Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МАЗМНЫ.docx
Скачиваний:
18
Добавлен:
02.05.2015
Размер:
249.91 Кб
Скачать

1.3. «Семей былғары-тері комбинаты» жшс-нің жұмыс күшімен қамтамасыз етілуін және жұмыс уақытының қорын пайдалануды талдау

Кәсіпорын өндірісін жүргізіп, қарқындатуда шешуші орын алатын еңбек қоры. Өйткені қандай жоғары дәрежеде еңбектің қаруларнуы болмасын оны жүргізетін маман. Сондықтан кез-келген кәсіпорында еңбек қорына жете көңіл бөлінеді.

Кәсіпорынның еңбек қорына ондағы жұмыс атқаратын барлық адамдар жатады. өндірістің талабына байланысты әрқилы жұмыстарды атқарушылар бірнеше топтарға бөлінеді. Ең негізгісі өнім өндірумен шұғылданатындар. Олардың қажетті санын анықтау үшін өндірілмекші өнімді бір адамның жылда өндіретін өніміне бөледі.

Өндірістің көлеміне, орналасуына, жұмыс жүргізу жағдайына байланысты басқару бөлімі анықталады. Ондағылар өндірістің дұрыс, қалыпқа сай жүруін қамтамасыз етіп, есеп-қисабын жүргізіп, қадағалап, басқарады. Оны атқаратын әрқилы мамандар мен үлкенді-кішілі басшылар. Жалпы он жұмысшыға бір басшы деген ұстаным бар, соны межелеген дұрыс. Сондықтан да кіші, орта бизнестерде бірнеше маманның жұмысын бір адам атқарады. Ірі кәсіпорындар бөліктерден тұрғанда, әрқайсысының есебін жүргізетінмамандары, бастығы болуы мүмкін, кейде олар бір жерге жинастырылып, кеңседе отыруы ықтимал.

Жұмысшы, басшылардан басқа қызмет көрсетушілер саны есептелінеді, олар күзетші, үй сыпырушы, т.б.

Жоғарыда аталған барлық адамдар кәсіпорынның еңбек қорына жатады. Олардың өзара ара салмағы еңбек қорының құрамын құрайды. Құрам кәсіпорында өндіретін өнім түріне, қарулануына, күрделілігне, ұйымдастыруына байланысты әрқилы болады.

Еңбек қорын тиімді пайдаланудың экономикалық маңызы зор. Себебі үнемді пайдаланған жерде өндіріс шығыны азайып, тиімділік артады. Болмаған жағдайда ысырапқа ұшырап, зиян шегеді. өйткені екбекақы қорының жұмсалуы – жұмысшы мамандарлы пайдалануға байланысты ауытқиды.

Сондықтан кәсіпорында еңбек қорын жоспарлап, ұйымдастырып, пайдалануда қателі, кемшіліктер жібермеу ойластырылады.

Кәсіпорынның қажетті еңбек ресурстарымен қамсыздандырылуы, оларды ұтымды пайдалану, еңбектің жоғарғы өнімділігі өнім өндірісінің көлемін ұлғайту және өндіріс тиімділігін арттыру үшін қажет. Әсіресе, кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамсыздануына және оларды пайдалану тиімділігіне барлық жұмыстарды уақытында атқару, құрал-жабдықтар мен машиналарды, механизмдерді пайдалану тиімділігі және нәтиже ретінде - өнім өндрісінің көлемі, оның өзіндік құны, пайда, басқа да бірқатар экономикалық көрсеткіштер тікелей тәуеледі болады.

Кәсіпорын жұмысшылары еңбек ұжымын құрайды, яғни ұйымдасудың жалпы мақсатымен бірлескен жұмысшылардың белгілі бір тобы. Кәсіпорын жұмысшылары бір-бірінен жасы, жынысы, білімі, ұлты, жұмыс өтімі және т.б. сияқты белгілермен ажыратылады.

Жұмысшылардың барлығы екі санатқа бөлінеді:

  • жұмысшылар;

  • қызметкерлер.

Жұмысшылар негізгі және көмекші жұмыстағылар болып бөлінеді.

Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамсыздануы категориялар және кәсіптер бойынша жұмысшылардың нақты санын жоспарлы санымен салыстыру болып табылады.

Талдау барысында әкімшілік-басқарушылық персоналды әрбір алатын лауазымы бойынша нақты білім дәрежесіне сәйкестілігін тексеру қажет. Талданып отырған кәсіпорында басқарушылқ персонал өзінің мамандықтары жөнінде үлкен еңбек өтімі бар. Персоналды жаңарту сирек жүргізіледі. Әкімшілік-басқарушылық персонал білімі алатын лауазымына сай келеді. Қызметкерлердің жоғары және орта арнайы білімдері бар.

Еңбек ресурстарының толықтығын бір жұмысшымен жұмыс істелген күндері мен сағаттарының саны бойынша талданатын кезеңге бағалаймыз және жұмыс уақытының қорын пайдалану дәрежесі бойынша талдау жасаймыз. Осындай талдауды кәсіпорын бойынша тұтас жасаймыз.

Кәсіпорын үшін талдаудың негізгі міндеттері: кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамсыздануын бағалау, кәсіпорын персоналының құрылымын бағалау, біліктілік құрам бойынша бағалау, жұмысшылардың орташа білікті деңгейін анықтау болып табылады.

Еңбек жайлы есеп беруде көп салалы қызмет атқаратын кәсіпорынның жұмысшылары мн қызметкерлерін негізгі қызмет атқаратындар және негізгі емес қызмет атқаратындар деп екі топқа бөледі.

Ал өнеркәсіп орындарында қызмет істеушілер мынадай екі топқа бөлінеді: өндірістік жұмысшылар, өндіріске жатпайтын жұмысшылар.

Семей былғары-тері комбинаты» ЖШС-нің жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамының есебі мамандар бөлімінде жүргізіледі. Мамандар бөлімінде мынадай алғашқы құжаттары пайдаланылады: жұмысқа алу туралы бұйрық, басқа жұмысқа ауысу туралы бұйрық, демалыс берілуі жайлы бұйрық, жұмыстан шығарылуы жайлы бұйрық, жұмыста қанша уақыт істегені туралы табелі және т.б. Семей былғары-тері комбинаты» ЖШС-нің мамандар бөлімін қосымша секретарь референт атқарады.

Еңбек ресурстарына жататындар: жұмыс істеуге қабілетті, арнаулы білімді, орта және жоғары білімді тұлғаларды есептеуге болады.