Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

ТЕСТ Экз. тест каз 2012 сонгы 1001 00

.doc
Скачиваний:
430
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
1.28 Mб
Скачать

A) ауызды күнделікті шаю қажеттілігін айтпаған

B) протезді мұқиятты түрде күту керектігін айтпаған

C) +толық алмалы-салмалы протезді түзеп жөндеу үшін дәрігерге

келесі күні келу керектігін айтпаған

D) протезді дұрыс сақтау керектігін ескертпеген

E) протезді жөндеу үшін үш күннен кейін келуді айтпаған

5.130. Толық алмалы-салмалы протезді науқастың жоғарғы жақ сүйегіне салғанда дәрігерге науқас кейін томпақ сүйектің (торустың) жарақаттанғанына, ауырғанына, протездің нашар бекітілгенін айтқан. Протезді әзірлегенде қандай қателіктер кеткен?

A) протезді жасағанда оның табанын томпақ сүйектің бетіне бататындай етіп жасаған

B) +протез табаны томпақ сүйекке сай жасалмаған, қамтығыш клапанның шеті таңдай жігінен аспаған

C) қамтығыш клапанның шеті таңдай жігінен асып кеткен

D) протез табаны қалың жасалған

E) протездің шеті өтпелі қатпарға жетпеген

5.131. Науқастың аузына толық алмалы-салмалы протез салған соң оның өңі төмендегідей болып шыққан. Ерін-мұрын, иек асты қатпарлары тереңдеген, езу төмендеген, иек алға қарай жылжыған. Дәрігер-ортопед протез саларда қандай қателік жіберген?

A) науқастың бетіне, түріне сай емес бір қалыпты (майда) тістері бар протез салынған

B) +бетінің төменгі үштен бір бөлік биіктігі қалпына келтірілмеген, қысқартылған

C) толық алмалы-салмалы балауыз табаны (базисі) қалыңдаған

D) орталық окклюзияны анықтарда науқастың сырт бейнесі қалпына келтірілмеген

E) альвеолалы өскіннің шырышты қабығы мүлде семгенде қысым түсіру арқылы функциональді қалып алынған

5.132. Науқастың аузына толық алмалы-салмалы протез салғанда оның өңі өзгерген: иек алға шығып кеткен, ерін-мұрын және иек асты қатпарлары тереңдеген, екі езуі салбыраған. Протез салудың қай кезеңінде қателік кеткен?

A) қате 2-клиникалық кезеңде функциональді қалып алғанда кеткен

B) +қате 3-клиникалық кезеңде орталық окклюзия күйінде тістем биіктігін анықтауда кеткен

C) қате 4-клиникалық кезеңде протездің балауыз құрылымын тексергенде кеткен

D) қате 2-зертханалық (лабораториялық) кезеңде-модель үлгісін (шаблонын) жасауда кеткен

E) қате 3-зертханалық (лабораториялық) кезеңде тіс салу, протездің балауыз құрылымын ең соңғы рет мүсіндеуде кеткен

5.133. Төменгі жақ сүйекке салынған толық алмалы-салмалы протез кезінде үзбесі не себептен жарақаттанады және протез не себептен ауыздан шығып кете береді?

A) тіл астындағы протездің шеті ұзынырақ болған соң

B) тілдің үзбесі жақсы дамыған соң

C) +қымтағыш қақпаны жасарда тіл үзбесі биік орналасып кедергі болған соң

D) протез табаны қалың болған соң

E) толық алмалы-салмалы протез жөнді өңделмей жылтыратылмаған соң

5.134. Толық алмалы-салмалы протезді ауызға кигізу кезінде науқас жоғарғы ерні салбырап, түрінің қарт адамның түрі сияқты боп көрінетінін айтады. Сонда орталық окклюзияны анықтаудың қай кезінде қате жіберілген?

A) тістем білігін дайындау кезінде альвеоларлық өскін семуі ескерілмеген

B) қате альвеола доғасының алдыңғы бөлігінде үстіңгі тістем білігінің қалыңдығы мен ерін жақ иінін қалыптастыру кезінде жіберілген

C) +қате жоғарғы еріннің қызыл жиегі бойынша альвеола доғасының алдыңғы бөлігінде үстіңгі тістем білігінің биіктігі мен ерін жақ иінін қалыптастыру кезінде жіберілген

D) қате төменгі жақ сүйек алға жылжыған кезде және жақ сүйектерді орталық окклюзияда бекіткен кезде жіберілген

E) қате алдыңғы тісті салу кезде оны жасанды қызылиекке (етке) бекітпей, протездің базисіне тікелей бекіту кезінде (приточка) жіберілген

5.135. Әңгіме кезінде, күлгенде толық алмалы-салмалы протездің жоғарғы тістердегі өткір қыры көрінбейді, неге? Жақ сүйектердің орталық ара қатынасын анықтағанда қандай қате жіберілген?

A) ауыз сәл ашық тұрған кезде анықталатын тістем біліктің биіктігі дұрыс анықталмаған. Тістем білікті жоғарғы еріннің астынан 1-2 мм-ге шығып көрініп тұратындай етіп, оның бетін балауызбен өсіру керек еді

B) +тістем біліктің биіктігі дұрыс қалыптастырылмаған, бірақ қыры үстіңгі еріннің астынан 0,5-1 мм-ге шығып тұратын етіп алынған

C) тістем біліктің биіктігін қалыптастырған кезде альвеоларлық өскіннің өзгерілуі ескерілмеген

D) тістем біліктің биіктігі 2-4 мм шығып тұру керек

E) орталық ара қатынасты анықтағанда білік 2-3 мм шығып тұру керек еді

5.136. Толық алмалы-салмалы протездің балауыз құрылымын тексеру кезінде екі ерін бір-біріне керіліп тиіседі, бет пен жоғарғы ерін созылып тартылған, мұрынның екі жағындағы қатпар жазылған. Мұндай жағдайда қандай қателіктер жіберілген және қандай сынамалар бұл қателіктерді көрсете алады?

A) +орталық ара-қатынасты анықтау кезде альвеолааралық биіктік дұрыс анықталмаған. Ол қалыптағы шамадан биік боп алынған. Бұл қателікті саусақты керілген (жымқырылған) ерінге тигізгенде оның сол сәтте ашылып кету сынамасы көрсетіледі

B) протез табаны үлкен болып мүсінделген. Бұл қатені Гербстің ерінді керіп-созу функциональді сынамасы көрсетеді

C) жасанды үлкен тістер салынған. Бұл қателікті тілмен жоғарғы ерінді жалау сынамасы көрсетеді. Жасанды тіс үлкен болғанда тілмен ерінді жалау күшке түседі

D) протездің табаны үлкен болған әрі ірі жасанды тістер салынған

E) орталық ара қатынас дұрыс анықталған

5.137. Толық алмалы-салмалы протездің табаны қандай жағдайда өз пішінін өзгертеді, деформацияға ұшырайды?

A) пластмассаның құрамындағы заттар дұрыс мөлшерде алынбаған жағдайда

B) протез базисінің қалыңдығы дұрыс мүсінделген жағдайда

C) +пластмассаның полимеризациясы бұзылған жағдайда

D) протез жөнді өңделген, тегістелген, жылтыратылған

E) протездің базисі дұрыс жағдайда

5.138. Толық алмалы-салмалы протездің ауыз тіндеріне әсері қандай болады?

A) қалай болса солай болады

B) +тікелей болады

C) жанама болады

D) кері болады

E) әртүрлі болады

5.139. Толық алмалы-салмалы протездің жанама әсері қандай тіндерде байқалады?

A) протез жайғасатын орындағы тіндерде байқалады

B) +протезге тимей алыс жатқан тіндер мен ағзаларда байқалады

C) шықшыт буында, ішек-қарында, жүйке тамырларында байқалады

D) ішек-қарында, жүрек-қан тамарыларында байқалады

E) протез орнындағы тіндерде, ағзаның барлық мүшесінде байқалады

5.140. Толық алмалы-салмалы протездің ауыз тіндеріне әсері қандай?

A) +жарақаттандырады, уландырады, аллергиялық және басқа қосымша әсер етеді

B) тітіркендіреді, бірақ дұрыс тітіркендірмейді, яғни тіннің тітіркенуі протездің зиянды әсеріне сәйкес келмейді

C) әртүрлі әсер етеді

D) жайлы әсер етеді

E) химиялық жолмен уландырады, механикалық жолмен жарақаттандырады

5.141. Алмалы-салмалы протездің улағыш әсері неге байланысты?

A) протездің құрамындағы полимердің аздығына байланысты

B) протездің құрамындағы полимердің көптігіне байланысты

C) +протездің құрамындағы мономердің көптігіне байланысты

D) протездің құрамындағы гидрохинонның көптігіне байланысты

E) протездің құрамындағы бояғыш заттардың көптігіне байланысты

5.142. Протездің аллергиялық әсері неге байланысты?

A) +протез жадығатының протез астындағы тіндердің ақуызына әсер етуден пайда болған аллергенге байланысты

B) улағыш заттарға байланысты

C) ауыз тазалығын сақтамауына байланысты

D) жалпы соматикалық ауруларға байланысты

E) сапасыз жасалған протезге байланысты

5.143. Толық алмалы-салмалы протезден болатын қабынуды не деп атайды?

A) протез орны тіндерінің реакциясы дейді

B) тұрақты дымқылдану (парниковой эффект) дейді

C) +протездік стоматит дейді

D) протез орны тіндерінің ауруы дейді

E) төзбеушілік дейді

5.144.Науқас толық алмалы-салмалы протезге үйрену кезеңінде ұрттың шырышты қабығын тістейтінін, сөйтіп шырышты қабығының жарақаттанғанын айтады. Ол жарақаттанудың себебі не?

A) тістем биіктігі жоғарылаған

B) тістем биіктігі төмендеген

C) жасанды тістер дөңес-сызаттық (фиссурно-бугорковый) түйіспеде

түйіседі

D) +дөңес-сызаттық түйіспенің болмауынан

E) жасанды тістер арасында тығыз окклюзиялық түйіспенің

болмауынан

5.145. Науқас протезге үйрену кезеңінде «с» дыбысын дұрыс шығара алмайды. Протездің қай жерін жөндеп түзету керек?

A) 13,12,11,21,22,23 тістер аймағындағы өтпелі қатпар тұсын жөндеу керек

B) төменгі алдыңғы тістердің тіл беті тұсын жөндеу керек

C) +протез таңдай бетінің алдыңғы үштен бір тұсын жөндеу керек

D) таңдайдың ортаңғы үштен бір тұсын жөндеу керек

E) протездің дистальді шекара тұсын жөндеу керек

5.146. Толық алмалы-салмалы протезді жасау кезеңдерін атаңыз?

A) жақ сүйектердің орталық ара қатынастарын анықтау керек

B) жоғарғы және төменгі жақ сүйектерден функциональды қалып алу керек

C) жоғарғы және төменгі жақ сүйектерден анатомиялық қалып алу керек

D) протездің балауыз құрылымын тексеру керек

E) толық алмалы-салмалы протезді салу керек

1) А.В.С.Е.Д.

2) В.А.С.Д.Е.

3) Е.А.Д.С.В.

4) +С.В.А.Д.Е.

5) А.В.С.Д.Е.

5.147. Дайын толық алмалы-салмалы протездің сапасын тексерген кезде оның базисінде газ толған кеуек бары анықталды. Қандай технологиялық қателіктер жіберілген?

A) протез жартылай (толық) полимеризацияланған

B) полимер мен мономер қатынасы дұрыс анықталмаған

C) кювета салқын ауға салынған

D) +полимеризация жолы бұзылған

E) кюветадағы протез бірден суытылған

5.148. Жоғарғы жақ сүйекке толық алмалы-салмалы протез салғанда, науқастың құсқысы келеді. Сіздің іс-әрекетіңіз?

A) жоғарғы жақ сүйегіне қайта жаңа протез жасау керек

B) +протездің «А» сызық тұсындағы жерді жөндеу керек

C) науқасқа протезге қалай үйренуді айтып түсіндіру керек

D) протездің табанын (базисін) қайта жасау керек

E) екі жақ сүйекке де протезін қайта жасау керек

5.149. Науқасқа толық алмалы-салмалы протезді тапсырып жатқанда не істеу керек?

A) протезді түрпілеуге арналған ұнтақпен тазалау керек

B) протездің иісін кетіру (дезодарация) жасау үшін және протезді антисептикалық етіп өңдеу үшін оны 5% сірке суына түнде салып қою керек

C) сабынды суға салып қою керек

D) +протезді тіс сықпасымен немесе тіс ұнтағымен жуып тазалау керек

E) протезді ыстық суға салып тазалау керек

5.150. Науқас толық алмалы-салмалы протез базисінің сынғанын айтады.

Сынық базисті қайтадан жөндеуге болады егер?

A) сынық бөліктер орнына дұрыс қойылмаса

B) сынық бөліктер орнына дәл қойылмаса

C) +сынық бөліктер орнына жақсы қойылса

D) сынғанда 3-4 бөліктер пайда болса

E) бұрын протез 3 рет жөнделген болса

5.151. Толық алмалы-салмалы протездің окклюзиясын жөндеп түзеу қандай мақсат үшін керек?

A) +төменгі жақты біркелкі қозғалысқа келтіру үшін керек, мұндай жағдайда барлық тіс бір-бірімен бір қалыпты өзара түйісетін болады

B) дикцияны жақсарту үшін керек, мұнда барлық тіс бір-бірімен бір қалыпты өзара түйісетін болады

C) беттің төменгі бөлігінің қалпына келтіру үшін керек, мұнда барлық тіс бір-бірімен бір қалыпты өзара түйісетін болады

D) дұрыс сөйлеу үшін керек

E) беттің төменгі бөлігін қалпына келтіру үшін керек

5.152. Толық алмалы-салмалы түзеп жөндеу кезінде функциональді сынамаларды не үшін қолданады?

A) +базистің шекарасын түзеп жөндеу үшін

B) окклюзияны түзеп жөндеу үшін

C) тістем биіктігін анықтау үшін

D) жақ сүйектердің орталық ара қатынасын анықтау үшін

E) жасанды тістерді түзеп жөндеу үшін

5.153. Толық алмалы-салмалы протезді дайындағанда жақ сүйектердің орталық ара қатынасын анықтап, дұрыс бекітпеудің белгілері қандай?

A) алдыңғы (фронтальді) тістердің өзара түйісуі және бүйір тұстағы тістердің бірден түйісуі

B) протездің орнықтылығы мен эстетикалық ойдан шығуы

C) сөйлегенде тістердің бір-бірімен тиісіп тұруы

D) окклюзия аралық саңылаудың болмауы

E) +алдыңғы (фронтальді) бөлімдегі тістер бір-бірімен тығыз түйісе тұра, шайнау тістерінің бір-бірімен түйіспеуі

5.154. Толық алмалы-салмалы протездің шекарасын сызғанда «А» сызығы қандай бағдарды көрсетеді?

A) +протездің артқы шекарасын көрсетеді

B) жоғарғы жақ сүйекке тіс қатарын қалай дұрыс құруды көрсетеді

C) алдыңғы тістерді қалай салуды көрсетеді

D) тістем биіктігін анықтау бағытын көсетеді

E) ол сызықтың ешқандай маңызы жоқ

5.155. Алмалы-салмалы протездің ту сыртындағы шекарасын анықтау кезде «А» сызығы бағдар болады. Сонда протездің шеті қалай жатуы керек?

A) «А» сызығына 5мм жетпеуі керек

B) «А» сызығына 1-2мм жетпеуі керек

C) «А» сызығымен шектелгені дұрыс

D) +«А» сызығын 1-2мм жаба түскені дұрыс

E) «А» сызығын 5мм жаба түскені дұрыс

5.156. Толық алмалы-салмалы протездің балауыз құрылымын тексергенде, орталық окклюзияның орына бүйірлік окклюзия анықталған. Не істеу керек?

A) жаңа қалып алу керек

B) +жақ сүйектердің орталық ара қатынасын қайта анықтау керек

C) тістем биіктігін қайта анықтау керек

D) басқа тістерді салу керек

E) дайын болған протез тістемін жөндеп, түзету керек

5.157. Толық алмалы-салмалы протезді науқасқа салғаннан кейін жөндеп түзету үшін (коррекциялау) үшін науқас дәрігерге қашан келу керек?

A) 2 күннен кейін

B) 1 күннен кейін

C) +келесі күні

D) ауыруды сезген кезде

E) 1 аптадан кейін

5.158. Толық алмалы-салмалы протезді дайындаудың қандай клиникалық кезеңінде протездің функционалды-жабыспалық қасиеті қамтамасыз етіледі?

A) анатомиялық қалып алу кезеңінде

B) +функционалдық қалып алу кезеңінде

C) жақ сүйектердің орталық ара қатынасын және тістем биіктігін

анықтау кезеңінде

D) протезді науқастың аузына салу кезеңінде

E) жасанды тістерді салған кезде

5.159. Алмалы-салмалы протез үшін шырышты қабықтың Суппле бойынша қай сыныбы қолайлы бола алады?

A) +1-сынып

B) 2-сынып

C) 3-сынып

D) 4-сынып

E) 5-сынып

5.160. Толық алмалы-салмалы протезді бекіткенде ненің мәні шамалы?

A) анатомиялық бүкпелер (ретенция)

B) заттардың бір-біріне жабысуы (адгезия)

C) заттардың бір-біріне сорылуы

D) жасанды тістерді жөндеп орналастыру

E) +науқастың жасы мен жынысы

5.161. Толық алмалы-салмалы протез қандай тінге тікелей әсер етеді?

A) қарама-қарсы орналасқан табиғи тістерге әсер етеді

B) +протез астындағы шырышты қабыққа әсер етеді

C) қарама-қарсы орналасқан тістердің кіреукесіне, қызыл иек

шырышты қабығына әсер етеді

D) тіс сауытына, альвеолалық өскінге, жұмсақ таңдайға әсер етеді

E) тілге, жоғарғы және төменгі еріндердің үзбесіне әсер етеді

6.1. Алмалы-салмалы шендеуіш протездің ауызға дұрыс салынғанын қандай аспап анықтайды?

    1. гнатодинамометрмен

    2. +параллелометрмен

    3. реографпен

    4. окклюзиограммамен

    5. электродонтометрмен

6.2. Иммедиат протездің қандай түрлері болуы мүмкін?

    1. +алмалы-салмалы түрі болуы мүмкін

    2. алынбайтын тұрақты түрі болуы мүмкін

    3. жартылай алынатын түрі болуы мүмкін

    4. толық алынбайтын түрі болуы мүмкін

    5. құрамалы түрі болуы мүмкін

6.3. Алмалы-салмалы шендеуіш-протез қандай әдіспен жасалады?

    1. +құю әдісімен жасалады

    2. соғу әдісімен жасалады

    3. дәнекерлеу әдісімен жасалады

    4. штамптау әдісімен жасалады

    5. пресстеу әдісімен жасалады

6.4. Тістердің жеке түйіспесін таңдап егеп-түзету үшін не қажет?

    1. реограмма

    2. рентгенограмма

    3. +окклюзиограмма

    4. гнатодинимометрия

    5. электродонтометрия

6.5.Тісті таңдап түзеткен соң не істеу керек?

    1. тісті сауытпен қаптау керек

    2. тіске пломба салу керек

    3. +тіске құрамында фторы бар дәрі-дәрмекті жағу керек

    4. шендеуіш салу керек

    5. каппа салу керек

6.6. Қозғалған тістерге 2-3 айға шендеуіш салу қажет болса шендеуіштің қандай түрі қолданылады?

    1. тұрақты түрі қолданылады

    2. +уақытша түрі қолданылады

    3. құрама түрі қолданылады

    4. алынбайтын түрі қолданылады

    5. алынатын түрі қолданылады

6.7. Уақытша шендеуішті қолдану алдында кенет қатты қабыну белгісі байқалса оны емдеу қажет пе?

    1. қажет

    2. қажет емес

    3. кейін емдеу қажет

    4. +сол сәтте емдеу қажет

    5. бәрібір

6.8.Тістің алдыңғы тобына шендеуіш салу тұрақтандырудың қай түріне жатады?

    1. +фронтальді тұрақтандыру түріне жатады

    2. сагитальді тұрақтандыру түріне жатады

    3. парасагитальді тұрақтандыру түріне жатады

    4. доға бойынша тұрақтандыру түріне жатады

    5. нүктелі түріне жатады

6.9. Тістің азу тістер тобына шендеуіш салу тұрақтандырудың қай түріне жатады?

  1. фронтальді тұрақтандыру түріне жатады

  2. +сагитальді тұрақтандыру түріне жатады

  3. парасагитальді тұрақтандыру түріне жатады

  4. доға бойынша тұрақтандыру түріне жатады

  5. фронтосагитальді тұрақтандыру түріне жатады

6.10.Екі жақтағы азу тістер тобына шендеуіш салу тұрақтандырудың қай түріне жатады?

    1. фронтальді тұрақтандыру түріне жатады

    2. сагитальді тұрақтандыру түріне жатады

    3. +парасагитальді тұрақтандыру түріне жатады

    4. доға бойынша тұрақтандыру түріне жатады

    5. фронтосагитальді тұрақтандыру түріне жатады

6.11.Тістердің барлық тобына шендеуіш салу тұрақтандырудың қай түріне жатады?

    1. фронтальді тұрақтандыру түріне жатады

    2. сагитальді тұрақтандыру түріне жатады

    3. парасагитальді тұрақтандыру түріне жатады

    4. +доға бойынша тұрақтандыру түріне жатады

    5. фронтосагитальді тұрақтандыру түріне жатады

6.12. Тісті таңдап егеу кезінде оның өткір қырлары қандай бормен тегістеледі?

    1. +карборунд таспен

    2. сепарациялық тегерішпен

    3. қатты қорытпалы тегерішпен

    4. дөңгелек таспен

    5. цилиндр тәрізді бормен

6.13.Шендеуіш-доға протезінің негізгі бөлігіне не жатпайды?

    1. протездің доғасы

    2. протездің ұстап-тіреп тұратын кламмерлері

    3. протездің ертоқым тәрізді бөлігі

    4. жасанды тістер

    5. +жасанды қызылиек

6.14.Иммедиат-протезді қандай кезде қолдану тиімсіз?

    1. жұлынған соң тістің орны жазылған кезде

    2. +беттің төменгі бөлігінің биіктігі өзгергенде

    3. косметикалық аурулар кезінде

    4. протез салынған тістің қасындағы пародонттың сему дәрежесі төмендеген кезде

    5. шайнау қысымы жасанды және табиғи тістерге бөлініп тұрған кезде

6.15.Алынбайтын шендеуіш-протезді жасауға не негіз болмайды?

    1. тістің қатты тіндерінің топографиясы

    2. +тістің қатты тіндерінің жағдайы

    3. сауыттың биіктігі мен ретенциялық аймақ жағдайы

    4. тістің периапикальді тіндерінің жағдайы

    5. пародонт жағдайы (резервтік күшін сақтау)

6.16.Шендеуіш доға протезді жасау кезінде жұмыстық модельге қандай жадығаттар жарайды?

    1. ғаныш жадығаты жарайды

    2. цемент жадығаты жарайды

    3. +супергипс жадығаты жарайды

    4. металл жадығаты жарайды

    5. қатты ғаныш жадығаты жарайды

6.17. Тісті таңдап, егеп түзету әдісі қандай жағдайда қолданылады?

    1. тіс адамның түрін бұзып тұрған жағдайда қолданылады

    2. көпір тәрізді протезді жасаған кезде болатын дәрігердің қатесін жөндеу үшін қолданылады

    3. +тістердің жеке түйіспесін (суперконтактын) түзету үшін қолданылады

    4. тіс қатарының бұзылуын жөндеу үшін қолданылады

    5. патологиялық қажалуды емдеу үшін қолданылады

6.18.Уақытша шендеуішті қолдану қай кезде тиімсіз?

    1. шендеуіш салатын тістерді қатты бекітер кезде

    2. шайнау қысымын барлық тіске біркелкі тарату кезінде

    3. дәрі-дәрмекпен және хирургиялық жолмен ем жасар кезде

    4. +тіс сауытының ақауын кетірер кезде

    5. физиотерапия жасар кезде

6.19. Уақытша пластмасса шендеуіш ауыздың ішкі жағына қалай орналасуы керек?

    1. қызылиек шетіне дейін жетуі керек

    2. тіс қызылиек науашығына (желобок) 0,5мм бату керек

    3. тіс қызылиек науашығына 1,0мм бату керек

    4. +қызылиек шетіне жетпеу керек

    5. қызылиек пен тіс бетіне орналасу керек

6.20.Уақытша шендеуіш жасау үшін тірек тістерге не істеуге болады?

    1. егеу қажет

    2. егеледі

    3. міндетті түрде толық егеледі

    4. +егеудің қажет жоқ

    5. жартылай егеледі

6.21.Уақытша шендеуішті кім және қайда жасағаны дұрыс?

    1. дәрігер емханада жасағаны дұрыс

    2. тіс технигі зертханада жасағаны дұрыс

    3. дәрігердің зертханада жасағаны дұрыс

    4. тіс технигі емханада жасағаны дұрыс

    5. +& дәрігер мен тіс технигі бірігіп жасағаны дұрыс

6.22.Шендеуішті тіске 2-3 жылға салу үшін оның қандай түрі қолданылады?

    1. уақытша түрі

    2. +тұрақты түрі

    3. құралмалы түрі

    4. алынатын түрі

    5. алынбайтын түрі

6.23. Тіс қатарының кетігіне протез саларда және алынбайтын шендеуіш саларда қандай протез қолданылады?

    1. +көпір тәрізді протез

    2. доғалы протез

    3. пластиналы протез

    4. иммидиат протез

    5. шендеуіш

6.24. Тіс қатарының кетігіне протез саларда және алмалы-салмалы шендеуіш саларда қандай протез қолданылады?

    1. көпір тәрізді протез

    2. +доғалы протез

    3. пластиналы протез

    4. иммидиат протез

    5. шендеуіш

6.25. 13,12,11,21,22,23 – тістерге шендеуіш салу қандай тұрақтандыру түріне жатады?

    1. +алдыңғы

    2. біржақты

    3. доға бойынша

    4. сагитальді

    5. парасагитальді

6.26. Парасагитальді тұрақтандыру кезінде шендеуіш қандай тістердің тобына салынады?

    1. алдыңғы

    2. жақ сүйектің бір жағына

    3. +жақ сүйектің екі жағына

    4. жақ сүйектің бір жағындағы алдыңғы және бүйір тістер тобына

    5. екі жақ сүйектің алдыңғы тістеріне

6.27. Шендеуіш протездің енгізу жолын немен анықтайды?

    1. гантодинамометрмен

    2. +параллелометрмен

    3. реографпен

    4. рентгенмен

    5. компьютерлік аппаратпен

6.28. Пародонт қабынуына тән емес көрсеткіш:

    1. тістердің патологиялық қозғалуы

    2. сүйек тіні альвеола қабырғасының сорылуы

    3. сүйек қырларының төмендеуі

    4. сүйек қалталарының пайда болуы

    5. +қызылиектің ақшыл-қызыл болуы

6.29.Окклюзиограмманы нені анықтау үшін қолданады?

    1. пародонт тіндерінің төзімділігін анықтау үшін

    2. жақтардың окклюзиялық ара қатынасын анықтау үшін

    3. +окклюзиялық алдын ала түйісуді анықтау үшін

    4. окклюзиялық биіктікті анықтау үшін

    5. қабынудың дәрежесін және таралу процесін анықтау үшін

6.30.Жайылған пародонтит кезінде тіс қызыл иек қалта неше тістің айналасында болады?

    1. бір тістің тұсында

    2. бірнеше тістің тұсында

    3. тек жоғарғы жақтың тістерінде

    4. тек төменгі жақтың тістерінде

    5. +барлық тістерде

6.31. Шоғырланған пародонтит қандай жолмен емделеді?

    1. жалпы жолмен

    2. хирургиялық жолмен

    3. терапиялық жолмен

    4. ортопедиялық жолмен

    5. +кешенді жолмен

6.32.Шоғырланған пародонтитті ортопедиялық әдіспен емдеу неге бағытталған?

    1. пародонтит тудыратын себепке

    2. +тістерге шеңдеуіш салуға

    3. пульпит тудыратын себепке

    4. жеке сауыттармен емдеуге

    5. пластиналы протездермен ақауларды қалпына келтіруге

6.33.Жайылмалы пародонтит кезінде болатын тіс қатары кетіктерінің клиникалық белгілері:

    1. +фронтальді тістердің алға ығысуы

    2. тістердің жартылай шығуы

    3. жоғарғы жақ фронтальді тістерінің шоғырлануы

    4. жоғарғы тістердің таңдайға қисаюы

    5. тік тістемнің пайда болуы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]