Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

ТЕСТ Экз. тест каз 2012 сонгы 1001 00

.doc
Скачиваний:
430
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
1.28 Mб
Скачать

8.4. Қандай окклюзиялық қисық сызықтар бар?

    1. сагитальді

    2. трансверзальді

    3. +сагитальді және трансверзальді

    4. вертикальді

    5. диагональді

8.5. Бүйірлі буын жолының бұрышы (Беннета бұрышы) неге тең?

    1. 11°

    2. +17°

    3. 45°

    4. 100-110°

    5. 80-90°

8.6. Бүйірлі буын жолының бұрышы кімнің атына байланысты?

    1. Гизи бұрышы

    2. Уилсон бұрышы

    3. +Беннета бұрышы

    4. Монсон бұрышы

    5. Кеннеди бұрышы

8.7. Сагитальді күрек тіс жолының бұрышы (Гизи бойынша) неге тең?

    1. 15-17°

    2. 30-35°

    3. +40-50°

    4. 110-115°

    5. 80-90°

8.8. Сагитальді буын жолының бұрышы (Гизи бойынша) неге тең?

    1. 15-17°

    2. 30-35°

    3. +40-50°

    4. 110-115°

    5. 80-90°

8.9. Шықшыт буынның морфологиялық элементтеріне рентгенологиялық әдістермен диагноз қойғанда, қандай әдіс нақты мәлімет бере алады?

    1. панорамдық рентгенография

    2. ортопантомография

    3. теленрентгенография

    4. рентгенокинематография

    5. +компьютерлі томография

8.10. Шықшыт ауруларына диагноз қою үшін төмендегі әдістердің қайсысы тиімсіз?

    1. функциональді окклюзияны талдау

    2. +электродонтодиагностика

    3. рентгенологиялық тексеру

    4. буын аускультациясы

    5. электромиографиялық тексеру

8.11. Шықшыт буын аурулары кезінде тісті таңдап егеу қандай мақсатпен жүргізіледі?

    1. окклюзиялық биіктікті төмендету үшін

    2. пародонтқа жүктемені азайту үшін

    3. +функциональді окклюзияны қалыпқа келтіру үшін

    4. окклюзиялық биіктікті көтеру үшін

    5. тіс қатарының ақауын келтіру үшін

8.12. Созылмалы артрит кезінде шықшыт буынында қандай рентгенологиялық өзгерістер байқалады?

    1. буын саңылауы кеңейеді

    2. буын саңылауы тарылады

    3. +шықшыт буын басының контуры анық шықпайды

    4. буын сүйектік элементтердің деформациясы байқалады

    5. буын басында қабыну белгілері байқалады

8.13. Артроз кезінде шықшыт буынында қандай рентгенологиялық көріністер байқалады?

A) буын саңылауы кеңейеді

B) буын саңылауы тарылады

C) буын саңылауы болмайды

D) +буын сүйектік элементтердің пішіні өзгереді

E) буын басының кортикальды қабаты тығыздалады

8.14. Шықшыт буынының артрозына қандай өзгерістер тән?

    1. +буын тінінде шеміршек, сүйек, дәнекер қабыну элементіндегі кездесетін атрофиялық, дегенерациялық және пролиферациялық өзгерістер тән

    2. суық тиген кезде сыздап жүйке бойымен тарайтын буын тінінің өршіп қабынуы

    3. төменгі жақ сүйек қозғалысының бұзылуы, буынның сыртылдап ауруы

    4. буын тініндегі дистрофиялық процестердің болуы

    5. шықшыт буынның ауызды ашқанда қозғалмай қалуы

8.15. Жиі артритке тән көріністер қандай?

    1. тыныштық кезде буынның тұрақты түрде ауруы

    2. шықшыт буынында жиі-жиі ұстама ауруының пайда болуы

    3. +төменгі жақ сүйек қозғалғанда буындағы ауыру сезімінің ұлғаюы

    4. ауыздың 4,5-5 см ашылуы

    5. шықшыт буынына сыртылдаған дыбыстың болуы

8.16. Окклюзиялық факторларға қандай фактор жатпайды?

    1. буын жолы

    2. Беннета қозғалысы

    3. окклюзиялық жазықтық

    4. +шайнау

    5. Уилсон қисық сызығы

8.17. Шықшыт буын ауруларының оңтайлы реабилитациялық жолдарын көрсетіңіз:

    1. ортопедиялық, медикаментозды, хирургиялық әдістер

    2. ортопедиялық, физиотерапиялық әдістер, шайнау бұлшық етіндегі жансыздандырғыш дәрілермен блокада жасау

    3. +психотерапия және медикоментозды әдістер, физиотерапия, миогимнастика, ортопедиялық әдістер

    4. ортопедиялық, рефлексотерапиялық, хирургиялық әдістер

    5. медикоментозды, миогимнастика, хирургиялық әдістер

8.18. Шықшыт буын ауруларының қандай түрінде шайнау бұлшықеттерінің түйілуі (спазмасы) байқалады?

    1. артриттер

    2. артроздар

    3. +нейробұлшықетті дисфункция

    4. ісіктер

    5. тіс қатарының ақаулары

8.19. Шықшыт буын ауруларымен кімдер жиі ауырады?

    1. ер адамдар

    2. +әйел адамдар

    3. жынысына байланысты емес

    4. екеуі де бірдей

    5. алма кезек ауырады

8.20. Шықшыт буын аурулары кезінде ортодонтиялық аппараттарды қолданудың мерзімдері қандай?

    1. бір апта

    2. екі апта

    3. бір ай

    4. +3-6 ай

    5. бір жыл

8.21. Шайнау жүктемесі (нагрузкасы) қандай тістердің аумағында шоғырланады?

    1. үлкен азу тістерде

    2. күрек тістер мен сүгір тістерде

    3. кіші азу тістерде

    4. +кіші және үлкен азу тістерде

    5. тек күрек тістерде

8.22. Шықшыт буынның дисфункциясы кезінде окклюзиялық-артикуляциялық синдромның пайда болуына қандай дәйектің қатысы жоқ?

    1. ертерек окклюзиялық түйіспенің (контактың) пайда болуы

    2. тіс қатарының деформациясы мен аномалиясы

    3. тістердің түсіп қалуы

    4. +зиянды әдістер

    5. альвеола аралық биіктіктің төмендеуі

8.23. Окклюзияны түзеп-жөндеу (коррекциялау) қандай әдістермен жүргізіледі?

  1. ортопедиялық, ортодонтиялық әдістер

  2. +ортопедиялық, ортодонтиялық, хирургиялық әдістер

  3. ортопедиялық, ортодонтиялық, хирургиялық, физиотерапиялық

  4. ортодонтиялық, терапиялық

  5. ортопедиялық, ортодонтиялық, физиотерапиялық

8.24. Тіс қатарында пайда болған кетік кезіндегі шықшыт буынындағы өзгерістер неге байланысты?

  1. +шайнау қысымының таралу жағдайының өзгеруіне

  2. шайнау тиімділігінің төмендеуіне

  3. шайнау тиімділігінің жоғарылауына

  4. аралас функциясы бар тіс топтарының пайда болуына

  5. окклюзияның өзгеруіне

8.25. Шайнау бұлшық еттерінің функциональді жағдайына не әсер етпейді?

  1. сақталған тістердің саны

  2. парадонт жағдайы

  3. төменгі жақ сүйектің жағдайы

  4. окклюзияның бұзылуы

  5. +тіс қатарының кетігі

8.26. Шықшыт буын артрозға ұшырағанда симптоматика қай жақта айқын көрінеді?

  1. шықшыт буынның сау жағында

  2. +шықшыт буынның ауру жағында

  3. шықшыт буынның екі бірдей жағында

  4. шықшыт буында алма-кезек байқалады

  5. шықшыт буында көрінбеуі де мүмкін

8.27. Шықшыт буынының аурулары кезінде тістерді таңдап егеу қандай мақсатпен жүргізіледі?

  1. окклюзиялық биіктікті төмендету үшін

  2. пародонтқа жүктемені азайту үшін

  3. +төменгі жақ сүйектің қозғалысын жақсарту үшін

  4. пародонттағы сырқатты емдеу үшін

  5. патологиялық қажалуды қалпына келтіру үшін

8.28. Шықшыт буынның ауруларына диагноз қоярда төмендегі әдістердің қайсысының қатысы шамалы?

  1. беттің төменгі бөлігінің биігін анықтау

  2. функциональді окклюзияны талдау

  3. рентгенологиялық зерттеу

  4. буын мен шайнау бұлшық еттеріне пальпация жасау

  5. +қан құрамының анализін талдау

8.29. Артроздың этиологиясы мен патогенезіне төмендегі қандай фактордың тікелей қатысы жоқ?

  1. функциональді окклюзияның өзгеруі

  2. дұрыс протез салмау

  3. төменгі жақ сүйектің аномалиясы

  4. төменгі жақ сүйек буын басының дамымай қалуы

  5. +ауызды шамадан тыс ашу

8.30. Жіті артрит симптомдарына төменгі факторлардың қайсысы кірмейді?

  1. тыныштық кезінде буынның тұрақты түрде ауруы

  2. буында байқалатын ұстамалы аурулар

  3. төменгі жақсүйек қозғалғанда күшейетін аурулар

  4. +ауызды бар болғаны 0,5 – 1,0 см шамасында ашу

  5. ауызды 4,5 – 5,0 см-ге дейін ашу

9.1. Протез астындағы тін протез құрамындағы затпен әрекеттескенде түйіспелі (контакті) аллергия тудыратын заттың аты не?

    1. антиген

    2. антидене

    3. адреналин

    4. гидрохинон

    5. +гаптен

9.2. Мыналардың қайсысы гаптен болады?

    1. +гидрохинон, мономерлер, бензоил тотығы, мырыш тотығы, бояғыштар

    2. мырыш, хром, никель, алюминий, молибден тотығы

    3. метилметакрилат, полистирол, капрон, полипропилен, полимидтер

    4. бакелит, стомалит, эфнелит

    5. маршалит, силикат, силицин

9.3. Төменгі аурулардың қайсысы аллергиялық стоматиттің белгісі бола алады?

    1. +ауыз қуысы шырышты қабығының ісінуі, қызаруы (гиперемия), папиломотоз, ауыз тінінің қызуы

    2. қатты және жұмсақ таңдай шырышты қабықтарының ісінуі, қызаруы (гиперемия) декубитальды жаралар

    3. гиперпластикалық өзгерістер, жаралану, гиперемия, ісіну

    4. сілекейдің көп бөлінуі, Квинке ісігі, гиперестезия

    5. терінің қызаруы, ауыздың кебуі, жылу сезімталдығының төмендеуі

9.4. Аллергиялық стоматитпен ауыратын науқасқа төмендегі реакциялардың қайсысы тән?

    1. қан қысымының жоғарылауы

    2. +терінің қызаруы, дене температурасының жоғарылауы, беттің, қолдың жіті дерматиті, диспепсия, созылмалы ренит, конъюктивит

    3. кератоконъюктивит, жас ағуы, құлақ маңы безінен сілекей бөлінуінің төмендеуі

    4. артриттік өзгерістер, қышқылдықтың төмендеуі немесе жоғарылауы

    5. психикалық өзгерістер, глоссалгия белгілері, жүрек-қантамыр жүйесі мен көрудің төмендеуі

9.5. Протездік стоматит кезінде төмендегі нақтамалық (диагностикалық) сынамалардың қайсысы қолданылады?

    1. +скарификациялық-үлбіректі сынама, тері-аппликациялық сынама, экспозициялық және провокациялық сынама

    2. домбықпалы (волдырная) сынама, Шиллер-Писарев сынамасы

    3. эпимукоздық сынама, лейкопениялық сынама

    4. экспозициялық және провокациялық сынамалар

    5. Гербст, Рубинов, Гельман сынамалары

9.6. Протездік стоматитті нақтамалау үшін алғашқы кезде төмендегі әдістердің қайсысы қолданылады?

    1. аллергиялық сынамалар жүргізу

    2. +сырқат тарихымен (анамнезбен) танысу, сұрап білу

    3. химиялық спектр әдісі, рентгенологиялық, биохимиялық әдістер

    4. одонтопародонтограмма, шайнау сынамасы

    5. телерентгенография, паноромдық R – графия, реография, пародонтограмма

9.7. Уытты (токсикалық) стоматит адам ағзасына әсер еткеннен кейін қанша уақытта белгі береді?

    1. 1 айдан соң

    2. жарты айдан соң

    3. +1-7 күннен соң

    4. 1 жылдан соң

    5. 5 жылдан соң

9.8. Төмендегі аурулардың қайсысы уытты (токсикалық) стоматиттің белгісі бола алады?

    1. +протез астындағы шырышты қабықтың құрғауы, қызуы, ісінуі, сілекейдің көп бөлінуі (гипереаливация)

    2. ауыздың қиын ашылуы, ісінуі, қызаруы

    3. гиперпластикалық түзілістер және ауыздың құрғауы

    4. Квинке домбықпасы, сезімталдықтың арта түсуі (гиперестезия)

    5. папилломатоз, бет терісінің қызаруы, конъюктивит

9.9. Акрилаттар ұзақ уақыт әсер еткенде не болуы мүмкін?

    1. +ас қорыту жүйесі өзгереді, моторика бұзылады, дискенезия, гастрит, колит аурулары пайда болады

    2. жүрек-қантамырлар жүйесі өзгереді: миокардит, кардиосклероз, ревматизм аурулары пайда болады

    3. тыныс алу жүйесі өзгереді: пневмония, плевриттер, бронхтың астма аурулары пайда болады

    4. адам тез уланады

    5. авитаминоз, есекжем, Квинке домбықпасы пайда болады

9.10. Протездік стоматитті емдеу үшін не істеу керек?

    1. +оның пайда болу себебін анықтау керек, протезді қайта жасау керек немесе алып тастау керек, жалпы күш-қуат беретін дәріні ішу керек

    2. протезді алып-тастау керек, протезді термиялық өңдеуден өткізу керек, ауызды шаю керек

    3. күш-қуат беретін дәрілермен емдеу керек, антибиотиктермен емдеу керек, протез базисін ауызда қайта жасау керек

    4. химиялық аллергенді жою керек (элиминация жасау керек)

    5. физиотерапиялық ем жасау керек

9.11. Протез астындағы тіндердің протез табанының әсеріне зақымдануы қалай аталады?

    1. жанамалық әсер дейді

    2. +механикалық жарақат дейді

    3. төзбеушілік дейді

    4. қабыну дейді

    5. протездік стоматит дейді

9.12. Таралуына қарай протездік стоматиттер қалай бөлінеді?

    1. ошақты және жайылмалы түрге

    2. шектелген және шексіз түрге

    3. +күрт қатты ауыратын және ұзап ауыратын тү рге

    4. жеңіл, орташа және ауыр түрге

    5. жайылмалы және шексіз түрге

9.13. Аурудың өтуіне қарай протездік стоматиттер қалай бөлінеді?

    1. +ошақты және жайылмалы түрге

    2. шектелген және шексіз түрге

    3. күрт қатты ауыратын және ұзап ауыратын түрге

    4. жеңіл, орташа және ауыр түрге

    5. ешқандай түрге бөлінбейді

9.14. Түріне қарай протездік стоматиттер қалай бөлінеді?

    1. +қатаральдық, жараланған, гиперпластикалық түрге

    2. жарақаттанған, уытты түрге

    3. жанамалы, аллергиялық түрге

    4. күрт қатты ауыратын және ұзап ауыратын түрге

    5. шектелген және шексіз түрге

9.15. Себебіне қарай протездік стоматиттер қалай бөлінеді?

    1. +жарақаттанған, химиялық, уланған, аллергиялық түрге

    2. қатаральдық, жараланған түрге

    3. шектелген және шексіз түрге

    4. күрт қатты ауыратын және ұзап ауыратын түрге

    5. ошақты және жайылмалы түрге

9.16. Қандай жарақат әсерінен протездік стоматиттер пайда болады?

    1. +протез табанының тегіс болмауынан, табан шеті қырының өткір болуынан, протез ернуінің протез орнына сәйкес келмеуінен пайда болады

    2. сауыт пен кламмердің қыры өткір болғандықтан пайда болады

    3. протез табанының тінді шамадан тыс қысатындығынан пайда болады

    4. протез табанындағы жасанды тістердің әсерінен пайда болады

    5. протез табанының өте үлкен болуынан пайда болады

9.17. Жарақаттан пайда болатын протездік стоматиттің клиникалық белгілері

қандай?

    1. +катаральды қабыну, күрт қатты ауыратын декубитальді жара, ойықжара, гиперпластикалық түзілістер

    2. созылмалы қабыну, қанқұрт (пародонтит), қызылиек қабынуы (гингивит)

    3. маргинальді протездік пародонтит

    4. ұлпаның қабынуы (пульпит), пародонтит

    5. периодонтит, стоматит

9.18. Жарақаттан пайда болатын протездік стоматит не істегенде тез жазылады?

    1. +протез табанының шеткі қыры мен бетін тегістеп, түзеп желдегенде тез жазылады

    2. антибиотиктерді пайдаланғанда тез жазылады

    3. ауызды шипалы шөптермен шайғанда тез жазылады

    4. ем-домдық сықпа, майларды жаққанда тез жазылады

    5. ауыз және протез тазалығын дұрыс сақтағанда тез жазылады

9.19. Протезді пайдаланғанда стоматит сияқты боп көрінетін аллергиялық реакция төмендегі қай реакцияға жатады?

    1. табан астында әсер ететін реакцияға жатады

    2. +баяу әсер ететін реакцияға жатады

    3. жанамалы барып әсер ететін реакцияға жатады

    4. тікелей әсер ететін реакцияға жатады

    5. әртүрлі әсер ететін реакцияға жатады

9.20. Ауыз шырышты қабығының қабынба жіті аурулары бар науқастарға протез салуға бола ма?

    1. мүмкін

    2. +болмайды

    3. маңызы жоқ

    4. кейде болады

    5. емнен кейін болады

9.21. Аузында қызыл жалпақ теміреткісі бар науқасқа қай кезде алмалы-салмалы протез салған жөн?

    1. +ремиссия кезінде

    2. сырқат өршіген кезде

    3. толық емдеген соң

    4. сырқаттың басында

    5. себебі анықталған соң

9.22. Қызыл жалпақ теміреткімен ауыратын науқасқа алмалы-салмалы протез саларда оның базисін қалай жасаған дұрыс?

    1. алмалы-салмалы протездің базисі металл болғаны дұрыс

    2. +күміс жалатылған пластмасса базисі бар алмалы-салмалы протездұрыс

    3. қос қабатты базисі бар алмалы-салмалы протез дұрыс

    4. доғалы протез жасаған дұрыс

    5. адгезивті протез жасаған дұрыс

9.23. Ауыз шырышты қабығы лейкоплакияның эрозивті-жаралы түрімен зақымданғанда алмалы-салмалы протез қолдануға бола ма?

    1. болады

    2. +болмайды

    3. байланысы жоқ

    4. себебін анықтау керек

    5. кейде болады

9.24. Ауыз шырышты қабығының созылмалы аурулары кезінде көпір тәрізді протезді қаншалықты қолдануға болады?

    1. сирек қолданылады

    2. +жиі қолданылады

    3. байланысы жоқ

    4. кейде болмайды

    5. кейде болады

9.25. Лейкоплакия ауыз шырышты қабығының қатерлі ісігіне айналарда төмендегі факторлардың қайсысының қатысы жоқ?

    1. ыстық тағамды қабылдау

    2. ауызда сапасыз протездің болуы

    3. +сағызды жиі шайнау

    4. темекі тарту

    5. алкогольмен әуестену

9.26. Ангулиттің дамуына ненің қатысы бар?

  1. эндокриндік бұзылулар

  2. шырышты қабықтың уытты зақымдануы

  3. шырышты қабықтың термиялық зақымдануы

  4. +беттің төменгі 1/3 бөлігінің айтарлықтай төмендеуі

  5. пародонт тінінің зақымдануы

9.27. Ауыз шырышты қабығының эрозивті-жаралы созылмалы ауруының түрі немен байланысты?

    1. тістің окклюзиялық бетінің деформациясымен

    2. дисбактериозбен

    3. пародонтпен

    4. +әр түрлі металдан жасалған протезбен

    5. жұқпалы аурулармен

9.28. Жүйелі қызыл жегімен ауыратын науқасқа қандай материалдан көпір тәрізді протез салған дұрыс?

    1. КХҚ (кобальт-хром қорытпасы)

    2. +күміс-палладий қорытпасы

    3. 750-алтын сынамасы

    4. тот баспайтын болат қорытпасы

    5. пластмассадан

9.29. Ауыз шырышты қабығының аурулары бар науқастарда металдан жасалған тіс протезі болса қандай шағым білдіруі мүмкін?

    1. гингивиттің болуына

    2. тіл бетінде өңездің болуына

    3. +темір татқан сезімге

    4. қызылиектің қанағыштығына

    5. тіс шөгінділеріне

9.30. Ауыз шырышты қабығының қатерлі ісік алды аурулары қай жаста жиі кездеседі?

    1. 20-40 жастағы әйелдерде

    2. +40-60 жастағы еркектерде

    3. 60-70 жастағы еркектер мен әйелдерде

    4. 70 жастан асқан еркектерде

    5. 70 жастан асқан әйелдерде

9.31. Қызыл жалпақ теміреткі кезінде ауыз шырышты қабығының қандай жері жиі зақымданады?

    1. ауыз қуысының түбі

    2. жоғарғы еріні

    3. таңдайы

    4. +үлкен азу тістер түйісетін сызық бойы

    5. төменгі ерін

9.32. Созылмалы ауыздық кезінде қандай протез салған дұрыс?

    1. пластмасса жасанды тістері бар протез

    2. фарфор тістері бар протез

    3. +беттің төменгі 1/3 бөлігін қалпына келтіре алатын протез

    4. шықшыт буын жағдайын қалпына келтіре алатын протез

    5. тіс кетігін кетіретін протез

9.33. Ауыз шырышты қабығының созылмалы аурулары кезінде сілекейде қандай ферменттердің белсенділігі арта түседі?

    1. амилаза

    2. +қышқыл фосфатаза

    3. липаза

    4. лизоцим

    5. фибриноза

9.34. Ауыз шырышты қабығының және сілекейдің микроэлементтік құрамын жақсарту үшін не істеген дұрыс?

    1. жансыздандырғыш дәрілерді қолдану

    2. +әр текті металдан жасалған протезді алып тастау

    3. протезді қаптағыш заттармен жабу

    4. ауызға санация жасау

    5. ауыз тазалығын сақтау

9.35. Қызыл жегі қандай ауруға жатады?

    1. аллергиялық ауруларға

    2. +коллагенозға

    3. дисбактериозға

    4. авитаминозға

    5. жүйке ауруларына

9.36. Ангулит дегеніміз не?

    1. ерін қызыл жиегінің ауруы

    2. +ауыздық

    3. езудің жарақаттануы

    4. Дюринг ауруы

    5. Хейлит

9.37. Тіс протезі бар науқаста аллергиялық реакцияның пайда болуына төмендегі қандай факторлардың қайсысы әсер етпеуі мүмкін?

  1. дисбактериоз

  2. «парник әсері»

  3. тіспротездік материалдық ескіреуі

  4. сілекей рН-нің өзгеруі

  5. +ауыз гигиенасының нашарлығы

9.38. Ауыз қуысындағы микротоктың қалыпты мөлшерін көрсетіңіз:

  1. +1-3 мкА

  2. 2-6 мкА

  3. 2-5 мкА

  4. 3-7 мкА

  5. 7-10 мкА

9.39. Төмендегі жалпы аурулардың қайсысы протездің жақпауына қатысы болмауы мүмкін?

  1. қант диабеті

  2. +ревматизм

  3. шизофрения

  4. невроздар

  5. асқазанның ойық жарасы

9.40. Металл протезден пайда болатын уытты стоматитке қандай шағым тән емес?

  1. +ауыздың құрғауы

  2. сілекейдің көп бөлінуі

  3. глоссалгия

  4. ұйқының бұзылуы

  5. тілдің сыздап ауруы

9.41. Пластмассаға аллергия болған кезде төмендегі тесттердің қайсысы қажет емес?

  1. тері сынамасы

  2. +рН-метрия

  3. лейкопениялық сынама

  4. Candida үшін жұқпа алу

  5. экпозициялық сынама

9.42. Иммунитет дегеніміз не?

  1. иммундық жүйенің антиденені түзегіш қабілеті

  2. иммунды жасушалардың бөгде ақуыздарды ажырата алуы

  3. бойында бөгде генетикалық ақпараттық белгілерідің болуы

  4. +кейбір жасушалардың сыртқы ортадан енген бактериялардыжаюшылық қабілеті

  5. ағза жасушасының фагоцитарлық функциясы

9.43. Спецификалық емес қорғаныс факторлары дегеніміз не?

  1. белгілі бір антигенге антидененің түзілуі

  2. бактериялық жасушаларға физиологиялық әсер ету

  3. микроағзаға химиялық әсер ету

  4. +микроағзаға физиологиялық, химиялық тұрғыдан кешенді әсер ету

  5. спецификалық жасушалардың фагоцитарлық функциясы

9.44. Спецификалық емес қорғаныс механизмнің әсері ауыз қуысында қанша мерзімнен кейін көрінеді?

  1. +ақуызды зат немесе басқа бөгде енген сәттен

  2. тәулік өткен соң

  3. 1-2 аптадан соң

  4. иммуноглобулин синтезіне жеткілікті уақыттан соң

  5. қорғаныс күні қалыптасар уақытқа дейін

9.45. Төмендегі протездің қандай түрін қолданбаса протездің жақпау әсерін азайтуға болады?

  1. тұтас құйылған көпір тәрізді протезді

  2. базисі құйылған алмалы-салмалы протезді

  3. +штампталған дәнекерленген көпір тәрізді протезді

  4. түссіз пластмассадан жасалған протезді

  5. металды керамикалық көпір тәрізді протезді

9.46. Ауыз қуысындағы иммунологиялық процестерді қандай фактор өзгертпеуі мүмкін?

  1. криогендік факторлардың тінге әсері

  2. тінге жоғары температураның әсері

  3. +гелий-неонды лазер сәулесі

  4. УЖЖ-терапия

  5. радиосәуле терапиясы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]