары

Организмде олардың артық ыдырауы дене қызуы көтерілгенде, үлкен қабыну кездерінде, жарақаттанғаннан кейін, ауыр хирургиялық әрекеттердің нәтижесінде, қатерлі өспелер, гипертиреоз ж. б. дерттер кездерінде байқалады. Нәруыздардың түзілуі мен ыдырауының клиникалық көрінісі болып азоттық тепе-теңдік (баланс) есептеледі. Дені сау ересек адамдарда организмнен (зәрмен, нәжіспен) шығарылатын азоттың мөлшері тамақпен организмге түскен азоттың мөлшеріне тең болады. Жас балаларда, жүкті әйелдерде, анаболизмдік гормондарды сырттан енгізгенде, немесе олардың организмде артық өндірілгенінде ж. б. жағдайларда организмге сырттан түскен азоттың мөлшерінен оның сыртқа шығарылатын көлемі кем болады. Былайша айтқанда анаболизмдік (түзілу) процестері катаболизмдік (ыдырау) процестерден басым болады. Бұндай жағдайды оң азоттық баланс дейді.

Ашығу кезінде бүйрек арқылы (протеинурия) және терімен (күйіктік ауруы кезінде), ішектермен (іш өткенде), тиреотоксикоз, қызба, ісік ауруы кездерінде организмнен шығарылатын азоттың деңгейі организмге тамақпен түсетін азоттан артық болады. Бұндай жағдайды теріс азоттық баланс дейді. Теріс азоттық баланс организмде тамақпен олардың аз түсуін де көрсетеді.

Қалдық азоттың қанда көбеюі гиперазотемия делінеді. Гиперазотемия бауырда мочевина түзілуі бұзылуынан (бауырлық гиперазотемия) нәтижесінде дамуы мүмкін. Бауырда мочевина түзілуінің бұзылуы бауыр жеткіліксіздігінде, гипоксия кезінде немесе тұқым қуатын мочевина түзілуіне қажетті ферменттердің түзілуі бұзылғанда байқалады. Мочевина түзілуінің бұзылуы нәтижесінде қанда аммиактың деңгейі көтеріледі. Ол орталық нерв жүйесіне улы әсер етеді.

Қан нәруыздарының өзгерістері

Қан плазмасындағы нәруыздардың сандық және сапалық өзгерістері ауруды анықтау және оның өту қарқынын болжау үшін қаралады.

Қанда нәруыздардың мөлшерінің және сапасының өзгерістері көптеген дерттік жағдайларда байқалады. Олар гипопротеинемия, гиперпротеинемия және диспротеинемия түрлерінде көрінеді. Әдетте, қанда нәруыздардың жалпы мөлшері 65-85 г/л. Оларға әлбуминдер (52-58%), α12,β,γ - глобулиндер және фибриноген жатады.

Гипопротеинемия қанда нәруыздардың қалыптыдан азаюы. Ол тұқым қуатын және жүре пайда болған болуы мүмкін. Соңғы гипопротеинемия нәруыз түзілуі азаюдан (ашығу, бауыр аурулары, аминқышқылдарының сіңірілуі бұзылыстары кездерінде) немесе нәруыздарлық организмнен тым артық шығарылуы (қансырау, қан плазмасын жоғалту (күйік), экссудация, протеинурия) кездерінде дамуы ықтимал.

Гиперпротеинемия - қанда нәруыздардың қальшты леңгейден жоғары болуы, ол жиі салыстырмалы түрде қан қоюлануы кезінде болады. Шынайы гиперпротеинемия пегізінен гиперглобулинемиямен сипатталады. Бұл, әдетте антиденелер түзілуі ұлғайғанда гаммаглобулиндердің деңгейі көтерілуінен көрінеді.

Диспротеинемия - қан плазмасы нәруыздарының жеке бөлшектерінің өзарақатынастары өзгеруі. Бауыр аурулары кездерінде α- және β-липопротеидтердің түзілуі азаяды. Фибриногеннің түзілуі төмендеуінен қан ұю үрдістері бұзылады. γ -глобулиндердің түзілуі азаюы мүмкін. Сонымен қатар олардың сапасы өзгереді (парапротеинемия). Парапротеиндер дене қызуы қалыпты болғанда сұйық күйінде болады да, дене мұздағанда тұнбаға айналады. Бұл тұнбалар ұсақ тамырлардың ішіне тұрып қалуынан тромбоз, микроциркуляциялардың бұзылуы, аяқтарда некроз дамуы мүмкін.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Ж. Н. Нұрғалиев, С.Т Төлеуханов «Эндокриналогия» Алматы 2002ж 40б 2. Қ.С Рымжанов, И.М Төленбек «Адам және жануар физиологиясы» Алматы 2000ж 96 бет 3. Х.Қ Сәтбаева, Ж.Б Нілдібаева, Ө.А Өтепбергенов «Адам физиологиясы» Алматы1995ж89бет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]