Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
онкохирургия.doc
Скачиваний:
56
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
233.98 Кб
Скачать

Сіздің диагнозыңызды рентгенологиялық белгілер дәлелдейді біреуінен басқа?

А)Өңеш көлеңкесінің контуры айқын,түзу,барлық бөліктерінде перистальтика байқалады.

Б)Өңеш қуысының тарылуы,контуры айқын емес

В)Зақымдалған аймақта перистальтиканың болуы

Г)Шырышты қатпардың үзілуі

Д)Қабырғалардың кернеулілігі

Ситуациялық есеп №21.

65 жастағы ер адам тағам қабылдаған кезде пайда болатын өңеш тұсындағы жағымсыз сезімдерге, етті тағамдардың өтуінің қиындауына шағымданады.Соңғы апталарда ас қабылдағаннан соң, кезеңді түрде ішкен тағамын құсып тастайды.

Төменде көрсетілген қандай зерттеу әдістерін диагнозды дәлелдеу үшін тағайындайсыз?

А)Ультрадыбыстық зерттеу

Б)Медиастиноскопия

В)Компьютерлік томография

Г)Радиоизотопты зерттеу

Д)Фиброэзофагоскопия

Ситуациялық есеп №22.

56 жастағы ер кісіге асқазанның ісігіне байланысты- ЛД.Д2мен кеңейтілген гастропленэктомия операциясы жасалды. Операциядан кейінгі гистология: асқазанның барлық қабаттарына өсіп кеткен –төмен дәрежелі пісіп-жетілген аденокарцинома, 10 қарастырылған лимфа түйіндердің 3-уінде метастаз.

Операциядан кейінгі емдеу тактикасы қандай?

А)Адъювантты полихимиотерапия курстары

Б)Адъювантты химио-сәулелік ем

В)Адъювантты сәулелік ем

Г)Симптоматикалық ем

Д)Динамикалық бақылау

Ситуациялық есеп №23.

68 жасар әйелде өңештің мойын бөлігіне таралған өңештің жоғарғы төстік бөлігінің ісігі анықталды.1-дәрежелі дисфагия. Қосымша зерттеуді жүргізгенде (компьютерлік томография) айналасындағы тіндерде перифокальді инфильтрация анықталды.

Қандай ем әдісін жүргізген тиімді?

А)радикальді операция

Б)химия-сәулелік ем

В)гастростома салу

Г)динамикалық бақылау

Д)симптоматикалық ем

Ситуациялық есеп №24.

49 жасар ер кісіде өңештің төс бөлігінің ісігі. Дисфагия (жұтынудың бұзылуы) St3, T3NXM 0 2 –дәрежелі диагнозы қойылған. Қандай көлемде операциялық араласуды жүргізген тиімді?

А)Гэрлок операциясы

Б)Льюис типті операция

В)Гастростома салу

Г)Добромыслов-Тореку әдісі бойынша өңешке экстирпация жасау

Д)Көк ет мойын тұсынан резекция жасау

Ситуациялық есеп №25. 54 жастағы ер кісіде асқазанның шығатын бөлігінде ісік анықталды. Эндоскопиялық өсу түрі экзофитті, гистологиялық жоғары дәрежелі пісіп жетілген аденокарцинома, интраоперациялық ісік, көлемі 3х4см, серозды қабатқа өспеген, шеткері метастаздары жоқ.

Қандай көлемді операция жасау тиімді?

А)Дистальды,субтотальді асқазанның резекциясы

Б)Обходной (өтпелі)гастроэнтероанастомоз

В)Асқазанның 2/3 дистальды резекциясы

Г)Гастроспленэктомия

Д)Гастроэктомия

Ситуациялық есеп №26.

62 жасар ер адамда асқазан рагы анықталды;гистологиялық-орта дәрежеде пісіп жетілген. Қосымша зерттеу әдістерінің мәлімдемесі бойынша шеткері метастаздар жоқ. Инраоперациялық -ісік көлемі 5х4 см, асқазан денесінде орналасқан, шырышты қабатқа өскен.

Қандай операциялық араласуды орындаған қолайлы?

А)Асқазанның дистальды субтотальды резекциясы

В)Көлемді гастроспленэктомия

С)Айналмалы гастроэнтероанастамоз

Д)Асқазанның ¾ дистальді резекциясы.

Е)Гастроэктомия

Ситуациялық есеп №27.

35 жасар айелде асқазан рагы анықталды;рентген-эндоскопиялық зерттеу мәліметі-скирр; гистологиялық-сақиналы-жасушалы рак. Басқа да қосымша зерттеулер бойынша метастаздар жоқ.

Қандай емдік шаралардан емді бастаған тиімді?

А)Иммунотерапиядан

В)Радикальді операциядан

С)Химио-сәулелік терапиядан

Д)Симптоматикалық терапиядан

В)Неоадъюквантты ПХТ курсынан

Ситуациялық есеп №28

65 жасар ер адамға клинико-аспаптық зерттеу нәтижесі бойынша диагноз қойылды: асқазан рагы St IV,T4NXM1, бауырда көптеген метастаздар, қан кету белгілері жоқ. Ас қабылдағанда оның жүруі өзгермеген, дәреті тұрақты, қалыпты түстес.

Қандай емдеу тактикасы қолайлы?

А)Сәулелік терапия

В)Паллиативті операция

С)ПХТ-ның паллиативті курстары

Д)Динамикалық бақылау

Е)Симптоматикалық ем

Ситуациялық есеп №29

47 жасар әйелге келесі клиникалық диагноз қойылды: асқазан рагы St IV,T3NXM1, бауырда көптеген метастаздар. Рентген-эндоскопиялық зерттеу бойынша – ісік асқазанның антральді бөлігінде орналасқан, асқазан қозғалысы сақталған. Анамнезінде: мелена көрінісі байқалады.

Қандай шаралардан емді бастаған тиімді?

А)ПХТ курсынан

В)Иммунотерапиядан

С)Химио-сәулелік терапиядан

Д)Паллиативті операциядан

С)Симптоматикалық терапиядан.

Ситуациялық есеп №30

60 жасар ер адам тағам қабылдағаннан кейін төс сүйек асты аймағында ауыру сезіміне, салмақ төмендеуіне шағымданады. Кезеңді жүрек айну мазалайды. Өзін 3 айдан беріі аурумын деп санайды. Қарап-тексергенде: эпигастральді аймақта контуры анық емес, беткейі ұсақ төмпешікті тығыздалу пальпацияланады. Юұғананың медиальді ұшында сол жақ бұғана асты аймағында ұлғайған, тығыз консистенциялы лимфа түйіні анықталды. Диаметрі 2,0 мм. Басқа топ лимфа түйіндері ұлғаймаған.

Қандай клиникалық диагноз болуы мүмкін?

А)Жедел гастрит, реактивті лимфоаденит

В)Асқазан рагы, Вирхов метастазымен.

С)Висцеральді туберкулез

Д)Ходжкиндік емес лимфома

Е)Лимфогранулематоз

Ситуациялық есеп №31

58 жастағы ер адамды асқазан денісінің рагы бойынша операцияға алаған. Интраоперативті қатерлі ісіктің асқазан денесінің үлкен иінінде орналасқан және көлденең тоқ ішекке өсуі анықталды. Шеткері метастаздар жоқ.

Қандай операцияны қолданған дұрыс?

Ф)Көлденең тоқ ішек резекциясымен гастроспленэктомия

В)Цекостомиямен айналмалы гастроэнтероанастомоз

С)Айналмалы гастроэнтероанастомоз

Д)Эксплоративті лапаротомия

Е)Цекостомия мен гастростомия

Ситуациялық есеп №32

37 жастағы әйелде рентген-эндоскопиялық зерттеулер нәтижесінде асқазанның денесінің алдыңғы қабырғасында жіңішке негіздегі, көлемі 1,0х1,5 см полип тәрізді түзіліс анықталған. Биопсия нәтижесі-эпителий безінің жоғары дисплазиялы аденоматозды полип және бірен-саран жасушамен, «C-r in situ» күмәнімен.

Қандай ем түрі ең тиімді?

А)Гастроэктомия

В)Сына тәрізді асқазан резекциясы

С)Асқазанның субтотальді резекциясы

Д)Ісіктің химиялық деструкциясы

Е)Түзілісті эндоскопиялық алып тастау

Ситуациялық есеп №33

63 Жасар ер адам, аудандық онкологияда асқазан қатерлі ісігінің ІІІ дәрежесі бойынша диспансерлік есепте тұрады. Бір жыл бұрын науқасқа жалпы емдеу мекемесінде асқазанның дистальды резекциясы операциясы жасалған. Гистологияда төмен дәрежеде пісіп жетілген аденокарцинома. Операциядан кейінгі кезеңде адъювантты ПХТ-ның 6 курсын алған. 2 ай бұрын төс асты аймақта тағам қабылдағаннан кейін ауырлық сезіну, кезеңді құсу, арықтау, әлсіздікке шағымданады.

Қандай диагноз болуы мүмкін?

А)Анастомозит тұқыл

В)Асқазан қатерлі ісігі

С)Резекциядан кейінгі синдром

Д)Анастомоздың пептикалық жарасы

Е)Резецирленген асқазан гастриті

Ситуациялық есеп №34

64 жастағы әйел, аудандық онкологта өңештің қатерлі ісігі ІІІ дәрежесі бойынша диспансерлік есепте тұрады. Бір жыл бұрынғы хирургиялық емнен кейінгі жағдай. Қорытынды тексеру кезінде өкпедегі көптеген метастаздар анықталған. Дисфагия белгілері жоқ.

Бұл жағдайда қандай емдеу тактикасы тиімдірек?

А)Сәулелік терапия

В)Метастаздарды алып тастау

С)Паллиативті ПХТ курсы

Д)Динамикалық бақылау

Е)Симптоматикалық ем

Ситуациялық есеп №35

48 жастағы ер адамда шеткері мтастаздарсыз өңештің ортаңғы бөлігінен асқазанның кардиалды бөлігінде көптеген қатерлі ісігі анықталған.

Қандай оперативті араласу тиімді болады?

А)Льюис операциясы

В)Гастростомия салу

С)Айналмалы эзофагоеюноанастомоз

Д)Өңешті Добромыслов-Торек бойынша экстирпациялау

Е)Диагфрагмалау-мойын жолымен жету арқылы өңешті резекциялау

Ситуациялық есеп №34.

Тік ішектің құрсақ-бөксе аралық экстирпациясы жасалынып, алдыңғы құрсақ қабырғасына жасанды артқы тесік салынған 69 жастағы ер кісіде жатқан кезде қалпына келетін колостомасының ұшында 3см-ге дейін инвагинациясы бар.

Қандай емдеу тактикасы тиімдірек?

А)Колостома реконструкциясы

В)Динамикалық бақылау

С)Артық ішекті кесу

Д)Пелот кигізу (ношение пелота)

Е)Диетотерапия

Ситуациялық есеп №35.

46 жасар әйелге бір жыл бұрын сигма тәрізді ішек рагы бойынша Гартман операциясы жасалған. Осы бір жыл жүргізілген реабилитациялық шаралар, әлеуметтік-еңбек шаралары қанағаттанарлық емес. Кешенді зерттеуде рецидив және генерализация үрдістері байқалмайды.

Қандай емдік-қалпына келтіру шаралары тиімдірек?

А)Диетотерапия

В)Психолог кеңесі

С)Санаторлы-курорттық ем

Д)Еңбек және демалыс тәртібін жақсарту

Е)Реконструктивті-қалпына келтіру операциясы

5 ТОҚ ЖӘНЕ ТІК ІШЕК РАГЫ