Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

3 д-ріс

.docx
Скачиваний:
13
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
18.89 Кб
Скачать

3 дәріс. X.25, Frame Relay, АТМ ғаламдық желілер технологиялары

Ғаламдық компьютерлік желі, ҒКЖ (ағылш. Wide Area Network, WAN) — кең көлемді алып жатқан және көп компьютерлерден тұратын компьютерлік желі. Ғаламдық желілер жергілікті желілерден абонент санының шектелмегендігімен ерекшеленеді және сондайлық сапалы емес байланыс араналарын, салыстырмалы төменгі тарату жылдамлдығын қолданады, ал алмасуларды басқару механизмі оларда жылдам болуы мүмкін емес. Бүгінгі таңда бірден бір компьютерлік ғаламдық желі бар – ол Интернет. 80 жылдары жергілікті желілердің және үлкен компьютерлерді жекеменшік желілерге сенімді біріктірілуі үшін іс жүзінде тек бір Х.25 дестелерді коммутациялайтын ғаламдық желі қолданылды.Ал қазір таңдау ауқымы кеңейді, одан бөлек Frame relay және АТМ желілері де бар.

3.1-кесте

Ғаламдық желілердің салыстырмалы сипаттамалары

Желі типі

Ену жылдамдығы

Ескерту

X.25

1,2 – 64 Кбит/с

Протоколдардың біршама артықтығы, төмен сапалы арналарда жақсы жұмыс істейді

Frame Relay

64 Кбит/с –

2 Мбит/с

Салыстырмалы жаңа желілер трафик пульсациясын жақсы таратады және негізінен тұрақты виртуалды арналарды қолдайды

АТМ

1,544 – 45 Мбит/с

Жаңа желілер, коммерциялық пайдаланылуы 1996 жылдан басталды, қазірде негізінен компьютерлік трафикті тарату үшін қолданылады

Желілік X.25протоколы телефондық байланыс арқылы компьютерлер арасында мәліметтер таратуға арналған. Х.25 желілері жоғары деңгейлі (аналогтық-телефондық байланыс жолдары үшін) бөгеуілді, төмен сапалы байланыс жолдарына арналып жасалған және 64 Кбит/с-ке дейінгі жылдамдықпен мәлімет таратуды қамтамасыз етеді. байланыс орнатуды растау және арналық, желілік деңгейдегі қателікті түзету протоколдарын қолдану арқасында Х.25протоколы тқмен сапалы байланыс жолдарында жақсы жұмыс жасайды.

Х.25 стандарты жалпы қолданыстың мәліметтерді тарату желілерінде "пайдаланушы – желі" интерфейсін немесе мәліметтердің соңғы жабдықтары мен жалпы қолданыстың мәліметтерді тарату желілеріндегі дестелік режимде жұмыс істейтін терминалдарға арналған мәліметтерді тарататын аппаратура арасындағы интерфейсті анықтайды. Басқа сөзбен айтқанда Х.25 дестелі терминалдық жабдық DTE мен DCE мәліметтерді тарататын шеткі аппаратура арасындағы қоснүктелі интерфейсті (белгіленген байланыс торабын) анықтайды.

Х.25 интерфейсі келесілерді қамтамасыз етеді: шеткі пайдаланушылардың бас компьютерге енуін, шеткі ДК-ді жергілікті желіге енуді, шеткі желінің басқа шеткі желімен байланысын.

Х.25 интерфейсі OSI үлгісінің (моделінің) үш төменгі деңгейінен тұрады: физикалық, арналық және желілікБұл желілердің ерекшелігі коммутацияланған виртуалды арналарды желі компоненттері арасында мәліметтер таратуды жүзеге асыруға қолдануында. Коммутацияланған виртуалды арнаны орнату сигнал қағу протоколы рөліндегі қызметтік протоколдармен орындалады.

Frame Relay желісі кадрларды коммутациялайтын немесе сандық байланыс жолдарын қолдануға арналған кадрларды ретрансляиялайтын желі. Алғашында Frame Relay технологиясы ISDN желілерінде 2 Мбит/с-қа дейінгі жылдамдықта мәліметтерді таратушы ретінде стандартталды.

Frame Relay OSI-дің физикалық және арналық деңгейлерімен жұмыс істейді. Frame Relay технологиясы мәліметтерді таратуда виртуалды байланыс техникаларын қолданады (коммутацияланған және тұрақты).

Frame Relay протоколдарының стекі орнатылған виртуалды байланыс кезінде физикалық және арналық деңгейлер протоколы бойынша кадрларды жібереді. Frame Relay-де желілік деңгейдің функциялары арналық деңгейде орналасқан, сондықтан қажеттілілік желілік деңгейде болмады. На канальном уровне в Frame Relay-дегі арналық деңгейде кадрға мәліметтер мультиплексірлену орындалады.

Frame Relay бір байланыс арнасында бірнеше мәліметтер ағынын мультиплексірлейді. Кадрлар коммутатор арқылы тарату кезінде түрленбейді, сондықтан желі кадрларды ретрансляциялау атауын алды.Сол себепті желі дестелерді емес, кадрларды коммутациялайды. Мәліметтерді тарату жылдамдығы 44 Мбит/с-қа дейін, бірақ мәліметтердің түгелдігі мен жеткізілуіне кепілдік берілмейді.

Frame Relay жақсы сападағы мәліметтерді таратудың сандық арналарына арналған, сондықтан ол тораптар арасындағы байланысты тексермейді және мәліметтердің арналық деңгейде нақтылығын бақыламайды. Осы желінің арқасында Frame Relay жоғары өндіргіштікке ие.

Frame Relay технологиясы негізінен жергілікті желілердің протоколдарын жалпыкоммуникациялық желілер арқылы бағыттау үшін қолданылады. Frame Relay дестелерді коммутациялаумен мәліметтерді DTE (бағыттағыштармен, көпірлермен, ДК) пайдаланушыларының шеткі құрылғылары мен DCE («бұлт» типті желі коммутаторымен) мәліметтерді тарату арнасының шеткі құрылғылары арасындағы интерфейс арқылы таратуды қамтамасыз етеді.

Frame Relay коммутаторлары толассыз коммутация технологиясын қолданады, яғни кадрлар коммутатордан коммутаторға белгіленген адресті оқығаннан кейін бірден жіберіледі, ал олөз кезегінде жо,ары мәліметтерді тарату жылдамдығымен қамтамасыз етеді.

АТМ технологиясы. АТМ-ді таңдаудағы мақсат – көп ақпарат көздері үзік-үзік режимде жұмыс істейді. Мысалы, сөздің белсенділік коэффициенті 0,3 – 0,4-ті құрайды, және де мәліметтерді таратудың интерактивті жүйесінде одан да аз, бейнеақпарат тіптен түрліше. (STM) тасымалдаудың синхронды жүйесін қолдану біршама тиімді болып келеді, себебі оның өткізу жолағы тұрақты, соған сәйкес ақпаратты тарату жылдамдығы біршама тез. Статикалық (дестелік) режимге негізделген тасымалдаудың асинхронды режимі сол уақытта жүктеу мен қызметтің параметрлерінің өзгерісі жағдайларында түрлі қызметтердің сәйкес өзгерісін қамтамасыз ете отырып, өткізу жолағын икемді бөлуге мүмкіндік береді.

I.113 және I.121 кепілдемелерінің анықтамаларына сәйкес АТМ термині ақпаратты тасымалдаудың арнайы дестелік-бағдарланған режим екендігін білдіреді, ол асинхронды уақыттық бөлуді қолданады, оның арқасында ақпарат ағыны ұяшық деп аталатын, белгіленген ұзындықтың блоктарында ұйымдастырылады. Ұяшық (cell) 53 байттан тұрады, оның 48 байты – пайдаланушы ақпараты, ал 5 байты – тақырыпша. Тақырыпшаның негізгі белгіленуі – сол виртуалды арнаға немесе біреуіне жататын ұяшық идентификациясы(бірдейлендіру).

АТМ байланысты орнатуға бағдарланған әдіс. Ақпаратты таратудың басы мен пайдаланушы арасында виртуалды арна орнатылуы тиіс. Сигналдық (сигналдық) пайдаланушылық ақпарат жеке виртуалды арна арқылы ұйымдастырылуы тиіс. Бір-бірлеп немесе сол бағыт бойынша желінің бірнеше бөліктерінен өтететін, виртуалды арналар тобы виртуалды трактқа біріктірілуі мүмкін. АТМ қаншалықты жоғары жылдамдықты екендігін және жоғары бөгеуілден қорғалған сандық тарату жүйесінен(әдеттегідей, талшықты-оптикалық байланыс жолы негізінде) тұрғандығын анықтағанымен, дұрыстықтың жоғарылауы тек пайдаланушы жабдықтарында жүзеге асырылады. Коммутация тораптарындағы дұрыстықтың жоғаралауынан бас тарту олардың функциялану алгоритмін біршама жеңілдетеді және оларда бағдарламаланған микропроцссорларға қарағанда біршама жоғары әрекеттілігі бар аппараттық жабдықтарды қолдануға мүмкіндік береді. Тарату трактінің жоғары өткізу қабілеттілігі, коммутациялық құрылғылардың жоғары әрекеттілігі және қысқа ұяшық ұзындығы ұяшықтың желі бойымен жылдам жеткізілуін қамтамасыз етеді. Олардың жеткізілуін бақылау пайдаланушылардың шеткі жабдықтарында жүргізіледі.

Негізгі әдебиеттер: 5[678 – 681].

Қосымша әдебиеттер: 12[88 – 92].

Бақылау сұрақтары:

  1. Глобальді компьютерлік желі нені білдіреді?

  2. X.25 желі хаттамасы не үшін арналған?

  3. Мәліметтерді тарату үшін Frame Relay техгологиясы қандай техниканы қолданады?

  4. АТМ тұрақтылығы немен түйінделеді?

  5. Мәліметтерді алмастырудың асинхронды режимі нені білдіреді?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]