Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

ТЕСТ Экз. тест каз 2012 сонгы 1001 00

.doc
Скачиваний:
430
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
1.28 Mб
Скачать
  • ортасын ию

  • +иығын ию, денесін ию, өсіндісін ию

  • екі жақты ию, денесін ию

  • өсіндісін ию, денесін ию

  • денесін ию, иығын ию

! Тіс қатары толық модельді орнынан жылжытып көргенде экваторлық сызықтың жағдайы қандай болады?

  • +жағдайы өзгереді

  • жағдайы өзгермейді

  • жағдайы сәл өзгереді

  • жағдайы шамалы өзгереді

  • жағдай көп өзгереді

! Нея жүйесінде кламмерлер түрінің жалпы саны қанша?

  • +бес

  • үш

  • төрт

  • екі

  • алты

! Нея жүйесіне тіреп-ұстап тұратын кламмердің қандай түрі кірмейді?

  • Аккер кламмері

  • Роуч кламмері

  • айналмалы кламмер

  • +Бонвил кламмері

  • бір иықты кері әсері бар кламмер

! Окклюзиялық бастырманың мәні неде?

  • протезді дұрыс ұстап тұруда

  • тістерге шендеуіш болуында

  • +шайнау қысымын дұрыс таратуда

  • бос тістерді бекіту

  • протезді тұрақтандыру

! Кламмер иығының тұрақтандырғыш бөлігінің қызметі қандай?

  • протезді дұрыс ұстап тұру

  • тістерге шендеуіш болу

  • +шайнау қысымын дұрыстап бөлу

  • бос тістерді бекітуде

  • протезді тұрақтандыруда

! Параллелометрия әдісін қолданғанда жалпы клиникалық экватор мен анатомиялық экватор бір-біріне қаншалықты сәйкес келеді?

  • барлық жағдайда сәйкес келеді

  • +кейбір жағдайда ғана сәйкес келеді

  • сәйкес келмейді

  • сәйкес келуі мүмкін

  • екеуі екі басқа түсінік

! Кламмер иығының ретенциялық бөлігі қандай аймаққа орналасады?

  • тістің шайнау бетіне орналасады

  • тістің экваторына орналасады

  • тістің окклюзиялық аймағына орналасады

  • +тістің гингивалық аймағына орналасады

  • тістің қырына орналасады

! Кламмерлер қызметіне (функциясына) қарай қандай түрлерге бөлінеді?

  • +ұстап тұратын, тіреп тұратын, тіреп-ұстап тұратын түрге

  • екі иықты, бір иықты, тұзақ тәрізді түрге

  • майыстырылған, құйылған түрге

  • сым темірлі, таспа тәрізді түрге

  • бір иықты, тірек түрге

! Пластиналық протезді қозғалтпай бекітетін элементке не жатады?

  • +механикалық құралдар жатады

  • протез табаны (базисі) жатады

  • жасанды тіс қатары жатады

  • протездің ершігі жатады

  • aдгезия жатады

! Тіс қатарының үлкен ақауында қолданылатын пластиналық протездің табанына (базисіне) тамақты шайнау кезінде түсетін шайнау қысымын қалай азайтуға болады?

  • +табан (базистің) көлемін кішірейту арқылы

  • механикалық бекіткіштер арқылы

  • жасанды тістің санын азайтып отырғызу арқылы

  • адгезия арқылы

  • торус арқылы

! Егер тіс қатарының ақауын пластиналы протезбен қалпына келтіретін болса, орталық окклюзияны қалай тауып бекітуге болады?

  • жұмсарған балауыз жолағы көмегімен

  • тістем білікше көмегімен

  • +тістем білікше көмегімен анықталатын окклюзия биіктігі бойынша

  • тістем білікшемен тыныштық күйде

  • балауыз жолағымен окклюзиялық биіктігі бойынша

! Протез табаны (базисі) қай кезде клиникалық әдіспен қайта жасалмайды?

  • +ауыздың шырышты қабықтары ауырған кезде және науқасқа пластмасса жақпаған кезде

  • тістем (прикус) биіктігі төмендеген кезде

  • шықшыт буыны бұрыннан ауыратын кезде

  • шырышты қабық қабынғанда

  • шырышты қабық дистрофияға ұшырағанда

! Қайта жасау әдісінің қайсысын қолданғанда протез табанының (базисінің) пластмассасы тастай тығыз (монолит) болып шығады?

  • клиникалық әдісті қолданғанда

  • +зертханалық әдісті қолданғанда

  • қалыпты балауызбен алғанда

  • аралас әдісті қолданғанда

  • қалыпты ғанышпен алғанда

! Егер жоғарғы жақ сүйекке арналған қалыпты (стандартты) қасық жоғарғы жақтың төмпешіктеріне жетпесе не істеу керек?

  • +қасықтың шетіне балауыз жабыстырып, қасықтың мөлшерін үлкейту керек

  • қасықтың дистальді бөлімін ұзарту керек

  • қасықты өзгеріссіз қалдыру керек

  • жоғарыда аталғандардың бәрін істеу керек

  • қасықтың шетіне пластмасса жабыстыру керек

! Тісті Васильев әдісімен орнықтырған кезде бірінші азу тіс қалай тұру керек?

  • оның екі төмпешігі де әйнекке тиіп тұру керек

  • +әйнекке оның ұрт төмпешігіне ғана тиюі керек, ал таңдай төмпешігі әйнектен 1мм төмен болуы керек

  • тістің екі төмпешігі де әйнекке 3 мм жетпеуі керек

  • тістің екі төмпешігі де әйнекке 2 мм жетпеуі керек

  • оның үш төмпешігі де әйнекке тиіп тұру керек

! Әйнек бойынша жасанды тісті орнықтырғанда ортаңғы күрек тістер қалай тұруы керек?

  • тістеу қырлары әйнекке жетпеуі керек

  • +тістеу қырлары әйнекке тиіп тұруы керек

  • тістеу қырлары әйнекке 0,5 мм жетпеуі керек

  • тістеу қырлары әйнектен 2мм төмен болуы керек

  • тістеу қырлары әйнекке тек медиальді бұрыштарымен ғана тиіп тұру керек

! Балауыз құрылымын тексерген кезде, жоғарғы жақтың жасанды тістері өте үлкен болып шыққаны анықталды. Не істеу керек?

  • +жақ сүйектердің ара қатынасын қайтадан анықтау керек

  • тек алдыңғы тістерді ауыстыру керек

  • барлық тістердің орындарын ауыстыру керек

  • жоғарғы жақтағы барлық тістердің орындарын ауыстыру керек

  • төменгі жақтың алдыңғы тістерінің орындарын ауыстыру керек

! Қай кезде протез табанын клиникалық әдіспен қайта жасауға болады?

  • +протез табаны шамалы ғана қысқарған кезде

  • протез табаны айтарлықтай қысқарған кезде

  • жақ сүйекке протез тепе-тең боп отырмаған кезде

  • тістем биіктігі төмендеген кезде

  • протез табаны сынған кезде

! Әйнек бойынша жасанды тіс салған кезде өртаңғы күрек тістер альвеолааралық өскін қырының ортасына қарағанда қалай орналасқаны дұрыс?

  • альвеолааралық өскін қырының ортасына тік болған дұрыс

  • +жасанды тістің 2/3 бөлігі альвеолааралық өскін қыры ортасының сыртында болғаны дұрыс

  • жасанды тістің 2/3 бөлігі альвеолааралық өскін ортасының ішінде болғаны дұрыс

  • альвеолааралық өскіннің сыртқы беті бойынша орналасқаны дұрыс

  • альвеолааралық өскіннің қыры тақ ортасы бойынша орналасқаны дұрыс

! Нея жүйесіндегі кламмердің тісте орналасу заңдылығы қандай?

  • +тірек (стабилизациялық) бөлігі шолу сызығынан жоғары, ілмек (ретенциялық) ұшы одан төмен

  • тірек бөлігі шолу сызығында, ілмек ұшы одан жоғары

  • тірек бөлігі шолу сызығынан төмен, ілмек ұшы одан жоғары

  • тірек бөлігі шолу сызығынан жоғары, ілмек ұшы шолу сызығының деңгейінде

  • тірек бөлігі шолу сызығынан өте жоғары, ілмек ұшы сәл төмен

! Тіреп-ұстайтын Нея кламмерлерінің 3-түрін атаңыз:

  • +құрама 1 және 2-түрі

  • Аккер түрі

  • Роуч түрі

  • окклюзиялық бастырмасы бар кері әсерлі бір иықты түрі

  • Джексон кламмері

! Тіреп-ұстайтын Нея кламмерінің 4-түрін атаңыз:

* құрама 1 және 2-түрі

* Аккер түрі

* +Роуч түрі

* окклюзиялық қос батырмасы бар сақина түрі

* окклюзиялық бастырмасы бар кері әсерлі бір иықты түрі

! Жасанды тістерді салғанда ортаңғы күрек тістердің орналасуы қалай болуы керек?

* әйнекке тимеуі керек

* +әйнекке күрек тістің өткір қыры тиуі керек

* әйнекке 0,5 мм жетпеуі керек

* әйнекке 2 мм жетпеуі керек

* әйнекке медиальді бұрышымен тиіп, ал дистальді бұрышымен 0,5 мм-ге тимеуі керек

! Тісті Васильев әдісі бойынша салғанда бірінші кіші азу тіс қалай орналасуы керек?

*қос төмпешігімен әйнекке тиіп тұру керек

*+әйнекке тек ұрт төмпешігімен ғана тиеді, ал таңдай төмпешігі әйнекке 1 мм жетпейді

*әйнекке тек таңдай төмпешігі ғана тиеді, ал ұрт төмпешігі әйнекке 1мм жетпейді

*екі төмпешіктің екеуі де 1 мм жетпейді

*ұрт төмпешігі әйнекке 1 мм жетпейді, ал таңдай төмпешігі әйнекке 0,5 мм жетпейді

! Жоғарғы жақтың алдыңғы бөлiгiне салынатын көпiр тәрiздi протездiң жасанды тiстерi қызылиекке қарағанда қандай пiшiнде жасалуы керек?

  • шайнау кеңiстiгi пiшiнде

  • +жанасқан пiшiнде

  • ершiк тәрiздi

  • көлденең пішінде

  • қиғаш пішінде

! Көпiр тәрiздi протездiң аралық бөлiгiн ершiк тәрiздi пiшiнде жасауға бола ма?

  • болады

  • +болмайды

  • кейде болады

  • кейде болмайды

  • тікелей жасаған дұрыс

! Көпiр тәрiздi протездiң аралық бөлiгіндегi пластмасса фасетка шырышты қабыққа қарағанда қалай жайласуы керек?

  • шырышты қабыққа жанасуы керек

  • +шырышты қабыққа жанаспау керек

  • фасеткiнiң шырышты қабыққа қатынасының мәнi жоқ

  • шырышты қабыққа тиіп тұрған дұрыс

  • алшақ жатқан жөн

! Металды керамикалық көпiр тәрiздi протездiң аралық бөлiгiн ершiк тәрiздi қылып жасау мүмкiн бе?

  • мүмкiн

  • +мүмкiн емес

  • кейде болады

  • кейде болмайды

  • жасаған дұрыс

! Көпiр тәрiздi протездегi тiстердiң және жасанды тiстердiң шайнау төмпешiктерi қандай пiшiнде болуы керек?

  • анық бөлiнiп тұруы керек

  • +дөңгеленiп онша анық болмағаны дұрыс

  • жалпақ болуы керек

  • бедерлі болған дұрыс

  • жалпақ болған дұрыс

! Көпiр тәрiздi протездiң бөлiктерiн дәнекерлемес бұрын оларды алдын ала немен бекiтедi?

  • +базистi балауызбен

  • жабысқақ балауызбен

  • мүсiндегiш балауызбен

  • дәлденген электродәнекермен

  • дәлденген магнит дәнекермен

! Металды керамикалық көпiр тәрiздi протездi қай мүсiнде жасайды?

  • суперғаныш мүсiнде

  • +құрамалы мүсiнде (разборный)

  • медициналық ғаныш мүсiнде

  • отқа төзiмдi мүсiнде

  • металл мүсінде

! Көпір тәрізді металл протездің тірек сауыттарын шақтап кигізіп көру қандай клиникалық кезеңге жатады?

  • бірінші кезеңге

  • +екінші кезеңге

  • үшінші кезеңге

  • төртінші кезең

  • бесінші кезең

! Кеннедидің жіктеуі бойынша тіс қатарының қандай кетігінде көпір тәрізді протез жасау абсолютті көрсеткіш болып табылады?

  • I, II, III, IV класстар

  • I, II класс

  • I, III класс

  • I, II, III класс

  • +III, IV класс

! Көпір тәрізді протез дайындаудың II-клиникалық кезеңінде не істейді?

  • орталық ара қатынасын анықтау және бекітілмеген тістемде альвеола биіктікті анықтау

  • тексеру, диагноз қою

  • мүсін құю

  • +сауытты кигізіп шақтау, тістем күйінде қалып алу

  • протезді кигізіп шақтау, тістем күйінде қалып алу

! Көпір тәрізді протездің аралық бөлігіне қандай талаптар қойылады?

  • +шайнау бетінің кеңдігі, жұлынған тіс сауыттың көлеміне сай болу керек

  • сауыт ені аралық бөліктің енімен бірдей болмауы керек

  • сауыт ені аралық еніне қарағанда үлкен болу керек

  • техниктің мамандануына байланысты кеңдігінің мәні жоқ

  • тірек тістердің көлемінен үлкен болу керек

! Қандай себеп жартылай екіншілік адентияға алып келеді?

  • тұрақты тістер ұрығының толық қалыптаспауы

  • қызылиек аурулары

  • шықшыт буынының аурулары

  • таңдайдың жырығы

  • +тісжегінің асқынулары

! «Көпір тәрізді» протезге дұрыс анықтама беріңіз:

  • протездің конструкциясы көпірдің конструкциясына ұқсас

  • алынбайтын протез, тіс қатарындағы кетіктің орнын толтырады

  • протез тіс қатарындағы кетіктің орнын толтырады, тірек тістерге цементпен бекітіледі

  • +алынбайтын протез кем дегенде екі тірегі бар, кіші және орта тіс қатарының кетігін кетіреді

  • бір тіректі көпір тәрізді протез

! Қандай жағдайда шайнау қысымы көпір тәрізді тістің тірек тістеріне физиологиялық тұрғыдан жайсыз болады?

  • тірек тістер функциональді бағыттаушы топқа кіргенде

  • тісаралық кетік тік сызықты бағытта болғанда

  • тірек тістерге әртүрлі функциялы тістер қосылғанда

  • тірек тістер функциональді бағыттаушы топқа кірмегенде

  • +тірек тістерге қысым бұрыштан түскенде

! Көпір тәрізді протез кезінде шайнау қысымы қандай тінге таралмайды?

  • пародонтқа

  • тірек тістерге

  • көрші тістерге

  • қарама-қарсы тістерге

  • +шырышты қабыққа

! Көпір тәрізді протездің функциональді тиімділігі қандай?

  • +90-95% шайнау тиімділігін қалпына келтіреді

  • эстетикаға сай емес

  • барлық тіс қатарын қалпына келтіреді

  • 80-90% шайнау тиімділігін қалпына келтіреді

  • 70-80% қалпына келтіреді

! Ортопедиялық стоматология клиникасында бір тірек тісті көпір тәрізді протез қолданыла ма?

* иә, көпір тәрізді протездер бір тіске бекуі мүмкін

* жоқ, мұндай протез қолданылмайды

* +кіші азу тістер немесе фронтальді тұста тіс жоқ болғанда протездеуге қолданылады

* тек бүйір тістерге протездеуге қолданылады

* басқа протез түрлерін қолдану мүмкін болмаған жағдайда қолданылады

! Көпір тәрізді протез дайындағанда тірек тістердің санын дұрыс таңдап алмау неге алып келеді?

* функциональді артық күштің түсуіне

* қызылиекті зақымдауға

* +көпір тәрізді протез денесінің сынуына

* қарсы тістердің периодонтында патологиялық үрдістің дамуына

* тірек тістердегі ұлпаның патологиясына

! Көпір тәрізді протездің аралық бөлігін қандай жадығаттан мүсіндейді?

* +мүсіндеуіш балауызбен

* негіздік балауызбен

* лавакспен

* доғалы балауызбен

* протакрил арқылы

! Протезбен қарсы тістердің арасында түйісу болмаған кезде не істеу керек?

* +протезді қайта жасау керек

* сауытты ұзарту керек

* цементпен көтеріп мойнына дейін отырғызу керек

* қайта мүсіндеу керек

* қарсы тіске пломба салу керек

! Көпір тәрізді протезді уақытша бекіту үшін не қолданылады?

  • +суға шыланған дентин

  • висфат-цемент

  • фосфат-цемент

  • адгезор

  • репин

! Сауытты тірек тіске кигізіп көргенде қызылиегі ағарып кетті, бұл нені көрсетеді?

  • +сауыттың ұзын болғанын

  • сауыттың тар болғанын

  • сауыттың кең болғанын

  • сауыттың қысқа болғанын

  • тістемнің биіктеуін

! Көпір тәрізді протезді бекітудің алдында тірек тістерді қандай дәрі-дәрмектің ерітіндісімен өңдеу керек?

      • люголь ерітіндісімен

      • 10% марганец ерітіндісімен

      • ортофосфор ерітіндісімен

      • +спиртпен

      • сутегінің асқын тотығымен

! Қандай мақсатпен көпір тәрізді протезді мүсіндеуді артикуляторда жүргізеді?

      • эстетикалық талаптарға сай

      • парадонт жарақаттарының алдын алу үшін

      • жақсы жабысу үшін

      • +біркелкі окклюзиялық түйісуге жету үшін

      • тез мүсіндеу үшін

! Көпір тәрізді протез қандай құрама бөліктерден тұрады?

      • негіз және ұстап тұрушы кламмерлерден

      • жасанды сауыттардан

      • +тіректі бөліктер мен аралық бөліктерден

      • сақиналы қондырмадан

      • кламмерлері бар сауыттардан

! Көпір тәрізді протезді мүсіндегенде денесі мен шырышты қабықтың арасында 2-3 мм саңылау қандай пішінде сақталу қажет?

      • сына тәрізді

      • +иек тәрізді

      • иек тәрізді, жанаса

      • аралас

      • вертикальді

! Көпір тәрізді протезді бүйір бөлікке салуға қанша тістің болмауы көрсеткіш болып табылады?

      • +3-4 тістен кем емес

      • 4-5 тістің болмауы

      • 4-6 тістің болмауы

      • 7 тістің болмауы

      • жоқ тістердің санының маңызы жоқ

! Көпір тәрізді протездерге қойылатын клиникалық талаптар қандай?

      • серпімділігі

      • жұмсақтылығы

      • +тиімділігі

      • мықтылығы

      • жылу өткізгіштігі

! Пластмассалы фасетканың сынап кету себебі?

      • +металды қаңқаның ретенциялық ілмегінің қысқа болуы

      • полимеризацияның бұзылуы

      • металды қаңқаны мүсіндеудің дұрыс болмауы

      • тірек тістердің дұрыс мүсінделмеуі

      • металды қаңқа ілмегінің ұзын болуы

! Пластмассалы көпір тәрізді протезді бекіту үшін қандай цементті қолдануға тыйым салынған?

      • адгезор

      • фосфат-цемент

      • унифас

      • висфат-цемент

      • +күмісті фосфат

! Құрамдастырылған көпір тәрізді протездің тірек тістерін шақтап көру, қай кезеңде істеледі?

  • 1

  • +2

  • 3

  • 4

  • 5

! Көпір тәрізді протездің сыну себебіне не жатады?

      • +сауыттарды дәнекерлеуге алаңның аз болуы

      • көп мөлшерде бура қолдану

      • көпір тәрізді протездің денесі мен сауытындағы саңылаулар

      • дәнекерлеудің үлкен алаңы

      • дәнекердің көп болуы

! Пластмассалы көпір тәрізді протездің түсін қай клиникалық кезеңде анықтайды?

  • +1

  • 2

  • 3

  • 4

  • 5

! Көпір тәрізді протезді висфат-цементке бекіту кезінде мүмкін болатын қателіктер мен асқынулар қандай?

  • +тістемнің биіктеуі

  • цементтің жай қатуы немесе қатпауы

  • қызылиекке жетіп жатуы

  • сауыт астына мақта бөліктерінің кіріп кетуі

  • гальванизм көрінісі

! Көпір тәрізді протездің тірек тістері мен аралық бөлігін желімдеп тұрған жабысқақ балауызды немен ерітіп шығарады?

  • дәнекерлеуші аспаппен

  • газды горелкамен

  • бензинмен, мономермен сүртеді

  • спиртті ыдыста қыздырады

  • +қайнаған сумен кетіреді

! Көпір тәрізді протезді уақытша немен бекітуге болады?

  • +дентинді сумен

  • висфат-цементпен

  • фосфат-цементпен

  • адгезормен

  • сиэластпен

! Қай клиникалық кезеңде тіректік пластмассалық сауыттарды қайта негіздеуге болады?

  • 1

  • +2

  • 3

  • 4

  • 5

! Тіс қатарының Кеннеди бойынша қай кластық ақауын көпір тәрізді протездер толықтырады?

  • 1,2-класс

  • 1,3-класс

  • 2-4-класс

  • +4-класс

  • 1-4-класс

! Кеннеди жіктеуінің негізіне не жатады?

  • +тістердің топтастырылуы, ақаудың сипаты, орналасуы

  • жақта орналасуына байланыссыз, жеке сақталған тістерге байланысты

  • тістемнің функциональді жағдайы

  • тұрақты орналасқан сау тістер саны

  • жоқ тістер саны

! Пластмассалы көпір тәрізді протезді бекітудің басқа көпір тәрізді протезді бекітуден айырмашылығы неде?

  • +қайта негіздеу (перебазировка)

  • фосфат-цементке отырғызу

  • қызыл иек жарақаты

  • көпір тәрізді протез денесінің сынып қалуы

  • антогонист тістердің периодонтында паталогиялық үрдістің дамуы

! Пластмассалы көпір тәрізді протез үшін тірек тістерді егеу неге тең?

  • 0,2мм

  • 0,5мм

  • 1,0мм

  • +1,5мм

  • 2-3мм

! Көпір тәрізді протез салу үшін тірек тістерді егеуді қай беттен бастайды?

  • окклюзиялық беттен

  • тіл бетінен

  • вестибулярлы беттен

  • +жанасу бетінен

  • мойын бетінен

! Тірек тістердің шайнау бетін қандай бормен егейді?

  • +алмаз бормен

  • шар тәрізді бормен

  • кері конус тәрізді бормен

  • фиссурлы бормен

  • цилиндр тәрізді бормен

! Тістемді биіктетіп тұрған көпір тәрізді протездің аралық бөлігін қандай аспаппен өңдейді?

  • үлкен карборунд тасымен

  • екі жақты тегершікпен

  • +вулканитті тегершікпен

  • бір жақты тегершікпен

  • алмаз бормен

! Көпір тәрізді протезді салу үшін дайындауға қажетті көрсеткіш?

  • тірек тістердің қозғалғыштығы

  • тіс қатарының шектелмеген ақауы

  • +ақауды шектейтін тістердің үлкен конвергенциясы

  • тіс қатары ақауының ұзақтығы

  • ақауы шектелмейтін конвергенциясы

! Көпір тәрізді протез дайындау үшін тірек тістерді егеудің ерекшеліктері қандай?

  • көпір тәрізді протездің құрылымына байланысты

  • тірек тістер санына байланысты

  • +тірек тістердің қабырғаларының толық параллельдігін сақтауға байланысты

  • қабырғаларының орналасуына байланысты

  • параллельдікті сақтау міндетті емес, ең бастысы көп мөлшерде қатты тінді егеп тастау керек

! Окклюзиялық білігі бар балауыз базистің деформациясын болғызбау үшін немен беріктігін арттырады?

  • тез қататын пластмассамен

  • ғанышты блокпен

  • +металл сыммен

  • балауызды қалыңдату арқылы

  • негізді қалыңдату арқылы

! Көпір тәрізді протездің қандай түрлері бүгінгі талаптарға сай емес?

  • біртұтас құйылған

  • +дәнекерленген

  • құрамдастырылған

  • тіреп-ұстап тұрушы кламмерлері бар

  • адгезивті

! Металды керамикалық және пластмассалық протез жасау үшін қалыптың қандай түрін алады?

  • функциональді

  • тістем күйінде (в прикусе) қалып алу

  • жартылай қалып алу

  • +толық анатомиялық қалып алу

  • ерікті әдіспен қалып алу

! Окклюзиялық бастырма үшін орынды қандай құрал-саймандармен

жасайды?

  • сепарациялық тегершіктермен, карборунд тастармен

  • сайлы бұрғылармен

  • жалын тәрізді бұрғылармен және сепарациялық тегершіктермен

  • +карборунд және алмаз тастармен

  • шар тәрізді және сайлы бұрғылармен, сепарациялық бұрғылармен

! Физиологиялық тыныштық кезеңінде тістер аралығы неге тең?

  • 0-2 мм-ге

  • +2-4 мм-ге

  • 4-6 мм-ге

  • 6-8 мм-ге

  • 8-10 мм-ге

! Металсыз протез салу жүйесіне не кіреді?

  • фарфор протездер

  • ситальді протездер

  • металды протездер

  • +«Targjg Vectrig» жүйесінің протездері

  • пластмассалы протездер

! «Сеrec» жүйесі дегенді қалай түсінеміз?

  • +фрезерлеу арқылы протездер жасау

  • панорамды рентген түсіруге арналған аспап

  • толық тіссіз жаққа тістерді орналастыру жүйесі

  • пластиналы протездерді полимеризациялау жүйесі

  • жасанды сауытпен көпір тәрізді протезді алу жүйесі

! Жалғыз тістің немесе жақ сүйектегі тіс түбірінің негізгі биологиялық ерекшелігін атаңыз:

  • +алмалы-салмалы протезге бейімделуді оңтайлатады

  • тіс протезінің әсерін жақсартады

  • тіс протезінің бекітілуін жақсартады

  • жасанды тіс қатарының конструкциялануын жақсартады

  • альвеола өсінді биіктігін семуден сақтайды

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]